МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Лекция 9. Аккредиттеу аттестаты





Аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестаттары Қазақстан Республика­сының бүкіл аумағында жарамды және олардың қолданылу мерзімі бес жыл.

Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аккредиттеу туралы шешімді қабылдаған кезден бастап есептеледі және оған аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған уақыт кезеңі енгізіледі.

Аккредиттеу жөніндегі орган бекіткен және аккредиттеу саласын белгілейтін құжат аккредит­теу аттестатына міндетті қосымша болып табы­лады.

Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъек­тілерінің тізілімінде тіркелуге тиіс.

Аккредиттеу аттестатында:

1) аккредиттеу субъектісінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері;

2) аккредиттеу субъектісінің оған сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжат;

3) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі;

4) аккредиттеу аттестатының аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелген күні;

5) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі;

6) аккредиттеу аттестаты қосымшасының парақ саны көрсетіледі.

6. Аккредиттеу аттестатының бланкілері қатаң есептілік құжат болып табылады, олардың қорғанышы мен нөмірі болады.

Аккредиттеу аттестаты жалғыз дана етіп беріледі, аккредиттеу аттестатын басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады.

Жоғалған, бүлінген аккредиттеу аттестат­тары, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалар аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға жазбаша өтініш (аккредиттеу аттеста­тының, аккредиттеу аттестатына қосымшалардың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжат­тар­мен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.

Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының телнұсқасын, аккредиттеу аттестатының қосымшаларын беруді жүргізеді.

 

Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу

Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге:

1) аккредиттеу субъектісін қайта ұйымдас­тыру;

2) аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруі;

3) аккредиттеу субъектісі атауының өзгеруі;

4) аккредиттеу саласының кеңеюі немесе қысқаруы туралы аккредиттеу субъектісінің өтініші негіз болады.

Аккредиттеу субъектісі ҚР «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 22-бабының 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көзделген ак­кредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге не­гіз­дердің бірі пайда болған кезден бастап есеп­телетін, сондай-ақ аккредиттеу саласы қысқарған жағдайда күнтізбелік он күн ішінде аккредиттеу жөніндегі органға ҚР «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 15-бабының 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көз­делген жаңа мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

Аккредиттеу саласын кеңейту кезінде аккредиттеу субъектісі өтінішпен бір мезгілде аккредиттеу жөніндегі органға кеңейтілетін салада тиісті мамандардың, жабдықтардың, үй-жайлардың бар екендігі туралы ақпарат береді.



Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеген кезде аккредиттеу жөніндегі орган ҚР «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 18-бабында көзделген тәртіппен аккредиттеу субъектісінің орналасқан жері бойынша:

1) сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханасының (орталығының) орналасқан жері өзгерген;

2) аккредиттеу саласын кеңейткен жағдайда тексеру жүргізеді.

5. Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу туралы құжаттарды олардың түскен күнінен бастап есептелетін он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Осы тармақта көзделген мерзімге субъектінің орналасқан жері бойынша тексеру жүргізу және аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді, егер оларды аккредиттеу жөніндегі орган анықтаған болса, жою мерзімі кірмейді.

Оң шешім қабылданған жағдайда аккре­дит­теу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын жеті жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді және аккредиттеу саласын айқындайтын құжатты қайта бекітеді.

Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешім ұсынылған құжаттар мен мәліметтерден дәйексіз ақпараттар анықталған кезде, аккредиттеу субъектісі тексеру барысында анықталған сәйкессіздіктерді белгіленген мерзімде жоймаған кезде, сондай-ақ алғашқы тексерген кездегі сәйкессіздіктер қайта тексер­генде анықталған кезде қабылданады.

Аккредиттеу аттестатының қолданылу мер­зі­мі оны қайта ресімдеген кезде үзілмейді.

 

Қолданылатын әдебиеттер:

 

Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.

3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.

 

Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер

3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.

Лекция 10 Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, қолданысын тоқтату, жою, тоқтата тұру, аккредиттеу аттестатынан айыру

Аккредиттеу аттестатын аккредиттеу жөніндегі орган мынадай жағдайларда:

1) аккредиттеу субъектісінің жазбаша өтініші бойынша;

2) сәйкестікті бағалау нәтижелерінің дұрыс­тығына әсер ететін аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктер анықталғанда;

3) анықталған аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктер аккредиттеу жөніндегі органның белгілеген мерзімі ішінде жойылмағанда;

4) салыстырмалы сынақтардың және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу қорытындыларын салғастырудың теріс қорытындылары бойынша кері қайтарып алады.

Егер аккредиттеу критерийлерінің анық­талған сәйкессіздіктерінде әкімшілік құқық бұзу құрамының белгілері болған жағдайда, аккре­диттеу жөніндегі орган осындай сәйкессіздіктер анықталған күннен бастап есептелетін, үш жұмыс күні ішінде тиісті шараларды қабылдау үшін жиналған материалдарды уәкілетті органға жібереді.

Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешімнің көшірмесі тиісті аккредиттеу субъектісіне жіберіледі, ол оны алған күннен бастап анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу­ға негіз болған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін аккредиттеу субъектісі оларды жойғаны туралы мәліметтерді аккредиттеу аттестатын қайтару туралы шешім қабылдау үшін аккредиттеу жөніндегі органға жібереді.

Анықталған сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы мәліметтерді растау қажет болған жағдайда аккредиттеу жөніндегі орган осы Заңда белгіленген тәртіппен инспекциялық тексеру жүргізеді.

Аккредиттеу аттестатын қайтару туралы не қайтарудан бас тарту туралы шешімді аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектісі сәйкес­сіздіктерді жойғаны туралы мәліметтерді ұсынған күннен бастап, ал инспекциялық тексеру жүргіз­ген жағдайда, оның біткен күнінен бастап есептелетін бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Аккредиттеу аттестатының қолданысы мына негіздер бойынша тоқтатылады:

1) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің аяқталуы;

2) аккредиттеуден кейінгі шарттың тоқтатылуы.

Өтініш берушінің аккредиттеу аттестатын алу кезінде жалған ақпаратты ұсынғаны анық­талған жағдайда аккредиттеу жөніндегі органның өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте сот аккредиттеу аттестатын жоюды жүргізеді.

Аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

Аккредиттеу саласында бекітілген құжаттар нысандары.

Қазақстан Республикасында аккредиттеу саласында төмендегі құжаттар нысандары бекітілген:

- аккредиттеуге өтінімнің нысаны;

- өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органның аккредиттеу облысының нысаны;

- менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органның аккредиттеу облысының нысаны;

- персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органның аккредиттеу облысының нысаны;

- сынақ орталығының (зертханасының) сәйкестігін растау жөніндегі органның аккредиттеу облысының нысаны;

- салыстырып тексеру (калибрлеу) зертханасының (орталығының) сәйкестігін растау жөніндегі органның аккредиттеу облысының нысаны;

- сынақ зертханасының (орталығының) паспортының нысаны;

- салыстырып тексеру зертханасының (орталығының) паспортының нысаны;

- калибрлеу зертханасының (орталығының) паспортының нысаны;

- өлшеулерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестациялауды жүзеге асырушы заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің паспортының нысаны;

- персонал туралы мәліметтер нысаны;

- сәйкестікті растау жөніндегі органның және сынақ зертханасының (ортылығының), өлшеу құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеуді және өлшеулерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асырушы заңды тұлғаларды аккредиттеу материалдарын актуализациялау туралы өтінімнің нысаны.

 

Қолданылатын әдебиеттер:

 

Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.

3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.

 

Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер

3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.

Лекция 11. Аккредиттеу саласындағы нормативтік құжаттар

Аккредиттеу процедурасына қатысты Ұлттық аккредиттеу орталығының нормативтік құжаттары:

1. СТ РК 7.9-2008 "Нормы времени на выполнение работ по подготовке к аккредитации органов по подтверждению соответствия, испытательных, поверочных, калибровочных лабораторий (центров), юридических лиц, осуществляющих метрологическую аттестацию методик выполнения измерений"

2. Guide ИСО/МЭК 43-1 “Проверка компетентности путем межлабораторных сравнений. Часть-1. Разработка и применение программ проверок компетентности лабораторий” (СТ РК ИСО/МЭК 43-1-2002)

3. Guide ИСО/МЭК 43-2 “Проверка компетентности путем межлабораторных сравнений. Часть-2. Выбор и использование программ проверок компетентности органом по аккредитации лабораторий” (СТ РК ИСО/МЭК 43-2-2002)

 

Аккредиттеу критерийлерін бекітуші нормативтік құжаттар:

4. СТ РК ИСО/МЭК 17025 -2007 Общие требования к компетентности испытательных и калибровочных лабораторий

5. СТ РК ИСО/МЭК 65-2001 Общие требования к органам по сертификации продукции

6. ИСО 17021-2006 Оценка соответствия. Требования к органам, выполняющим аудит и сертификацию систем менеджмента

7. СТ РК 1349-2005 «Управление трудовыми ресурсами. Органы по подтверждению соответствия персонала».

8. СТ РК 7.6-2003 Требования и порядок аккредитации на право метрологической аттестации методик выполнения измерений

 

Менеджмент жүйелеріне талаптар бекітуші нормативтік құжаттар:

9. СТ РК ИСО 9001-2001 Системы менеджмента качества. Требования.

10. СТ РК ИСО 14001-2006 Системы экологического менеджмента. Требования и руководство по применению

11. СТ РК 1348-2005 (OHSAS 18001:1999, MOD) Система менеджмента профессиональной безопасности и охраны труда. Требования

12. СТ РК 1352-2005 (SA 8000:2001) Социальная ответственность. Требования

13. СТ РК 1179-2003 Системы качества. Управление качеством пищевых продуктов на основе принципов НАССР. Общие требования

14. СТ РК ИСО 22000-2006 «Система менеджмента безопасности пищевых продуктов. Требования ко всем организациям в цели производства и потребления пищевых продуктов»;

15. СТ РК ИСО 26000- Система менеджмента информационной безопасности. Требования

 

Қолданылатын әдебиеттер:

 

Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.

3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.

 

Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер

3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.

Лекция 12. Аккредиттеу нәтижелерін мойындау

Сертификаттау процедурасы енгізілгеннен бері сертификатталған тауарды импорттау үшІн рұқсат алуға жүмсалатын уақыт қыскаратын болды, өнімді қабылдаушы елде екінші рет тексеру (сынау) қажетсіз болатын болды. Мүндағы бір жағдай - сэйкестік сертификатының қабылдаушы мемлекетпен мойындалуы керек. Осыған орай импорттаушы мемлекеттің сэйкестік сертификатының мойындалуы өзара сауда байланыстарын нығайту сайманы болып табылады, яғни халықаралық саудаға жэрдемдеседі.

Сонымен қатар үлттық сертификаттау жүйелерінің көбеюі олардың бір-бірінен ажырасылатынын анық көрсететін болды. Бүл айырмашалактар мемлекетте қабылданған сертификаттаумен байланысты стандарттармен, заңдармен, сертификаттау ережелері жэне процедраларымен байланысты. Осыған орай сертификаттаудың халыкаралык саудадагы екнші ролі -техникалық кедергі екендігі айқындалды.

Сертификаттаумен байланысты кедергілердІң пайда болуы жоғарыда аталған себептерден ғана емес болып табылады. Ішкі ранокты импортталған тауарлардан корғау үшІн мемлекеттер импортталған тауарлар үшін арнаулы сертификаттау жэне бақылау ережелерІн, стандарттарды енгізеді. Бүл шетелдік сертификттарды мойындау тэртібіне эсерІн тигізеді. Бүл жерде тағы да техникалық кедергілер орын алатын болады.

Саудадағы техникалык кедергілер деп тауар алмасушы мемлекеттердің замнамасының, нормалары мен ережелерінІң келіспеушілігін (эртүрі болуын) айтады. Тауар өндіруші эр мемлекетте шығарылатын өнІмдердін және көрсетілетін қызметтердің олардың нормаларға, заңдарға жэне үйғарымдарға сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтері жүмыс тстейді (қабылданады).

Сәйкестікті растаудың техникалық жэне әкімшіліктік аспектілері де ажырасады. Басқа сөзбен айтқанда зертханаларда жүргізІлетін оақалаулар әдістерін жэне бақылау, сертификаттау, аккредиттеуді жүзеге асырушы мекемелердің жүмыс істеу принциптерІн жэне олардың қүзыреттілігін бағалауда да айырмашылықтар кездеседі.

Айтылған жағдайлардан саудадағы кедергілер болып өнімге қойылат^н талаптар ғана емес, сынау, сертификаттау жэне аккредиттеуге қойылатын талаптар да табылатынын көруге болады. Соңғысы тек халықаралқ деңғейде гармонизациялау арқылы ғана жоюға болады.

Саудадағы кедергілердің үш түрі кездеседі:

1) заңды күші жоқ эртүрлі үлттық өнеркэсіптІк нормалар. Бүл
нормалардан өнімді импорттау, сату немесе пайдалану тэуелді болып
табылады;

2) әртүрлі мемлекет Ішінде жүмыс істейтін (жүретІн) үйгарымдар. Бүл
үйғарымдар заң бойынша бекітІледі жэне денсаулык сақтау, кауіпсіздік емесе
қоршаған ортаны қорғау мақсатын орындаиды;

3) сертификаттау жөніндегі қосымша сынау эдістері және процедуралары. Бүлар бұйымның ұлттық нормаға немесе үйғарымға сэйкестігін қамтамасыз ету керек.

БүгІнгі күнге дейін кездесетін нормативтік құжаттармен байланысты техникалық кедергілер импорттаушы мемлекетте енгізілетін тауарларды нарыққа қосу процедурасын қайта (екІнші рет) жүргізу арқылы жойылып келедІ. Шығарушы мемлекетте онда жүретін ережелер бойынша бұндай процедуралар жүргІзгеніне қарамастан.

Бұдан басқа, қиыншылықтар ортақ терминологияның болмауынан; сынау
эдістері гармонизацияланбағанынан, сондықтан сынаулар эртүрлі
мемлекеттерду бір-бірімен салыстыруға келмейтін эдістерІмен

жүргізілетінінен туындайды. ЕкІнші жағынан тауарлар мен кһрсетілетін қызметтердің стандарттарға жэне басқа нормативтік құжаттарға сэйкестігін тек қана сынау барысында алынған сандық мэліметтердІң көмегімен растауға болады.

Қазіргі кезде тауар жөнінд ақпараттың көзі болып сертификат немесе сэйкестік БелгісІ табылады. Сертификат (сәйкестік БелгісІ) тауардың қауіпсІздігінің кепілІ болып табылады.

Сондықтан жоғарыда аталған кедергілердің ішінен сынақ нәтижелерін және сертификаттарды мойындамауды ерекше айтып кету керек.

Қолданылатын әдебиеттер:

 

Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.

3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.

 

Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер

3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.

Лекция 13. Аккредиттеу нәтижелерін мойындау жөніндегі келісімдер

Өнімді сертификаттау кезінде орын алатын техникалық кедергілерді жою, оның нарыққа үздіксіз түсіп тұруын және сертификаттарға сенімділікту арттыру үшін сертификаттау нәтижелерін және аккредиттеуді өзара мойындау механизмін зерттеп дайындау мәселесі туындады.

Осыған орай ұлттық органдар сертификаттау және акредиттеу бойынша жұмыстарды мойындау процедуралары тағайындалып жүзеге асырылады. Нәтижесінде шетелдік сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі органдармен берілген сертификаттар және аккредиттеу аттестаттары немесе оларға тең құжаттар ұлттық органмен мойындалуы мүмкін, егер қолданылатын процедуралар мен талаптар бірдей болса.

Сертификаттаулық кедергілерді жою мақсатында сертификатты шетелде мойындауға елдер арасында жасасатын өзара мойындау жөніндегі келісімдеркөмектеседі. Бұл келісімдер сәйкестікті бағалау және оны мойындау процедураларын ауқымдайды. Өзара мойындауға бұдан басқа, өзара ақпарат бері, түсініктеме беру және кеңес беру кіреді.

Мойындау жөніндегі келісімдеп бір жақ екінші жақпен берілген сертификаттау жүйесінің бір немесе бірнеше бекітілген функционалдық элементтерін қолдану арқылы алынған нәтижелерді қабылдауында негізделген келісімді айтады.

Импортталатын өнімдерге өз қнімдері үшін қолданылатын режимнен төмен емес режимдердің қолданылу принцибі мойындау жөніндегі келісімнің жалпы принцибі болыптабылады. Саудадағы кедергілермен және оларды жою жолдарымен байланысты болып табылатын бұл принцип тарифтер және сауда жөніндегі Бас келісімнің (ГАТТ/ВТО) Ережелерінде де жазылған.

Келісімдер ұлттық, региондық немесе халықаралық деңгейде жасалады және басқа жақтың (жақтардың) қызметін мойындайтын мемлекеттердің санына байланысты бір жақтық, екі жақтық және көп жақтық болады.

Бір жақтық келісім екінші бір жақтың нәтижелерін мойындау болып табылады.

Екі жақтық келісім екі жақтың жұмыстарының нәтижелерінің өзара мойындалатынын көрсетеді (сурет).

 

А сәйкестікті растау органы   1 - жеткізуші
А мемлекеті В мемлекеті

Сурет. Өзара мойындау жөніндегі екі жақтық келісім

 

Екі жақтық келісімің кемшіліктері:

- келісімге отырған мемлекеттердің саны шамалы (екі мемлекетк қана)

- келісімге отыру және оны күшінде сақтауға көп уақыт және қаржы жұмсалады.

Көп жақтық келісім– екіден көп жақ қатысатын жұмыстардың нітижелерін мойындау жөніндегі келісім.

Еуропалық бірлестіктерде аккредиттеуді өзара мойындау бірлестікке мүшелікке кірумен бірге автоматты түрде пайда болмайды. Мойындау арнаулы келісім, мысалы сертификаттау жөніндегі органдарды өзара мойындау туралы көпжақтық келісім (MLA – Multilateral Recognition Arrangement) негізінде жүзеге асырылады. Өзара мойындау ұйымды, сапа жүйесі мен практикада қолданылатын процедураларды тексеру нәтижесінде осындай келісімдерге қол қойылғаннан кейін ғана орын алады. Тексеру арасына бірнеше жыл өткізіп қайталанатын болады.

Халықаралық практикада көп жақтық келісім (MLA) арнайы құжаттардың көмегімен, мысалы өзара түсінушілік жөніндегі меморандум (MoU – Memorandum of Understanding) арқылы жүзеге асырылады.

Көп жақтық келісімге кіру мүмкіндігін алу үшін, мысалы, мынадай талаптарға сай болу керек:

- ұлттық аккредиттеуші органның аккредиттеу облысында белгілі тәжірибесі болуы керек;

- бірегей аккредиттеу критерийлері қолданылуы керек;

- сынақ зертханаларында жүргізілетін салыстырмалы сынақтар бірдей техникалық базада орындалуы керк;

- өзара бағалау жұмыстарына қатысу керек; ашық болу керек.

Бұндай келісімдер бойынша қатысушылардың құқықтары мен міндеттері бірдей болуы мүмкін. Бірақ мүмкіншіліктері бірдей болмауы мүмкін. Бұндай жағдайда келісімге қатысушылардың қарым қатынастары дұрыс болмауы мүмкін. Әсресе екі жақтық келісімдерде.

Аккредиттеу жөніндегі Халықаралық форумы (IAF) өзара мойындауды аккредиттеуші органдар деңгейіде жүргізуді ұсынады. Бұндай жағдайда қатысушылардың саны едәуір көп болуы мүмкін (сурет).

 

 

А – аккредиттеуші орган; С – сәйкестігін растаушы орган; Ж – жеткізуші

 

Сурет. Халықаралық өзара мойындау механизмі

 

 

Қолданылатын әдебиеттер:

 

Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.

3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.

 

Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер

3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.

 

Лекция 14. Халықаралық ұйымдардың аккредиттеу нәтижелерін

мойындаудағы ролі

Сертификаттау жөніндегі келісімдердің тиімді жұмыс істеуінің алдын ала шарты болып қлттық сертификаттау жүйесінің және оған қатысушы мемлекеттердің техникалық құзыреттілігіне, сенімділігіне өзара сенімдіктің болуы табылады.

Келісімдерде мыналар қарастырылуы тиіс:

- келісімнің ережелері мен міндеттерін қабылдауға дайын басқа елдердің қатысуы үшін ашықтығы;

- импортталатын және елде шығарылатын тауарларды жеткізушілер бірдей жағдайда болуы және тауарлардың стандарттар талаптарына сәйкестігін анықтау режимінің бірдей болуы;

- білікті персонал және жеткілікті сынақ жүргізу базасының болуы. Бұндай жағдай сәйкестікті растау процедурасы келісімнің талаптарына сәйкес келуінің кепілі болып табылады және оған сенімділік тудырады;

- қлттық стандарттарды гармонизациялау (ұлттық стандарттардың өзара гармонияда болуы).

Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) «Сынақ нәтижелерін мойындау» Ұсынымы өзара мойындау жөніндегі екі және көп жақтық келісім жасалуына жәрдемдесу мақсатында қабылданған. Бұл Ұсыным бір жағынан халықаралық және ұлттық сертификаттаудың қалыптасуына және дамуына, екіншіден саудадағы техникалық кедергілердің жойылуына едәуір үлес қосып отыр. Бұл құжат сынақ зертханаларын аккредиттеу практикасының дамуына да үлес қосады.

Бұдан басқа, БҰҰ ЕЭК өзара мойындауды жеңілдететін негізгі шараларды белгілейді. Ең алдымен бұл ұлттық сертификаттау жүйелері, олардың техникалық мүнкіншіліктері, персоналының біліктілігі туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ әртүрлі мәселелер туралы бір-бірімен хабар алмасу, бақылау және қадағалау жүйелерімен танысу үшін сарапшылармен өзара алмасу, техникалық және ұйымдық ынтымақтастықты дамыту.

Аталған Ұсынымда сертификаттау жөніндегі құжаттарға қойылатын талаптар белгіленген және олар бар болған жерде халықаралық немесе гармонизацияланған ұлттық және өңірлік стандарттарды қолдану ұсынылған.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мемлекеттері үшін сертификаттау жөніндегі қызметтің бағыттарын белгілейтін құжат болып 1992 жылы Минск қаласында стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңеспен қабылданған «Стандарттау, метрология және сертификаттау облысында келісімді саясат жүргізу туралы Келісім» табылады.

Келісімге қатысушылар «Сертификаттау жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін мойындау Тәртібі» қабылдаған. Бұл құжат сертификаттау жөніндегі ұлттық органдардың немесе Келісім мүшесі болып табылатын елдердің ұлттық сертификаттау жүйесінде аккредиттелген сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханалырың (орталықтарының) сертификаттау жұмыстарының нәтижелерін мойындау ережелері мен процедураларын бекітеді.

Өзара мойындау шарттары болып табылады:

- мемлекетте аккредиттелген органдардың, сынақ зертханаларының (оралылықтарының) және нормативтік құжаттардың ұлттық жүйесінің болуы;

- сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ зертханалырың (орталықтарының) харықаралық жүйеде аккредиттелген болуы;

- сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ зертханалырың (орталықтарының) Келісімге қатысушы мемлекеттермен құрылған мемлекетаралық жүйеде аккредиттелген болуы.

ТМД мемлекеттері арасында көп жақтық, немесе, егер мемлекеттер оған дайын емес болса, екі жақтық келісімдер жасалады.

Келісімге қолдарын қойған мемлекеттер сертификаттау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын), сынау және сартификаттау нәтижелерін, өзара алмастырылмайтын өнімдердің сертификаттары мен сәйкестік Белгілерін өзара мойындау туралы келісті. Нормативтік база ретінде келісуші мемлекеттермен мойындалған (мойындалатын) халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық стандарттар қабылданған.

Сертификаттау облысында өзара мойындау туралы келісімдерде анықталады:

- ұлттық аккредиттеу жүйелерінде аккредиттелген сертификаттау жөніндегі органдар және сынақ зертханаларын (орталықтарын) өзара мойындаудың нақты мерзімдері (сроки), жағдайлары (шарттары) және процедуралары;

- өзара мойындау туралы келісім шегінде жеткізілетін өнімнің қауіпсіздігін раьау тәртібі;

- шығарушының және сертификат берген органның өнімнің қауіпсіздігіне жауаптылығы.

Өзара мойындау келісімдеріне сәйкес экспорттаушы мемлекеттердің сертификаттарын мойындау қабылдаушы жақпен шетелдік сертификаттарды мойындау үшін тағайындалған тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

Өнімнің сертификаты өнім шығарушы мемлекеттердің стандарттарының міндетті талаптарына сай болған жағдайда мойындалады.

Енгізуші жақ өз терріториясында сертификатталған өнімнің үстінен инспекциялық бақылау құқығын сақтап қалады.

Импорттаушы мемлекетте сертификаттау талаптары бұзылғаны анықталған болса, сертификаттау жөніндегі ұлттық орган өз мемлекеті ішінде сертификаттарды мойындауды тоқтатуға құқылы және ол туралы экспорттаушы мемлекеттің ұлттық сертификаттау жөніндегі органына және стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңестің техникалық хатшысына мәлімдеме жіберуі керек.

Сертификаттау және акккредиттеу жөніндегі жұмыстарды өңірлік деңгейде реттеу мақсатында стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңеспн мемлекетаралық нормативтік құжаттар қабылданды. Бұл нормативтік құжаттарда Келісімге кіретін мемлекеттер үшін бірдей біртекті өнімдер топтарын жіне көрсетілетін қызметтердің кейбір түрлерін сертификаттау талаптары мен тәртіптері тағайындалған.

 

Қорытындап айтқанда, сертификаттау және аккредиттеу жұмыстарының нәтижелерін мойындау немесе өзара мойындау мәселелері былайша шешілуі мүмкін:

- сертификаттаудың халықаралық жүйелеріне және сертификаттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу арқылы;

- сертификаттау жөніндегі ұлттық органдармен сертификаттарды және сынақ нәтижелерін өзара мойындау туралы келісімге отыру арқылы;

- шет мемлекеттерде техникалық орталықтар ашу арқылы;

Шет елдердің сертификаттау жөніндегі органдарын және сынақ зертханаларын ұлттық сертификатау жүйесінде аккредиттеу арқылы.

Қазақстандық сертификаттардың сенімділігін қамтамасыз ету үшін республикада сертификаттау және аккредиттеу нәтижелерін өзара мойындау механизмі зерттеп дайындалуы керек.

Сенімділік сертификаттау жөніндегі ұлттық органдарында бірегей ережелер мен нормаларды қолданылуымен қамтамасыз етіледі. Бұл бағытта Қазақстанда техникалық реттеу жүйесіне көшу бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр. Алдағы уақытта ұлттық заңнаманы және нормативтік құжаттарды қайта қарау және оларды халықаралық талаптармен сәйкестендіру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуі көзделіп отыр.

Қазақстан Республикасының сертификаттау жүйесін жетілдіру бағыттарының бірі болып қазіргі кезде сертификаттау және акктредиттеудің нормативтік базасын халықаралық ИСО, ИСО/МЭК стандарттарының және 4500 сериялы еуропалық стандарттардың EN талаптарына сәйкес өзгерту табылады.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ретінде халықаралық стандарттар қабылданған:

- ҚР СТ ИСО 17025-2001 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне жалпы талаптар»;

- ҚР СТ ИСО/МЭК 65-2001 «Өнімді сертификаттау жөніндегі органдарға жалпы талаптар».

 

 

Қолданылатын әдебиеттер:

 

Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.

3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.

 

Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер

3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.

Лекция 15. Аккредиттеу саласындағы халықаралық тәжірибе

Аккредиттеудің басты мақсаттары - ұйымдардың құзыреттілігін растау жолымен оған сенімді қамтамасыз ету, бір салада түрлі ұйымдардың іс-әрекет нәтижелерін өзара тану үшін жағдай туғызу.

Осы мақсатта 1978 жылы бірінші рет халықаралық сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі конференция – ИЛАК, кейіннен, 1991 жылы халықаралық сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу жөніндегі форум - ИАФ құрылды.

ИЛАК әрекетінің саласы – сынақ және калибрлеу зертханалары мен қадағалау органдарын аккредиттеу.

ИЛАК басты міндеті ретінде аккредиттелген зертханаларда орындалған өлшеулер мен сынау нәтижелерін тану жолымен саудаға көмектесу үшін халықаралық кооперацияны дамыту деп қойды. 1996 жылы ИЛАК аккредиттеу жөніндегі органдар арасында олардың қызмет нәтижелерін өзара тану туралы келісім жүйесін құру құқығына ие кооперацияның ресми мәтребесін алды. ИЛАК келісімі 22 жыл бойына созылған қарқынды жұмыстың шыңы.

2000 жылы қараша айында 28 түрлі өңірлер аумағында әрекет ететін ИЛАК мүшелері – 36 зертханаларды аккредиттеу жөніндегі оргнадар Вашингтонда ИЛАК келісіміне қол қойды. Осы келісім мақсаты - өлшеу нәтижелері мен экспортқа шығарылатын техникалық сынақтар нәтижелерін өзара тануға қол жеткізу. Келісімге қол қою рәсімі ИЛАК Бас ассамблея шегінде өтті.

ИЛАК келісімінің мақсаты – сынау мен өлшеулердің нақты және дәл нәтижелерін алуды қамтамасыз ете алатын аккредиттелген сынақ және өлшеу зертханаларының барынша үлкен желісін құру. 2001 жылғы 31 қаңтарда қолданысқа енгізілген ИЛАК келісімі кез келген елде аккредиттелген зертханалар орындаған сынақ пен өлшеулер нәтижелерін танумен шекараның түрлі елдері бойынша саудаоперациялдарына қатысушылардың өзара сенімін нығайтуға көмектесіп, халықаралық саудада техникалық кедергілерді жояды. Осы уақытқа дейін зертханаларды аккредиттеу саласында өзара тану туралы келісім болған емес. Бұл халықаралық саудада кедергі қызметін атқарды, оның ішінде елге енгізген кезде импорттаушы қайта міндетті сынаулар немесе өлшеулерге түсуі керек өнімдермен сауда кезінде қиындықтар тудырды. ИЛАК келісімі осындай текті кедергіні жоюға негізделген. Жүйелер – ИЛАК шегінде келісімше қатысушылар арасында сенімді нығайту үшін қажетті болатын негізгі шарттар төменде берілген. Осы шарттар өзінің негізінде – орындалуы ИЛАК мүшелері мен олар аккредиттеген зертханалардың техникалық құзыреттілігіне өзара сенімді белгілеу және қолдау үшін қажетті сол талаптар.

Осы талаптарға:

- ИЛАК мүшелері қабылдаған аккредиттеу схемаларын әзірлеу және қолданысы туралы ақпаратпен алмасу;

- Басассамблея мен ИЛАК комитеттерінің жұмысына, сондай-ақ осы мекемелердің түрлі шешімдерді қабылдауға қатысу;

- халықаралық зертханааралық салыстырмалы сынақтарға, кәсіби сынақтар бағдарламалары мен кәсібитестілеу бағдарламаларына қатысу;

- техниканың түрлі саласында сынаулар мен өлшеулер жүргізумен байланысты мәселелерді талқылайтын ИЛАК сарапшылар тобы мен проблемалық топтар жұмысынақатысу;

- келісімге қатысқысы келетін ұйымдарды инспекциялық тексеру және ИЛАК келісіміне қатысушы-ұйымдарға жоспарлы қайталау инспекцияларын жүргізу;

- келісімге қатысушы аккредиттеу жөніндегі орган беретін өлшем бірліктерін метрологиялық қамтамасыз етудің сапасын растауды аккредиттелетін зертханаларға беру. Аккредиттелетін зертханаларды ВІРМ немесе өңірлік метрологиялық ұйымдар жүргізетін халықаралық салыстырмалы сынақтарға қатысуға тарту.

Әр аккредиттеу жөніндегі органды келісімге қатысушылар қатарына қабылдау туралы шешім үміткерлердің қызметін егжей-тегжей бағалау нәтижелері негізінде қабылданады. Бағалау ИЛАК жарияланымдарында сипатталған ережелер мен процедуларға сәйкес жүргізіледі.

Келісімге қол қоятын әрбір аккредиттеу жөніндегі орган келісімнің барлық шарттарын және ИЛАК оның қызметін бағалау процедурасы бойынша талаптарды сақтау міндеттемелерін алады.

Халықаралық сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу жөніндегі форум - ИАФ

ИАФ әрекет ету саласы – сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу.

ИАФ қызметінің негізгі бағыты аккредителген зертханаларда және сәйкестікті бағалау жүргізетін органдарда екіжақты және бірнеше тарапты келісімдерді бекіту жолымен нәтижелерді тануға көмектесуге (ұйымдастыру сұлбасы Б қосымшасында берілген) бағытталған.

Нәтижелерді өзара тану үшін аккредиттеу критерийлері мен процедуларын үйлестіру қажет, осы бөлікте ИЛАК және ИАФ ИСО, МЭК, ЕЭК, ООН, МОЗМ және өзге де халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық етеді.

Аккредиттеу жөніндегі органдарға қойылатын негізгі талаптарға:

- аккредиттеу жөніндегі орган өзінің жұмысын кемсітпеушілік негізге құру керек; аккредиттеуге қол жеткізу кез келген өтінім берушілер үшін ашық болуы керек;

- аккредиттеу жөніндегі орган қоғамдық, мемлекеттік немесе жеке ұйым ретінде тіркелген болуы керек.

Сыртқы сауда қатынастарыныңжәне ұлттық аккредиттеу жүйелерінің дамуымен өңірлік аккредиттеу ұйымдары туындай бастады және сынақ және калибрлеу зертханаларын және сертификаттау жөніндегі оргнадарды аккредиттеужүйелерінің қосылу дәстүрі байқалып отыр.

Бұған мысал ретінде еуропалық ұйымдар бола алады. Тек 1994 жылы ВЕС калибрлеу зертханаларын және ВЕЛАС сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі Еуропалық кооперациялар негізінде ЕАЛ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі Еуропалық ұйым құрылды.

 

Кейіннен 1991 жылы құрылған ЕАС сертификаттау жөқніндегі оргнадарды аккредиттеу жөніндегі еуропалық ұйым мен ЕАЛ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі Еуропалық ұйымдар 1997 жылғы қараша айында бірігіп ЕА Еуропалық аккредиттеу жөніндегі ынтымақтастықты құрды.

ЕА мүшелері бірнеше тараптық келісімдер негізінде әрекет ететін және ЕН 45000 сериялы стандарттарға сәйкесетін ұлттық аккредиттеу жөніндегі органдар болып табылады.

 

Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.

3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.

 

Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер

3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.

2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

 

№ 1 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау аумағындағы аккредиттеу туралы »заңы.Жалпы мазмұны.

Сабақтың мақсаты:Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау аумағындағы аккредиттеу туралы »заңын оқып үйрену.

Тапсырма:

1.Заңның негізгі тарауларын оқу.

2.Аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері.

3. Қ.Р. Республикасының «Сәйкестікті бағалау аумағындағы аккредиттеу туралы» (05.07.2008гN IV ) жаңа заңын және бұрынғы ҚР « Аккредиттеу туралы »заңын салыстыру сипаттамасын беру.

Бақылау сұрақтары:

1.Аккредиттеу дегеніміз не ?

2. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері?

3.Сәйкестікті бағалау аумағындағы аккредиттеу саласындағы ҚР өкіметінің компетенциясы және аккредиттеу жүйесі?

 

№ 2 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау аумағындағы аккредиттеу туралы »заңы.Терминдер мен анықтамалар.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау аумағындағы аккредиттеу туралы »заңында пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамаларын оқып үйрену.

Тапсырма:

1.Заңда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамаларды дәптерге көшіріп жазу.

2.Терминдерді дұрыс оқи білу.

3.Терминдер мағынасын түсіну?

Бақылау сұрақтары:

1. Заңда пайдаланылатын терминдерге анықтама беру?

2. Сәйкестікті бағалау аумағындағы аккредиттеу туралы »заңының маңызы?

 

№ 3 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Аккредиттеу жүйесінің құрылымы.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Аккредиттеу жүйесінің құрылымымен танысу.

Тапсырма:

1.Қазақстан Республикасының Аккредитеу жүйесінің құрылымы.

2.Аккредиттеу жөнінідегі органның құқықтарымен міндеттері.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасының Аккредиттеу жүйесінің маңызы?

2. Аккредиттеу жөніндегі органның атқаратын қызметі?

 

 

№ 4 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)

 

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық аккредиттеу орталығының (НЦА) құрылымы және қызметтік бағыттары.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Аккредиттеу жүйесінің құрылымымен танысу.

Тапсырма:

1.Ұлттық аккредиттеу орталығының құрылымын дәптерлеріне сызу.

 
 

 


СО - сәйкестікті растау жөніндегі органдар

СЗ - сынақ зертханалары

КЛ - калибрлеу зертханалары

СТЗ - салыстырып тексеру зертханалары

 

Бақылау сұрақтары:

1.Аккредиттеу орталығының құрылымын білу?

2.Аккредиттеу жөніндегі комиссияның қызметі?

3.Шағым жөніндегі комиссиның қызметі?

4.Бас директор қызметі?

 

№ 5 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)

Сабақтың тақырыбы: ҚР СТ ИСО/МЭК 65-2001.

Сабақтың мақсаты: ҚР СТ ИСО/МЭК 65-2001 мазмұнымен танысу.

Тапсырма:

1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты «Өнімді сертификаттау жөнінідегі органдарға қойылатын жалпы талаптар» қолдану саласы.

2.Нормативтік сілтемелерді оқу.

3.Анықтамаларды оқып дәптерге жазу.

Бақылау сұрақтары:

1.ҚР СТ ИСО/МЭК 65-2001.қолдану саласы?

2.Сертификаттау жөніндегі орган?

3.Шағымдар ,арыздар мен даулы жағдайлар?

4.Сертификаттау туралы шешім?

5.Инспекциялық бақылау?

 

 

№ 6 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)

 

Сабақтың тақырыбы:.ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын талаптар»

Сабақтың мақсаты: ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 мазмұнымен танысу.

Тапсырма:

1.«Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын талаптар» ҚР СТ оқып,қолдану саласымен танысу.

2.Сызбаны сызып,талдау .

3.Терминдер мен анықтамалар.

4.Менеджментке қойылатын талаптар.

5.Қосалқы мердігерлермен сынақ және калибреу жүргізуге шарт жасау.

6.Зертхана қызметкерлерінің тапсырыс берушілеріне қызмет көрсету.

7.Белгіленген талаптарға сәйкес емес сынақ және /немесе калибрлеу жұмыстарын басқару.

8.Сынақ,калибрлеу әдістері және әдістерді валидтеу.





       
©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.