фибриноидты ісіну (фибриноид), гиалиноз. Амилоидоз. Стромальды – қан тамырлы липидоздар: жалпы май басу (семіру), жүдеу (кахексия), стромальды –қан тамырлы гликогеноздар. Тақырыбы бойынша практикалық сабаққа арналған ОҚУЛЫҚ КАРТА МИКРОПРЕПАРАТТАР: 1. Бүйрек амилоидозы /Г.Э. боялған/. Бүйрек шумақтарының амилоидозын электронды - микроскопиялық суретте диагностикалау. "Бүйрек шумақтарының амилоидозы" электронограммасын оқу, оның атауын жазу. Гломерулярлы сүзгідегі амилоидты массаның фибриллярлы құрылымын және орналасуына көңіл аудару. 2. Жүрек семіруі /Г.Э. боялған/. Миокард үстінде майлы ткань орналасқан, ол "ара ұясын" еске түсіреді. Кейбір жерлерде майлы қабаттар миокардқа еніп, бұлшық етті шоғырлар аасында орналасқан. МАКРОПРЕПАРАТТАР: 1. Глазурлы талақ. Ағзаның көлеміне, талақ капсуласының түсіне және қалыңдығына көңіл аудару. 2. Біріншілік бүріскен бүйрек. Макроскопиялық көрінісі бойынша артериолосклерозды нефросклерозды диагностикалау /біріншілік бүріскен бүйрек/ "Артериолосклерозды нефросклероз /нефроцирроз/" макропрепаратын сипаттау және оқу. Бүйрек көлеміне, фиброзды капсуланы алғаннан кейінгі беткейінің жағдайына, қыртысты қабатының еніне көңіл аудару. 3. Жүректі май басу. Жүректі май басуды макроскопиялық бейнесі бойынша диагностикалау. "Жүректі май басу" макропрепаратын оқып, оның атын жазу. Эпикард астындағы май ткандерінің көлеміне және жүрек стромасындағы май ткандерінің өсуіне көңіл аудару және жүректің оң жақ бөлімінде өзгерістің басымдылығын атап өту. 4. Қолқа липоматозы. Макроскопиялық бейнесі бойынша қолқа атеросклерозын диагностикалау. "Қолқа атеросклерозы" макропрепаратын оқып, атауын жазу. Қолқа интимасы түрінің ерешеліктеріне, ондағы сарғыш жалақтардың және дақтардың болуына, ісінген ақшыл-сары табақшаларға көңіл аудару Патологиялық анатомия пәні бойынша 2 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін практикалық сабағына ТАПСЫРМА – БАҒДАРЛАМА Тақырыбы: Хромопротеидтер алмасуы бұзылуы. Гемоглобиногенді пигмент алмасуы бұзылуы. Протеиногенді пигмент алмасуы бұзылуы. Липидогенді пигмент алмасуы бұзылуы. І. Тақырыптын негізгі сұрақтарына дайындалу: 1. Аралас дистрофияға анықтама беру. 2. Эндогенді пигменттердің жіктелуі. 3. Гемоглобинді пигменттің түрлілігі, қалыпты және патологиялық жағдайда кездесетін түрлері. 4. Ескі гематомада қандай пигменттер кездеседі? Олардың түсі, физикалық жағдайы, орналасуы. 5. Егер одан гемосидерин анықталса, гематоманың қаншалықты ескілігін анықтау. 6. Өкпенің қоңыр тығыздалуының даму механизмі. 7. Тамыр ішілік (интраваскулярлы) гемолиз кезінде қандай пигменттер және қай жерлерде анықталуы мүмкін? 8. Гемосидероз: себептері, түрлері, морфологиясы, ақыры. 9. Ферритинемияның асқынуы 10. Сарғаю дегеніміз не? Сарғаюдың жіктелісі. 11. Қанда тікелей, тікелей емес билирубиннің жинақталуына байланысты сарғаюдың даму себебі? 12. Аралас генезді сарғаюдың даму себебі. 13. Жалпы өт өзегінің ұзақ уақыт бойы бітелуіне байланысты дамыған сарғаю кезіндегі патологоанатомиялық өзгерістер. 14. Меланин алмасуының бұзылу түрлерін ата. 15. Жайылған гипермеланоз қай кезде байқалады, гипомеланоз қай кезде анықталады? 16. Лейкодерма дегеніміз не? Олардың даму себебі. 17. Невус дегеніміз не? 18. Липофусцин құрамына қандай заттар кіреді? 19. Клеткада липофусциннің анықталуы нені куәландырады. II. Макроскопиялық сипаттама беру: 1. Жүректің қоңыр атрофиясы. 3.Тері меланомасы 2. Бауырдың биллиарлы циррозы. III. Микроскопиялық құрылысын білу: 1. Тері гипермеланозы 2. Өкпе гемосидерозы (Г.Э. боялған). IV. Терминологиялық сөздік дайындау: Келесі терминдердің анықтамасын және маңызын білу: 1. Ферритинемия 10. Сарғаю 2. Ферритинурия 11. Холемия 3. Порфиринемия 12. Холалемия 4. Порфиринурия 13. Холурия 5. Гемоглобинемия 14. Гипермеланоз 6. Гемоглобинурия 15. Гипомеланоз. 7. Билирубинемия 16. Лейкодермия 8. Билирубинурия 17. Невус 9. Билирубинді энцефалопат 18. Витилиго 19. Альбинизм V. ҚАЙТАЛАУ: 1. Қалыпты жағдайдағы билирубин алмасуы, қандағы тікелей және тікелей емес билирубин көрсеткіштері. 2. Қалыпты жағдайдағы меланин алмасуы. 3. Қалыпты жағдайдағы кальций, фосфор, калий алмасуы және олардың қандағы қалыпты жағдайдағы көрсеткіштері. 4. Терінің анатомиясы мен гистологиясы. Патологиялық анатомия пәні бойынша 2 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін Тақырыбы: Хромопротеидтер алмасуы бұзылуы. Гемоглобиногенді пигмент алмасуы бұзылуы. Протеиногенді пигмент алмасуы бұзылуы. Липидогенді пигмент алмасуы бұзылуы. Тақырыбы бойынша практикалық сабаққа арналған ОҚУЛЫҚ КАРТА МАКРОПРЕПАРАТТАР: 1. Жүректің қоңыр атрофиясы (сипаттау алгоритмі) Ағзаның көлеміне және түсіне, консистенциясына көңіл аударыңыз. Ағза түсі, консистенциясы немен түсіндіріледі? Бұл жағдайда ағза қызметі қалай өзгереді? Тері мелономасы. Қоңыр түсті ошаққа көңіл аударыңыз. Оның түрін, беткейін сипаттаңыз. Терінің осы өзгерістерінің негізінде не жатыр? 3. Бауырдың биллиарлы пиррозы. Бауыр көлеміне, беткейіне, консистенциясына, кесіндісіндегі суретіне көңіл аударыңыз. Сипатталған өзгерістер немен баланысты? Олардың қызметтік маңызыдылығы. МИКРОПРЕПАРАТТАР: - Өкпе гемосидерозы.
Альвеола аралық кеңістіктердің тамырлар жағдайына, альвеола құрылымына және альвеола аралық перде бойына, оның түсіне аударамыз. Сипатталған өзгерістерді түсіндіру. - Тері ги пермеланозы /Г.Э.боялған/
Эпидермис пен дерманың емізікше қабатына көңіл аударыңыз. Көру аймағында қою-қызыл немесе қара түсті пигменттермен толған клеткалар көрінеді. Бұл клеткалар қалай аталады? Клеткалардағы пигмент қалай аталады? Патологиялық анатомия пәні бойынша 2 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін практикалық сабағына ТАПСЫРМА – БАҒДАРЛАМА Тақырыбы: “ Минерал алмасуының бұзылуы. Кальций алмасу бұзылуы – кальциноздар. Тастардың түзілуі. Тас түзілу себептері мен механизмі. Тастардың түрлері. Тас түзілудің салдары І. Тақырыптын негізгі сұрақтарына дайындалу 1. Кальций алмасуының бұзылыстарының формалары: а/ организмдегі кальцийдын маңызы б/ реттелу механизмі в/ кальций мен фосфордың өзара байланысы 2. Кальций алмасуының морфологиялық белгілері 3. Кальций алмасу бұзылысының метастаздық ізбестену түрінің маңызылығы 4. Метастаздық ізбестенудын себептері 5. Метастаздық ізбестену алдыменен қандай ағзаларда кездеседі? 6. Дистрофиялық ізбестенудің маңызы 7. Клеткалардың ізбестену кезінде кальций түздары қай ультрақұрылымдарда дамиды? 8. Дистрофиялық ізбестенуді қандай процестер туындырады? 9. Организмде қай ағзаларда тас түзілуі байқалады 10. Тас түзілуінің механизмі 11. Кристалды тастардың түзілуіне әкелетін себептер 12. Коллоидты-кристалды тастардың түзілуіне әкелетін себептер 13. Несеп тастарының химиялық құрамы 14. Өт қабы тастарының химиялық құрамы 15. Несеп жолында тас түзілудің асқынуы 16. Өт жолында тас түзілудің асқынуы II. Макроскопиялық сипаттама бере білу керек: 1. Гон ошағы 2. Өт қабының тастары 3. Бүйрек тастары (дем) III. Микроскопиялық құрылысын білу: 1. Некроздалған бұлшық еттің әктенуі /петрификациясы/ (Г. Э. боялған) IV. Терминологиялық сөздік дайындау: Келесі терминдердің анықтамасын және маңызын білу: 1. Дистрофиялық ізбестену 2. Метастаздық ізбестену 3. Метаболикалық ізбестену 4.Гипер- гипокальциемия 5.Кальцифилаксия 6. Гиперфосфатаземия 7. Гипераминоацидурия 8. Полигландулярлы эндокринопатия 9.Флеболит 10. Копролит 11. Петрификация V. ӘДЕБИЕТТЕР: Қазақ тілінде: Негізгі 1. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялыќ анатомия: медициналыќ жоѓары оќу орындарыныњ студенттеріне арналѓан оќулыќ. Орысшадан аударѓан доцент М.Т. Айтќ±лов\\ Алматы: "Орталық Қазақстан" БПК, "Қазақстан".- 1993.-170 б. 2. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялыќ анатомия: медициналыќ жоѓары оќу орындарыныњ студенттеріне арналѓан оќулыќ. Орысшадан аударѓан доцент М.Т. Айтќ±лов \\ Алматы, Караѓанды:"Ғылым", "Қазақстан". - 1996.- 2-бµлім, 1-кітап, 175-274 б. 3. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялыќ анатомия: медициналыќ жоѓары оќу орындарыныњ студенттеріне арналѓан оќулыќ. Орысшадан аударѓан доцент М. Айтќ±лов \\ Алматы, Караѓанды:"Ғылым", "Қазақстан". - 1996.- 2-бµлім, 2-кітап, 275-535 б. 4. Ахметов Ж.В. Патологиялық анатомия. // Алматы.-2003,393 б. Қосымша: 1.Ахметқалиев С.Г., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға кiрiспе: Оқу құралы.\\ -Ақтөбе: Ақтөбе медициналық академиясы.-1999. - С.5-34. 2.Iшкi аурулар // Т.З.Сейсембеков, А.Е.Тәменов, М.Т.Айткулов М.Т. \\Алматы.-1995.-298б. 3.М.М.Түсiпбекова М.С.Усеева Перинатустық кезең патологиялық анатомиясының өзектi мәселелерi.\\ Медицина и экология.- N3.- 2000.- C.55 – 57. Орыс тілінде: Негізгі 1.Патологическая анатомия. Курс лекций: Учебное пос. (Под ред. В.В.Серова, М.А.Пальцева.- М.: Медицина, 1998.- 640с.:илПальцев М.А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник.Том 1,2. М..:Медицина,2001. 2.Абдуллаходжаева М.С. Основы патологии человека. - Ташкент, 1998. 3.Струков А.И. Патологическая анатомии: Учебник / А.И.Струков, В.В.Серов.-4-е изд., стереотип. М.:Медицина, 1995,-688с.- Қосымша : - Пальцев М.А., Пауков В.С., Улумбеков Э.Г. Патология: Издательский дом: «ГЭОТАР-МЕД» 2002.- 959 с.
- Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии /В.В.Серов, Т.Н.Дрозд, В.А.Варшавский, Г.О.Тетевосянц. - М.: Медицина, 1987.– 285с.-(Учеб. лит. для студ. мед. вузов).
- Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии: Учеб. пос. /В.В.Серов, М.А.Пальцев, Т.Н.Ганзен.-М:Медицина, 1998.-544с.-(Учеб. лит. для студ. мед. вузов).
- Хазанов А.Т., Чалисов И.А. Руководство по секционному курсу. \\ М. 1986.С.10-87
- Блюгер А.Ф. Ультраструктурная патология печени: Электрон.- микроскоп. Атлас /Риж. мед.ин-т; А.Ф.Блюгер, В.К.Залцмане,
О.Я.Карташева.-Рига:Зинате,1989.-318 с.:ил. Патологиялық анатомия пәні бойынша 2 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін: Минерал алмасуының бұзылуы. Кальций алмасу бұзылуы – кальциноздар. Тастардың түзілуі. Тас түзілу себептері мен механизмі. Тастардың түрлері. Тас түзілудің салдары Тақырыбы бойынша практикалық сабаққа арналған ОҚУЛЫҚ КАРТА МИКРОПРЕПАРАТТАР: 1. Некроздалған бұлшық еттің әктенуі /петрификациясы/. Препаратта бұлшық ет кесіндісі берілген. Препарат гемотоксилин және эозинмен боялған. Бұлшық ет талшықтары бөлшектенген ыдыраған цитолизге ұшыраған. Аралық ткан ісінген, қан құйылған ошақтар және лейкоцитті сіңбелер байқалады. Бұлшық еттің некроздалған аймақтарында сыя түсті әктенген ошақтар көрінеді. Себебі: өлген тканде немесе терең дистрофиялық жағдайдағы тканде ізбестің жинақталуы, тканнің физико-химиялық өзгеруімен аяқталады ол ізбестің қаннан және ткандік сұйықтан абсорбциялануына жағдай жасайды. Ақыры: қайтымсыз, түскен ізбес әдетте сіңірілмейді немесе өте қиын сіңіріледі. Маңызы: процестің маңызы оның орналасқан жеріне және таралуына байланысты. МАКРОПРЕПАРАТТАР: 1. Өт қабының тастары. Өт қабының көлемі ұлғайған, қабырғасы гипертрофияланған. Кілегей қабатында қан қуйылған ошақтары байқалады. Өт қабы қуысында көптеген тегіс бір-біріне жаңасқан қоныр-жасыл түсті тастар анықталады. Себебі: Жалпы факторлар – жалпы семіру, атеросклероз. Жергілікті - өт өзегінің өткізгіштігінің бұзылуы, өт қабының дискинезиясы, қабыну. Ақыры: өт қабы қабырғасының тесілуі (перфорация), өт перитониті, механикалық сарғаю, холецистит, жабысқақтар, жыланкөз, бауыр циррозы, бауырдың жетіспеушілігі. Демонстрациялық препараттар: 2. Бүйрек тастары 3. Гон ошағы Патологиялық анатомия пәні бойынша 2 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін практикалық сабағына ТАПСЫРМА – БАҒДАРЛАМА Тақырыбы: “ Некроз. Некроздың клиникалық-морфологиялық түрлері. Ақыры. Апоптоз. Некроз және апоптозға салыстырмалы сипаттама" І. Тақырыптын негізгі сұрақтарына дайындалу 1. Некроз анықтамасы 1. Некроздың морфологиялық белгілері 2. Этиологиялық факторлары мен даму механизміне байланысты некроздың түрлері 3. Некроздың клинико-морфологиялық ақыры, организмге маңызы 4. ДНК және РНК анықтайтын гистохимиялық әдістері 5. Танатология мен танатогенез туралы түсінік, олардың практикалық маңызы 6. Өлім түрлеріне байланысты өлімнің пайда болу жылдамдығы және себебі 7. Табиғи және зорлық өлімнің мәні неде? 8. Клиникалық және биологиялық өлім туралы түсінік 9. Өлімнің абсолюттік белгілері 10. Өлімнің алдындағы жағдай 11. Агония белгілері 12. Өлімнен кейінгі белгілердің себептері 13. Реаниматология дегеніміз не? II. Макроскопиялық сипаттама бере білу керек: 1. Талақтың ишемиялық инфарктісі 2. Казеозды пневмония - дем. 3. Инкапсуляцияланған некроз ошағы - дем. 4. Саусақ гангренасы - дем. III. Микроскопиялық құрылысын білу: 1. Некротикалық нефроз (Г.Э.) 2. Қаңқа бұлшықет петрификациясының некрозы (Г.Э.) IV. Терминологиялық сөздік дайындау: Келесі терминдердің анықтамасын және маңызын білу: 1. Балауыз тәрізді некроз 15. Инфаркт 2. Кариорексис 16. Қызыл кемерлі ишемиялық инфаркт 3. Кариолизис 17. Миомаляция 4. Кариопикноз 18. Некроздың организациясы 5. Плазмолиз 19. Некроздың петрификациясы 6. Плазморексис 20. Некроздың инкапсуляциясы 7. Плазмокоагуляция 21. Аутолиз 8. Некроз 22. Ылғалды гангрена 9. Коагуляциялық некроз 23. Құрғақ гангрена 10. Тіке некроз 24. Гангрена 11. Ірімшікті некроз 25. Анаэробты гангрена 12. Колликвациялық некроз 26. Нома 13. Балонды дистрофия 27. Киста 14. Демаркациялық сызық 28. Ойылу 29. Секвестр V. ӘДЕБИЕТТЕР: Қазақ тілінде: Негізгі 1. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялыќ анатомия: медициналыќ жоѓары оќу орындарыныњ студенттеріне арналѓан оќулыќ. Орысшадан аударѓан доцент М.Т. Айтќ±лов\\ Алматы: "Орталық Қазақстан" БПК, "Қазақстан".- 1993.-170 б. 2. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялыќ анатомия: медициналыќ жоѓары оќу орындарыныњ студенттеріне арналѓан оќулыќ. Орысшадан аударѓан доцент М.Т. Айтќ±лов \\ Алматы, Караѓанды:"Ғылым", "Қазақстан". - 1996.- 2-бµлім, 1-кітап, 175-274 б. 3. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялыќ анатомия: медициналыќ жоѓары оќу орындарыныњ студенттеріне арналѓан оќулыќ. Орысшадан аударѓан доцент М. Айтќ±лов \\ Алматы, Караѓанды:"Ғылым", "Қазақстан". - 1996.- 2-бµлім, 2-кітап, 275-535 б. 4. Ахметов Ж.В. Патологиялық анатомия. // Алматы.-2003,393 б. Қосымша: 1. Ахметқалиев С.Г., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға кiрiспе: Оқу құралы.\\ -Ақтөбе: Ақтөбе медициналық академиясы.-1999. - С.5-34. 2. Iшкi аурулар // Т.З.Сейсембеков, А.Е.Тәменов, М.Т.Айткулов М.Т. \\Алматы.-1995.-298б. 3. М.М.Түсiпбекова М.С.Усеева Перинатустық кезең патологиялық анатомиясының өзектi мәселелерi.\\ Медицина и экология.- N3.- 2000.- C.55 – 57. Орыс тілінде: Негізгі - Патологическая анатомия. Курс лекций: Учебное пос. (Под ред. В.В.Серова, М.А.Пальцева.- М.: Медицина, 1998.- 640с.:илПальцев М.А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник.Том 1,2. М..:Медицина,2001.
- Абдуллаходжаева М.С. Основы патологии человека. - Ташкент, 1998.
- Струков А.И. Патологическая анатомии: Учебник / А.И.Струков, В.В.Серов.-4-е изд., стереотип. М.:Медицина, 1995,-688с.- Қосымша :
- Пальцев М.А., Пауков В.С., Улумбеков Э.Г. Патология: Издательский дом: «ГЭОТАР-МЕД» 2002.- 959 с.
Патологиялық анатомия пәні бойынша 2 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін: “ Некроз. Некроздың клиникалық-морфологиялық түрлері. Ақыры. Апоптоз. Некроз және апоптозға салыстырмалы сипаттама" Тақырыбы бойынша практикалық сабаққа арналған ОҚУЛЫҚ КАРТА МИКРОПРЕПАРАТТАР: 1. Некрозды нефроз. Препарат гематоксилин және эозинмен боялған. Препаратта бүйрек ткані берілген. Бүйрек шумақтарынды капиллярлық иірімдер ядролары сақталған. Бірен-саран қыртысты қабатының өзекшелерінде саңылаулары және эпителий клеткалары өзгермеген. Проксималды өзекшелер эпителиі некроздалған: эпителий клеткаларының ядролары жойылған, саңылаулары байқалмайды, ішінде эозинофилді детрит жиналған. Себебі: экзогенді және эндогенді улану, инфекциялы аурулар. Ақыры: қайтымсыз. Маңызы: жедел бүйрек шамасыздығымен жүреді (ЖБШ), процесс айқындылығы оның жайылуына және терендігіне байланысты 2. Некроздалған бұлшық еттің әктенуі /петрификациясы/. Препаратта бұлшық ет кесіндісі берілген. Препарат гемотоксилин және эозинмен боялған. Бұлшық ет талшықтары бөлшектенген ыдыраған цитолизге ұшыраған. Аралық ткан ісінген, қан құйылған ошақтар және лейкоцитті сіңбелер байқалады. Бұлшық еттің некроздалған аймақтарында сыя түсті әктенген ошақтар көрінеді. Себебі: өлген тканде немесе терең дистрофиялық жағдайдағы тканде ізбестің жинақталуы, тканнің физико-химиялық өзгеруімен аяқталады ол ізбестің қаннан және ткандік сұйықтан абсорбциялануына жағдай жасайды. Ақыры: қайтымсыз, түскен ізбес әдетте сіңірілмейді немесе өте қиын сіңіріледі. Маңызы: процестің маңызы оның орналасқан жеріне және таралуына байланысты. МАКРОПРЕПАРАТТАР: 1. Талақтың ишемиялық инфарктісі. Некроз ошағының консистенциясы тығыз, ақшыл-сұр түсті, кесіндісінің түрі үш бұрышты негізі қабықшаға бағытталған, ал ұшы ағзаның қақпасына Демонстрациялық препараттар: 2. Казеозды пневмония 3. Инкапсуляцияланған некроз ошағы 4. Саусақ гангренасы Патологиялық анатомия пәні бойынша 2 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін практикалық сабағына ТАПСЫРМА – БАҒДАРЛАМА Тақырыбы: “ Толыққандылық. Артериальды толыққандылық. Венозды толыққандылық. Ишемия. Қан кету. Плазморрагия. Стаз. І. Тақырыптын негізгі сұрақтарына дайындалу 1. Қан айналымбұзылыстарының барлық түрлерін атаңдар. 2. Толық қандылыққа түсінік, жіктелісі. 3. Артериалық толыққандылық: түсінігі, этиологиясы, түрлері, морфологиялық сипаттамасы, ақыры. 4. Венозды толыққандылық: анықтамасы, жіктелуі, себебі, мүшелермен ткандердің морфологиялық сипаттамасы, ақыры. 5. «Мускатты» бауыр: патогенезі және морфологиясы, себебі, ақыры. 6. «Өкпенің қоңыр индурациясы»: патогенезі, морфологиясы, себебі, ақыры. 7. Қан кету: анықтамасы, жіктелуі, себебі, ақыры организмдегі маңызы. Әртүрлі қуыстардан қан кетуді көрсетелатын терминдерін білу. 8. Қан аздық: түрлері, себебі, морфологиясы, ақыры, организмдегі маңызы. 9. Стаз: анықтамасы, себептері, даму сатысы, морфологиясы, ақыры, организмдегі маңызы. II. Макроскопиялық сипаттама беру: 1. Бас миына қан құйылу 2. Бүйрек үсті безіне қан құйылу - дем. 3. Эпикард астына диапедезді қан құйылу - дем. 4. Жүрек тампонадасы - дем. III. Микроскопиялық құрылысын білу: 1. «Мускатты» бауыр /Г.Э бояуы/ 2. Өкпенің қоңыр индурациясы (Г.Э.бояуы). 3. Бас миына нүктелі қан құйылу. /Г.Э. бояуы/ IV. Терминологиялық сөздік дайындау: Келесі терминдердің анықтамасын және маңызын білу: 1. Анасарка. 15. Диапедез. 2. Аррозивті қан кету. 16. Қан іркілген тканнің индурациясы. 3. Асцит. 17. Ишемия. 4. Анемия. 18. Лимфодема. 5. Гемоперикард. 19. Плетор. 6. Гидроперикард. 20. Стаз. 7. Гемоторакс. 21. Транссудат (оның құрамы). 8. Гидроторакс. 22. Цианоз. 9. Гидроцефалия. 23. Эксикоз. 10. Гомеостаз. 24. Хилезді асцит. 11. Гиперемия. 25. Хилус. 12. Геморрагия. 26. «Жүрек ақауларының клеткалары». 13. Гематома. 27. Кефалогематома. 14. Гемоперитонеум. Патологиялық анатомия пәні бойынша 2 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін: Толыққандылық. Артериальды толыққандылық. Венозды толыққандылық. Ишемия. Қан кету. Плазморрагия. Стаз. Тақырыбы бойынша практикалық сабаққа арналған ОҚУЛЫҚ КАРТА МИКРОПРЕПАРАТТАР: 1.Мускатты бауыр. (Г. және Э. боялған). Препаратта бауыр ткані берілген. Орталық вена керілген кеңіген, ішінде қан іркілген. Соның маңында гепатоциттер жартылай қираған, қалғаны дистрофияға ұшыраған, семіген. Бауыр бөлшектерінің орталықтарына қан құйылған. Шет жақтағы гепатоциттерде майлы дистрофия дамыған. Сақталған гепатоциттердің көлемі ұлғайған, олар компенсаторлы гипертрофияға ұшыраған. Себебі: созылмалы ағымда жүрек сырқаттары (жүрек ақаулары, ишемия аурулары, эндокард фиброэластозы, миокардиттер, кардиомиопатиялық амилоидоз және тағы басқалар). Ақыры: Толыққандылық ұлғая берсе гепатоциттердің қысылуы және атрофиясы, бауырдың сақталған клеткаларының регенерациясы және дәнекер тканнің тым өсуімен көрінеді. Осындай клетканың өлімі мен регенерациясының қатар жұруі бауырдың мускатты циррозының дамуына әкеледі. Осыған байланысты мускатты бауырды 3 сатыға бөледі: мускатты гмперемия, мускатты атрофиялық, мускатты цирроздық сатысы. 2. Бас миына диапедезді қан құйылу. (Г.Э. боялған). Бас миының торлы құрылымдардың фонында кеңейген капиллярлы артериялар көрінеді, қуыстары эритроциттермен толған, тамырлардың қуысында эритроциттер бір - бірімен тығыз жабысқан, кейбір жерлерде, біріккен, шекарасы айқын емес, ұсақ тамырлардан тыс бос жатқан эритроциттерді көреміз. Бұл дипедезді қан құйылу құбылысы. Себебі: интоксикация, асфиксия. Ақыры: эритроциттердің еруі (гемолиз). Қан айналым бұзылысы нәтижесінде бас ми затының дистрофиясымен некрозы туындайды. 3. Өкпенің қоңыр индурациясы (Г.Э.бояуы). МАКРОПРЕПАРАТТАР: 1. Бас миға қан құйылу. Препаратта ми берілген. Сол жақ гемисферада (бөлігінде) қоңыр қызғылт түсті, көлемі 3 x 4см, анық шектелмеген дөңгелектелген қисық ошақ көрінеді. Сол аймақтағы ошақты қоршаған ми заты ісінген, құрылысы бұзылған, ұсақ қан дақтары бар. Қорытынды: миға қан құйылу. Себебі: гипертония ауруы, атеросклероз, мидың жарақаттануы, аневризма, себебінен қан тамыр қабырғасының бүтіндігінің бұзылуы. Ақыры: іріңдеу, киста (қуыс) пайда болуы, инкапсуляциялану, склероз. 1. Бүйрек үсті безіне қан құйылу - дем. 2. Эпикард астына диапедезді қан құйылу - дем. 5. Жүрек тампонадасы - дем. Патологиялық анатомия пәні бойынша 2 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін практикалық сабағына ТАПСЫРМА – БАҒДАРЛАМА Тақырыбы: “ Тромбоз. Эмболия. Инфаркт". І. Тақырыптын негізгі сұрақтарына дайындалу 1. Тромбоз: анықтама, себептері, тромб түзілуге әсер етуші заттар. 2. Тромб түзілуінің негізгі механизмдері 3. Тромбтың морфологиялық сипаттамасы және оның өлгеннен кейінгі қан ұйындысынан айырмашылығы 4. Тромбтардың құрамы, даму механизмі, тамыр қабырғасына қатынасына байланысты түрлері. 5. Тромбтардың ақыры және асқынуы. 6. Инфаркт: анықтама, себебі, түрлері, даму сатылары. Ақыры және маңызы. 7. Эмболия: анықтама, эмболия түрі, организмге маңызы, ақыры. 8. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ӨАТЭ): себебі. Өлім механизмі, морфологиясы. II. Макроскопиялық сипаттама беру: 1. Қолқадағы қабырғаішілік тромб 2. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы 3. Миокард инфарктісі (дем) 4. Меланоманың бауырға метастазы (дем) 5. Құлақшаның шар тәрізді тромбы (дем) III. Микроскопиялық құрылысын білу: 1. Аралас тромб (Г.Э.) 2. Организациялық тромб (Г.Э.) 3. Кокктық эмболия бүйрек қантамырларының (Г.Э) 4. Рактық бауырға метастазы (Г.Э.дем) IV. Терминологиялық сөздік дайындау: Келесі терминдердің анықтамасын және маңызын білу: 1. Адгезия. 15. Тотальды инфаркт. 2. Агглютинация. 16. Ақ инфаркт. 3. Сладж феномені. 17. Прогрессирлеуші тромб. 4. Коагуляция. 18. Марантикалық тромб. 5. Преципитация. 19. Ретракция. 6. Тромбоз. 20. Ақ тромб (құрамы, түзілу орны). 7. Дилятациялық тромб. 21. Қызыл тромб. 8. Аралас тромб. 22. Гиалинді тромб. 9. Эмболия. 23. Қызыл инфаркт. 10. Ортоградты эмболия. 24. Қабырғалық тромб. 11. Ретроградты эмболия. 25. Асептикалық аутолиз. 12. Парадоксальды эмболия. 26. Тромб организациясы. 13. Метастаздану. 27. Трансмуральды миокард инфарктісі. 14. Обтурациялаушы тромб. 28. Интрамуральды миокард инфарктісі. Патологиялық анатомия пәні бойынша 2 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін: “ Тромбоз. Эмбоия. Инфаркт". Тақырыбы бойынша практикалық сабаққа арналған ОҚУЛЫҚ КАРТА Микропрепараттар; 1. Аралас тромб (Г.Э. бояуы, демон.). Препаратта жұқа қабырғалы қан тамыры берілген. Қабырғаның эндотелий қабатында бекілген, құрылысы айқын көрінбейтін, өзі фибрин жіпшелері және бөлшектерінен тұратын, сонымен қатар арасында эритроциттер, лейкоциттер, ыдыраған тромбоциттері бар құрылым байқалады. Себебі: жалпы факторлар – қан ұйытушы және қарсы жүйелер арасындағы тепе – теңдіктің бұзылуы; жергілікті факторлар – қан тамыры қабырғасының зақымдануы (атеросклероз, қабыну және тағы басқалар). Ақыры: қолайлы жағдайларда – асептикалық аутолиз, каналдар ашылу, васкуляризация, әктену, гиалиноз; қолайсыз жағдайда сепсистік аутолиз, тромбоэмболия. 2. Организациялық тромб (Г.Э. бояуы). Препаратта қан тамырдың кесіндісі берілген. Қан тамырдың саңылауы тарылған, қабырғасы қалыңдаған. Эндотелий қабаты кедір – бұдыр. Сол жерде, қан тамырдың қабырғасы бекіген, қызғылт түсті құрылым байқалады. Оның құрамында көптеген ұсақ қан тамырлар, қанмен толған қуыстар бар. Сонымен бірге қан тамырдың қабырға жағынан өсіп келе жатқан дәнекер ткань талшықтары көрінеді. Ол осы түзілістің ішінен келе жатқан және сонымен қатар оны сыртынан жауып тұрғандай көрінеді. Себебі: қан тамыры эндотелиінің өзгеруі, қан ағымының баяулаулы, қанды ұйытатынжәне ұюға қарсы жүйелердің тепе – теңдігінің бұзылуы, қан құрамының өзгеруі (атеросклероз, аутоиммунды аурулар, гемобластоз). Ақыры: тромбтың каналдануы, ізбестенуі немесе әктенуі (петрификациясы), тромбоэмболия. 1. Кокктық эмболия бүйрек қантамырларының (Г.Э) 4. Рактық бауырға метастазы (Г.Э.дем) Макропрепараттар: 1. Қолқаның қабырғалық тромбысы. Препаратта қолқаның бөлігі берілген. Интимасы кедір – бұдыр көптеген атеросклероздың табақшаларға байланысты. Осы интимаға тығыз бекіген, ала түсті, консистенциясы үгітілген, қолқаның саңылауын тарылтып тұратын құрылым байқалады. Оның құрамында басын, денесін және құйырығын ажыратуға болады. Түсі тарғыл, қызыл аймақ, ақ түсті аймаққа ауысып отырады. Себебі: атресклероз. Ақыры: аяқ атериясының тромбоэмболиясы гангренаға ұласады. 2. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы. Өкпе артерияның қуысы бифуркация аймағында құрт тәрәзді беткейі кедір – бұдыр тромбоэмбол орналасады. Себебі: аяқ венасының, кіші жамбас клетчатка венасынан тромбтың үзілуі. Ақыры: Жүректің оң жақ бөлігінің жетіспеушіліктің дамуынан кенеттен өлім, пульмокоронарлы рефлексі. 3. Миокард инфарктісі (дем) 2. Меланоманың бауырға метастазы (дем) 3. Құлақшаның шар тәрізді тромбы (дем) Патологиялық анатомия пәні бойынша 2 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін практикалық сабағына ТАПСЫРМА – БАҒДАРЛАМА Тақырыбы: “ Адаптация және компенсация процестеріне морфологиялық мінздеме: атрофия, гипертрофия (гиперплазия), организация, тканьдердің қайта құрылуы, метаплазия және дисплазия. Жеке мүшелер мен тканьдердің регенерациясы. Жаралардың жазылуы". І. Тақырыптын негізгі сұрақтарына дайындалу 1. Компенсаторлы және бейімделу процестері туралы түсінік. Ағымы, биологиялық маңызы және компенсациялары. 2. Бейімделудің морфологиялық мінездемесі 3. Гипертрофия: анықтама, жіктелуі, морфо функциональды мінездеме 4. Гиперплазия: түсінік, морфологиялық мінездеме, маңыы 1. Атрофия: түсінік, жіктелу, клинико-морфологиялық мінездеме, маңызы 2. Организация: түсінік, түрлері, маңызы 3. Жараның жазылу әдістері. Біріншілік бітуі және оның шарттары. Екіншілік бітуі оның себептері. Қабыршық астында жазылуы. Эпителий ақауының тікелей бүтінделуі 4. Компенсация. Морфофункциональды мінездеме 5. Регенерация: анықтама, ағымы, биологиялық маңызы. Регенерация түрлері және формалары 6. Физиологиялық регенерация: анықтама, түрлері және олардың морфологиялық мінездемесі 7. Реперативті регенерация: түрлері (толық және толық емес), маңызы 8. Патологиялық регенерация: түсінік, себебі, түрлері, маңызы 9. Дәнекер тканьнің регенерациясы: құрылымы және грануляционды тканьнің морфологиялық мінездемесі 10. Қан регенерациясы: қан түзудің экстрамедулярлық ошағы жайында түсінік. Қан регенерациясының бұзылысы және олардың себептері. Қан тамырлар регенерациясының формасы II. Макроскопиялық сипаттама беру: № 1 Гидронефроз № 2 гидроцефалия № 3 Аналық без атрофиясы № 4 Бауыр циррозы (билиарлы, портальды) № 5 Миокардтың қоңыр атрофиясы № 6 Өкпе эмфиземасы № 7 Бауырдың түйінді регенерациясы № 8 . Жүректің концентрлік гипертрофиясы № 9 Инфаркттан кейінгі кардиосклероз III. Микроскопиялық құрылысын білу: № 1 Бауырдың портальды циррозы (Г.Э. бояуы) № 2 Өкпе эмфиземасы (Г.Э. бояуы) № 3 Грануляциялық ткань (Г.Э.) № 4 Кардиосклероз (Г.Э. . бояуы) № 5 Организациялық тромб (Г.Э. бояуы) № 6 Эндометридің безді гиперплазиясы (Г. Э. бояуы) IV. Терминологиялық сөздік дайындау: 1. Бейімделу. 9. Концентрлік гипертрофия. 2. Компенсация. 10. Гидроцефалия. 3. Регенерация. 11. Реституция. 4. Гипертрофия. 12. Субституция. 5. Метаплазия. 13. Гидронефроз. 6. Гиперплазия. 14. Гинекомастия. 7. Организация. 15. Шораяқ. 8. Эксцентрлік гипертрофия. 16. Викарлы гипертрофия. Патологиялық анатомия пәні бойынша 2 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін: “ Адаптация және компенсация процестеріне морфологиялық мінздеме: атрофия, гипертрофия (гиперплазия), организация, тканьдердің қайта құрылуы, метаплазия және дисплазия. Жеке мүшелер мен тканьдердің регенерациясы. Жаралардың жазылуы". ОҚУЛЫҚ КАРТА I. Макроскопиялық сипаттама беру: № 1 Гидронефроз. Препаратта бүйрек берілген. Көлемі ұлғайған. Беті тегіс, мүше қабығы қиын сыпырылады, кесіндісінде: табақшалары және бүйрек түбектері кеңіген, лайлы сұйықтыққа толған. Шырышты қабаты іркілген, ұсақ нүктелі қан құйылған. Бүйрек паренхимасы жұқарған, дәнекер тканге айналған. Себебі: бүйрек тастары, несеп ағар дамуындағы ақаулар. Ақыры: пионефроз, паранефрит, бүйрек жетіспеушілігі. № 2. Гидроцефалия № 3. Аналық без атрофиясы № 4. Бауыр циррозы (билиарлы, портальды) № 5. Миокардтың қоңыр атрофиясы № 6. Өкпе эмфиземасы № 7. Бауырдың түйінді регенерациясы № 8 . Жүректің концентрлік гипертрофиясы. Препаратта жүрек берілген. Көлемі және салмағы ұлғайған. Консистенциясы тығыз. Сол жақ қарыншаның қабырғасы қалыңдаған: 2,5 см, оң жақ қарыншасы – 0,7 см. Кесіндісінде бұлшық ет тканінің түсі қара қоңыр. Қарыншаның емізікше және трабекулярлы бұлшық еттері гипертрофияланғаны анықталады. Себебі: жүрек қақпақшаларының ақаулары, гипертония ауруы. Ақыры: декомпенсация, жүректің жетіспеушілігі. № 9. Инфаркттан кейінгі кардиосклероз II. Микроскопиялық құрылысын білу: № 1. Бауырдың портальды циррозы (Г.Э. бояуы) № 2. Өкпе эмфиземасы (Г.Э. бояуы) № 3. Грануляциялық ткань (Г.Э. бояуы). Көптеген жаңадан түзілген қан тамырдың жұқа қабырғалары анықталады. Қуысы эритроциттермен толған. Қан тамыр арасында көптеген грануляциялық тканнің клеткалық элементтері – фибробластар, фиброциттер, плазмалық, лимфоидты эпителиодты клеткалар бар. Сонымен қатар жетіліп келе жатқан грануляциялық ткань элементтерін – фибробластардан босаған жұқа коллаген талшықтарды көруге болады. Лейкоциттер аз. Себебі: терінің жарақаттық және жаралық дефектісі, сүйек сынығы кезіндегі зақымдалу, гематомалар, тромб, некроз, инфаркт және т.б. Ақыры: қан тамырлардың жетілуі баяулайды, склерозданады, клеткалық элементтері азайып, жетілген талшықты дәнекер ткань басады. № 4. Кардиосклероз (Г.Э. . бояуы) № 5. Организациялық тромб (Г.Э. бояуы) № 6. Эндометридің безді гиперплазиясы (Г. Э. бояуы). Препаратта эндометридің қырындысы берілген. Бездері бұрыс және біртекті емес орналасқан, қиғаш және көлденең кесінділермен берілген. Кейбір бездердің цилиндрлі эпителидің пролиферациясы байқалады, ядролар бірнеше қатарға орналасқан. Басқа бездер кистозды кеңіген, эпители төмен немесе тегіс, кейбір бездердің қуысында қызғылт гомогенді массалы секрет бар. Үлкендігі және формасы әртүрлі біз тәрізді, клеткалы стромасының жеке бөліктері пролиферацияланған, ісінген, дөңгелек клеткалардан тұратын және митоз саны көбейген – осының бары эндометридің безді гиперплазиясының сипаттамасы. Себебі: нейро – гормоналды бұзылыстар. Ақыры: ұзақ эстрогенемия мен эстроген титрінің төмендеуі дистрофиялық өзгерістерге, жатыр кілегей қабатының қан айналымы бұзылысы, некрозбен метроррагияға әкеледі. Маңызы: Клиницист үшін дұрыс профилактика және терапия жүргізуге эндометридің гистологиялық диагностикасы және полип пен жатыр рагына дифференциалды диагностикасын беру. Патологиялық анатомия пәні бойынша 2 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін практикалық сабағына ТАПСЫРМА – БАҒДАРЛАМА Тақырыбы: “ Экссудативті қабыну". І. Тақырыптын негізгі сұрақтарына дайындалу: 1. Қабыну: анықтамасы, биологиялық маңызы, ағымы 2. Қабыну реакциясының морфологиясы 3. Қабыну жіктелісі 4. Экссудативті қабыну: түсінік, жіктелудің негізгі принциптері 5. Серозды қабыну: орналасу себептері, экссудат құрамы, морфологиялық мінездеме. Ақыры және маңызы. Мысал келтіру. 4. Іріңді қабыну: себебі, орны, экссудат құрамы, жіктелуі, әр түрлерінің морфологиялық мінездемесі: жедел және созылмалы абсцесс; қатты және жұмсақ флегмона; эмпиема; салқын абсцесс. Ақыры және маңызы. 5. Фибринозды қабыну: түсінік, себебі, орны, түрлері, ақыры және маңызы. Мысал келтіру. 6. Шірікті қабыну: түсінік, себебі, морфологиялық мінездеме, ақыры және маңызы. 7. Геморрагиялық қабыну: түсінік, себебі, морфологиялық мінездеме, ақыры және маңызы. 10.Катаральды қабыну: себебі, морфологиялық мінездеме, ақыры және маңызы. II. Макроскопиялық сипаттама беру: 1. Дифтериттік колит (дем) 2. Крупозды трахеит (дем) 3.«Түкті жүрек» ( дифтериялық перикардит) III. Микроскопиялық құрылысын білу: 1. Крупозды пневмония (Г.Э.) 2. Іріңді менингит (Г.Э.) 3. Геморрагиялық менингит (Г.Э) IV. Терминологиялық сөздік дайындау: 1. Альтерация 9. Экссудация 2. Пролиферация 10.Фагоцитоз 3. Плазмалы медиаторлар 11. Клеткалық медиаторлар 4. Абсцесс 12. Флегмона 5. Эмпиема 13. Жылан көз 6. Шынайы круп 14. Крупозды қабыну 7. Дифтериттік қабыну 15. Катар 8. Қуыс облитерациясы Патологиялық анатомия пәні бойынша 2 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін: “Экссудативті қабыну". ОҚУЛЫҚ КАРТА МАКРОПРЕПАРАТТАР: 1. Дифтериттік колит. Тоқ ішектің қыртыстарының арасында фибринозды қабықша орналасқан, ағза қабырғасымен тығыз байланысқан. Өт пигменті сіңіп кейін біртіндеп жасыл түске боялады. Себебі: шигеллалар. Ақыры: жараның тесілуі перитонитке жалғасады немесе парапроктит дамытады, ішек флегмонасы, ішектің тыртықтық тарылуы. 2. «Түкті жүрек» /дифтериялық перикардит/. Препаратта жүрек берілген. Көлемі ұлғайған. Консистенциясы божыраған. Жүректің сырт беткейі көмескі, бұдыр, эпикард үстінде түк тәріздес, лас ақшыл-сұр түкті жұқа жіпшелер байқалады, олар оңай алынады, өйткені астындағы тканмен тығыз бірікпеген. Себебі: уремия, трансмуральды миокард инфарктісі, ревматизм, крупозды пневмония. Ақыры: перикард жапырақшалар арасында жабысқақтар болуы, үлпершек облитерациясы. Кейде склероздалған қабық әктенеді немесе сүйектенеді (панцирлі жүрек). 3. Ірінді менингит (дем) МИКРОПРЕПАРАТТАР: 1. Крупозды пневмония. Препаратта өкпе ткані берілген. Препарат гемотоксилин және эозинмен боялған. Альвеолааралық перделер ісінген, қан тамырлар керілген, ішінде қан іркілген. Көптеген альвеолалардың ішінде қою тор тәрізді жіпшелер, лейкоциттер, эритроциттер және түлеген альвеолоциттер байқалады. Бірен-сараң альвеолярлы эпителилерді көруге болады. Қабыну гиперемиясы жоқ немесе айқын емес көрінеді. Себебі: инфекциялар. Ақыры: әдетте экссудат сіңіріледі, сирек жағдайда өкпе карнификациясы /еттену/, абсцесс, гангрена, плеврит және т.б. болады. 2. Эмболиялық ірінді нефрит (Г. және Э. боялған)-дем. Бүйрек тканінде (милы және қыртысты затында) ошақ анықталады, оның ортасында бактериалды эмбол көрінеді, айналасында полиморфты-ядролық лейкоциттер жинақталған. Инфильтрация аймағында бүйрек ткані лейкоциттермен бұзылған. Себебі: бактериальды эмболия. Ақыры: инфекцияның жайылуы (сепсис). 1. Ірінді менингит (дем) Патологиялық анатомия пәні бойынша 2 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін практикалық сабағына ТАПСЫРМА – БАҒДАРЛАМА Тақырыбы: “ Пролиферативті қабыну: аралық, полиптер мен өткір ұшты кандилома түзетін пролиферативті қабыну. Пролиферативті гранулематозды қабыну. Гранулеманың кинетикасы. I. Тақырыптың негізгі сұрақтарына дайындалу: 1. Өнімдік қабыну: түсінік, себептері, түрлері, жіктелуі 2. Аралық қабыну: морфологиялық мінездеме, ақыры және маңызы. 3. Гранулематозды қабыну: түсінік, жалпы белгілері, жіктелуі. 1. Гранулема туралы түсінік, морфогенезі, этиологиясы, гранулема түрлері. 2. Бөгде денелер мен паразит жануарлардың қабыну айналасындағы мысалы ретінде бейспецификалық гранулема. Даму механизмі. Морфологиялық ерекшеліктері. 3. Біркамералы және көпкамералы эхинококк мысалы ретінде паразит жануарлардың айналасындағы қабыну: жұқтыру, организмге әсері, морфологиялық мінездеме, ақыры және маңызы. 4. Эхинококкоз: себебі, жұқтыру жолдары, морфо және патогенез 5. Біркамералы эхинококк: құрылымы, организмге әсері, ақыры. 6. Көпкамералы эхинококк: құрылымы, организмге әсері, ақыры. 10. Полиптер мен өткір ұшты кандилома түзетін өнімді қабыну I. Макроскопиялық сипаттама беру: 1.Талақың біркамералы эхинококк 2. Бауыр альвеококкозы - дем 3. Қарын полипі - дем 4. Бауыр циррозы - дем III. Микроскопиялық құрылысын білу: 1. Біркамералы эхинококк (Г.Э.) 2. Көпкамералы эхинококк (Г.Э.) дем II. Келесі терминдердің анықтамасын және маңызын білу: 1. Қабыну инфильтраты. 11. Эхинококктын альвеолярлы түрі 2. Интерстициальды қабыну. 12. . Гидатитозды эхинококкоз түрі. 3. Пролиферация. 13. Істік ұшты кандилома. 4. Аралық қабыну.. 5. Склероз. 6. Өнімдік қабыну. 7. Гранулематоз. 8. Гранулема. 9. Цирроз 10 Полип. Патологиялық анатомия пәні бойынша 2 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін: “ Пролиферативті қабыну: аралық, полиптер мен өткір ұшты кандилома түзетін пролиферативті қабыну. Пролиферативті гранулематозды қабыну. Гранулеманың кинетикасы. МАКРОПРЕПАРАТТАР: 1. Талақтың бір камералы эхинококкі (Г.жәнеЭ. – бояуы). Препаратта талақ берілген, мүшенің көлемі ұлғайған, дөңгелек формалы түзілістің пайда болуынан, көлемі шамамен 6x12 см, көпіршікті түрі сұр түсті қатты қабықшалы. Мүше жағынан қалың дәнекер – тканді капсуламен шектелген. Көпіршік қуысында ақшыл мөлдір сұйықтық бар және жұқа қабыршақтанған ұсақ көпіршіктер байқалады. 3. Көп камералы эхинококк (демон.). 2. Бауыр альвеоккозы -дем. 3. Қарын полипі - дем. 4. Бауыр циррозы - дем МИКРОПРЕПАРАТТАР: 1. Бауырдағы гидатитозды (бір камералы) эхинококк (Г. және Э. – бояуы). Бауыр ткані бір камералы эхинококк қабырғасының бөлігін алып, гистологиялық зерттеу өткізген. Паразиттің меншікті қабырғасы екі қабықшадан тұрады – ұрықтық немесе ішкі герментативті қабықшасы – боз сирен түсті, сыртқы – хитин қабықшасы – гомогенді – қызғылт түсті. Хитин қабықшасының сыртында дәнекер тканді капсуласы бар. Капсула ішінде қабынулық клеткалы сінбелер мен эозинофильдер қалың қабырғалы қантамырлар, бірен – саран бөгде заттардың алып көпядролы клеткалары байқалады. Себебі: Эхинокок. Ақыры: бауыр қызметі бұзылады, жануар паразиттері орналасқан жерде петрификаттанады (әктенеді). 3. Көп камералы эхинококк (демон.). Патологиялық анатомия пәні бойынша 2 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін практикалық сабағына ТАПСЫРМА – БАҒДАРЛАМА Тақырыбы: Пролиферативті спецификалық қабыну. Туберкулез, сифилис, проказа, сап, эхинококкоз, актиномикоз көрінісінде гранулематоздың клинико-морфологиялық мінездемесі. Сифилис. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік кезеңдері. I. Тақырыптың негізгі сұрақтарына дайындалу: 1. Өнімді спецификалық қабыну: өзгеше белгілер, банальды қабынудан айырмашылығы 2. Туберкулез микробактериясымен шақырылатын тканьдік реакция, туберкулезді гранулема құрылымы, ақыры 3. Сифилис: этиологиясы, жұқтыру жолдары, даму жолдары, морфологиялық мінездеме, сифилитикалық гумманың 4. Лепра, склерома, сап: этиология, формасы, морфологиялық мінездеме, ақыры және маңызы. II. Макроскопиялық сипаттама беру: 1. Өкпенің милиарлы туберкулезі 2. Сифилитикалық мезаортрит III. Микроскопиялық құрылысын білу: 1. Туберкулезді гранулема (Г.Э.) IV. Келесі терминдердің анықтамасын және маңызын білу: 1. Арнайы гранулема. 5. Туберкул. 2. Некроздың біріншілік гранулемасы 6. Туберкулема. 3. Некроздың екіншілік гранулемасы 7 . Гумма. 4. Казеоз. Әдебиет: Қазақ тілінде: Негізгі: 1. Струков А. И., Серов В. В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аудрған доцент М. Т. Айтқулов /Алматы: «Орталық Қазақстан» БПҚ «Қазақстан»- 1993. – 170 б 2. Струков А. И., Серов В. В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аудрған доцент М. Т. Айтқулов // Алматы, Қарағанды: «Ғылым», «Қазақстан» -1996-2-бөлім, 1-кітап, 175-274 б. 3. Струков А. И., Серов В. В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аудрған доцент М. Т. Айтқулов // Алматы, Қарағанды: «Ғылым», «Қазақстан»-1996.-2-бөлім, 2-кітап, 275-535 б. 4. Ахметов Ж. В. Патологиялық анатомия // Алматы.-2003, 393 б. Қосымша әдебиеттер: 1. Ахметкалиев С. Е., Қамбаров Ж. А. Клиникалық патоморфологияға кіріспе: Оқу құралы // Ақтөбе: Ақтөбе медициналық академиясы.-1999. – с.5-34. Орыс тілінде: Негізі: 1. Струков А. И. Патологическая анатомия: Учебник / А.И. Струков, В. В. Серов. –4-е изд. стереотип. М.: Медицина, 1995 – 688с.-(Учеб. Лит. Для студ. мед. вузов). 2. Пальцев М. А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник. В 2-х т. Т.1. Ч.І-М: Медицина, 2001-760 с. 3 Пальцев М.А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник. В 2-х т. Т.2 Ч.ІІ.-М.: Медицина, 2001-590 с. 4. Пальцев М.А., Аничков Н.Н. Пат. анатомия: Учебник. В 2-х т. Т.2 Ч.ІІ. - М.: Медицина, 2001-680 с. 5. Абдуллахождаева М.С. Основы патологии человека. Ташкент, 1998. – 300 с. Қосымша әдебиеттер: 1. Цинзерлинг А.В., Цинзерлинг В.А. Пат. анатомия. С. – Пб., Сотис, 1996 2. Патологическая анатомия болезней плода и ребенка. Руководство, т. 1,2. Ред. Т.Е. Ивановская, Л.В. Леонова, М., Медицина, 1986 3.Крааевский Н.А., Смольяников А.В., Саркисов Д.С. Потологическая диагностика опухолей человека. Руководство. М. Медицина 1982 Ағылшын тілінде: Негізгі: 1. Rоbbins S.W., Kumar V. Basic Pathology. / 6 nd Ed, W.B. Saunders Company. - Philadelphia-London-Toronto-Sydney, 2003. – 158p. 2. Rоbbins S.W., Kumar V. Basic Pathology. / 6 nd Ed, W.B. Saunders Company. - Philadelphia-London-Toronto-Sydney, 2003. – 158p. Патологиялық анатомия пәні бойынша 2 курс жалпы медицина факультеті студенттері үшін: Пролиферативті спецификалық қабыну. Туберкулез, сифилис, проказа, сап, эхинококкоз, актиномикоз көрінісінде гранулематоздың клинико-морфологиялық мінездемесі. Сифилис. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік кезеңдері. МАКРОПРЕПАРАТТАР: 1. Өкпенің милиарлы туберкулезі Висцералды плевраның астында және өкпе тканінің кесіндісінде көптеген ақшыл – сұр түсті дән тәрізді (милллиум – тары дән) ошақтар орналасқан, өкпенің консистенциясы тығыз. Себебі: туберкулез микобактериясы. Ақыры және маңызы: қолайлы жағдайда төмпешіктер тыртықтанып және компенсаторлы эмфизема дамиды, ол жүрекке күш түсіріп, оң жақ қарыншаның гипертрофиясының дамуына әкеледі (өкпелік жүрек). 2. Сифилитикалық мезаортрит - ДЕМ. МИКРОПРЕПАРАТТАР: 1. Туберкулезді гранулема. (Г. және Э |