ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Салыстырмалы шырай, жасалуы. Морфология 11.Морфологияның зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері, ғылым саласы ретінде зерттелуі. Мылтықба Қараев: «Морфология сөзді, сөздің тиісті бөлшектерін, олардың мағыналары мен қызметтерін талдайды. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әр қилы қарым-қатынасқа түседі де, түрлі қызмет атқарады. Әрбір сөздің өзіне тән тұлғасы бар. Сол тұлға арқасында әрбір сөз бүтін единица ретінде қызмет етеді. Сөздің құрамының әр түрлі болуы оның бөлшектеріне байланысты. Сөздер кейде түбір қалпында жұмсалса, кейде оларға түрлі қосымшалар жалғану арқылы жұмсалады. Сөздің лексикалық немесе грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектері морфемалар деп аталады. Морфеманың да өзіне тән мағынасы және өзіне тән сыртқы дыбыстық формасы болады. Морфема дегеніміз – сөздің өзіне тән мағынасы бар ең кішкене бөлшегі. Сөздердің ішінде жалаң түбір сөздер де(ат, ас, із, жап), қосымша арқылы жасалған туынды сөздер де(атақ, астық, өзгі) бар. Бұл тұлғаларман қатар, екі түбірден бірікке сөздер де, (бүгін, белбеу, әкел, алабота), екі сөздерден бірігіп жасалған қос сөздер де (көзбе-көз, кімде-кім) екі түбірдің тіркесуі арқылы жасалған сөздер де (темір жол, кемпір қосақ), бірнеше түбірден қысқарған сөздер де(Каз ТАГ, Каз МҰУ) бар. Осы айтылған негізгі түрлеріне қарай сөздер жалаң және күрделі сөздер болып бөлінеді», - дейді. М.Жүнісова: Өткен ғасырдың алғашқы 20 жылы ішінде тек графика мен фонетикаға, терминологияға байланысты мақалалар болмаса, тіл білімнің басқа салалары, солардың ішінде морфологияға қатысты мәселелер арнайы сөз болған жоқ..Орыс түркітанушылар жазған қазақ тілі грамматикасының ең соңғысы – 1927 ж Т.А.Архангельскийдың құрастыруымен Ташкентте басылған «Грамматика казахского языка» деп аталған еңбек. Осының «Морфология» деп аталған бөлімінде автор қазақ тіліндегі сөздерді тек формалық белгісіне қарай ғана бөлуге болады дейді де, оны төмендегідей бес түрге жіктейді. 1) неразложимые основы, 2) самостоятельные служебные слова, 3) полуприставки, 4) Приставки, 5) Междометия. Мұның біріншісін автор есім, етістік деп екіге бөледі де, бұлардың бір – бірінен өзгешелігі – етістікке болымсыздық мағына үстейтін ма қосымшасы қосылады ал есімге ол қосылмайды деп жазады 1930жылдардан бастап морфологиялық жеке мәселеріне арналған шағын көлемді мақалалар мерзімді баспасөздерді беттерінде, әсіресе сол кездегі ғылыми - педагогикалық журналдар – «Төте оқу», «Ауыл мұғалімі» оның орнына келген «Халық мұғалімі» журналдары беттерінде жиі- жиі көріне бастайды.Осы он жылдықтың аяғына дейін жеке өз таптарына, қосымшаларға арналаған отызға тарта мақала жарияланыпты.Олардың көпшілігін Қ. Жұбанов, Н.Басымов, Ш.Х.Сарыбев,Н.Сауранбаев, С.Аманжолов жазған.Осылардың ішінде қазақ тіліндегі сөз таптарыныңбәрін қамтып сөз етуге талпынған екі мақала бар. Олар С.Жиенбаев жазған «Грамматикалық категориялар туралы» Н.Сауранбаев жазған «Сөз таптары » атты мақалар. Мақалада автор тілдеріндегі сөздерді тапқа бөлуде ғылымда қалыптасқан үш түрлі ұстаным бар.Олар,семантикалық ,синтаксистік, морфологиялық белгілер – деп жазады. Бұдан әрі автор осы үш түрлі белгілерді мысалдар арқылы талдай келіп, қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлуде сөздердің мағыналық жақтарына шешуші мән берілу деген дұрыс қорытынды жасайды. Қ. Жұбановтың ойынша, сөздерді тапқа бөлуде олардың тек мағыналық жағына ғана көңіл аудару жеткіліксіз. «Жалғыз мәнмен мәселе шешілмейді», - деген ол – сөз табын ашу үшін үш түрлі өлшеуді қатар алып отыру дұрыс.Үшеуінің бірдей сынына толса, сонда ғана бұл пәлендей сөз деуіміз керек: ол үшеудің бірі – мағына, екіншісі – морфология, үшіншісі – синтаксис. Бұдан әрі автор осы үш түрлі белгіге сүйене отырып сөздерді әр түрлі тапқа бөлді де, әр тапқа жатқызылған сөздер бойынан жоғарыда аталған белгілерді мысалдар арқылы дәлелдеуге көңіл бөледі. Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі сөздерді екі түрлі белгісіне қарай жіктейді: оның бірі – тұлғасына қарай жіктеу, екінші – лексикалық-грамматикалық белгісіне қарай жіктеу. Тұлғасына қарай сөздерді алты топқа бөледі. Олар: түбір сөз, қосымшалы сөз, кіріккен сөз, қиюлы сөз, қосар сөз, қосалқы сөз. Қ.Жұбановқа дейін де, одан кейін де, «туынды түбір немесе туынды сөз» деп аталған, тұлғаны бұл ғалым қосымшалы сөз деп атаған, автордың кіріккен, қиюлы сөз дегендерді қазіргі терминология бойынша, біріккен, қысқарған сөздер деп аталады. Термин қолданысындағы бірді-екілі өзгешелі болмаса автор сөздер тұлғасына Жан жақты жақсы талдаған. Әр сөз табына тән семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілерді автор былай анықтайды. 1. Зат есім мағыналық жағынан-затты беріледі. Морфологиялық жағынан көптеледі, септеледі, тәуелденеді, жіктеледі, синтаксистік жақтан сөйлемнің барлық мүшесі де бола алады. 2. сын есім заттың не (сипатын) істің сипатын білдіреді, шырай үстеулер мен үстеуіштерін ертеді, зат есімге, етістікке анықтауыш болады. 3. сан есім заттың не істің сандық белгісін білдіреді, реттік үстеуін ертеді, зат есімге же етістікке де анықтауыш болады. 4. мезгіл – мекен есім істің мезгілін, мекенін көрсетеді. Морфологиялық жақтан –қы, (ғы, -к, гі) үстеуін ертеді, синтаксисі – анықтаушысына жалғаусыз жетектеле тұрып, орны еркін болады дейді. Қ.Жұбанов еңбегінде өз ішінде дәйек, қосалқы, аяқ қосалқы, үстеуіш деп үш түрге бөлінсе, бұл оқулықта көмекшілер деп атап, өз ішінен қызметтеріне қарай мынадай түрлерге бөлген: а) үстеуіш көмекші (өте, тіпті, аса, орасан, керемет, бек, қас т.б.) ә) жалғаушы көмекші (және, да, мен, өйткені, мейлі, болмаса т.б.) б) демеуіш көмекші (бұған қазіргі септеуліктер жатқызылған) в) күшейткіш көмекшілер (ау, ғана, ғой, ақ, мыс, да) г) баянды көмекшілер (жоқ емес, керек, шығар, е, ет, сияқты, игі т.б.) ғ) ұйғарымды көмекшілер (мүмкін, әйтеуір, сөйтіп, тағы, әлгі, әрине, сірә). Тіліміздің грамматикалық жүйесін зерттеудегі ең бір жемісті еңбек ретінде 1967 жылы Тіл білімі шығарған. «Қазақ тілінің грамматикасы» атты екі томдық зерттеуді атауға болады. Бұл да академиялық грамматика, бірақ ол – 1954 жылы шығарылған академиялық грамматиканың қайта басылуы емес, мейлінше тың еңбек. Мұның жазылуына түркі болған негізгі себептің бірі – жеке табынудың етек алып тұрған кезінде жазылған бірінші академиялық грамматикада жаңа талап мүддесіне қайшы келетін тұжырымдардың мол болуы, көп жағдайда теориялық тұжырымдарды тілдік фактілерді зерттеу негізінде жасамай, құлаш-құлаш келтірілген цитаттарға тілдік фактілерді үйлестіруге ұмтылу болды. Екінші жағынан, 1950-60-шы жылдар ішінде қазақ лингвистикасында морфологияға қатысты, біраз мәселелерді кең де терең баяндаған монографиялық зерттеулер жарық көрді. 2. Сөйлемде етістік қимылды іс-әрекетті, жай-күйді білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге сол қимылдың, іс-әрекеттік, жай-күйдің өтуі, бір жағына, ол пікірдің ақиқат шындыққа қатысын білдірумен байланысты болып оытрады. Мысалы: ағаш кессең –ұзын кес, қысқартудың оңай, темір кессең қысқа кес, ұзартудың оңай (мақал). Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. Жүзі жылы жандарды құшақтағым келеді. Бұл мысалдар кессең және кес, жазбаймын, құшақтағым келеді деген етістіктер кесу, жазбау, құшақтау қиымылын, іс-әрекетін білдіріп қана тұрған жоқ, сонымен бірге сол қимыл, іс-әрекеттің орындалу шартын (кессең), орындалуы не талап етуін (кес), белгілі бір мезгілде, шақта іске асуын, орындалуын хабарлауды (жазбаймын) орындалу ниетін, сөйлеушінің шындыққа, болмысқа деген пікірін, көзқарасын айқындап тұр. Бұл мағыналар белгілі грамматикалық тұлғалар арқылы берліген. Мысалдағы кессең дегендегі шарттылық –а жұрнағы арқылы, кес дегенді талап ету, бұйрық мәні ІІ-жақ бұйрықтың тұлға (формасыз тұлға немесе нөлдік форма арқылы жазбаймын дегенді қимылдың белгілі шақта орындалуы көсемшенің –й жұрнағы арқылы, құшақтағым келеді дегендігі қимылдың бояу ниеті, ықыласы етістік түбіріне ғы жұрнағы және одан кейін тәуелдік жалғау жалғанып, оған кел көмекші етістігі тіркесу арқылы жасалған. Сөйтіп, сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің түрі рай категориясы деп аталады. Етістіктің райлары қимылдық, іс-әрекеттік жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, және қалау рай. 1. Сөздің түбірі білдіретін грамматикалық мағынадан өзгеше басқа грамматикалық мағынаның арнайы грамматикалық формасыз, сырттай түбір мен немесе басты тұлғамен сәйкес түрде берілуін формасыз тұлға немесе нөлдік форма деп атайды. Оған мысалы, жіктік жалғаудың ІІІ-жағы (мен келсе-м, ол келсе-) бұйрық райдың ІІ-жағы (сен, кел) жатады. Бала, келді, келген деген сөзді жіктесек жекеше, мен баламын, келді-м, келген-мін, ІІ-ж сен бала-сың, келдің, келгенсің, ІІІ-жақта жалғанған жалғау жоқ, сен, кел, сен оқы дегендегі бұйрықтық мағына арнайы формасыз, сырттай етістік түбірі мен сәйкес тұлға арқылы беріліп тұр.Ал шынында етістіктің түбірінде бұйрықтық мағына болмайды : келген, келіпті дегенде түбірі – кел, онда ешқандай бұйрықтық мағына жоқ. Жіктік жалғау, басқа да қосымшалар сияқты, формасы жағынан морфологиялық категория болғанымен, практикалық тілде қолдану жағынан тек қана синтаксистік қызмет атқарады.Өйткені, жіктік жалғау жалғанған сөз сөйлемде әрдайым баяндауыш қана болады. Солай болса, жіктік жалғау – баяндауышқа ғана тән жалғау. Олай дейтін себебіміз, бастауыш жіктеу есімдіктерінен болған сөйлемде баяндауыш болатын сөз әрқашан бастауышпен жақтасып, тиісті жіктік жалғауды қабылдайды. Егер сөйлемнің бастауышы есімдіктен емес, басқа бір жалпы я жалқы есімнен болатындай жағдайда, оның баяндауышы әдеттте жіктеу есімдігінің үшінші жағы бастауыш болған сөйлемнің баяндауышымен бір формада айтылады. Демек, бастауышы есімдіктің бірінші және екінші жақтарынан басқа сөзден болған бяндауыш жіктік жалғаудың ІІІ жағында тұрады. Бағдан Момынова. Жайна Саткенова: «Морфология гректің morphos – форма, Logos – ілім, сөзбе-сөз аударғанда түр(форма) туралы немесе түрді зерттейтін ғылым деген түсінікті білдіреді. Бұл жерде өсімдік морфологиясы, тірі ағзалардың морфологиясы, жер бедерінің морфологиясы сияқты ұғымдар басым түсіп жатады. Морфология – тілі білімінің саласы. Морфология пәнінің нысаны ғылыми әдебиетте әр түрлі болып көрсетіліп жүр. Айталық, тар шеңберде морфология пәнінің нысаны парадигматика, яғни сөз формаларының жүйесі және олардың классификациясы деп түсіндіріледі. Ал, кең мәнісіндегі морфология парадигматика және оған қоса сөздердің ортақ белгілеріне қарай топтастырылған грамматикалық қатарлары мен грамматикалық категорияларын зерттейді. Морфологияның басты ұғымдарына сөз, сөз формасы, грамматикалық мағына, грамматикалық амалдар, грамматикалық категориялар, сөз таптары, т.б. жатады. 1913-1915 жылдары жарық көрген А.Байтұрсынұлының «Тіл құралы», «Дыбыс жүйесі мен түрлері», «Сөз жүйесі мен түрлері», «Сөйлем жүйесі мен түрлері» атты үш тараудан тұратын ұлты қазақ автор жазған қазақ тіл біліміндгі тұңғыш ғылыми еңбек болып саналады. Оған дейін де грамматиканың барлық деңгейі қарастырған П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак-киргизского языка» еңбегі 1894ж/ы жарыққа шыққаны белгілі. Ал «Қазақ грамматикасы»(Астана - 2002) шығарушылары түркі тілдеріндегі кейінгі зерттеулерге неғұрлым көбірек әсер еткен үш ілгері зерттеуді – А.М.Казембектің «Общая грамматика турецко-татарского языка», О.Н.Бётлингтің «Грамматика алтайского языка» кітаптарын айрықша атайды. Осындағы іргетасы ерте қаланған грамматикалық пәндердің бүгінгі жағдайы қандай? Ғылым үнемі даму үстінде болатындықтан әбден қалыптасқан, көп жылдардан негізі қаланып, көптен оқытылып келе жатқан іргелі курстарда кей жағдайларда дауыл көзқарастар, пікірталастар туындайды. Ондай мәселелер «Морфология» пәні бойынша да аз емес. Атап айтқанда, морфология пәні бойынша мынадай жағдайларға орай қиындықтар қалыптасты деп білеміз: 1. морфология пәніне арналған оқулықта ғылымда қол жеткізген жаңалықтар толық қамтылмай отыр. 2. алдағы уақытта морфологияның кейбір күрделі мәселелеріне байланысты ортақ шешімнің жоқтығынан автоматтандыру барысында (компьютерлік технологияның дамуына орай, модельдеуге байланысты) теориялық қателіктерге жол беру мүмкіндігі артуда. 3. нормативтік грамматика теориялық ізденістерде кенжелеп қалуда Ал соңғы жылдардағы ғылымның дамуына сай сөзжасам сала ретінде бөлініп шықты. Жеке сала болып таныла бастаған сөзжасамның аналитикалық , синтетикалық және лексика-семантикалық тәсілдері осыған дейін жекелеген сөз таптарының грамматиканың сипатын тудырушы амалдар ретінде, мысалы қосымшалар арқылы туындауы (синтетикалық) және сөздердің қосарлануы, бірігуі, тіркесуі (аналитикалық) жеке сөз таптар ретінде қарастырылды. Яғни есім сөздерден етістік тудыратын қосымшалар немесе етістіктен зат есім, сан есім т.б. жасайтын жұрнақтар, есім сөзден зат есім, сын есім, үстеулер тудыратын жұрнақтар т.б. сөз таптарына ескерілді. Бірақ белгілі ғалым Сейілбек Исаев: «Бұл тілдік құбылысты белгілі сөз тудырушы қосымшалар арқылы бір сөз табынан екінші сөз табы немесе бір сөз табының өз ішінде жаңа мағыналы сол сөз табын тудыру процесі деп айқындап жүр. Сөйтіп, бұл – сөз тудыру немесе сөзжасам проблемалары гөрі жеке сөз табын жасау проблемасы болып, сондықтан лексика-семантикалық сипаттан гөрі граммтика сипат алып грамматикалық құбылыстың шеңберінде қалып отыр. Соның нәтижесінде грамматикаларда да, ірі арнайы зерттеулерде де қосымшалар арқылы синтетикалық тәсілдермен сөз жасау жекелеген әрбір сөз табының құрамында ғана қаралып келеді. Ал сөз табы болса, ол – сөздің грамматикалық сипатына байланысты жіктелетін тобы.» , - дейді. Ахмади Ысқақов күрделі сөздің табиғатының күрделілігін баса көрсетіп, күрделі сөздер мен фразалық тіркестердің, күрделі сөздер мен күрделі атаулық тіркестердің бір-бірімен айырымдарын белгілеп алуды керектігіне қатты мән берсе, изафеттің бірінші түрі арқылы жасалған күрделі сөздердің синтаксистің иелігінген шығып кеткенін морфология аясындағы қарастырылуы керектігін кезінде Н.Сауранбаевта көрсеткенді. Дәл осы тұста күрделі сөздердің күрделі табиғатын, тілдік құбылыс ретінде түрлі проблемалар тудырып отырғанын ескеріп, олардың мағыанлық қыры ерекше назарда болу керектінгінде бізде қатты ден қоямыз. Яғни, грамматиканың қиын мәселелері шешімін табу оңайға түспеген жағдайда өзге салаларымен бұл жерде лексикамен, семантикамен байланысты қарасытырылып, солардың көмегіне арқа сүйеу жөн. К.Ахановтыңкүрделі сөздердің сөйлеу кезінде жасалмайтындығын, олардыңдайын лексикалық тұлға екендігі жөнінде айтқан пікірі бар, ғалым мағыналық тұтастыққа қатты мән берген. Ғалым боз торғай, қара торғай мен боз құнан, қара құнан екі түрлі тілдік құбылыс деп біледі. Дұрысында солай, бұлардың алғашқылары дара ұғымды білдіріп тұрған лексикалық тұлға болса, ал екінші қатардағыларын мағыналық тұтастыққа құрылған деу қате түсінік қалыптастырады. Өйткені боз, қараны жиренмен, құламен т.б. түр-түспен алмастыруға мүмкіндік бар. Түбір тілдерінің сөздік құрылымы екі элементтен, яғни түбір(негіз) және афикстен немесе афикстердің жиынтығынан тұратындығы туралы көзқарасты аса қатаң ұстанған Н.К.Дмитриев екені белгілі. Бірақ осындай көзқараспен қатар өзге де көзқараспен қатар өзге де ұстаным пайда болғанын А.Щербак түсіндіреді. Позициялық жақтан сөз таптарына торптастырғанда орыс тіл білімінде мынадай сөз таптары аталып жүр: 1. Етістік, 2 Зат есім 3 Сын есім 4Сан есім 5 Үстеу 6 Аналитикалық сын есімдер. Зат есімнің, сан есімнің, сын есімнің, үстеудің, есімдік түрлері болатындығы арнайы көрсетілген. Есімдік жеке сөз табы ретінде қарастырылмайды. Мысалы есімдіктен болған зат есімге мен, сен, кім, әлдекім, т.б. жатқызылса, есімдіктен болған сын есімдерге әлдеқандай сондай тағы басқа сөздер жатқызылған. Біз арнайы сөз табы деп қарастырып жүрген кейбір сөз таптары өзге сөз таптарының жасалу жолдарына айналып кеткен. Мұндай көзқарастардың бір ұшығын Ә.Төлеуовтің кейбір пікірлерінен байқайтынымыз рас. Зерттеуші есімдіктердің зат немесе сын текті болатынына арнайы тоқталады. Шырай категориясы жөнінде қазақ тілі оқулықтарында, атап айтқанда, А.Ысқақовтың кітабында былай беріледі: Сын есімнің шырайы деп аталатын категорияның мазмұны да, формасы да әлденеше заттың біртүрлі я біркелкі белгілерінің өзара айырмашылықтарын, демек, сол біркелкі белгілердің бір*-бірінен артық я кем екендігін анықтау арқылы туады. 12. Зат есімнің лексикалық сипаты. Зат есім,лексика – грамматикалық сипаты. Белгілі затқа, нәрсеге, табиғат құбылысы мен қоғамдық болмысқа қойылатын атаулар зат есім д.а.З.е. д.е. сөздердің өздеріне тән морфологиялық ерекшелігі бар:Олар өздерінің лексика – семантикалық сипатына қарай сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым – қатынасқа түсетіндіктен сол қатынастарға аса қажетті көптік,тәуелдік, септік және жіктік жалғауларын қабылдап түрленіп отырады.2-ден з.е-дің сөз тудыратын және форма тудыратын арнаулы қосымшалары бар.З.е.-дер тілдегі өзге сөздердің барлығына әрі ұйытқы, әрі өзек болатындықтан әдетте сөйл.-дің барлық мүшелері ретінде қолданыла береді. Ең негізгі қызметі –бастауыш, толықтауыш,анықтауыш болу.Зат есімдердің қай – қайсысы болсын заттық ұғымды білд.-тен олар негізінен алғанда біркелкі болуымен, іштей нақтылық ж/е абстрактілік, жалпылық пен жалқылық, өзаралық және жинақылық, жекелік ж/е топтық сияқты семантикалық категорияларды қамтиды.М:ағаш, су, ақыл, ой, жақсылық, зұлымдық, балалық т.б.1.*Жалпы есімдер д/з – тілдегі әр алуан деректі және дерексіз зат/р мен ұғымды білдіретін з.е.-р: ағаш, бала,сана,ер,ес.*Жалпы есімдер д/з – жеке я дара заттарға берілген з.е.-р: Алатау,Қарағандылық2.Затты жеке – даралап атамай ,оның жиынын тобымен атайтын з.е./-ді көптік мәнді есім/р д.а.Көптік мән/ге мынандай есімдер жатады:-сұйық заттың атауы: айран,шай,т.б. газ тектес заттардың атауы : азон,бу,түтін;-уақ,ұнтақ зат/ң атауы: үн,шаң,жусан,шаш,кірпік; дерексіз ұғымды білдіретін заттардың атауы : айла,ақыл,дау; өздігінен бөлшенбейтін кесек заттардың аттары:алтын,қола,шойын; жаратылыс құбылыстарының ат/ы: боран, жаңбыр,қар, жел,т.б. Құрамы жағынан:з.е. жалаң да,күрделі де болады.Жалаң з.е. 2 салаға бөлінеді: 1.Түбір з.е. –қазіргі кезде тиісті морфема/ға бөлшектенбейтін тек 1 ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылд.заттың атауын айтамыз 2.Туынды з.е. –түбір морфема мен қосымша морфемаларға бөлшектенетін, демек түбір сөзден жұрнақ арқ.жасалған заттық атауды айтамыз.2.Күрделі з.е./ге кемінде 2 я онан да астам түбір морфемадан құралған формалар жатады.Ондай з.е.қазіргі қазақ тілінде 4 түрлі:біріккен,з.е,қосарланған з.е,құрама з.е,қысқарған з.е.* З.е. лексикалық, морфорлогиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жсалады.1.Лексикалық тәсіл арқылы жасал.з.е/ге байырғы з.е., сонымен қатар басқа тілдерден енген з.е./р бастапқы семантикалық мағынасы кеңею, не тарылу, не ауысу арқылы туған жаңа з.е./р мен өзге сөз тап/н субстантивтену арқылы п.б.з.е.жатады.2.Синтаксистік тәсіл арқылы жасал.з.е/ге –кемі 2 я одан да астам түбірлердің бірігуі,қосарлануы, тіркесіп құралуы, қысқарып құралуы арқылы және лексикалану негізінде п.б.күрделі з.е./р жатады.3.Морфологиялық тәсіл арқылы жасал.з.е/ге з.е/нің өзінен,өзге сөз таптарынан тиісті жұрнақтары арқылы туған туынды з.е./р жатады.М: атшы,басшылық; *Есімдерден з.е.тудыратын өнімсіз жұрнақтар:-дақ,-лақ,-тақ,-кеш,-паз,-қор,-қой,-хана,-стан;-т,-ат,-іт;-айт,-ейт,-паң:құмайт,шатқал,өткел,бұйрат,қырат.*Етістіктен з.е.тудыратын өнімді жұрнақтар:-ма,-ме,-ба,-па,-пе: кеспе;-ым,-ім,-м:төзім,тыным;-қы,- кі,ғы,-гі:іріткі,күлкі,соққы т.б.-ыс,-іс,-с:айтыс,талас,ұрыс; -у : (жүдеу,қату –сын есімдерден жасалған),асу,ауру,қашау – з.е.-қ,-к,-ық,-ік,-ақ,-ек:табақ,қайрақ, ысқырық;-онды,-інді,-нды,-нді: жуынды,шойынды,ертінді; -ғыш,-қыш,-қаш,-ғаш: сыпырғыш,секірткіш,білгіш; -ыш,-іш,-ш: қуаныш,жұбаныш,сағыныш; -уыш,-уіш,:елеуіш,түйреуіш,бастауыш; *Етістіктен з.е.тудыратын өнімсіз жұрнақтар:-мақ,-мек...:шақпақ,оймақ,-сын,-сін:бұрқасын,ықтасын, мыс,-міс,-мыш,піш: тарамыс,қылмыс,жазмыш,т.б.-мал,мел:ашымал,саумал; -ман,-бан: беремен,көрермен,жыларман;-р,-ыр,-ір,-ар,-ер:шұқыр,үңгір,көмір,қарар, шағыр,-ыт,-іт,-т:уыт,жеміт,қырат,-уыл,-уіл:қарауыл,шабуыл;-қын,-кін,-ғын,-гін:ұшқыш,тұрғын,көшкін;-асы,-есі:шығасы,тиесі,борасы...З.е./ге көптік, тәуелдік,септік,жіктік жалғау деп аталатын түрлі қосымшалар жалғанады. Зат есімнің құрылымы, сөз табы ретінде зерттелуі. Тілдегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлуде олардың лексикалыө жағы ескеріледі, өйткені жеке лексикалық мағынасы бар сөздер белгілі бір сөз табына енеді. Мысалы: айна, көмір, қасық деген сөздер заттың атын білдіріп, грамматикалық тұрғысынан зат еім болады. «Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өімрдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақыиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды: тұман, қар, мереке, жолдама, ойпат, шатқал, қуаныш, сағыныш т.б. олай болса, зат есім лексикалық-семантикалық сипаты жағынан өте кең, ауқымды сөз табы болып есептеледі. Зат есімнің сөз табы ретінде танылуы А.Байт еңбектерінен басталады. Оның қазақ тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін үйретуге арналған «тіл құрал» атты үш бөлімнен тұратын оқулығында сөз таптарына қатысты алғашқы мағлұматтар берілген. 1914 тжылы шыққан «Тіл құоалда» ол сөздерді мағынасына қарай зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулық, одағай деп 9 сөз табына жіктеп, әрқайсысын тілдік мысалдармен сипаттаған. Ғалым зат есімге «сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін айтады. Осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді зат есім» дейміз деген анықтама беріп, зат есінің кім? Не? Сұрақтарына жауап беретіндігін және бұл сұрақтардың қойылу жүйесін де көрсеткен. «Кім? Деп сұраймыз адам туралы. Не? Деп сұраймыз басқа заттар туралы». А.Байтұрсынов «Тіл құралдың» (2 жылдық) 1915 жылғы басылымында зат есімге кеңірек тоқталған, яғни «аттарды көзге көрінетін, құлаққа естілетін, мұрынға иіскелетін, тілге татылатын, денеге сезілетін деректі заттар, екіншілері – көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, мұрынға иіс келмейтін, тілге татылмайтын, денеге сезілмейтін, адам ақылмен ғана білетін дерексіз заттар»,- деп екіге бөліп, «Сол деректі һәм дерексіз заттардың атын көрсететін сөздерді зат есім» деген анықтама берген. Бертінде, 1930 жылдары морфология мәселелері зерттеу нысанасына айналып, ғылыми түрде танылып, талдана бастады. Бұл жерде қазақ тілі грамматикасының тұңғыш авторы, профессор Қ.Жұбановтың еңбектерінен де сөздерді таптастыру мәселесі, соның ішінде зат есім жеке сөз табы ретінде танылмағанын байқауға болады. Қ.Жұбанов жасаған «қзақа тілінің програмында (1936) «сөз таптары жеке тарау етіп көрсетіліп, зат есімнің өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында 20 сағат берілген. Сондай-ақ ғалым «Қзақа емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері» атты мақаласында зат есімді «заттың өзін көрсететін септік, тәуелдік , көптік ,-шы (кәсіп) қосымшаларын ертетін затты ғана анықтап, анықталушы сөзіне жалғас қана тұра алатын түбір болады. Деп сипаттаған. Сөз таптарына қатысты пікірлерді академик Н.Сауранбаев еңбектерінен де кездестіруге болады. Оның 1939 жылы «Халық мұғалімі» журанлында жарияланған «Қзақа тіліндегі сөз таптары және олардың таптастырылуы туралы» деген мақаласында сөздерді таптастыруды жүйелеу жөнінде ұтымды ойлар бар. 1954 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі» атты оқулықта да зат есім жеке сөз табы ретінде қарастырылды. Зат есімге байланысты жүйелер пікір көрнекті ғалым А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» (1964,1974,1991) оқулығында кеңінен қамтылды. Осы оқулықта зат есімнің семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері толық сипатталған. Зат есімге қатысты пікір 1967 жылы шыққан «Қзаақ тілі грамматикасында» да бар. Ондағы «зат есім» таруын С.Омарбеков жазған. Бұл тарауда зат есімнің жасалу жолдары, түрлену жүйелері талданған. Ғалымның талдауындағы бір екершелік – қазақ тіліндегі зат есімдерді өзге тілдердің зат есім жүйесінен ерекшелейтін белгілердің бірі – жақтылық және жақсыздық категориясы деп дәлелдеп, «Жақтылық пен жақсыздық категориясы» деген тақырыпша берген. Автор «Лексикалық мағынасы тек «адамды» білдіретін зат есімдер ғана жіктеу есімдіктерінің барлық түрімен предикаттық қатынаста айтал алады, ал зат есімдердің басқа түрлері еш уақытта жіктеу есімдіктерімен предикаттық қатынасқа түсе алмайды» -дей келіп, зат есімдердің жақтылық пен жақсыздық категориясы дегенді «зат есімдердің жіктелу қасиетінің бар-жоқтығы тұрғысынан ғана алып түсінуі қажет» деген түсініктеме берген. Шын мәнінде , зат есімнің категориясына жатпайтындығы ғылымда дәлелденген. 2002 жылы шыққан С.Омаров " Зат есім»татаруын жазғанда бұл тақырыпшаны жазғанда өзгертіп, зат есімнің жақтылық, жақсыздық категориясы жайлы пікірін кеңейтіп, «үш жақта бірдей жіктелу қабілеті бар адамға байланысты зат есімдердің шартты түрде жақты зат атауларына байланысты зат есімдерді жақсыз зат есімдер деп атасақ болады... бұл жердегі жақты, жақсыз дегенді тек жіктік жалғаумен ғана байланыстыра ұққан абзал»-дей келе, бұл мәселені «адамзат және ғаламзат есімдері» деген тақырыпшамен берген. Зат есімге байланысты еңбектердің бірі – Ә.Төлеуовтың «Қзақа тіліндегі зат есім категориясы» атты оқу құралы. Автордың бұл еңбегіндегі зат есімдерге берілген лексика-семантикалық сипаттамасы немесе зат есімнің синтаксистік қызметіне, морфологиялық белгілеріне байланысты айтқан тұжырымдары алдыңғы еңбектермен үндесіп жатыр. 1. Зат есімнің грамматикалық категориялары. Грамматикалық категориялардың ішінде көптік, тәуелдік, септік категорияларының білдіретін мәндері заттық мағынаменбайланысты болғандықтан, олардың көсеткіштері өзі жалғанатын сөздерге заттық мән үстейтіндіктен, зат есімнің түрлену жүйесіне көптік, тәуелдік, септік категориялары жатады. Сонымен бірге зат есімнің кейбір топтары предикаттық қызмет те атқаратындықтан, жіктік жалғау адамға байланысты есімдерге жалғанады. Демек, зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда, жіктік жалғауын қабылдайды. ЗАТ ЕСІНІҢ КӨПТІК КАТЕГОРИЯСЫ. Көптік мағына заттың санымен байланысты, бірақ заттың санын дәл атамайды, тек қана заттың саны көп екенін білуге болады. Ал заттың санын дәл көрсету қажет жағдайларда сан есім қолданылады. Мысалы: елу кітап, отыз студент дегенде тек қана заттың көптігін ұғуға болады, бірақ саны анық емес. Тілімізде заттың санын дәл атауды қажет етпейтін, бірақ көптік ұғым берілетін жағдайлар көп кездеседі. М: қымыз, көбелек, қоян, бидай т.б. бұл сөздер ешбір қосымшасыз-ақ санауға келмейтін заттардың аты ретінде көптік ұғымды білдіреді. Немесе бірталай адам, қыруар мал дегенде зат есімнің алдында келіп, қосымшасыз анықтауыш болып тұрған бірталай, қыруар сөздері көптік ұғым жасап тұр. Ал жидектер, гүлдер дегенде –тер/дер жалғаулары көптік мағынаны білдіреді. Ғылымда тілдің осы ерекшелігін көрсететін арнайы категория бар. Оған жекелік-көптік категориясы жатады, әрі бұл зат ісмге қатысты , өйткені жекелік, көптік ұғымдар затқа ғана қатысты айталады. Тәуелдік категориясы.Иеленуші 3-ші жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория тәуелдеу категориясы д.а.Қазақ тіліндегі тәуелдеу категориясы 3 түрлі тәсілмен жасалады:1)Морфологиялық (синтетикалық) 2) Синтаксистік (аналитикалық) 3)аралас (морфологиялық+синтаксистік).Олар тек стилистикалық ерекшеліктері ғана болмаса,бір түрлі жалпы мағына білдіреді.Ол мағына бір затты 2-ші бір затқа тәуелдеу болыды.Олардың ерекшеліктері :* Синтаксистік тәсіл:біз,сіз есімдіктеріне ілік септік қосымшасын жалғап,оған анықталатын заттың атын білдіретін сөзді ешбір қосымшасыз тіркестіру арқылы жасалады.Мысалы:Біздің үй.Сіздің аудан т.б.* Морфологиялық тәсіл арқылы туатын тәуелдеу категориясы 2 түрлі қосымша арқылы жасалады. 1)-нікі (-дікі,-тікі) жұрнағы арқылы жасалады 2).Тәуелдік жалғаулары арқ.ылы; -нікі (-дікі,- тікі ) жұрнағы тарихи жағынан алғанда ілік септіктің –ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің жалғауларына –кі,-қы,-ғы,-гі жұрнақтарынан бірігіп пайда болғаны мәлім.Бұл форма арқылы туатын меншіктілік меншіктелуші заттан жеке де айтыла береді. Мысалы: менікі, сенікі,сіздікі,біздікі,сендердікі,біреудікі,ненікі,кімдікі, қайсыңдікі, мынанікі т.б.Ескерту:Тюркологтардың пікірінше –нікі формасы өзі жалғанған сөздерді сын есімге айналдыратын сияқты.Қазақ тілінде бұл форма ешқандай да сын есім тудыра алмайды,тек қосылған сөзіне тәуелдік мағына жамайды.*Тәуелдік жалғай-бір заттың бір затқа тәуелді екеінін білдіретіндіктен,негізінде затесімге тән тқосымша бола тұрса да,зат есім қызметін атқаратын демек субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді.Мысалы.әкем,дәптерім деген сөздер зат болса,түйенің үлкені өткелде таяқ жейді.Осылардың жақсысы да,жаманы да бірдей деген сөйлемдердегі үлкені,жақсысы,жаманы да бірдей деген сөйлемдердегі үлкені,жақсысы,жаманы дегендер – субстантивтеніп тұрған сын есім.Жақ-жақтың көрсеткіші ретінде қызмет ететін тәуелдік жалғау қосымшалары мыналар:1-ші жақ дауысты болса – м,2-ші дауысты болса – ң,(-ңыз,-ңіз),дауыссыз дыбыс болса –ым,-ім дауыссыз болса –ың,ің,-ыңыз,-іңіз;3-ші дауысты болса –сы,-сі,дауыссыз болса –ы,і.Сөз жекеше түрде де,көпше түрде детәуелденеді.Егер сөз (зат) жекеше түрде тұрса,бір зат бір адамға тән екендігін білдіреді.Ал,сөз көпше түрде тәуелденіп тұрса,көп зат есім біртектес бірнеше зат 1 адамға ғана меншікті екендігін білдіреді.Тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдену деп аталады.Оның үлгісі мынадай:жекеше Менің ата-м Сенің ата-ң Көпше Менің ата-лар-ым Сенің ата-лар-ың. 3тәсіл-аралас тәсіл–бұрынғы (анықтаушы)компонентінің есімдіктер ғана емес,басқа есімдіктерден де бола беретіндігі жағынан және соңғы (анықталушы) компонентінің үнемі тәуелдік жалғаулы сөз болатындығы жағынан (біздің үйіміз,олардың балалары,колхоздың есепшісі).Бұл тәсіл матасу категориясына негіз де,тірек те болумен қатар,стилистикалық өрісі мен ерекшеліктері жағынан таза синтаксистік тәсілден әлдеқайда кең де,өзгеше болып келеді. . 2. Зат есімнің жекелік, көптік мағыналары, берілу жолдары, ерекшеліктері. Көптік мағына заттың санымен байланысты, бірақ заттың санын дәл атамайды, тек қана заттың саны көп екенін білуге болады. Ал заттың санын дәл көрсету қажет жағдайларда сан есім қолданылады. Мысалы: елу кітап, отыз студент дегенде тек қана заттың көптігін ұғуға болады, бірақ саны анық емес. Тілімізде заттың санын дәл атауды қажет етпейтін, бірақ көптік ұғым берілетін жағдайлар көп кездеседі. М: қымыз, көбелек, қоян, бидай т.б. бұл сөздер ешбір қосымшасыз-ақ санауға келмейтін заттардың аты ретінде көптік ұғымды білдіреді. Немесе бірталай адам, қыруар мал дегенде зат есімнің алдында келіп, қосымшасыз анықтауыш болып тұрған бірталай, қыруар сөздері көптік ұғым жасап тұр. Ал жидектер, гүлдер дегенде –тер/дер жалғаулары көптік мағынаны білдіреді. Ғылымда тілдің осы ерекшелігін көрсететін арнайы категория бар. Оған жекелік-көптік категориясы жатады, әрі бұл зат ісмге қатысты , өйткені жекелік, көптік ұғымдар затқа ғана қатысты айталады. Зат есімнің жекелік-көптік мағынасы ғылымда танылған. Бірақ 1954 жылғы оқулықта көптік категориясы ғана сөз болады. Ал кейінгі грамматикаларда (1962,1967) зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі жеке тақырып етіп берілген, алайда бұларда жекешелік мағынаға көңіл бөлінбеген, тек қана көптік мағына мен оның берілу жолдары көрсетілген. А,Ысқақовтың оқулығында да көптік мағына талданған. Ғалымның пікірінше, «тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар. Оал осы екеуі бір де емес және бірдей де категориялар емес. көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы – онан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Мысалы: көптік категориясы тілімізде 3 түрлі жолмен берілді: лексикалық тәсіл арқылы да, морфологиялық, синтаксистік тәсіл арқылы да айтылады. Одан әрі А.Ысқақов көптік категориясының жасалу жолдарын тілдік нақты мысалдармен дәлелдеген, бірақ «көптік жалғау категориясы» деген ұғымның сипаты ашылмаған. Осыны жіті аңғарған проф. С.Исаев «ол термин және ұғым (көптік жалғау категориясы) көптік жалғау дегенмен барабар болукерек. Мұнда, 1) категория (әрине грамматикалық категория мәнінде) деген термин, белгілі бір тұрақты грамматикалық құбылыстың аты ретінде белгілі бір принциппен қолданылған. 2) «көптік жалғау категориясы» деген термин «грамматикалық формалар жүйесі арқылы берілетін тектес, ыңғайлас әрі өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы болып келетін грамматикалық мағыналарды жиынтығы» деп анықталып грамматикалық категория ұғымын тіпті жоққа шығарады»,-деп қарслыық білдіреді. Көптік ұғым бар жерде жекелік ұғым да болатындығы даусыз. Жекелік мағына зат есінің лексикалық мағынасымен бірге түбір сөзде беріледі, бірақ оның қосымшасы жоқ. Осы бір-біріне қарама-қайшы екі ұғымның жиынтығы арқылы және жекеліктің арнайы тұлғасы болмай, көптік ұғым көптік жалғау арқылы берілуінен көптік категориясының сипаты ашылған. Осымен байланысты С.Исаев «Көптік мағына грамматкиалық тұрғыдан жекелік мағынаға қарама-қайшы мағына ретінде заттың сандық ұығымының шеңберінде өмір сүреді. Сондықтан бұл категория көптеген тілдерде қазақ тіліндегідей көптік категориясы деп емес, сан категориясы деп алынады»-дей келе, көптік категориясын осы еңбегінде «Сан-мөлшер (көптік) категориясы» деп атаған. Зат есімдердің семантикалық топтарының бірі – көптік мәнді есімдер. Тілімізде өзі арқылы аталатын заттың бірек емесе, жиынын топтап я қамтып атайтын зат есімдер бар екендігі белгілі жайт. М: шұбат, адыраспан, өрік, күміс, қуаныш секілді зат есімдер көптік ұғымды білдіреді. Сондықтан, ғылымда «затты жеке-даралап атамай, оның жиынын жобамен атайтын за есімдер көптік мәнді есімдер» деп аталады. Олай болса, көптік мән деген ұғым заттың санымен байланысты екенін көруге болады. Бірақ көптік мәнді есімдер заттың санын дәл атамайды, сол заттың саны көп екендігін байқатады, яғни бұндай есімдердің лексикалық мағынасының өзінде көптік мән бар, тек қана тұлғасы жекеге ұқсайды. М: шаша, дән, ктіпа. Проф. А.Ысқақов көптік мәнді есімдерді мынадай түрлерге бөледі: 1. Сұйық заттардың атаулары: айран, боза, шай 2. Газ тектес заттардың атаулары: азон, бу, түтін 3. Уақ, ұнтақ заттардың ұйысқан зататр мен бытыранды, тарнады , үгітінді заттардың атаулары: ұн, шаң, тозаң, бетеге 4. Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, алғыс, ақыл, дау 5. Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қола, құрыш 6. Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, қар. Осы топтарға жататын зат есімдердің барлығы да ешбір грамматкалық көрсеткішсіз семантикалық жағынан көптік ұғымды білдіретін сөздер. Сондықтан да бұл сөздер осындай семантикалық және грамматкиалық ерекшеліктеріне қарай зат есімдердің жеке бір тобы ретінде, яғни көптік мәнді есімдер ретінде танылып жүр. 13. Сын есім, мағынасы, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі.(Сын есім, лексика – грамматикалық сипат) Сын есім деп- заттың сапасын, сипатын қасиетін көлемін салмағын түсін ж\е басқа сол сияқты сыр сипатын білідретін лексикалық сөз табын айтамыз. Се/р ....мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сапалық ж\е қатыстық сын есімге бөл. Сапалық ын есіс деп ммағынасы жағынан заттың әр алуан сыр сипатын атап айтады. Түрі мен түсін сыры мен сапасын көлемі мен аумағын, дәмі мен исін білд. заттың басқа да қасиетті белгілерін майтамыз. Қатыстық сын есім деп: 1 заттың белгіл басқа 1 заттың іс амалына қатысты арқылы білдіретін сөздерді айтамыз. Мыс: бойаң адам, байқағыш жігіт, өткір пышақ. Сын есімдер морфемалық құрамына қарай негізгі жәнне туынды болып бөлінеді. Негізгі сын есім түбір тұлғада тұрғандықтан заттың сындық белгісін білд. мынадай сөздер жатады: ақ, көк, нашар. 1) туынды сын есім ге әр алуан жұ ранқ және басқа тәсіл арқыл мынадай сөздер жатады: әлді, әлсіз, сөзуар, оңғыш, еріншек, ал құрамына қарай дара ж\е күрделі бд. Дара сын ес-ге: баласыз, малды. Кү рделі сын ес-ге көк ала, қара ала, жақсы-жаман, бидай , өңді ауыз жолды, мұрын жолды. Сын еім шрайлары қазақ тілін де орынққан 4 түрлі шырай бар 1 Ж ай шырай деп заттың түсін түрін белгісін сапасын кө лемін салмағын аумағын тб сондай негізнгі сын сипатын білд негізгі сапалы сын ес. Айтамыз. Мыс: биік тау, жақсы қағаз. 2) Салыстырмалы ш ырай дегеніміз 1 заттың сынына 2 бір затты салыстырып сол салыстырылатын заттың түстерін я белгінің 1-1нен я сәл артық екенін бід. Шырай түрі. Салыстырмалы шырай түрі 1. Рақ , рек, ырақ, ірек: көгірек, 2) лау, леу, дау, д еу, тау: таныстау, сергетеу 3) қл, ғыл, қылт , ғылт, шыл, қай, ау: қоңырқай , көкшіл, сұрғылт, сарғылт 3) Күшейтпелі шырай деген-з заттың бастапқы сндық сапасын күше”те түсетін шырай, Бұл шырай негізгі сын есімге күшей кіш буынды қабаттастыру арқ. Жасалады . Ө те өнімді форма. Мыс:жап-жарық, кіп-кіші,: аппақ ет, қып-қызыл, жап-жалаіаш. Асрмалы шырай. Заттың сыны не асра көтеріп не тым тһөмендеті п көрсетеді. Бұл шырай сын есімдіктің ладынан кейін күшейткіш демеліктердің тіркесу арқылы жасалады. Мыс: ті пті аласа. Орасан зор, өте жақсы, аса үлкен, ең қадәрлі. -Есім сөзден сын есім тудыр. Жұрнақтар1.тл, лі,ды,ты: таулы, елеулі 2) сыз, сіз: қайғысыз, ағашсыз 3) шек: көңілшек, еріншек 4) қ, ғы: басқы , аяққы 5) тал, мал,: сеімтал, бацуырмал 6) дай, тай, таудай , түйедей 7) лас, тас, дес: іргелес, ауылдас 8) шаң, шең: ашушаң, бейшаң 9) шыл, шіл: ұйұқышыл, үйшіл 10) лық, лік: Қалалық, өлкелік - Етістіктен ссн есім тудыратын жұрнақтар: 1) қыш, гіш: оңғыш, білгіш - 2) қ, к, м ық, ік, ақ, ек: ақсақ, жетік. Үркек - 3) қақа, ғақ, кес, гек: майысқақ, ұрысқақ - 4) шақ, шек: мақитаншақ, еріншек - 5) қыр, ғыр, кір, гір: ұшқыр, өткір - 6) ма,ме: қианма, бояма - 7) ыс, ңс, с: талс, таныс - 8) мды, імді, ымды: үйлесімді, тартымды - 9) улы, улі: .......апалы, үюші, санулы - 9) малы, мелі, палы, белі; серіппелі, үелмелі, сійелмелі, көшпелі Сын есім сан тәсіл арқылы жасалу арқылы сын есімдер тіркесу арқылы (ақ сары, ақ шұбар) негізгі сындармен тунды сн есімдер 1-1 мен тіркесу арқ (көп балалы, ауз жолд) негізгі ж\е туынды сын еісм қайталануы, қосарлануы ар\лы(үлкен, кіші ) жасалады. Темантикалық тәсілі бойывнша туатын сн есімдер белгілі 1 синтакисистік формадағы сөздің семантикалық жағынан 1-1те дамып оырып, адекти вткену арқылы (басқа, өзге) Жасалады. Бұл тәсіл өнімсіз. Сөйлемде негізінен Сан қатар =. Мен тіпті жүйрікпін. Жақсы оқу үшін көп оқк керек. Сын есім морфологиялық құрамдарына қарай негізгі және туынды сын есім(Ғ.Мұсабаев), жалаң сын есімдер және күрделі сын есімдер (А.Ысқақов), тұлғасына қарай – негізгі және туынды , құрылысына қарай дара және күрделі (Ж.Шәкенов), негізгі түбір, туынды түбір, бірікке қосарлы, тіркесті сын есімдер (С.Исаев) болып бөлініп жүр. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» бағдарламасында(2004) А.Ысқақов үлгісі бойынша сын есімдер құрылымына қарай жалаң(негізгі, туынды түбір) және күрделі болыпбөлінген. Морфемдік құрылымына қарай жалаң деп есептелетін сын есімдер өз ішінде негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі сын есімдер бөлшектенуге келмейтін бір түбір морфемадан тұратын сөздер. Мысалы: үлкен, биік, тар, кең т.б. Жалаң сын есімдердің көпшілігі «түбірлер мен жұрнақтарға мүшеленетін туынды сөздер есебінде қолданылып, белгілі қосымшалар арқылы жасалған туынды сын есімдер».Мысалы: Әдеп-ті, байып-ты, сөз-шең т.б. Екі немесе одан да көп сөздерден құралып, сындық белгіні білдіретін сын есімдер күрделі сын есімдер деп аталады. Мысалы: шұнақ қызыл (аяз), бұлаң түлкі(мінез), қызыл ала(көйлек), т.б. «Күрделі сын есімдер» деген атау ғалымдар А.Ысқақов пен К.Ахановтың авторлығымен шыққан мектеп грамматикасынан(1952) бастап айналымға түсіп, қолданылып келеді. Күрделі сындарға тән ерекшелік ол қаншама сыңарлардан құралса да, бір белгіні білдіретін бір сөз, бір лексеме болып саналады, бір сөздің қызметін атқарады, сөйлемде бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір мүшесі болады. А.Ысқақов «күрделі сын есімдер негізгі сындардан да, туынды сындардан да, олардың өзді өзінің де, өзге сөздермен де тіркесуі, қайталануы, қосарлануы, бірігуі арқылы жасалып, бір бүтін тұлға ретінде қызмет етеді», - дей келіп, күрделі сындардың тілдегі жасалуының бірнеше үлгісін берген: 1. сапалық(негізгі) сын есімдер бір-бірімен тіркеседі: сары ала, қызыл ала, шұбар ала т.б. 2. бірыңғай я негізгі (сапалық), я туынды (қатыстық) сындар не қайталанады, не қосарланады. Мысалы: кішкене-кішкене, үлкенді-кішілі т.б. 3. негізгі сындар мен –лы (-лі) формалы туынды сын есім тіркеседі. М: кең маңдайлы, қызыл шырайлы т.б. 4. зат есім, сан есім, есімдік, есімше формалар мен –лы(-лі) формалы туынды сын есім тіркеседі: алтын баулы, төрт бұрышты т.б. Н.Оралбай оқулығында да күрделі сындар 1)біріккен 2)қосарланған 3)тіркескен күрделі сындар деп бөлініп, біріккен күрделі сындар онша көп емес екендігі, оларға көнетоз, тілалғыш, кертартпа, балажан секілді сөздер жататындығы көрсетілген. Г.Мамаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі тіркесті күрделі сын есім сөздер» деген диссертациялық еңбегінде тіркесті күрделі сындардың мағына тұтастығы мен оның күрделі ұғымды білдіретіндігі, олардың құрамы анықталып, сапалық сыны мен қатыстық сынның негізінде жасалған тіркесті күрделі сындардың ерекшеліктері жан-жақты сипатталған. (Т.Қордабаев «Сөз және оның мағыналары») Сондай-ақ Г.Сыздықова өз зерттеуінде қосарлану тәсілімен жасалған қатыстық сын есімдердің күрделі түрлерін жасалу жолын және семантикалық сипатына қарай топтастырған. Синтаксистік қызметі: сын есім мағына жағынан заттың сынын, белгісін білдіретін сөздер болғандықтан, сөйлемде көбіне анықтауыш мүше болады. М: Көгілдір көкте қалқиды.Сын есім зат есім алдында келіп, анықтауыш болып тұр. Сын есімнің зат есім алдында келіп тіркесуі – тілдегі қалыптасқан заңдылық. Кей сөйлемдерде зат есім түсіп қалып, сын есім орнына қолданылатын кездері болады: Жаманға жақсы сөз өтпес. Сын есімдер заттанған кезде табыс,барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде келіп, толықтауыш қызметін атқарады. М: Жақсыға сұқтан, жаманнан сақтан. Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып, қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп, пысықтауыш болады. М. Дәрмен мен Мәкеннің қолында тұрса, басқа мінез өзінен шықпайтынын саналы әйел жақсы аңғарды. (М. Әуезов) Сын есім заттанғанда атау септікте тұрса, сөйлемде бастауыш болады. М:Жақсылар байқап сөйлер, білімсіздер шайқап сөйлер. Сын есім жіктік тұлғада тұрып, сөйлемнің баяндауышы да болады. М: Үйдің іші мұнтаздай тап-таза.(С.Бақбергенов) Сын есімнің мағыналық түрлері (сапалық, қатыстық). Сын есімдер семантикалық жағынан үлкен екі топқа бөлінеді: 1)сапалық сын есімдер 2)қатыстық сын есімдер. 1. Сын есімдерді осындай екі топқа бөлу ертеден келе жатқан дәстүр. М: А.Байтұрсынов 1915-жылы шыққан «Тіл – құрал» оқулығында сын есімдерді тек сыны, сыр сыны деп екіге бөлген. Сын есімдерді шырай котегорияларын зерттеген және 1957 жылғы академиялық грамматикада «Сын есім» тақырыбын жазған Ғ. Мұсабаев сын есімдерді сапалық және қатыстық сын есімдер деп екі түрге бөлген. Сапалық сын есімдер мағынасы жағынан заттың түрі мен түсін (ақ, қара, қызыл, көк), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар), көлемі мен аумағын(үлкен, кіші, ауыр), дәмі мен иісін(тәтті, ащы, күлімсі) білдіреді. Сапалық сын есімдер негізінен қосымшасыз тұрып, өзінің семантикалық жағынан тікелей заттың сынын білдіретін түбір сөздер ретінде қарастырылады. Мысалы: ақ, көк, жақсы, биік т.б. Проф. А.Ысқақов «бұл қағиданы үнемі тапжылмайтын қағида деп қарамау керек, өйткені қазіргі кезде түбір сөз сияқтанып көрінетін көптеген формалар тарихи даму тұрғысынан қарағанда, тиісті қосымшалар арқылы басқа тәсілдер бойынша жасалған туынды сөздер болып келеді. Мысалы: ұзын, үлкен, қызыл, ащы, тұщы, момын сияқты сапалық(негізгі) сын есімдердің бәрі де ертеректе туынды сөздер болған, демек олар ұзақ, үлкейген, қызғылт, ашыған, тұщыды, момақан сөздерімен түбірлес болған», - дейді. Бірақ ғалым келтіріп отырған сын есімдер тарихи жағынан түбір сөздер болғанымен, сапалық сын есімдер қатарына жатады, өйткені оларда сапалық сын есімдерге тән белгілер бар. Ал,сапалық сындардың ерекшеліктері мыналар: 1. Сапалық сындарға тән сөздердің бәрінде ұлғайту, кіш |