Стандарт: Гипс лангеталарын дайындау Стандарт: Гипсті лангетаны салу. Мақсаты: Ашық және жабық сынықтар кезінде, шыққан сүйекті түзету, сүйек сынықтарын қалпына келтіруден соң таңып бекітуді қамтамасыз ету. Көрсеткіштері: Ашық және жабық сынықтар, шығу, буын шығуы кезінде және сүйек сынықтарын қалпына келтірген кезде жарақат орнын таңып бекіту . Құрал-жабдықтар: - таңу бөлмесі,суы бар ыдыс, гипсты суға батыруға арнаалған ыдыс. -гипс дәкелерін және лонгет дайындайтын стол. -ортопедиялық стол, гипсты сақтайтын қораптар, гипс дәкелері және лангета. - дымқыл лангеталарды жаятын тақташа; - гипсті таңғыштарды кептіретін заттар; - таңғыш материалдар және дәрі-дәрмектер (мақта, дәке, медициналық таңғыштар) Науқаста мүмкін болатын жағдайлар: - лангетаның ыңғайсыз дайындалуы, түйіндер мен қатпарлардың болуы; - буындар мен жүйкелердің, жұмсақ тіндердің гипсті таңғыштармен жаншылуы; -гипсті таңғыштың астында ауру сезімінің болуы, жансыздану, сезімталдықтың жоғалуы; - гипсті таңғышты салғаннан кейін ісіктің, көгерудің, қолдың немесе аяқтың салқындауының пайда болуы; - қансырау, іріңді жұқпаның дамуы, сүйек сынықтарының екіншілік ығысуы. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Аяқ-қол сүйектерінің шығыңқы тұстарын мақталы дәкемен жабамыз; 2. Гисп лангетасын сулап, сығып болған соң мейірбике оны бастапқы қалпына дейін жазады, лангетаның ұзындығы зақымдалған қолдың немесе аяқты толық қамтитындай ұзындықта болуы керек, ( бір,екі буынды немесе үш буынды қозғалтпайтындай болу керек ) 3.Үстелге ұзынынан жайып тегістейміз; 4. Дайын болган лангетаны стол үстінде алакан комегімен тегістеп сынған жерге коямыз 5.Осыдан кейін лангентаны сынған жерге дұрыстап бекітіп таңғышпен таңып коямыз 6. Дайын болған лангентаны айналмалы түрдедәкемен жасалған бинтпен ораймыз 7. Аяқ-қол саусақтарына гипс жағылмауы және бинтпен оралмауы керек, себебі олардың терісінің түсін, температурасын бақылай отырып жұмсак тіндердің қысылып калмауының алдын аламыз. Нәтижені бағалау: таңғыш дұрыс, ыңғайлы, ауырсынусыз салынды, шетекрі тамыр соғысы сақталған, аяқ-қолдары жылы, терісі қызғылт. 8. Стандарт: Операциядан кейінгі таза жараны өңдеуді жүргізутехникасы Мақсаты:Жараға асептикалық таңғыш салу Көрсеткіштері:Отадан кейінгі жараның болуы Құрал- жабдықтар: Залалсыздандырылған лоток, залалсыздандырылған резеңке қолғаптар, залалсыздандырылған таңғыш дәкелер, пинцеттер, зонд, ұшы жоқ инелі шприц, жалпақ резеңке түтікшелер, антисептик ерітіндісі, жара кеңейткіш, 3% сутегі асқын тотығы, 1%йодонат, КБУ. Іс-әрекет алгоритмі : 1. Қолды гигиеналық деңгейде жуу. 2. Резеңке қолғап кию. 3. Жарадағы ескі таңғышты пинцетпен алу. 4. Пинцетпен жарадағы жалпақ резенке дренажды алу. 5. Жараның айналасын , 3 % сутегі асқын тотығымен пинцетпен ұстаған дәке салфеткасымен өңдеу. 6. Жараның айналасын пинцетпен ұстаған салфеткамен құрғату. 7. Жараның айналасын 1%йодонат ерітіндісімен пинцетпен ұстаған салфетка арқылы өңдеу. 8. Жараны жаракергішпен немесе зондпен қарау. 9. Жараны 3% сутегі асқын тотығымен ұшы жоқ инесі бар шприц арқылы жуу. 10. Жараны салфеткамен құрғату. 11. Қолданған құрал жабдықтарды лотокқа саламыз. 12. Жараның айналасын 1%йодонат ерітіндісіменпинцетпен ұстаған салфетка арқылы өңдеу. 13. Жарағажалпақ резенке дренажды пинцет арқылы немесе зондпен енгізу. 14. Антисептика ерітіндісіне салынған салфетканы пинцетпен қою. 15. Лейкопластырь мен немесе клеолмен таңғышты бекітеміз. Қолданған құрал жабдықтарды, қолғапты , таңғыш материалдарды КБУ ға тастаймыз. 9. Стандарт: Резус - факторды анти – Д цоликлонмен анықтау техникасы. Мақсаты: Резус- факторды анықтау. Көрсеткіші: қан құйылу, операция уақытында, операция алдында Құрал жабдықтар:цоликлон анти – Д, планшет, әйнек таяқшалар, залалсыздандырылған қолғап, сағат, КБУ. Іс -әрекет алгоритмі: 1. Анти - Д цоликлонның сапасын сыртқы түріне қарап тексеру: (ашық түсті, мөлдір), ампуланың сақталуы, мерзімі. 2. Науқасқа іс-шара барысын түсіндіру. - Науқасты отырғызып немес жатқызып, жалпы жағдайын бақылау.
4. Қолды гигиеналық деңгейде жуу (деконтоминация) 5. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз 6. Планшетке анти – Д тамызыңыз (0,1 мл) 7. Тексерілетін қанның 1 тамшысын алыңыз (0,2 мл) , оны реагентпен әйнек таяқша арқылы араластырыңыз (1:5 қатынасында) 8. Планшетті қолыңызда айналдыра ұстап 3 минут бойы нәтижесін бақылаңыз 9. Нәтижесін бағалаңыз 10. Агглютинацияның болуы тексерілетін қанның оң резусты екендігін көрсетеді 11. Агглютинацияның болмауы тексерілетін қанның теріс резусты екендігін көрсетеді 12. Қолғапты шешіп, КБУ ға салу. Стандарт: Гипс лангеталарын дайындау Мақсаты:Аяқ-қолдың әр түрлі жарақаттарында иммобилизация жүргізуге арналған гипс лангеталарын дайындау, алдын ала дайындалған стандартты лангеталар манипуляция уақытын қысқартады. Көрсеткіштері:Ашық және жабық сынықтар, шығу, буын шығуы кезінде және сүйек сынықтарын қалпына келтірген кезде жарақат орнын таңып бекіту . Қарсы көрсеткіштері:Жоқ. Керекті құралдар: - Темір жабындымен немесе полиэтиленмен жабылған беті тегіс стол. - Арнайы ыдыста гипс, елгезер, гипске арналған жалпақ лоток - Бинттер немесе ұзындығы – 100 см және ені – 10-20 см кесілген медициналық дәке - Матаға арналған қайшы - Арнайы киім (кленка фартук, халат, қалпақ, жуылатын аяқ киім, бет перде, мата қолғап) Науқаста мүмкін болатын жағдайлар: - Ыңғайсыз, тегіс дайындалмаған лангета - Түйіндер немесе қыртыстың болуы - Дәкенің қабатына гипс қалыңдығының сәйкес келмеуі, бұл аяқ-қолға салғанда иммобилизация сапасын төмендетеді Іс-әрекет алгоритмі: 1. Арнайы киімді кию. (кленка фартук, халат, қалпақ, жуылатын аяқ киім, бет перде, мата қолғап) 2. Арнайы гипсі бар ыдысты дайындау, елгезермен елеу 3. Науқастың сау аяқ немесе қолына гипсті лангетаның қажетті ұзындығ мен енін бинтпен өлшеп алу. 4.Гипсті бинтті лангетаның өлшеп алған науқасқа керекті ұзындығына сәйкес дайындайды, гипсті бинтті бірнеше қабат орайды (иық үсті үшін 5-6 қабат, тірсекке – 5-10 қабат, санға - 10,12,14 қабат): 5. Лангета үшін бинтті белгілі бір қалыңдықта қабаттау былайша жүргізіледі : олардың шеттері қалың болмауы керек, ол үшін бинттің орамы лангетаның ұштарында баспалдақ тәрізденіп аяқталуы керек. 6. Содан кейін гипсті лангетаны екі жағынан ортасына қарай бостау етіп жинайды, содан соң кітап тәрізді бүктейді. 7. Дайын лангетаны сулайды, гипсті бинтті сулап сығамыз да, зақымданған жерге салады, ал, дайын лангеталарды арнайы корапта құрғақ жерде сақтайды. Нәтижені бағалау:Дұрыс дайындалған лангета зақымданған жерді жақсы бекітеді, ыңғайсыз жағдай тудырмайды. 11. Стандарт: Екі көзге байлам салу техникасы. Мақсаты:Көзге қойылған таңғышты бекіту Көрсеткіштері:Операциядан кейінгі жара, көз жарақаттары Керекті құралдар:Бинт ені 10-12см, қайшы. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасты бет жағын өзіне қаратып отырғызу; 2. Науқасты тыныштандырып, өткізілетін ем шара мақсатын түсіндіру; 3. Науқасты қарап, жарақатын анықтау. 4. Ені 10-12 см бинтті алыңыз. 5. Бинттің бастапқы ұшын сол қолға, ал бинтті оң қолға ұстаңыз; 6. Бастың маңдай бөлігіне бинтті орналастыру, сол жақтан оңға қарай айналдыра байлау; 7. Маңдай, шүйде аймағында бекітетін тур жасау; 8. Шүйде сүйектен құлақ астына бет жақтан жоғары бинттің бөлігін түсіру,осы жолмен сол көз жабылады; 9. Маңдай, шүйде аймағында бекітетін тур жасау. 10. Шүйде сүйектен бастап маңдайға бинтті апарып, оң жақ көз жабылады. 11. Маңдай, шүйде аймағында бекітетін тур жасау; 12. Бинттің шетін кесіп, байламды бекіту, түйінмен байлап, бастың маңдай бөлігінде; 12. Стандарт. Биологиялық сәйкестілікті анықтау техникасы Мақсаты: Донормен реципиенттің қанының сәйкес болуын анықтау Көрсеткіші: Қан құю Құрал-жабдықтар: Донордың қаны, система, залалсыздандырылған дәке шариктері, спирт, залалсыздандырылған пинцет, қолғап, КБУ. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа әс-шараның жүргізілу барысын және мақсатын түсіндіру. 2. Науқасты ыңғайлы жатқызып, жағдайын бақылау. 3. Қолды гигиеналық деңгейде жуып деконтоминация жүргізіңіз 4. Залалсыз қолғапты киіңіз 5. Системаны құрыңыз 6. Науқасқа 10-15 мл қанды тамшылатып енгізіңіз 7. Системаны 3 минутқа жабыңыз 8. Науқастың жағдайын бақылаңыз 9. Науқасқа 10-15 мл қанды тамшылатып енгізіңіз 10. Системаны 3 минутқа жабу 11. Науқастың жағдайын бақылаңыз 12. Науқасқа 10-15 мл қанды тамшылатып енгізіңіз 13. Науқастың жағдайын бақылаңыз 14. Қалған қанды минутына 8-10 тамшыдан жәймен енгізіңіз 15. Қолғапты шешіп, КБУ ға тастаңыз Ескерту:Тамызып болған қанның 10-15 мл тоңазтқышта сақтау; - Флакондағы этикетканы сырқатнамаға жабыстыру - Зәрдің бірінші бөлігін зәрдің жаллпы зерттеуіне жіберу - Қан құю кезінде науқастың қасында қадағалап тұру - Науқастың дене қызуын 3 қайтара тексеру Іштің, кеуденің, белдің ауырсынуларында, құсқанда, бас ауырғанда, дем жетіспеген кезде, денесінде бөртпе пайда болса, тахикардия кезінде қан құюға болмайды! Биологиялық сынама кезінде болған асқынуға алғашқы көмек көрсету: - Тез арада системаны тоқтату - Система мен флаконды шығару, инені тамырда қалдыру - Дәрігерге хабарлау - Инені тұзды ерітінділі басқа системаға жалғау - Жағдайы жақсарған соң 2 сағат бойы науқастың жағдайын бақылау. 13. Стандарт: Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату техникасы Мақсаты:Қан ағуды уақытша тоқтату . Көрсеткіштері:Артериялық қан кету Іс - әрекет алгоритмі: Артерияларды саусақпен басудың анатомиялық орындары мыналар: 1. Жалпы ұйқы артериясын төс-бұғана-емізік бұлшық етінің ішкі шетінің ортасына, 6 мойын омыртқаның көлденең өсіндісінің ұйқы төмпешігіне қарай 1 саусақпен немесе қалған 4 саусақпен басады: 2. Сыртқы жақ артериясын астыңғы жақтың төменгі жиегіне, оның артқы және ортаңғы бөлігінің аралығын басады 3. Самай артериясын бас бармақпен құлақтың алдыңғы жағынан бас бармақпен самай сүйегіне қысып басамыз 4. Бұғана асты артериясын бұғана үсті аймағының ортасынан бірінші қабырғаның төмпешігіне қарай басамыз. 5. Иық артериясын иық сүйегіне екі басты бұлшық еттің ішкі жағына қарай басамыз. 6. Қолтық асты артериясын қолтық асты ойығына тоқпан жіліктің басына қарай басамыз. 7. Шыбық артериясын пульсты анықтайтын жерде, шыбық сүйегіне басамыз. 8. Шынтақ артериясы ншынтақ сүйегіне басамыз. 9. Сан артерияны пупарттық байламның ортасынан қасаға сүйектің көлденең тармағына қарай басамыз. 10.Іш қолқасының омыртқаға кіндік тұсының сол жағынан жұдырықпен басамыз. 14. Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату Мақсаты: Қан ағуды уақытша тоқтату Көрсеткіштері:Артериялық қан кетіп жатқан жара. Керекті құралдар:Бинт, мақта,таңу пакеті, жастықша, орамал немесе белдік. Іс - әрекет алгоритмі: 1. Бұғана асты артериясынан қан ағуды тоқтату үшін : иықты артқа қарай максималды тартып, орамалмен немесе белдікпен шынтақ буынының үстінен қатты байлап тастау. 2. Иық артериясынан қан ағуды тоқтату жолдары: білекті шынтақ буынынан максималды бүгу, білек пен тоқпан жілікті 3/1 бөлігінің тұсынан белдікпен немесе орамалмен бекіту 3. Тізе артындағы артериядан қан ағуды тоқтату: тізе буынын максимальді бүгіп орамалмен немесе белдікпен байлайды. 4. Сан артериясынан қан ағуды тоқтату үшін: жамбас буынын шат аймағында максималды бүгіп, белдікпен немесе орамалмен байлау керек. Ескерту:Буынды барынша бүгу кезінде бүгілген буынға жастықша қойылу керек. |