МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

емдеу мекемесіне тасымалдау.





- науқастың жағдайын үнемі қадағалаңыз.

- емдеу мекемесіне тасымалдау.

- дәрілік заттарды артериялық қан қысымын қадағалай отырып енгізіңіз!

21. Стандарт: Стенокардия ұстамасы кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Мақсаты:ауырсыну ұстамасын басу

Көрсеткіші:стенокардия ұстамасы.

Қарама –қарсы көрсеткіштері: жоқ

Мүмкін болатын асқынулары:миокард инфаркты

Қажетті заттар: лоток, дәрілік заттар, этил спирті 700, нитроглицерин таб. 0,0005, нифидепин таб.10 мг, корвалол (валокордин) - тамшылар, қыша қағаздары .

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты тыныштандыру, корвалол (валокордин) беру — 30-40 тамшы ішке.

2. Кеуде тұсының ауырсынуын жою қажет.

3. Дәрігердің келуіне дейін тыныштандыратын (валериана), алдандыратын (ауырсыну орнына қыша қағазын қою) дәрілерді беру.

4. Тіл астына ниттроглицерин беру (1 таблетка немесе 1% ертіндеден 1-2 тамшысын қантқа, валидолға тамызып беру.

5. Көмектеспеген жағдайда 2-3 минуттан кейін қайталап нитроглицерин 0,0005 мг таблеткасын тіл астына беру.

6. Нитроглицеринді 5-10 минут сайын екі – үш рет қайталап беру көмектеспесе тез жедел жәрдем шақыру керек, 1% ерітіндіден 3-10 тамшысын тіл астына тамызу керек немесе нитроглицеринді ауыз қуысына 3 ретке дейін шашу керек, нифидепин 10 мг ( 1 драже)тіл астына.

Ескерту:

Егер жүргізілген ем нәтиже бермесе науқастың жағдайы ангинозды статус болып бағаланады, бұл жағдайда миокард инфарктының дамуы мүмкін.

 

 

22. Стандарт: Миокард инфаркты кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Мақсаты:ауру сезімін басу ;

Көрсеткіштері: ЖКС, миокард инфаркты;

Қарама- қарсы көрсеткіш: жоқ

Асқынулары:жедел жүрек жеткіліксіздігі, кардигенді шок, қарыншалардың фибрилляциясы;

Қажетті заттар: тонометр, фонендоскоп, оттегі жастықшасы, дәке салфеткасы, таблетка нитроглицерин, аспирин, изотоникалық натрий хлориді, дәрілердің ерітінділері: фентанил 0,005% –2мл, промедол 2% -1-2мл, дроперидол 0,25%-1-2мл, cтрептокиназа - 1500000ЕД, гепарин- 5000ЕД.

 

Іс- әрекет алгоритмі :

1. Тез арада дәрігерді шақырыңыз;

2. Науқасты жайлы жатқызыңыз

3. Толық физикалық және психикалық жағынан тыныштандырыңыз;

4. Қысып тұрған киімдерін босатыңыз;

5. Таза ауаның болуын қамтамасыз етіңіз;

6. Аспириннің 1 тб шайнап, жұтуын сұраңыз;

7.нитроглицерин тіл астына ;

8. Оксигенатерапия

9. Инъекцияға арналған дәрілерді дайындаңыз;

Дәрігердің тағайындауы бойынша:

Нейролептоанальгезия:

1. фентанил 0,005% –1мл + дроперидол 0,25%-1- 4мл ге дейін 10мл изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде немесе морфин 1% 1мл + дроперидол 0,25%-1-мл,10 мл изотоникалық натрий хлорид ерітіндісін көк тамырға;

2. стрептокиназа 700 000-1500000ЕД 200 мл –ден изотоникалық натрий хлорид ерітіндісін көктамырға тамшылатып енгізу.

3. гепарин - 5000ЕД к/т тездетіп, кейін сағатына 100 ЕД к/т тамшылатып

4. Науқасты реанимация бөліміне тасымалдау

23. Стандарт: Кардиогенді шок кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.



Мақсаты: Артериальдық қан қысымын көтеру.

Қажетті заттар: тонометр, фонендоскоп, оттегі жастықшасы , маска, дәкеден жасалған салфетка, залалсыздандырылған : бір реттік шприцтер, к/т тамшылатып құюға арналған системалар, дәрілік заттар, мақта түйіршіктері, этил спирті 700, байлам.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрігер шақыру;

2. Науқасты көлденен жатқызып, аяғын жағын 200 көтеру;

3. Пульсті санап, АҚҚ өлшеу;

4. Ылғалды оттегі беру,

5. Морфин 1%- 1мл к/т , 30 мин кейін қайталап енгізу н/е 0,005 % - 1-2мл фентанил ерітіндісін к/т.

6. Гепарин 5000 ЕД к/т бірден енгізу;

7. 0,25 г аспиринді шайнап жұту;

8. 0,9 % - 200 мл натрий хлор ерітіндісін 10 мин ішіне к/т тамшылату;

9. Дофамин 200 мг в 400 мл 5% глюкоза ерітіндісін к/т тамшылату:

10. Аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызу н/е кардиология бөлімінің интенсивті палатасына жатқызу ;

11. Науқасты басын көтеріп зембілге жатқызып тасымалдау;

 

24. Стандарт: Асқазаннан қан кеткендегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Мақсаты:қан кетуді тоқтату, қан айналымын толықтыру.

Көрсеткіші:құсығы кофе түстес (шоколад түстес), қара май тәрізді нәжіс (мелена)-қара түсті.

Қарама-қарсы:орнынан тұруға, шұғыл қыймылдауға, тамақ ішуге, су ішуге, темекі шегуге, дәрі ішуге болмайды.

Асқынулары:өмірлік маңызды мүшелерде қайтымсыз өзгеріс болуы мүмкін.

Қажетті заттар: кушетка, мұзды мұйық, залалсыздандырылған материал, залалсыздандырылған лоток, дәрілер, жгут(байлам), шприцтер, система; этил спирті 700, мақта шариктері;

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрігер шақыру;

2. Пациентті көлденең жастықсыз жатқызу;

3. Абсолютты тыныштық беру;

4. Су ішуге, тамақ ішуге, дәрі ішуге тыйым салынады;

5. Асқазан тұсына мұзды мұйық қою;

6. 5% р-р аминокапрон қышқылын ас қасықпен қайталап беру;

7. Құсқан кезде көмек беруге керекті заттарды дайындау;

8. Пульсті санап, АҚҚ өлшеңіз;

9. (дәрігер тағайындауымен) енгізілетін заттарды дайындау:

10. Аминокапрон қышқылы 5%-100 мл,

11. Этамзилат (дицинон)12,5%-2 мл.

12. Викасол 1% -1 мл,

13. Хлористі кальций 10%-10 мл,

14. Полиглюкин + қаналмастырушылар

Ескерту:

- хирургия бөліміне зембілмен тасымалдау;

- гемодез, реополиглюкин салуға болмайды(тромбтарды ерітуі мүмкін);

 

 

25. Стандарт: «Бауыр шаншуының» ұстамасы кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Мақсаты: «бауыр шаншуының» ұстамасын жою.

Қажетті заттар: тонометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған: бір реттік шприцтер, мақта шариктері, этил спирті 700, жгут, қолғаптар, дез ерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік заттар: 2%-2,0 мл, но-шпа, папаверин 2%-2,0 мл, атропин 0,1%- 1,0 мл, 10 мл 2,4% или 1 мл 2,4% эуфиллин ертіндісі, 10 мл 40% глюкоза ертіндісі, 2,0 мл 1% морфин ертіндісі және 0,5-1 мл 0,1% атропин ертіндісі.

 

Іс-әрекет альгоритмі:

1. Дәрігер шақыру

2. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштық беру және қатаң төсек режимі;

3. Но-шпа 2 мл б/е, папаверин 2%-2 мл б/е, атропин 0,1%-1,0 мл б/е;

4. 5,0 мл баралгин к/т енгізу;

5. 2,4%-10 мл немесе 24% -1 мл эуфиллин ертіндісін 40%-10 мл глюкоза ертіндісімен к/т 5 минут ішінде жәймен енгізу;

6. 1%-1-2 мл морфин ертіндісін және 0,1%-0,5-1 мл атропин ертіндісін т/а енгізу;

7. Пациенттің жалпы жағдайын бақылау;

8. Хирургия бөліміне жатқызу.

 

26. Стандарт: «Бүйрек шаншуының» ұстамасы кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Мақсаты: «бүйрек шаншуы» ұстамасын жою

Көрсеткіші: ауырсынуды жою және зәрдің дұрыс шығуын қамтамасыз ету.

Қарама-қарсы көрсеткіші:жоқ

Мүмкін болатын асқынулар:жедел обструктивті пиелонефрит, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, созылмалы калькулезді пиелонефрит, калькулезді гидронефроз, нейрогенді артериальды гипертензия, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі.

Керекті заттар: бір реттік шприцтер, бір реттік система, мақта шариктері, спирт 70% аналгин 50%-2мл, баралгин 5мл, атропин сульфаты 0,1%-1мл, платифиллин 0,02%-2мл, но-шпа 2%-2мл, папаверин 2%-2мл, штатив, грелка жылы сумен, ваннаға арналған ыстық сумен таз (судың температурасы 40-50 градус).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Тез арада дәрігерді шақырыңыз

2. Науқасты тыныштандырып жатқызыңыз;

3. Көп мөлшерде жылы сұйықтық беріңіз;

4. Беліне жылтқыш , аяғына ыстық ванна беріңіз;

5. Инъекцияда салатын дәрілерді дайындаңыз:

Дәрігер тағайындауымен салыңыз:

1. Атропин сульфаты 0,1%- 1мл б/е,

2. Немесе папаверин гидрохлориды 2 % - 2мл б/е,

3. Немесе но-шпа 2 %- 2мл б/е,

4. Немесе платифиллин гидротартраты -0,2 %-1-2мл б/е,

5. Немесе аналгин 50%-2мл б/е,

6. Немесе баралгин 5мл к/т, б/е,

Ескерту: егер ұстамаға жылы су процедуралары , спазмолитиктер, аналгетиктер көмектеспесе, наркотикалық дәрілер, новокаин блокадасы қолданылады. Ауруханада емделуге жедел жатқызу.

 

 

27. Стандарт: Гиперкликемиялық комада дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Мақсаты: Науқасты комадан шығарып, жалпы жағдайын жақсарту.

Көрсеткіші: сопор, кома, дегидратацияның клиникалық көрсеткіші (шырышты қабықтары құрғақ, олигоурия) жүрек айну, құсу, іштің ауруы, ацетон иісі. Комадағы қант мөлшері 19,4 ммоль/л.

Қарама – қарсы көрсеткіші: жоқ

Керекті құрал жабдықтар:10% хлорлы калий ерітіндісі, жылдам әсер ететін инсулин, изотоникалық натрий хлориді ерітіндісі, штатив, залалсыздандырылған қолғап, залалсыздандырылған мақта шариктері, 70% этил спирті, лейкопластырь, пинцет, 5,10,20 мл бір рет қолданылатын шприц, система, зембіл, тонометр, фонендоскоп, дәке салфеткасы.

 

Іс – әрекеттері алгоритмі:

1. Тез арада дәрігерді шақырыңыз

2. Науқасты тез арада жатқызып, таза ауамен қамтамасыз етіңіз.

3. Науқастың жағдайын бағалаңыз: пульс, артериялық қан қысымын, тыныс алу жиілігін, тері жамылғысын, есін, мүмкін болса туысқандарынан сұраңыз (қант диабетімен ауыратындығын, қандай препарат қабылдағанын , не жегенін күйзеліс жағдайда болғандығын, инфекциялық ауруларын, жарақаттарын).

4. Экспресс әдіспен қан мен зәрдегі қант пен ацетонды анықтаңыз.

5. Инъекция жасауға препараттарды дайындаңыз:

1. Көк тамырға тамшылатып натрий хлоридының изотоникалық ерітіндісін жалпы көлемі 1500 мл.

2. Қысқа әсерлі инсулин - 12 ЕД 500 мл натрий хлоридының изотоникалық ерітіндісімен бірге көк тамырға тамшылатып 1 сағат ішінде.

3. Қандағы глюкоза мөлшері сағат сайын анықталуы керек.

4. Реанимация бөліміне тасымалдау

Ескерту:

Метаболикалық ацидоздың емі жүрек қан тамыр жүйесінің және тыныс алу жүйесінін функциясын жақсартуға, қанды оттегімен қамтамасыз ету. Тіндер мен мүшелердің микроцеркуляциясын және перфузиясын қалпына келтіруге бағытталуы керек.

 

 

28. Стандарт: Гипогликемиялық комадағы дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Мақсаты:комадан шығару, қандағы қант төмендеуінен байланысты науқастың жалпы жағдайын жақсарту.

Көрсеткіші: инсулиннің мөлщерін дұрыс салмағандықтан, қандағы глюкозаның төмендеуінен жартылай немесе толық есін жоғалту.

Қарама – қарсы көрсеткіші: жоқ.

Керекті құрал жабдықтар: 40%-20,0-80,0 глюкоза ерітіндісі, немесе 1,0-1,5 л 5% глюкоза ерітіндісі, глюкометр, 1 стакан жеміс шырыны немесетәтті шәй, 4-5 түйір қант немесе кәмпиттер) .

Іс-әрекет алгоритмі:

Жеңіл гипогликемиялық жағдайды жою үшін (есі сақталған) науқасқа 20 г глюкоза (1 стакан жеміс шырыны немесе тәтті шәй, 4-5 түйір қант немесе конфет) беру қажет. Гипогликемиялық жағдай басылмаса, тағы қайталап беру қажет (5-10 минуттан кейін) Ұстама басылғаннан кейін баяу сіңетін тамақ ішу қажет, ұстама қайталамау үшін.

 

Іс – әрекеттері алгоритмі:

1. Тез арада дәрігер шақыру;

2. Дәрігер тағайындауы бойынша 40%-40-80 мл глюкоза ертіндісін к/т бірден енгізу ,

көмектеспесе глюкозаны қайталап енгізу керек.

3. Егер есіне келмесе 5%- 1-1,5 л глюкоза ертіндісін к/т тамшылатып енгізу.

4. Гликемия мөлшері әрбір 30 минут сайын өлшенеді.Гликемияны 6,0-9,0 ммоль.мөлшерінде ұстау керек.

5. Қарқында жүргізілген шарадан кейін есі 15-20 минуттан кейін кіреді.

 

Ескерту:

1. Гипогликемиялық кома кезінде инсулин енгізу науқас өміріне қауіпті.

2. Гипогликемиялық кома жүктілікке дейін, жүктіліктің әр мерзімінде күшеюі мүмкін, әсіресе 2 жартысында.

3. Диабетпен ауыратын науқас жүктіліктің барлық кезеңінде инсулин мөлшерін реттейтін дәрігердің қатаң бақылауында болуы керек.

29. Стандарт: Анафилактикалық шокта дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Мақсаты:шок тудыратын факторды жою, тыныс алуды және мүшені қанмен қамтамасыз етуді қалпына келтіру

Көрсеткіші: анафилактикалық шок

Мүмкін болатын асқынулары:жедел көмекті уақытында көрсетілмесе, негізгі мүшелердің функциясының төмендеуі, жүрек қызметінің бұзылуы, өлім.

Қажетті заттар: 0,1% адреналин ерітіндісі, жылытқыш, мұзды мұйық, 1%-1мл мезатон ерітіндісі, преднизолон, 1% димедрол, тавегил ерітіндісі немесе 2% супрастин ерітіндісі,5% глюкоза ерітіндісі, 0,2%-2мл норадреналин ерітіндісі, 2,4%-10 мл эуфиллин ерітіндісі, 0,05%-1мл строфантин ерітіндісі.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Еңгізіліп жатқан препаратты тоқтатыңыз,егер препарат көк тамырға енгізілсе инені шығармай келесі ем шаралар сол ине арқылы жүзеге асырылады.

2. Аллергеннің организмге түсу уақытын, науқастың шағымдарын және клиникалық белгілерін белгілеңіз.

3. Дәрігерді шақырыңыз.

4. Пациенттің аяқ жағын көтеріп, басын бір жағына бұрып жатқызыңыз.

5. Науқастың жағдайын бағалаңыз. Пульсін, АҚҚ, температурасын өлшеңіз, тері және шырышты қабатын қараңыз. АҚҚ жасының көрсеткішінен 20% төмендесе анафилактикалық реакция пайда болуына күмәндануға болады.

6. Таза ауамен қамтамасыз етіңіз немесе оттегін беріңіз.

7. Егер иньекция қолына салынса, жгутты жоғарырақ байлаңыз

8. Иньекция орнына мұзды мұйық қойыңыз.

9. Аллергиялық препарат мұрын немесе көз арқылы енгізілсе, сумен шайып, 1-2 тамшы 0.1% адреналин ерітіндісін енгізіңіз.

10. Препарат тері астына енгізілсе сол жердің маңайына 0,1% адреналин ерітіндісін айналдыра шаншып салыңыз (1мл 0.1% адреналин ерітіндісін 10мл физиологиялық ерітіндісіне).

11. Дәрігер келгенше 400мл физиологиялық ерітіндіге 2мл, 5мл 5-6 дана шприц, адреналин, глюкокартикостероидтар дайындаңыз.

12. Дәрігердің нұсқауымен баланың 1жасына 1мл 0.1% ерітіндісін физиологиялық ерітіндіге ерітіп тамшылатып енгізіңіз. Гипотония сақталса 20мин кейін қайталаңыз.

13. Айналымдағы қан көлемін физиологиялық ерітіндісімен толтырып отырыңыз. Сағатына 20-40мг/кг. АҚҚ нормаға келгенде инфузия енгізу жылдамдығын төмендетіңіз.

14. Глюкокортикоидтар: преднизолон 5-10мг/кг немесе гидрокартизон 10-15мг/кг.

15. Реанимация бөлімшесіне дәрігер реаниматологпен бірге, үнемі инфузия жүргізіп және өмірге маңызды көрсеткіштерін бағалай отырып жеткізіңіз.

 

 

30. Стандарт: Квинке ісінуі кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Мақсаты: тыныс алу және қан айналым жұмысының жедел бұзылуын жою : қанға дәрілік аллергеннің түсуін тоқтату; организмнің маңызды функцияларын қолдау .

Қажетті заттар:оттек балоны, маска,дәке салфеткасы, танометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған:бір реттік шприцтер, мақта шариктері, этиль спирті 700, жгут, қолғаптар, дезерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік заттар: 0,1%-0,5 мл адреналин, 90-120 мг преднизолон, 0,9% натрий хлорид ерітіндісі, 2% - 2,0мл супрастин ерітіндісі немесе тавегил, 10% - 10 мл кальций хлорид ерітіндісі, 2,0 мл лазикс.

 

Іс-әрекет альгоритмі:

1. Тез арада дәрігер.

2. Аллергенмен байланыс үзу. Егер аллергиялық реакция жәндік шаққанда немесе дәрі енгізілген де болса, байланыс болған жерден жоғары жгут байлау. (егер аяқ-қолын жәндік шақса немесе дәрі енгізілсе).Егер дененің басқа жерін жәндік шақса, суық компресс қойылады;

3. Ылғалды оттек беру;

4. 0,1 %-0,5 мл адреналин тері астына енгізу;

5. 90-120 мг преднизолонды , 0,9% - 10,0 мл натрия хлорид ерітіндісімен к/т енгізу;

6. 2,0 мл 2% - 2,0 мл супрастин немес тавегил еретіндісін бұлшық етке енгізу;

7. 10% - 10 мл кальций хлорид ерітіндісін к/т бірден енгізу;

8. 2,0 мл лазикс, 0,9% - 10,0 мл натрий хлорид ерітіндісімен к/т енгізу ;

9. Аурухананың жан сақтау бөліміне тез арада жатқызу.

 

 





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.