ГАСТРОЭНТЕРОЛОГИЯ, НЕФРОЛОГИЯ № 1 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР 1. 49 жастағы науқас, 5 жыл бұрын асқазан жарасының тесілуі себебінен қан кетуіне байланысты операция жасалған. Сол жақ эпигастрий аймағында бұрынғы жара ауруындағы сияқты ауырғандық бар. Ауырғандық күшейгенде құсу анықталады, жүдеген. Консервативті ем нәтижесіз. Нәжісте Грегерсен реакциясы (+++). Ауруда не болуы мүмкін: A. гипогликемиялық синдром B. агастральді астения C. әкелуші тұзақ синдромы D. анастомоздың пептикалық жарасы E. Демпинг-синдромы 2. 45 жасар науқас тамақ қабылдағаннан кейін эпигастрий аймағындағы ауырсыну сезіміне, тәбетінің төмендеуіне, ауамен кекіруге, кезеңді ішінің шұрылдауына, нәжісінің тұрақсызданғанына шағым айтады. Соңғы жылы 3 кг-ға жүдеген. Терісі құрғақ, бозғылт, тырнақтары сынғыш. Тілі ақ жабындымен жабылған. Эпигастрий аймағында жайылмалы ауырғандық бар. АҚҚ с.б.б. 100/60 мм тең. ФГДС-те: асқазанның кілегейлі қабаты жұқарған, атрофияланған, қыртыстары тегістелген. Асқазан қуысында көп мөлшерде кілегей бар. Қалтқы үңірейіп тұр, асқазан перистальтикасы әлсіз. Сіздің болжам диагнозыңыз: A. асқазан жара ауруы B. асқазан қатерлі ісігі C. созылмалы В типті гастрит D. созылмалы холецистит E. созылмалы аутоиммунды А типті гастрит 3. Бауыр циррозы созылмалы гепатиттен ажыратылады: A. холестаз синдромының болуымен B. цитолиз синдромының болуымен C. портокавальді және кавокавальді анастомоздарының болуымен D. холемия синдромының болуымен E. паренхиматозды сарғаюдың болуымен 4. 53 жасар науқас ас ішкеннен кейін 15-20 минут өткен соң эпигастрий аймағында пайда болатын ауырғандыққа шағым айтады. Ауырғандық жүрек тұсына тарайды, кекіру, кейде құсумен бірге жүреді. Ауырғандық синдромының күштілігі әлсіздеу. 3 жылдан бері ауырады. Бұдан бұрын тексерілмеген. Сіздің алғашқы диагнозыңыз: A. асқазан ісігі B. асқазанның жара ауруы 12 елі ішек қалтқысында орналасқан жара C. асқазанның жара ауруы асқазан денесінде орналасқан жара D. созылмалы аутоиммунды гастрит E. созылмалы эзофагит 5. Асқазан жара ауруы диагнозын қоюда ең информативті тәсіл: A. асқазан рентгеноскопиясы (контрастты затпен) B. ФГДС биопсиямен қоса C. құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ D. рН-метрия E. асқазан сөлін фракциялық жолмен тексеру 6. Науқас 30 жаста, бір ай бұрын қансыраған он екі елі ішек жарасына операция жасалған. Жедел түрде үйінен ауруханаға жеткізілген. Көп тамақ ішкеннен кейін 30 мин. өткен соң жүрек соғу, бас айналу, малшынып терлеу, ортостатикалық гипотония пайда болған. Қандай ауру туралы ойлауға болады: A. жедел панкреатит B. жедел холецистит C. Жильбер синдромы D. Золлингер-Эллисон синдромы E. Демпинг-синдром 7. Демпинг-синдромы бар науқасты тексергенде қанның биохимиялық анализінде өзгеріс табылуы мүмкін: A. гипогликемия B. гиполипидемия C. гипопротеинемия D. гиперурикемия E. гиперхолестеринемия 8. Портальды гипертензия кездеседі: A. бауыр циррозында B. Жильбер синдромы C. созылмалы гепатит D. холелитиазда E. Вильсона-Коновалова ауруында 9. Науқас алкоголь қабылдағаннан кейін бірнеше рет құсты, соңғы құсық ал қызыл қан аралас болып келді. Сіздің болжам диагнозыңыз: A. варикозды кеңейген өңештен қан кету B. Меллори-Вейса синдромы C. жедел панкреатит D. асқазан жара ауруы E. Крон ауруы 10. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың асқынулары қандай ағзаларда жиірек кездеседі: A. жүрек-тамыр жүйесі B. тыныс алу жүйесі C. ас қорыту жүйесі D. несеп бөлу жүйесі E. барлық көрсетілгендер 11. «Бауыр үстілік сарғаюы» дегеніміз: A. бауырдың жұмысының бұзылуынан байланысты сарғаю B. жүрек-тамыр жүйесінің бұзылуынан болған сарғаю C. эндокринді жүйесінің бұзылуынан болған сарғаю D. организмде билирубиннің көп түзілуінен болатын сарғаю E. өт жолдарының патологиясынан болатын сарғаю 12. 53 жастағы науқасты 2-3 айдан бері тамақ ішкеннен кейін жарты сағаттан соң физикалық күш түскенде және денесі иілгенде, жүрек аймағына таралатын төстің семсерше өсіндісіндегі күйдіріп ауырғандық мазалайды. Ауырғандық алмагель қабылдаумен басылмайды. Сонымен қатар ауамен кекіру, тұншығу ұстамасы, жөтел байқалады. Бариймен рентгенологиялық тексергенде: контраст массасының асқазаннан өңешке рефлюксі анықталған. Барлық аталғандар күмән туғызады: A. диафрагмальды өңеш тесігінің аксиальды (жылжымалы) жарығы және рефлюкс-эзофагиті B. өңеш рагі C. тыныс тұншықпасы D. созылмалы гастрит E. ЖИА, күш түсу стенокардиясы 13. Диафрагмальды өңеш тесігінің жарығына тән симптомдарды тудыратын патологиялық механизмдерге жататындар: A. тамақ кесектері өтуінің бұзылуы B. жарық қапшығының созылуы C. өңешке рефлюкс D. өңеш спазмы E. асқазанның кілегей қабығының қабынуы 14. Диафрагманың өңеш тесігінің жарығында болатын ауырғандықты басу үшін өте нәтижелі: A. атропин B. платифиллин C. но-шпа D. церукал E. седуксен 15. 40 жасар науқас оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі және ауырғандыққа, дене қызуының 380С-ға дейін жоғарылауына, буындарындағы ауырғандыққа, етеккірінің жоқтығына, терісінің сарғаюына шағым айтады. Қарағанда: терісі және склерасы сарғайған, пальмарлы эритема, «тамыр жұлдызшалары», гепатоспленомегалия анықталады. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ – 52 мм/сағ., Нв – 92 г/л, эр. 2,5х1012/л, LE клеткалары 1/128 титрінде, ядроға қарсы антиденелер анықталады. Сіздің диагнозыңыз: A. созылмалы персистентті гепатит B. созылмалы вирусты активті гепатит C. созылмалы аутоиммунды гепатит D. бауыр рагі E. бауыр циррозы 16. Созылмалы аутоиммунды гепатит диагнозын қою үшін жетекші әдісті таңдаңыз: A. бауырды УДЗ B. абдоминальды сегменттің компьютерлік томографиясы C. альфа-фетопротеиндерді анықтау D. бауырдың пункциялық биопсиясы E. бауырдың функциональдық сынамалары 17. Созылмалы аутоиммунды гепатиттегі холестатикалық синдромда анықталады: A. аминотрансфераз активтілігінің жоғарылауы B. гипербилирубинемия C. оң мәнді тимол және сулема сынамалары D. гипоальбуминемия E. сілтілі фосфатазаның жоғарылауы 18. В вирусты гепатитте бауыр энцефалопатиясының дамуының ерте белгілері: A. тұрақты брадикардия B. терісінің түнде қышуы C. эйфория мен қозу D. лейкопения салыстырмалы лимфоцитозбен E. сарғаю 19. Төменде аталғандардың БІРЕУІ асқазан жарасының асқынуларына ЖАТПАЙДЫ және оперативтік емге көрсетпе болып САНАЛМАЙДЫ: A. қан кету B. перфорация C. қалтқының тыртықтық деформациясы D. пенетрация E. рефлюкс-эзофагит 20. Холат-холестерин коэффициенті азайғанда қандай ауруларға бейімділік болады: A. бактериальді холециститке B. калькулезді холециститке C. созылмалы гепатитке D. бауыр циррозына E. аталғанның бірі де емес 21. Асқорыту жолының жоғарғы бөлігінің фиброэндоскопиясын өткізуге ҚАРСЫ көрсетпе болады: A. өңеш веналарының варикозды кеңеюі B. асқорыту жолының жоғарғы бөліктерінен қан кету C.өңеш дивертикулы D. астматикалық күй E. кардия рагі 22. 38 жасар ер адамда 6 ай бойы айқын қышқыл сұйықтықпен кекіру, қыжылдау мен түнгі уақытта төс артында күйдіру мазалайды. Дене салмағы азаймаған. Физикалық тексеру патология анықталған жоқ. Зардап шегудің ең ықтимал себептері: A. созылмалы активті гастрит B. он екі елі ішек жарасы C. рефлюкс-эзофагит D. ахалазия E. өңештің жайылмалы спазмы 23. Қыжылдауға анықтама беріңіз: A. эпигастрийдегі ауырсыну B. сол қолға таралатын эпигастрийдегі ауырсыну C. төстің төменгі 1/3 ауырсыну мен қыжылдау, кейде тамақтан кейін D. оң иыққа таралатын эпигастрийдегі ауырсыну E. қышқыл кекірумен болатын эпигастрийдегі ауырсыну 24. «Бауырастылық сарғаю» түсінігіне анықтама беріңіз: A. бауырдан тыс орналасқан өт жолдары өзектерінің патологиясына байланысты сарғаю B. бауыр патологиясына байланысты сарғаю C. бауыр мен бауырдан тыс орналасқан өт жолдарының патологиясына байланысты сарғаю D. ұйқы безі патологиясына байланысты сарғаю E. бауыр мен ұйқы безі патологиясына байланысты сарғаю 25. Мейо-Робсон симптомы қандай ауруда кездеседі: A. жедел холециститте B. 12 елі ішек жарасының перфорациясында C. жедел аппендицитте D. жедел панкреатитте E. ішек жолдарының бітелуінде 26. Жара ауруы бар науқаста қалтқы стенозымен асқынғанда қандай жетекші симптом анықталады: A. ауырсыну B. тамаққа тез тою, алдыңғы күні ішкен тамағын құсу, салмағының төмендеуі C. қою кофе түсті аралас құсудың болуы, салмағының азаюы D. нәжісінде қорытылмаған тамақ қалдықтарының болуы, ауырсыну, салмағының азаюы E. жақсаруға әкелмейтін құсу мен ауырсыну 27. Қандай ауруда қыжылдау міндетті шағым болып саналады: A. жара ауруында B. гастритте C. пневмонияда D. ГЭРА-да E. өт тасы ауруында 28. 18 жастағы жас келіншекте эмоциональды стресстен кейін суық және ыссы сұйық тамақ қабылдаған кезде дисфагия пайда болған (қатты тамақ жақсы өтеді). Кейіннен дисфагия қобалжыған, шаршаған кезде пайда болған. Тәбеті сақталған, салмақ жоғалтпаған. Физикалық тексеруде патология табылмаған. Дисфагияның ең мүмкін себебі болып табылады: A. өңештің идиопатиялық гиперкинезиясы B. өңештің қатерлі ісігі C. өңештің пептикалық жарасы D. көкеттің өңеш тесігінің аксиальды (жылжымалы) жарығы E. ГЭРА 29. 23 жастағы ер адам сарғаюға шағым айтады. Науқастың әкесі оның көзінің сарғайғандығын байқаған. Пациенттің інісінде 2 рет осындай түрдегі сарғаю болған. Физикалық тексерулерде патология анықталмаған. Бауыр сынамаларында: жалпы билирубин – 45 мкмоль/л, тікелей билирубин – 7 мкмоль/л, АСТ – 0,32 мкат/л, сілтілі фосфатаза – қалыпты, сканирлеуде – қалыпты. Бауыр биопсиясы анықтауы мүмкін: A. центролобулярлы пигментті B. холестазды C. қалыпты бауыр архитектурасын D. фокальды некроздарды E. тотальды некроздарды 30. Қай ауруда қарында, қарын сөлі қалыптан тыс көбірек бөлінеді? A. полипте B. жара ауруында C. қатерлі ісікте D. гастритте E. көк-ет саңылауының жарығында 31. Қай ауруда өңеш көлеңкесінің бірқалапты кеңеюі кездеседі? A. қатерлі ісігінде B. өңештің күюінде C. өңештің ахалазиясында D. өңештің қатерсіз ісігінде E. эзофагитте 32. Қарынның қатерлі ісігінде кілегейлі қабық қатпарларының рельефі қандай болып көрінеді? A. жуандаған түрде B. өзгермейді C. көрінбейді D. жіңішкірген түрде E. қатпарларының бағыты өзгерген түрінде 33. Жара ойығы \ ниша\ қарынның кіші иінінде қандай болып көрінеді? A. ықшамдалған ойық ретінде B. тісшелер түрінде C. ықшамдалған томпаю ретінде D. дөңгелек жарықтану ретінде E. сақина тәріздес жарықтану ретінде 34. Тостағанша тәріздес қатерлі ісіктің рентгендік суреті қандай? A. шеттері анық емес толу дефектісі B. шеттері анық ықшамдалған жерде қараю C. барий депосы бар толу дефектісі D. барлық қабырғасының шыққан толу дефектісі E. шеттері анық сопақша толу дефектісі 35. Жара ойығы \ ниша\ кілегейлі қабықтың рельефінде қалай көрінеді? A. сызықша қараю ретінде B. дөңгелек пішінді қараю ретінде C. дөңгелек пішінді жарықтану ретінде D. сызықша жарықтану ретінде E. жарты ай тәрізді қараю ретінде 36. Өңеш көлеңкесінің ықшамдалған жерде үшбұрышты кеңеюі қай ауруға тән? A. тракциялық дивертикульге B. өңештің күйуіне C. пулсиндық дивертикульге D. өңеш қатерлі ісігіне E. өңештің ахалазиясына 37. Өңеш кілегейлі қабаты рельефінде көптеген, сопақша пішінді жарықтанулардың пайда болуы қай ауруда кездеседі? A. өңеш қатерлі ісігінде B. өңеш веналарының варикозды кеңеюінде C. өңештің тыртықша таралуына D. өңештің ахалазиясында E. өңештің дивертикулінде 38. Ішектің өтпей қалуына қандай рентгендік белгі тән? A. көлденең деңгейі бар, көптеген жарты ай тәріздес жарықтанулар B. оң жақ көк-ет күмбезінің астындағы жарты ай тәріздес жарықтанудың пайда болуы C. сол жақ көк-ет күмбездерінің астында жарты ай тәріздес жарықтанулар D. көлденең деңгейі жоқ, көптеген жарты ай тәріздес жарықтанулар E. көлденең деңгейі бар жарты ай тәріздес қараюлар 39. Жараның тесілуіне \ перфорация\ тән рентгендік белгі; A. көптеген қараю белгілерінің пайда болуы B. көк-ет күмбезінің астында орақ пішінді жарықтану белгісінің пайда болуы C. көлденең деңгейі бар көптеген жарықтану белгісі D. жара ойығында үш қабаттық белгінің анықталуы E. жара ойығында екі қабаттық белгінің анықталуы 40. Қарынның кіші иінінде, жараның қабыну валы қалай көрінеді? A. жара ойығының шеттерінде жарты ай тәріздес қараюы B. жара ойығының шеттерінде жарты ай тәріздес жарықтануы C. сақина тәріздес жарықтануы D. дөңгелек пішінді қараюы E. дөңгелек пішінді жарықтануы түрінде 41. Емханаға төс артының қызып ауыруына, оның физикалық күштемемен байланысты еместігіне және тамақтанғаннан кейін дереу пайда болатынына, ауыру сезімі нитроглицерин ішкеннен басылмайтындығына шағымданып келген науқасқа аспаптық зерттеуден кейін гастроэзофагеальді рефлюксті ауру, 2 дәрежесі диагнозы қойылды. Осы науқасты емдегенде қай антисекреторлы дәріні таңдайсыз? A. Н2-гистамин рецепторларының блокаторларын B. селективті холинолитиктерді C. протон помпаларының ингибиторларын D. антацидтерді E. селективті емес холинолитиктерді 42. Денеге түсетін салмақпен анық байланысы жоқ, тамақ ішкеннен кейін бірден пайда болатын және нитроглицерин қабылдағаннан кейін тоқтамайтын төссүйектің артындағы шыдатпайтын ауру және қыжылға шағымданып емханаға келген ауруға аспаптық тексеру кезінде соңғы диагноз қойылды: 2 дәрежедегі гастроэзофагеалды рефлюкстік ауру және сөл шығаруға қарсы зат ретінде бейтараптау және сөл шығаруға қарсы заттар тағайындау шешімі қабылданды. Бұл жағдайда қандай препаратты таңдайсыз? A. прокинетиктер B. антацидтер C. Н2- блокаторлары D. ИПП E. антацидтер+ Н2- блокаторлары 43. Науқас 52 жаста, төс астының түнде және аш қарынға ауырып, тамақ ішкенде басылатынына шағымданады. Ауыру сезімі кейде тұйық, тамақтанғаннан кейін эпигастрдың оң жақ аймағы ауырлап тұратыны мазалайды. Қыжылдау және қышқыл дәммен кекіру болады. Осы шағымдардың пайда болғанына жарты жылдай уақыт өтті. Эндоскопиялық зерттеуден өтті. Атрофиялық гастрит белгілері бар деген шешім қабылданған. Амбулаторлы терапевт созылмалы гастрит диагнозымен емдеген, бірақ айтарлықтай көмегі жоқ. Қарап тексергенде: дене тұрқы қалыпты. Тілі таза, ылғал. Іші жұмсақ, пальпацияда іштің локальді қатайған жерлері анықталмайды. Терең пальпацияда эпигастр аймағының оң жағында локальді ауыру сезімі бар. Бауыр, өт жолдарының, ұйқы безі, көк бауыр, және ішектерде еш симптомдар байқалмайды. Үлкен дәреті іш қатуға бейім, зәр бөлінуі қалыпты. Жалпы қан, зәр анализдері, копрограмма өзгеріссіз. Бауыр сынамалары да қалыпты. Жүргізілген зерттеулер барысында айтарлықтай макроскопиялық өзгерістер анықталмады, тек асқазанның антральді бөлігінің шырыш қабатында гиперемия бар, сол жерден биопсия алынды. Гистологиялық зерттеу шырыш қабатта лимфоцитарлы және макроциталы инфильтрация бар, атрофия белгілері жоқ, НР ++. Іш құрылыстарының УДЗ зерттеуінде өзгеріс жоқ. Науқасқа НР-ассоцияланған созылмалы антралді атрофиялық емес гастрит, өршу кезеңі диагнозы қойылды. Төмендегі келтірілген ем әдістерінің ішінен осы науқасқа тиімдісін таңдаңыз: A. протон помпасының ингибиторы B. антацидтік дәрілер C. эрадикациялық ем кестесінің біреуін қолдану D. прокинетикалық әсерлі дәрілер E. асқазан шырыш қабатына трофикалық әсер көрсететін дәрілер 44. Шағымдары, анамнезі, объективті қарау және ректороманоскопия, ирриго- және колоноскопия зерттеулері мәліметтерінің , сол сияқты гистологиялық зерттеу мәліметтерінің негізінде диагностикалаудың III Римдік критерилерін ескере отырып науқасқа қорытынды диагноз қойылды: Аралас тітіркенген ішек синдромы. Төмендегі дәрілердің қайсысын патогенетикалық тұрғыдан негізделмеген деп ойлайсыз? А. дротаверин B. платифиллин C. пинавериум бромид D. тримебутин E. эспумизан 45. Науқас 23 жаста. Күніне 10 ретке дейін қан және шырыш араласқан жиі сұйық үлкен дәрет, көбінесе түнгі уақытта және таңертең мазалайды, тамақ қабылдағаннан кейін ішінің ауруы, ол үлкен дәреттен кейін азаяды, жүдеу, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік мазалайды. Бір рет дене қызуы 380-қа дейін көтерілді. Өзін 1 аптадан бері ауру сезінеді. Бұдан 2 ай бұрын коньюнктивитті емдеп пероралды және жергілікті антибактериалды ем қабылдаған. Қарап тексергенде: науқас жүдеу. Тері жабындылары мен шырыш қабықтар бозғылт түсті. Іші кебіңкі, іштің пальпациясы мен аускультациясында ішектер шұрылы күшейген, сигма тәрізді және соқыр ішек маңында, кіндік маңында ауыру сезімдері бар. Шағымдары, анамнезі, объективті қарап тексеру мәліметтерінің негізінде Арнайы емес ойық жаралы колит, Крон ауруы диагнозы қойылды. Колоноскопияда сигма тәрізді және тік ішек шырыш қабаттарының эрозивті жаралы зақымданғандығы, гиперемияланған шырыш қабатының контактті қанағыштығы байқалады. Эзофагогастродуоденоскопияда патология жоқ. Арнайы емес ойық жаралы дистальді колит, орташа ауырлығы диагнозы қойылды Пациентіңізді емдеуге қандай дәріні таңдайсыз: A. левомицетин B.фуразолидон C. салофальк D. мукофальк E. сульгин 46. Шағымдары, анамнезі, объективті қарау және ректороманоскопия, ирриго- және колоноскопия зерттеулері мәліметтерінің, сол сияқты гистологиялық зерттеу мәліметтерінің негізінде науқасқа қорытынды диагноз қойылды: Арнайы емес ойық жаралы тотальді колит, орташа дәрежелі ауырлықта, түінді эритема және олигоартрит түріндегі жүйелі көріністермен. Алғашқы базисті терапия үшін осы науқасқа қандай дәрілер беру керек? A. салофальк по 3 г/ тәу B. салофальк 3 г/ тәу + преднизолон 40 мг/ тәу + азатиоприн 150 мг/ тәу C. салофальк 3 г/ тау + азатиоприн 150 мг/ тәу D. салофальк 3 г/ тау + преднизолон 60 мг/ тәу E. преднизолон 40 мг/ тәу + азатиоприн 150 мг/ тәу 47. 25 жастағы науқасты осыдан бір ай бұрын гастроэнтерологиялық бөлімге келгенінде жиі, қан аралас сұйық үлкен дәреттің пайда болғандығын, мықын аймағы мен кіндік маңының толғақ тәрізді ауыру сезімімен болатынын айтты. Кешке дене қызуы 37-37,5° көтеріледі. Үйінде левомицетин және мезим форте қабылдаған. Жағдайы жақсармады. Қарап тексергенде: жүдеу. Дене қызуы = 37,2°. Іші жұмсақ, мықын аймағы мен кіндік маңында ауыру сезімі бар, бауыры және көк бауыры ұлғаймаған. Мықын ішекте ісінген және ауыратын соқыр ішектің медиальді жағында шұжық тәрізді, аз қимылдайтын, ұстағанда ауыратын инфильтрат анықталды. Шұғыл жасалған қан анализінде аздаған лейкоцитоз бар. Илеоцекальді бұрыштың зақымдануымен Крон ауруы диагнозы қойылды. Гастроэнтерологиялық бөлімге жатқызылып колонофиброскопиямен соқыр ішек және мықын ішектің терминальді бөлігі қаралды. Қаралған бөліктердің шырыш қабаты қалыңдаған, грануляциялармен қоршалған афтозды эрозиялар және бірең-сараң терең сызықты жаралар бар, беттері шырыш пен іріңмен қапталған. Биоптатты гистологиялық зерттеуде шырыш асты қабатының қабыну-жасушалы инфильтрациясы, құрамында Лангганс гигант жасушалары бар түйіндер анықталады. Науқасқа қорытынды диагноз қойылды: Соқыр ішек және мықын ішектің терминальді бөлігі зақымданған Крон ауруы, созылмалы ағымды. Алғашқы негізгі ем кестесіне төмендегі қай дәрілерді қосасыз? A. салофальк по 3 г/ тәу B. салофальк 3 г/тау + буденофальк 9 мг/ тәу + азатиоприн 150 мг/ тәу C. салофальк 3 г/ тәу + буденофальк 9 мг/ тәу D. салофальк 3 г/ тәу + азатиоприн 150 мг/ тәу E. салофальк 3 г/ тәу + трихопол парэнтеральді 48. Науқас 42 жаста клиникалық, биохимиялық, серологиялық және аспаптық зерттеулер барысында cозылмалы С гепатит, жоғары дәрежелі белсенділік, компенсация диагнозы қойылды. Осы науқасты емдеу үшін дұрыс дәріліер терапия кестесін таңдаңыз: A. интерферон + рибавирин + гепатопротектор B. интерферон + ламивудин + гепатопротектор C. интерферон + гепатопротектор D. рибавирин + гепатопротектор E. ламивудин + гепатопротектор 49. Науқас 15 жаста, сарғаюға, буындарының ауыруына, дене қызуының 38,5° С-дейін көтерілуіне, жалпы әлсіздікке шағымданады. Сарғаюға дейінгі кезеңде астено-вегетативті синдром, анорексия байқалған. Жедел вирусты гепатитпен инфекциялық стационарға жатқызылды. Қарап тексергенде: терісі және шырыш қабаттары сарғайған, кеудесінің және арқасының терісінде "қан тамырлық жұлдызшалар" бар, бетінде геморрагиялық пурпура. Бауыр қабырға доғасынан 5 см-ге шығып тұр, пальпацияда ауырады. Көкбауыры ұлғаймаған. Қан анализінде - жеңіл дәрежелі анемия (Нв = 90 г/л), ЭТЖ=55 мм/сағ. Биохимиялық анализінде: тимол сынағы - 16 ед., γ-глобулины - 40,2%, трансаминаз белсендігі 5 есеге көбейген, Жалпы билирубин - 35,5 мкмоль/л (тікелей - 25,5 мкмоль/л, тікелей емес - 10 мкмоль/л). LE-жасушалары жоқ, вирусты гепатиттің серологиялық маркерлары жоқ. Шағымдары, анамнезі жалпы қарап тексеру нәтижелерінің негізінде науқасқа: аутоиммунды гепатит I тип диагнозы қойылды. Ол диагнозды тегіс салалы бұлшық етке және антиядролық антигендерге антиденелер титрінің жоғары болуы дәлелдеді. Осы науқасты емдеуге қандай дәрілер бересіз? A. антибиотиктер және урсодезоксихоль қышқылының дәрілерін B. фенобарбитал және урсодезоксихоль қышқылының дәрілерін C. преднизолон және урсодезоксихоль қышқылының дәрілерін D. делагил және урсодезоксихоль қышқылының дәрілерін E. аспирин және урсодезоксихоль қышқылының дәрілерін 50. Науқас 56 жаста, терінің қышынуымен, сарғаюмен, оң қабырға астының ауыруымен, жауырын аралығы мен иықтарында қара түсті дақтарының пайда болуымен ауруханаға түсті. Анамнезінде: 7 жыл бұрын жауырын аралығы мен иықтарында пигментация пайда болған. 3-4 жылдан бері терінің қышынуы мазалайды. Дерматологтарда емделгенімен еш көмегі болмады. Соңғы кездері терінің қышынуы күшейіп, сарғаю пайда болды. Анализдерінде: тікелей фракциясына байланысты гипербилирубинеми, СФ мен ГГТП өте жоғарылаған, трансаминазалар деңгейі аздап жоғарылаған. Болжам диагноз: Бауырдың біріншілік циррозы. Осы науқасқа қандай дәрілерді міндетті түрде тағайындау керек? A. урсодезоксихоль қышқылын B. цитостатиктердің жоғары мөлшерін C. колхицин D. антибиотик E. аспирин 51. Науқас 42 жаста клиникалық, биохимиялық, серологиялық және аспаптық зерттеулер барысында Созылмалы белсенді В гепатит диагнозы қойылды. Осы науқасты емдеу үшін дұрыс дәрілер терапия кестесін таңдаңыз: A. интерферон + рибавирин + гепатопротектор B. рибавирин + гепатопротектор C. интерферон + ламивудин + гепатопротектор D. ламивудин + рибавирин E. ламивудин + гепатопротектор 52. Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын және соған байланысты тәулігіне 80 мг преднизолон қабылдайтын науқаста асқазан жарасы анықталған. Сіздің әрекетіңіз: A. преднизолон дозасын көбейту B. преднизолон дозасын азайту C. преднизолонды парентеральдік егуге ауыстырып, кейін баяу алып тастау D. преднизолонды бірден алып тастау E. преднизолонды азатиопринге алмастыру 53. Науқас 42 жаста. Бұрын өзін сау деп есептеген. Бір жарым жылдан бері – артериялық гипертония. Анда-санда, тәртіпсіз емделген. Негізінен еңбекке қабілеттілігі (администра-тивтік жұмысшы) сақталған. Кездейсоқ тексеруде (жұмыс ауыстырғанда) таңертеңгі зәр анализінде өзгерістер табылған: белок – 0,5 г/л, эр. 5-6 к/а, лейк. 4-6 к/а, гиалинді цилиндрлер – бірен-саран. Жалпы қан анализінде: Нв – 130 г/л, ЭТЖ – 12 мм/сағ. Қан сарысуында: креатинин – 0,12 ммоль/л (12%), қант – 5,5 ммоль/л. ЭКГ – қалыптыға жақын. Бір ай өткен соң қан мен зәр анализдерінде аталған өзгерістер бар. Науқаста ең мүмкін диагноз: A. созылмалы гломерулонефрит B. гипертония ауруы, ІІ сатысы C. созылмалы пиелонефрит, латентті даму барысы D. СБШ E. вазоренальді гипертензия 54. Егер науқас стрептококкті инфекциямен ауырса, жедел гломерулонефрит әдетте басталады: A. ауру кезінде B. ауру басынан 5-7 күннен кейін C. ауру басынан 10-14 күннен кейін D. 1 айдан кейін E. 3 айдан кейін 55. Қазіргі уақытта созылмалы пиелонефритті тудыратын қоздырғышы болып табылады: A. энтерококтер B. протей C. ішек таяқшасы D. клебсиелла E. хламидиялар 56. Созылмалы пиелонефрит этиологиясына келесі тұжырымдардың қайсысы сай келмейді: A. уродинамиканың бұзылысы бүйректің инфекциялануына әкеледі B. бүйрек гематогендік жолға қарағанда, урогендік жолмен жиі инфекцияланады C. инфекция несеп ағысына қарсы бағытта тарай алмайды D. созылмалы пиелонефрит аутоинфекция болып табылады E. пиелонефриттің дамуына иммундық жауаптың бұзылуы тән 57. 20 жастағы науқас, әскери қызметкер. ЖРВИ-дан соң 2 аптадан кейін зәрінің «ет жуындысы» түсіндей өзгергенін байқаған. Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, ісік жоқ. АҚҚ с.б.б. 120/80 мм. ЖЗА: эритроциттер көру алаңын түгел жапқан, белок – 0,5 г/л. Қандағы жалпы белок – 72 г/л. Сіздің болжам диагнозыңыз: A. Берже ауруы B. созылмалы пиелонефриттің өршуі C. интерстициальды нефрит D. нефротикалық синдром E. қатерлі жеделдеу нефрит 58. Анурияда тәулігіне бөлінетін зәр: A. 100 мл аз несеп B. 300 мл аз несеп C. 600 мл аз несеп D. 700 мл аз несеп E. 800 мл аз несеп 59. 40 жасар науқас созылмалы пиелонефритке байланысты көп жылдан бері бақыланады. Зәр шығарған кездегі ауырғандыққа байланысты қаралған. Пульсі 70 рет мин. АҚҚ с.б.б. 160/90 мм тең. Нв – 100 г/л. Диурезі 1 л. Зәр анализінде: лейкоцитурияның жоғарылауы. Зимницкий сынамасы бойынша зәрдің меншікті салмағы 1,010. Зәр себіндісі жасалған. Қан сарысуындағы креатинин 0,5 ммоль/л (45 мг%). Науқаста қандай асқыну дамыған: A. созылмалы бүйрек жетіспеушілігі B. жедел бүйрек жетіспеушілігі C. нефротикалық синдром D. гипертониялық криз E. бүйрек коликасы 60. Қатал гломерулонефритте уремия дамиды: A. 3-5 айдан кейін (аурудың басталуынан) B. 1 жылдан кейін C. 2 жылдан кейін D. 3 жылдан кейін E. 5 жылдан кейін 61. Қатал гломерулонефритті емдеуде қолданылады: A. стероидты дәрілермен пульс-терапия, кейін преднизолон мен цитостатиктерді аса үлкен мөлшерде тағайындау B. плазмаферез, пульс-терапия, кейін 4 компонентті терапия тағайындау (преднизолон, цитостатиктер, гепарин, курантил) C. плазмаферез, пульс-терапия, кейін индометацин тағайындау D. плазмаферез, кейін гепарин мен курантил тағайындау E. плазмаферез, кейін преднизолон мен цитостатиктерді тағайындау 62. Пиелонефритте несеп синдромына тән: A. гематурия B. лейкоцитурия C. цилиндрурия D. протеинурия > 3 г/л E. несеп тығыздығының жоғарылауы 63. Нефротикалық синдромды емдеу үшін тағайындау керек: A. тек диуретиктер B. диуретиктермен қосып альбумин инфузиясы C. тек альбумин инфузиясы D. спиронолактондар, альбумин инфузиясы, диуретиктер E. спиринолактон 64. СБШ жағдайындағы ісіну синдромында жүргізілетін тиімді зәр айдағыш дәріні таңдаңыз: A. фуросемид B. гидрохлортиазид C. спиронолактон D. триамтерен E. аминофиллин 65. 17 жасар науқас баспамен 3 апта бұрын ауырғаннан кейін жалпы жағдайы нашарлаған, басы ауырып, зәрінің қызғыш болуын байқаған. АҚҚ с.б.б. 160/100 мм тең, пульсі минутына 100 рет. Қанда: Нв – 125 г/л, ЭТЖ – 40 мм/сағ., креатинин 0,12 ммоль/л (1,2 мг%). Таңертеңгі зәрде: с.т. – 1,015, белок – 2 г/л, эр. – 30-ға дейін к/а, лейк. – 10-12 к/а. Болжам диагнозы жедел стрептококктан кейінгі гломерулонефрит. Осы науқастағы АҚҚ жоғарылауының негізгі механизмі қандай: A. ренин-ангиотензин жүйесінің активтенуі B. натрий мен судың кідіруіне байланысты болатын гиперволемия C. шумақ фильтрациясының төмендеуі D. жүрек жұмысының күшеюі E. кинин-калликреин жүйесінің төмендеуі 66. Гломерулонефритпен ауыратын науқас преднизолон қабылдайды, соның фонында артериялық гипертензиясы күшейе түскен. Сіздің тактикаңыз қандай: A. преднизолон мөлшерін азайту + цитостатик қосу B. преднизолон мөлшерін көбейту + антигипертензиялық терапияны күшейту C. преднизолонды тоқтату D. преднизолон мөлшерін азайту + антигипертензиялық терапия E. преднизолонды тоқтату + цитостатик қосу 67. Қандай дәрілік препараттар бүйректің зақымдануына жоғары қауіп тудырады: A. глюкокортикостероидтар B. психотропты дәрілер C. аминогликозидтер D. нитраттар E. ААФ ингибиторлары 68. 20 жастағы студент қыз бас ауруына байланысты күніне 10-12 таблетка анальгетиктер тобының препараттарын (цитрамон, анальгин және т.б.) қабылдаған, ұйқышылдық, дел-салдық, жүрек айну мазалауына байланысты тұрғылықты жеріндегі емханада тексеру кезінде табылған: Нв – 98 г/л, ЭТЖ – 68 мм/сағ. Қарағанда: тері жамылғысының шамалы бозаруы, жүйелер бойынша ерекшеліксіз, АҚҚ с.б.б. 120/65 мм-ге тең. Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок – 62 г/л, альбумин – 40 г/л, креатинин – 0,185 мкмоль/л, зәр қышқылы – 184 мкмоль/л, калий – 5,0 ммоль/л. Зәр анализі: реакциясы тұрақты сілтілі, Зимницкий сынамасында меншікті салмағы 1001-1003, белок 0,3-0,1 г/тәул., эр.-7-15 к/а., лейк. 1-3 к/а., зәр себіндісі стерильді, шумақ фильтрациясы 70 мл/мин. Ең мүмкін диагноз: A. жедел пиелонефрит B. жедел гломерулонефрит C. уратты нефропатия D. жедел интерстициальды нефрит (дәрілік) E. жедел гломерулонефрит. ЖБШ 69. Бүйрек амилоидозында қандай қосымша тексеру әдістері қажет: A. бүйректің радиоизотопты сцинтиграфиясы B. зәр тұнбасының фазово-контрасттық микроскопиясы C. бүйректің экскреторлы урографиясы D. тік ішек кілегей қабатының конго-қызылға бояуымен биопсиясы E. бүйректі УДЗ 70. 27 жастағы науқас әйел клиникаға айқын әлсіздікке, аузының құрғауына, анорексияға, беті мен аяғының ісінуіне, ішінің ұлғаюына шағым айтып түсті. Объективті: тері жамылғысы бозғылт түсті, шеткі ісінулер, орташа гидроторакс, асцит. Лабораториялық тексерулерде: протеинурия, диспротеинемия, гиперлипидемия. Осы жағдайға көрсетілген синдромдардың қайсысы тән: A. Конн синдромы B. карциноидты синдром C. нефротикалық синдром D. қанның тамырішілік себінді ұю синдромы E. Иценко-Кушинг синдромы 71. Ұзақ уақыттан бері гломерулонефритпен ауыратын 34 жастағы науқас әйел ауруханаға стационарлық ем алу үшін келіп түсті. Лабораторлық зерттеу кезінде АИК (айналымдағы иммунокомплекстер) деңгейінің жоғарылауы, гиперфибриногенемия, жоғары дәрежелі тромбоциттер агрегациясы, оң мәнді «В» фибриноген, көп мөлшерде ФДӨ (фибриноген деградациясының өнімдері), фибринолитикалы белсенділік пен протромбин уақытының төмендеуі, протеинурия, микрогематурия анықталды. Берілген лабораторлық мәліметтерді есепке ала отырып, қандай синдромның дамуы жөнінде ойлауға болады: A. Клод-Бернар-Горнер синдромы B. Иценко-Кушинг синдромы C. Симмондс синдромы D. қанның тамырішілік себінді ұю синдромы E. Карциноидты синдром 72. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің терминальды сатысындағы радикальды емдеу әдісі: A. плазмаферез B. ішектік диализ С. гемодиализ D. перитонеальды диализ Е. бүйрек трансплантациясы 73. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кезінде шумақтық фильтрация төмендеуін бағалайтын ең ақпаратты лабораторлық әдіс: A. қандағы фибриноген деңгейі B. қандағы мочевина деңгейі С. қандағы қалдық азот мөлшері D. қандағы креатинин деңгейі Е. қандағы калий деңгейі 74. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің терминальды сатысында шумақтық фильтрация жылдамдығы қандай болады: A. 5-10 мл/мин B. 20-25 мл/мин С. 25-30 мл/мин D. 50-70 мл/мин Е. 70-120 мл/мин 75. Созылмалы пиелонефритте көбінесе анықталады: A. Мендель симптомы B. Мерфи симптомы С. Пастернацкий симптомы D. Гауссман симптомы Е. Мейо-Робсон симптомы 76. Созылмалы гломерулонефке қандай несеп синдромы тән: A. лейкоцитурия + бактериурия B. глюкозурия + протеинурия С. гематурия + орташа мөлшерлі протеинурия D. пиурия + орташа мөлшерлі протеинурия Е. айқын протеинурия + цилиндрурия 77. Созылмалы пиелонефритке қандай несеп синдромы тән: A. лейкоцитурия + бактериурия B. глюкозурия + протеинурия С. гематурия + орташа мөлшерлі протеинурия D. пиурия + орташа мөлшерлі протеинурия Е. айқын протеинурия + цилиндрурия 78. Созылмалы гломерулонефриттегі нефротикалық синдромға тән: A. лейкоцитурия + бактериурия B. глюкозурия + протеинурия С. гематурия + орташа мөлшерлі протеинурия D. пиурия + орташа мөлшерлі протеинурия Е. айқын протеинурия + цилиндрурия 79. Созылмалы гломерулонефриттегі нефротикалық синдром кезінде ісік дамиды: A. миокардтың жиырылу қабілетінің төмендеуі B. плазманың онкотикалық қысымының төмендеуі С. ақуыз синтетикалық қызметінің төмендеуі D. бауырдың созылмалы венозды жетіспеушілігі Е. плазманың гидростатикалық қысымының төмендеуі 80. Несеп-жыныс жүйесінің визуалды диагностикасының негізгі және бірінші дәрежелі әдісі: A. КТ B. МРТ C. жалпы шолу рентгенографиясы D. цистография E. венаішілік урография 81. Несеп-жыныс жүйесінің жалпы шолу рентгенографиясы қандай мәлімет береді? A. бүйрек пен несепағарда рентген контрасты тастардың бар екендігі туралы B. бүйрек пен несепағарда рентген контрасты емес тастардың бар екендігі туралы C. бүйректің тостағаншасы мен астаушасының өзгерістері туралы D. несепағар жолдарының өзгерістері туралы E. қуықтағы өзгерістер туралы 82. Несеп - жыныс жүйесінің рентгенологиялық зерттеуіне қандай жағдай қажет? A. тиісті дәрі-дәрмекті қабылдау B. ауруды зерттеуге дайындау C. зерттеудегі дейін 1-1,5 литр сұйықтықты қабылдау D. зерттеуге дейін бір апта диета сақтау E. жауаптың бәрі дұрыс 83. Экскреторлық урография жасаудың ерекшелігі: A. катетер енгізу B. денеге көп мөлшерде сұйықтықты енгізу C. апталық диета D. контрасты зат қолдану E. жауаптың бәрі дұрыс емес 84. Ауруларды экскреторлық урографияға дайындаудың мәнісі неде? A. жұмыртқаны қолдану B. зерттеуге дейін тазалау клизмасын қолдану C. зерттеуден кейін тазалау клизмасын қолдану D. майлы тамақпен провокация жасау E. арнайы массаж қолдану 85. Цистография дегеніміз не? A. бүйректі контрасты затсыз зерттеу B. бүйректің паренхимасын зерттеу C. бүйректің астаушасы мен тостағаншасын зерттеу D. өт қапшығын контрасты затпен зерттеу E. қуықты контрасты затпен зерттеу 86. Цистрография нені зерттейді? A. бүйрек астаушасының жағдайын B. қуықтың жағдайын C. несепағардың жағдайын D. бүйрек паренхимасының жағдайын E. бүйрек үсті безінің жағдайын 87. Ретроградты пиелографияның өзіне тән ерекшелігі қандай? A. контрасты затты қуыққа енгізу B. контрасты затты көк тамырға енгізу C. бүйрек қабаттарын зерттеу D. зерттеу үшін контрасты зат қолданылмайды E. контрасты затты катетер арқылы несеп жолына енгізу 88. Несепағардың тасы қандай визуалды диагностика әдісімен анықталады? A. НЖЖ жалпы шолу рентгенографиясымен B. томографиямен C. КТ D. экскреторлық урографиямен E. УДЗ 89. Нефроптоздың рентгенологиялық диагностикасында қолданылады: A. әртүрлі уақытта жатқан және тұрған қалыпта жасалған рентгенограммаларда салыстыру B. әртүрлі уақытта жатқан қалыпта жасалған рентгенограммаларды салыстыру C. әртүрлі уақытта тек тұрған қалыпта жасалған рентгенограммаларды салыстыру D. қапталынан және тұрған қалыпта жасалған рентгенограммаларды салыстыру E. тек тұрған қалыпта жасалған рентгенограммаларды салыстыру 90. НЖЖ ауруларының жалпы шолу рентгенграммасындағы ең ықтимал белгілері: A. ішекте көп мөлшерде газдың болуы B. газбен керілген ішек тұзақтарында көлденең сұйықтық деңгейінің болуы C. бел-мықын бұлшық еттерінің шеттерінің анық болуы D. асқазанның газды көпіршігінің болмауы E. бүйрек көленкесінің ұлғаюы 91. 42 жастағы науқас созылмалы гломерулонефритпен және артериальды гипертензиямен ауырады. Түскен кезде: АҚҚ 200/120 мм.с.б.б., пульс 75-80 рет минутына. Бетінде, белінде, балтырында ісіктер бар. Қан сарысуындағы жалпы белок – 3,8 г/л, зәрдегі белок 16 г/л Науқасқа гипотензивті терапия ретінде қай препарат тиімді? А. энанаприл В. атенолол С. допегит D. гуанетидин Е. фуросемид 92. Индометацин және гентамицинмен қосарланғанда жиі тудырады: А. бүйрек функциясының бұзылуы В. гентамициннің нейротоксикалығының күшеюі С. анемия дамуына қауіптілік D. гентамициннің белсенділігінің тежелуі Е. индометациннің белсенділігінің тежелуі 93. «Тұзақты» диуретиктердің жағымсыз әсерлерінің пайда болуына қауіп факторларды көрсетіңіз: А. науқастың жас болуы В. гиперальдостеронизм С. диуретиктерді енгізгеннен кейін тәуліктік диурез 3 л жоғары D. диуретикалық әсердің тез пайда болуы Е. амилоридті бірге тағайындау 94. Спиронолактинның әсерінің басталуы: А. 30 минут В. 2-4 сағат С. 6-8 сағат D. 10-12 сағат Е. 4-5 күн 95. Көк ірің таяқшасымен тудырылған зәр шығару жолдарының инфекциясында таңдау препаратын көрсетіңіз: А. 5-НОК В. налидикс қышқылы С. амоксициллин D. азитромицин Е. цефтазидин 96. Несеп-жыныс жолдарының хламидиялық инфекциясын емдеуде қандай препарат тиімді: А. нитроксолин В. цефалексин С. ровамицин D. амоксиклав Е. офлаксацин 97. Цефтриаксон антибиотигін 10 күн қолдану фонында псевдомембранозды колит белгілері дамыған. Дәрігерлік көмектің алғашқы қадамы қандай? А. антибиотикті тоқтату, флуконазон тағайындау В. цефтриаксионды тоқтату, цефепим тағайындау С. қосымша сульфаниламидті преапаратын тағайындау D. цефтриаксионды тоқтату, метронидазол тағайындау Е. цефтриаксионды тоқтату, амикацин тағайындау 98. Инфекциялық процеске байланысты антибактериальды препарат қабылдайды. Тамырішілік инфузия кезінде дененің жоғарғы бөлігі, бет, мойын терісінің айқын қызаруы түрінде реакция байқалады. Қай препаратқа мұндай реакция байқалады? А. цефтриаксон В. ванкомицин С. амикацин D. ципрофлоксацин Е. азлоциллин 99. Науқас 25 жаста, жедел оң жақты пиелонефрит белгілерімен бөлімшеге түсті. 3 күн бұрын салқындаудан кейін ауырған. Цефазолин тағайындалған. 2-ші инъекциядан кейін 10 мин. соң АҚҚ төмендеуі, бас айналуы, жүрек айну, құсу, еріксіз зәр шығару, құрысу синдромы байқалған. Науқаста қандай асқыну дамыған? А. эндотоксинді шок В. клиникалық көрінісінің әрі қарайғы даму белгісі С. анафилактикалық реакция D. жедел іш симптомы Е. препараттың токсикалық әсері 100. Жегілік нефриттің глюкокортикоидтармен емі жиі асқынады: А. сүйектің асептикалық некрозы В. гипертония С. туберкулез D. қант диабеті Е. салмақ қосу |