тарауЖекешелендіру теориясы Кіріспе Қазақстан Республикасы 1991 жылы КСРО елдерінен бөлініп, өз тәуелсіздігін алды. Қазақстан тәуелсіз, дербес елге айналған соң, бұрынғы КСРО елдеріндегі жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту мақсатын көздеді. Ол үшін ең алдымен, барлық тауарлар мен қызметтердің бағасын либерализациялау мен мемлекеттің меншігін жекешелендіру қажет еді. Нарықтық экономика еркін баға мен жеке меншіксіз дамуы мүмкін емес. Нарықтық экономикада маңызды орын алатын «жекешелендіру» болғандықтан, оған тоқталып кетсек: Жекешелендіру дегеніміз – азаматтардың және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлі қоғамдардың акцияларын сатып алу. Жекешелендірудің басты мақсаты – жекшелендірілген кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, мемлекетік бюджет тапшылығын азайту. Қазіргі таңда еліміздің экономикасы әлеуметтік-экономикалық модернизация мен дамуының алғашқы сатысында. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылы 28 ақпанда қабылдаған «Жаңа Әлемдегі –Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында айтып өтті: «Үлкен жауапкершілікпен айтуға болады: еліміз ауыспалы кезеңіді сәтті аяқтап, өзінің дамуының жаңа кезеңіне нық басып келеді. Әрине, бұл оңай бастама емес, оны жүзеге асыру үшін экономикада біртұтас жүйені қалыптастырып, жаңа білімді дүниежүзілік рынокта бәсекеге қабілетті бола алатындай инновациялық техника мен технологияға, тауарлар мен қызметтерге, мекемелерді басқарудың формалары мен әдістеріне бұру қажет. Және бәсекелестік күресте маңызды роль атқаратын «Жеке меншік институты және контрактілік қатынастарды дамыту» болатын. Айта кетсек, «Жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарды жан-жақты нығайтып, жекешелендіру жүмысын жалғастыру және барлық деңгейде жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарға құрмет сезімін тәрбиелеу. Ол бір мезгілде адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері үшін негіз қалау. Мемлекет пен жеке меншік серіктестігінің ережесін айқын анықтайтын контрактілік қатынастарды жетілдіруге қажетті тиісті шаралар қолдануға тиіс» Яғни, жекешелендірудің мақсаты - өндірісті монополиясыздандыру, бәсекелестікті дамытуды, сыртқы экономикалық қызмете мемлекеттік монополияны бірте-бірте жоюды және жекешелендіру елге шетелдік инвестициялар мен импорттың қажетті мөлшерін әкелуді қамтамасыз ету. Курстық жұмыстың мақсаты: Жекешелендіру теориясының мән-мағынасын толығымен ашу, жекешелендіру институттарын дамытуды реттейтін заңнамалық актілерге түсінік беру, жекешелендіруді жүргізудің әдістерін анықтау арқылы жетістіктері мен кемшіліктерін атап көрсету. Аталған мақсаттарды ескере отырып, курстық жұмысқа мынадай міндеттерді шешу көзделді: · Жекешелендіру теориясының әртүрлі анықтамалары мен көзқарастарын талдау арқылы мән-мағынасын толық ашу; · Дүние жүзі елдеріндегі жүргізіліп отырған жекешелендіруді қарастырып, саралау; · Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің заңдық-нормативтік негіздерін талдау; · Қазақстандағы жүргізіліп отырған жекешелендірудің кемшіліктері мен жетістіктерін қарастыру · Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру бағдарламасына тоқталу. тарауЖекешелендіру теориясы 1.1Меншіктің мәні жекешелендіру негіздері Жекешелендіру дегеніміз – мемлекеттік мүлікті жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және шетелдік заңды тұлғалардың меншігіне, меншік иесі болып табылатын мемлекеттің еркімен, заң актілерінде белгіленген арнаулы процедуралар шеңберінде сату. Жекешелендірудегі мақсат – мемлекеттік мүлікті жеке меншік иесіне беру арқылы оны ынталы әрі ұтымды пайдалану. Мұның астарында мемлекеттің ұтымды шаруашылық жүргізуге мүдделі еместігі және қабілетсіз екендігі жайында даулы болжам жатыр. Тек рынок ғана сұраным мен ұсыныстың ара қатынасын дәл анықтай алады, қоғамға қажетті өндірісті ұйымдастырады және қоғам мүшелерін өнімді еңбекке ынталандырады деген топшылама бар. Жекешелендіру сонау КСРО кезінде-ақ басталды. КСРО-ның 1991 жылғы 1 маусымдағы "Мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің негізгі бастамалары туралы" Заңы мен Қазақ КСР-дің 1991 жылғы 22 маусымдағы "Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру туралы" Заңы экономиканың мемлекеттік секторын екі бағытта қысқартуды көздейді: мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа (мемлекеттік емес) формаларына негізделген кәсіпорындарға айналдыру (мемлекет меншігінен алу) арқылы және мемлекеттік мүлікті азаматтардың және олар құрған заңды тұлғалардың меншігіне беру (жекешелендіру) арқылы. Қазақстанда жекешелендіру төрт кезенде жүргізілді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің 1991-1992 жылдарға арналған Бағдарламасы шеңберінде (1-кезең) мыналар жүзеге асырылды: кәсіпорындарды кейін сатып алу құқығымен еңбек ұжымына жалға беру, ұжымдық кәсіпорнына айналдыру; мемлекеттік мүлікті еңбек ұжымының өтеусіз сатып алуы; халықтың жекешелендіруге инвестициялық купондар (ЖИК) арқылы қатысуы; мемлекеттік мүлікті аукцион және конкурс арқылы сату. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 05 наурыздағы №1135 Жарлығымен "Қазақстан Республикасыңда мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы" бекітілді. Ол мынадай міндеттер атқарды: мемлекеттік кәсіпорындарды акциялау; жеке жобалар бойынша жекешелендіру; жаппай жекешелендіру; шағын жекешелендіру; агроөнеркөсіп кешеніңде жекешелендіру. Президенттің "Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға қайта құруды ұйымдастыру шаралары туралы" Жарлығына сәйкес еңбек ұжымының қызметкерлері акциялардың он пайызына дейін ақысыз алуға құқылы болды; жаппай жекешелендіру объектілері бойынша акциялардың кемінде 51 пайызы купондар аукционында халықтың ЖИК-і үшін инвестициялық жекешелендіру қорларына сатылуға тиіс еді; акциялардың 39 пайызы қор биржалары, аукциондар, конкурстар арқылы ақшаға сатылуға тиіс болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 11 наурыздағы "Акциялардың мемлекеттік пакетінің бір бөлігін мемлекеттік акционерлік қоғам басшыларына бөлу туралы" №1589 Жарлығына сәйкес кәсіпорындардың басшылары бес пайызға дейін акцияларды атаулы құн бойынша иемденуге мүмкіндік алды. Қазақстандағы 1996 жылдан бергі жекешелендіруді реттейтін негізгі нормативтік құжат – Қазақстан Республикасы Президентінің; 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "Жекешелендіру туралы" заң күші бар №2721 Жарлығы. Бұл Жарлықты іске асыру мақсатында 1996 жылғы 7 ақпанда Үкімет қаулы қабылдады, онымен Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1996-1998 жылдарға арналған бағдарламасы (3-кезең) бекітілді. Жекешелеңдіру жүргізудегі негізгі принциптер, ол – жариялылық, бәсекелестік, құқықмирасқорлық, лауазымды адамдардың жекешелендіру жүргізудің заңдылығы үшін жауаптылғы және сатуға қойылған объектілер туралы берілген мәліметтердің растылығы (Жекешелендіру туралы Жарлықтың 4-бабы). Жекешелеңдіру мақсатында мемлекет қандай мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға сатуға болатындығын анықтайды. Әдетте бұл мүліктік кешендер ретіндегі кәсіпорындар және акциялардың мемлекеттік пакеттері. Сонымен қатар Үкімет жекешелендіруге жатпайтын мүліктердің тізбесін жасады. Қозғалмайтын мүлікті жекешелендіргенде жер учаскесіне меншік құқығы жер заңнамасына сәйкес сатып алушыға өтеді. Жер учаскесінің құны жекешеленген объектінің құнына қосылады. Жекешелендіру саудаластықта (аукцион, тендер) сату немесе тікелей атаулы сату жолымен жүзеге асырылады. Саудаластық немесе атаулы сату жүргізу үшін объект тиісті даярлықтан өтеді. Оның балансы нақтыланады, борыштар анықталады, әлеуметтік инфрақұрылым бөлінуі мүмкін, т.б. Көсіпорын акциялануы немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін. Мемлекеттік мүлікті сатуға әкеп тікелей тіремейтін, бірақ оның келешекте сатылуын көздейтін әрекеттер мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам етіп қайта құру, жалдаушының не сенімгерлік басқарушының кейін сатып алуға құқығымен мемлекеттік мүлікті жалға өткізу не оны сенімгерлік басқаруға беру жекешелендірудің бір түрі емес, оның алғашқы сатысы деп қарастырылады .Мемлекеттік мүлікті сатуды уәкілетті мемлекет органдар жүзеге асырады. Әдетте бұл Қаржы министрлігі департаменттерінің бірі бұл органның аты мен құрылымы ауық-ауық өзгеріп тұрады, кейде оның функциясын бірнеше орган атқарады Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. 1.2 Дүние жүзі елдеріндегі жекешелендіру Дамыған елдерде жекешелендіру негізінен жекешелендірудің бір моделінде жүзеге асты. Ол модель мемлекеттік кәсіпорындарды банк, сақтандыру компаниялары, кейде тұрғындардың сатып алуына негізделген еді.АҚШ-да мемлекеттік кәсіпорындарды сату ұзақ мерзімде – 5 жылдың аумағында жүргізіледі. Бір мезгілдегі (бірден төленетін ) төлем жалпы төленетін соманың 20 пайызынан аспауы керек. ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде жекешелендірудің өте күрделі моделі қолданылды. Венгриядакәсіпорындарды олардың жұмыскерлері сатып алды. Онда жұмыскерлердің қаржылары ғана емес, кәсіпорынның тапқан пайдасы мен банк несиелері қолданылад. Чехославакиядашағын кәсілорындар аукцион арқылы сатылса, ірі кәсіпорындар тұрғындар қаржысын, банк несиелерін және шетел капиталын тарту арқылы жекешелендірді. Сондай – ақ Чехославакияда кәсіпорындар сатп алу үшін тұрғындарға купон мен чектер тегін таратылады. Чек пен купондар жекешелендірілген кәсіпорынның акциясына айырбастау үшін берілген. Ресейдегіжекешелендірудің басты мақсаты – мемлекеттік мүлікті сатып алу негізінде меншіккер топтарын тезірек қалыптастыру болды. Тұрғындар үшін біркелкі мүмкіндіктер жасалды.Осыны жүзеге асыру үшін барлық тұрғындарға жекешелендіру чегі ваучерді берді Олардың әрқайсысының құны 100 рубль болды. Иегелері оны еркін қолдана алды: ваучерді сатуға, жекешелендірілетін обьект акциясын сатып алуға, өз ваучерін 600 – дей жекешелендіру қорының кез келген салуға мүмкіндік жасады. Қазақстандағы жекешелендіру процесі Чехославакиядақолданылған моделге ұқсастықпен жүзеге асырылды. Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізілді: бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды қажет етпейтін тұрғын – үй купонын қолдана отырып, үйлерді (пәтерді ) жекешелендіру жүзеге асты; екінші кезеңде тұрғындар қайтарылмайтын жекешелендіру купонын алды. Оларды тек қана инвестициялық жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды. Ондай қор Қазақстанда 120 – дай болды. Жекешелендірудің бұл тәсілінің кемшілігі сонда, жекешелендіру инвестициялық купон иесінің өз бетінше шешім қабылдау құқы жоқ, тек қана оны инвестициялық қорына сала алды. Бұл адамның нақты кәсіпорынды жекешелендіруге қатысуына тікелей кедергі жасады. Жекешелендіру процесі кәсіпорынды жұмыскерлердің сатып алу мүмкіндігін қарастырып, ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамда, акционерлік қоғам – шаруашылығын құрып, олардың акциясының 51 процентін мемлекетке жатты. Бірақмемлекеттің холдинг типіндегі акционерлік қоғамға қатысуы айтырлықтай нәтиже бермеді, әлсіз, банкрот болған кәсіпорындар тіріле алмады. Мемлекеттің координациялық, басқару қызметі кәсіпорын басшыларын бекітумен, өндіріс өнімін үйлестірумен және пайданы холдинг қажеттілігіне қолданумен шектелді. Бұл айналым қорын жоюға және кәсіпорынды банкроттыққа алып келді. 3.2Қазақстан Республикасындағы меншіктік қатынастардың қайта құрылуы Бұрынғы КСРО кезінде қоғамдық меншік біртіндеп дамып және өндірістің барлық өмірлік маңызды факторларын қамти отырып, қоғамда меншік формаларының ауысуына әкелді. Меншік қатынастарындағы революциялық өзгерістер тек бұрынғы КСРО-да ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйесі құрылған көптеген дамыған елдерде де болды. Егер ТМД елдерінде меншіктік қатынастар «нарыққа оралу» принципі бойынша дамыса, ал батыста меншікті қоғамдастыру процесі тұрақты жүріп жатты. Мысалы, АҚШ-та 10 млн-ға жуық адам толық немесе жартылай жұмысшы ұжымдарына жататын кәсіпорындарда жұмыс істейді. Әлемде қазір меншіктік қатынастардың өзгеруі жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу негізінде өтуде. Меншікті мемлекет иелігінен алу экономикалық реформаны жүргізу кезеңінде пайда болып, «Отандық өндіріс» термині деген түсінікпен экономикалық категорияға кірді. Барлық басқа елдерде мемлекеттік меншікті қайта құру процесі жекешелендіру деп аталады. Мемлекет иелігінен алу — бұл мемлекетті экономикалық өмірді жоспарлау жөніндегі қамқорлығы мен жауапкершілігінен босату және тікелей шаруашылық басқару қызметінен босату болып табылады. Мемлекет иелігінен алудың негізгі принципі — бұл еріктілік, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардың экономикалық қызығушылығы, жариялылық, мемлекет пен халықтың қызығушылықтарын сақтау. Барлық осы шаралар ұйымдастырылу, басқару және жұмысшылардың материалдық қызығушылығын тудыру негізінде еңбек өнімділігінің өсуіне әсер етуі керек. Мемлекет иелігінен алудың бір бағыты — ол жекешелендіру. Жекешелендіру — бұл ақысыз тапсыру, сату, акционерлеу, жеке тұлғаларға және тұлғалар топтарына жалға беру, т.б. жолымен монополистік мемлекеттік меншікті бөлшектеу. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет бұрынғы өзінің меншік объектілерін иелену, билеу және басқару құқығын жоғалтады. Жекешелендіруді кейде әлемді жаулап алатын тыныш революция деп те атайды. Негізінде, қазір, бұл процеске түрлі әлеуметтік экономикалық қатынастардағы әлемнің 50-ден астам елдері қатысады. Осы қайта құруларға ұмтылушылық әлемде, әсіресе 1981 жылдан бастап күшейді және қазір олар меншіктің жаңа қатынастарын құрудың өзекті процесі ретіндегі даудың кез-келген деңгейі мен идеологиялық бағыттарынан тәуелсіз барлық елдерде жүргізіледі. Жекешелендірудің негізгі себебіне тәртіп бойынша мемлекеттік кәсіпорындар ұлттық байлықты жұмсаушы болып табылатын, бюджеттік дағдарыстар әсерінен болған қаржы тапшылығы жатады. Жекешелендірудің басты мәселесі — экономиканың жеке секторында тауарлар мен қызметтер өндірісінің басым бөлігі орталықтанатын институционалдық өзгерістерді қамтамасыз ету. Мақсаты — мәжбүрлі мемлекеттік тапсырманы қысқарту, тауарлардың нарықта еркін сатылуын кеңейту, бағаны бейтараптандыру, тауар өндірушілердің бәсекелестігі мен олардың экономикалық жауапкершілігін қамтамасыз ету. Алайда, осының барлығы экономикалық және заңды нормативтер негізінде мемлекетті реттеушілік қызметтен босатуды білдірмейді. Жекешеленген кәсіпорындардың барлық жеке және заңды иелері тек экономикалық және заңды борыштарды атқаруға, яғни олардың сақталуына, көбеюіне, меншік объектілерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйе инфрақұрылымын құруға келісті. Алайда түрлі елдердегі жекешелендірудің нақты қадамы түрлі нәтижелер берді. Реформаны өткізудің қажеттілігіне мемлекет халықты сендіру, нарыққа қызығушылық қатынастарына тәрбиелеу үшін барлығын істеуі керек еді. Осының барлығына уақыт керек еді, ал ол болған жоқ. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бойынша ҚР бағдарламасы үш кезеңде жүргізілді: 1. жаппай жекешелендіру; 2. шағын жекешелендіру; 3. дербес жобалар бойынша жекешелендіру. Жаппай жекешелендіру 1992 жылдан басталды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді 3 кезеңде 31 мың кәсіпорындарда жүргізу болжанды. Бірінші кезеңде (1992-93 жж.) шағын жекешелендірудің 50% объектілерін жекешелендіру болжанған. Екінші кезең (1994-95 жж.) орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру. Алайда, 1992-93 жж. жекешелендіру нәтижелері бойынша тиімсіз, ақысыз жіберілетін объектілер саясатынан оларды өткізуге 1994-95 жылдарға ауысты. Осы уақыт ішінде әр түрлі көлемдегі 20 мыңнан аса кәсіпорындар жекешелендірілді. Жекешелендірудің дербес жобасы бойынша үшінші кезеңі әлі жалғасуда. Қазір осы қабылданған заңдарға кәсіпкерліктің барлық формаларын қорғауға арналған заң актілерін қабылдау қажет, яғни тек меншіктің барлық формаларының теңдік декларациясы ғана емес, сонымен қатар даму және жеке меншікті заңдық және қаржылай қолдау қажет. Әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде меншіктік қатынастар аралас экономикалық жүйені құру мен нарықтық қатынастарға көшу жағына қарай дамуда деп сенімділікпен айтуға болады. Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде қазір ҚР-да меншіктің жаңа қатынастары пайда болды. Олар: — жеке мүлікті — жеке тұлға ретінде кәсіпкер иеленеді; — ұжымдық тұлғалар тобы мен ұжымдар мүлкінің иелері (заңды тұлға ретіндегі жалдық және халықтық кәсіпорындар, қоғамдық шаруашылықтардың формасы); — мемлекеттік — меншік пен оның халқының меншігін үкімет басқарады. Республика заңымен жеке және заңды тұлғалар мүлкін біріктіру негізінде меншіктің аралас формаларын құруға болады. Қазір әлемде меншікті мемлекет иелігінен алып, жекешелендіру нәтижесінде меншіктің жаңа қатынастарына көшу дамуда деп айтуға болады. Республикадағы аралас экономикалық жүйе моделі (үлгісі) мемлекетке пайданың шексіз қорын алуға мүмкіндік бермегендіктен, «әлеуметтік нарықтық экономика» түріне көшуде. Өндірістің меншік иелерінің осы принципті бұзуы қоғамдық шиеленіске, әлеуметтік жағдайды нашарлатуға, үкіметке сенімді жоғалтуға, көп ұлттық меншікті мемлекет иелігінен алу жағдайы қоғамдық қорғанысты әлсіретуге әкелуі мүмкін. Республикада жүргізілетін реформалардың мақсаты — мемлекет экономикалық субъект болмай, бөлу қатынастарының монополиясын жүзеге асырмайтын, меншіктің барлық объектілерін бақыламайтын нарықтық принципке бағдарланған меншіктік қатынастарды құру. Әлемдік тәжірибе негізінде республикада жүргізілген реформалардың нәтижелері, негізінен келесі әдістермен іске асырылған: — нарықты бейтараптандыру; — аралас кәсіпорындарды құру үшін жағдайлар жасап, оларды дамыту; — бәсекелестік ортаны қалыптастыру; — мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жолымен меншікті мемлекет иелігінен алу. Реформа кезінде Қазақстан нарықты бейтараптандырудың жоғарғы дәрежесі мен экономиканың ашықтығына жетті, жеке меншік жалпылық сипатқа ие болды. Бірақ жүргізілген жекешелендіру еңбек өнімділігі мен құндылықтардың күрт төмендеуіне әкелді. Сонымен, ҚР-да жүргізілетін экономикалық реформаның негізіне мыналар жатады: 1. Шаруашылық субъектілеріне меншік формасының ерікті және сапалы түрлерін таңдауға мүмкіндік беру. Меншік оны кім билейтініне қарамастан жұмыс істейді, ал ол жұмыс жасаудан бас тартты деген пікірлер туындаған. 2. Меншіктік қатынастар меншік субъектісі мен объектісін жақындатуға тырысады. Субъектіге -еңбек етушілер, жеке меншік иелері, кәсіпорын ұжымдары жатады. Егер меншікті шеттету жеңіп шықпаса немесе осы жеңіп шығу тек қағазда жазу түрінде ғана болса, онда қазіргі меншік өзінің мотивациялық күшінен айрылып, шығармашылық бастамашылық болуын доғарады. Нарық пен жеке меншіктің басты артықшылығы — бөлу және ынталандыруды жоғалтпай, нарықтың өзін-өзі реттеушілік заңы «көрінбейтін қол» әрекетін жоймауы. 3. Жеке кәсіпкерді заңдық және қаржылық қатынастарда қолдау, меншік иесін, шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несие, шикізат, материалдарға жеңілдікті, жалгерлікті қамтамасыз ету. 4. Қазақстанның өтпелі экономикадағы жеке меншіктік қатынастарының өзгерудегі ең қиын мәселе — мемлекеттік меншікті билейтін органдарға бақылау жүргізу болып табылады. Олар мемлекет иелігінен алып, жекешелендіруді жүргізе отырып, еңбек етуші меншік иелерінің пайдасын қорғау ісіне үнемі қатыспайды. Экономикалық қылмыс, алдау, сату, сатып алу қылмыстың жай түрлеріне айналуда. Осының барлығын жеңу үшін қандай тәсілдермен болмасын «өзін-өзі сыйлауға» мәжбүр ететін күшті және беделді мемлекеттік билік қажет. Ол үшін, мемлекет меншіктік қатынастардың тиімді және әлеуметтік әділ жүйесін құру керек. 2 тарауҚазақстандағы жекешелендіру: заңдық-нормативтік негіздері,кезеңдері, нәтижелері 2.1Қазақстан Республикасының туракты экономикалық даму этаптары «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» 1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Тұрақты даму стратегиясының принциптері: - Саяси құқықтық-демократиялық құндылықтар,парасатты заңдар мен салықтар,әлеуметтік әділеттілік; -экономикалық меншік түрлерінің дұрыс үйлесімділігі,тауар өндірушілер мен сатушылардың еркін бәсекелестігі,материалдық және мәдени құндылықтардың жеткілікті болуы; -экологиялық-табиғат пен қоғамның қатар үйлесімді дамуын, азаматтардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету,табиғи ресурстар өндіру, пайдаланудың жаңа инновациялық технологияларын ендіру,табиғат қорғаудыңәкімшілік,экономикалық,құқықтық негіздерін жетілдіру; -әлеуметтік-аштық пен кедейшілікті жою, мектепке дейінгі тәрбие, орта, кәсіптік білім беру жүйелеріндамыту, қарттарға,мүгедектерге қамқорлық; -халықаралық-бейбітшілік үшін күрес,дүниежүзілік қауымдастықта халықаралық құқықтық демократия принциптері негізінде қызмет етуге ат салысу; -ақпараттық-ғылым мен техниканың жоғары даму жетістіктерін халық ағарту және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату және халық шаруашылығының барлық салалары мен мәдениетті ақпараттандыру,жаңа инновациялық технологияларды қолдануды кеңейту,дамыту; - глобальды ойлап-локальды әрекет ету;-техногенді әсерлердің күшеюі мен адам денсаулығының қоршаған орта жағдайына тәуелділігінің артуына байланысты экологиялық болжаулардың дәлдігін жоғарылату принципі; -экономикалық даму мақсаттарына бағытталған іс - шараларды алдыңғы кезекте жүзеге асыру принципі. Тұрақты даму идеясы талқыланған халықаралық конференцияҚоршаған орта және тұрақты даму бойынша БҰҰ конферециясында Рио-де-Жанейрода глобальды экологиялық форумда мынадай неізгі стратегия қабылданды: Адам баласы табиғатпен үндестік жағдайында толыққанды және қолайлы тіршілік ортасында өмір сүруге құқылы; Экономиканың экологиялық мәселелерді ескермей дамуы планетаның шөлге айналып,өздігінен жойылып кетуге әкеп соғады; Экономикалық дамусыз тек экология мәселелеріне бір жақты қарау жалпыға бірдей жоқшылық пен әлеуметтік теңсіздікке әкеп соғады; Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ескермей тұрақты дамуға қол жеткізу мүмкін емес; Мемлекет жер экожүйесін сақтау,қорғау және қалпына келтіру үшін бірлесіп жұмыс атқаруы керек; Бейбітшілік,даму мен қоршаған ортаны қорғау– бір-біріне тәуелді,өзара тығыз байланысты; Экологиялық мәселелерді қарастырғанда оған қатысты барлық азаматтар қамтылуы қажет. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға өту кезеңдері мен міндеттері14 қарашада 2006 жылы ҚР президентінің жарлығымен еліміз үшін аса маңызды саяси құжат дайындалды. Ол ҚР 20072024 жыл арасында тұрақты дамуға өту жөніндегі концепциясы.Тұрақты даму концепциясы ұзақ жылдар бойында жинақталған мәліметтерді талдау, математикалық модельдеу, бекітілген қолайлы параметрлерді есептеу арқылы ғылыми-методологиялық негізде дайындалады. Бұл қабылданған концепция теңсіздіктер мен сәйкестікті жоюға арналған құжат болып саналады. ҚР тұрақты дамуға өтуі бірнеше кезеңдері бойынша жүргізіледі: Дайындық кезеңі(2007-2009жж)-қоғамдық,саяси өмірдің барлық салаларына тұрақты даму принциптерін енгізу,экономиканы диверсификациялау, технологиялық өрлеу үшін қажетті жағдайларды дайындау. Бірінші кезең (2010-2012жж)-Қазақстан Р еспубликасының дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуын қамтамасыз ету. Екінші кезең(2013-2018жж)-Қазақстан Республикасының адамдарының өмір сүруінің сапалық көрсеткіштері бойынша дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан орын алуы,табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға байланысты шығындарды барынша азайту және елдің экономикалық тұрақтылық деңгейін көтеру. Үшінші кезең(2019-2024жж)-тұрақты даму концепциясының БҰҰ қабылдаған халықаралық критерийлеріне қол жеткізу. 1991 ж. желтоқсанда мемлекеттік егемендікті жариялау Қазақстан Республикасының алдына, өзінің сыртқы саясатының жалпы принциптерін қалыптастыруға байланысты міндеттер қойды. Бұл елімізге халықаралық қатынастар жүйесіндегі орнын анықтауға мүмкіндік берді және Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне сай келді. Бұның іргетасы - әлемдік саясаттың, геосаясаттың және геостратегияның, ХХ ғасырдың аяғына қарай қалыптасқан және мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін жалпы принциптері болды. Түрлі елдердің саяси мүдделерінің арақатынастарын белгілеуге мүмкіндік беретін сыртқы саясат принциптері барлық адамзат тарихы бойында қалыптасып келді. Ежелгі заманнан «...адамдар өз көршілерімен өзара қатынастар жасауға талпынған. Анағұрлым жоғары мемлекеттік құрылымдардың тектерінің, ұрпағының жақсы жағдайы өзара түсіністік пен сенім деңгейіне байланысты болды. Бұрынғылардың, кез келген бейбітшіліктің соғыстан артық екендігі туралы нақыл сөздері ақиқат, бірлесіп азап шегілген екендігі айқын.Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастардың негізгі принциптері дегеніміз – жоғары императивтік заң күштері бар анағұрлым жалпы, маңызды және іргелі нормалар. Ережеге сай, халықаралық актілерде мәселе келесі он принцип туралы жүреді: мемлекеттердің егемендік теңдігі; күш немесе күшпен қауіп төндіруді қолданбау; шекаралардың бұзылмауы; мемлекеттердің аумақтық бүтіндігі; таластарды бейбітшілікпен шешу; ішкі істеріне араласпау; адам құқығы мен негізгі еркіндікті құрметтеу; халықтардың өз тағдырларын шешу теңдігі мен құқығы; мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық; халықаралық құқық бойынша міндеттерін адал орындау 2.2 Қазақстандағы жекешелендірудің даму даму кезеңдерін талдау Соңғы жылдары Қазақстанда жекешелендіружәне мемлекеттік меншіктен шығаружөнінде кешенді шаралардың жүзеге асырылуының нәтижесінде меншік қатынастарында және коммерциялық іс-әрекеттің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларында бірқатар өзгерістер болып өтті, соның ішінде: — меншік формаларының көп түрлілігі; — жеке меншіктің Қазақстан экономикасындағы меншіктің негізгі формаларының біріне айналуы; —халық шаруашылығының барлық салаларында дерлік мемлекеттік меншік монополиясын жеңу; — нарық инфрақұрылымы мен меншіктің жаңа формаларына қызмет көрсететін механизмдердің қалыптасуы. Мемлекеттік меншіктен шығару- бұл мемлекеттің экономикадағы шамадан тыс рөлін бәсеңдетуге бағытталған мемлекеттік меншікті қайта қалыптастыру жөніндегі шаралар жиынтығы. Мемлекеттік меншіктен шығару монополизмді жеңуге, бәсекелестік пен кәсіпкерліктің дамуына бағытталған. Мемлекеттік меншіктен шығару шаралары жекешелендірумен тығыз байланысты құрайды. Жекешелендіру- бұл меншікті жекелеген азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде көрініс табатын мемлекеттік меншіктен шығару бағыттарының бірі. Қазақстан Республикасындағы 10 жыл аралығында мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендіру үрдістерінде әрқайсысына өзіндік мақсаттары мен міндеттері тән төрт кезеңді бөліп көрсетуге болады. Бұл үрдістердің басталуы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңіне сәйкес келеді. I кезең 1991-1992 жылдарды қамтиды. I кезеңдегі жекешелендіру үрдісінің негізгі бағыты болып, кәсіпорындарды ұжымдық немесе акционерлік меншікке беру, бұл кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына жеңілдіктермен және сауда, қызмет көрсету объектілерін сату (соның ішінде тұрмыстық купондар) жолымен жүзеге асқан орталықтанған-жоспарлыдан нарықтық экономикаға өту талаптарын қамтамасыз ету мақсатында кең масштабты мемлекеттік меншіктен шығару табылады. II кезең 1993-1995 жылдар аралығын қамтиды. Берілген кезең 1993 жылдың 5 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдарға деген мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды. Жекешелендірудің екінші кезеңіндегі бағдарлама институционалды реформалардың негізгі бағыттарын анықтады: — Кіші сауда кәсіпорындары, коммуналды шаруашылықтар, тұрмыстық қызмет көрсету аукциондары мен сайыстары арқылы жүзеге асырылған «кіші жекешелендіру». — Инвестициялық жекешелендіру купондары үшін 200-ден 5000-ға дейін жұмысшылары бар орташа кәсіпорындардың «жалпылама жекешелендірілуі». — Ірі және уникалды мүліктік кешендердің (5000 адам жұмысшылары бар кәсіпорындардың) жеке жобалары бойынша жекешелендіру. — «мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жекешелендірілуі». Жекешелендірудің III кезеңі 1996-1998 жылдарды қамтып, №246 1996 жылдың 27 ақпанынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарғысымен бекітілген «1996-1998 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендіру Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты болып, жекешелендіру үрдісін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасы экономикасындағы жеке меншік сектордың басымдылығына қол жеткізу және бекіту табылды. IV кезең 1999-2000 жылдарды қамтып, №683 1999 жылдың 1 маусымынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарғысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқару тиімділігін көтеру бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды. V кезең Бағдарламасының негізгі мақсаты болып, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, мемлекеттік мүлікті сайыстық жекешелендіруді басқару және қамтамасыз ету тиімділігін көтеру, есебін арттыру болып табылды. 1991-2000 жылдары жалпы республика бойынша мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру Комитеті және оның облыстық бөлімшелері мен мемлекеттік меншік объектілерінің 34,5 мыңы жекешелендірілді. 1991жылы жекешелендіру процессі басталды.Жекешелекдіру процесі үш кезенге бөлінді. Бірінші кезең 199-1992 жылдар аралығын қамтыды. Оның міндеті: 1. Мемлекеттік меншіктің көлемі мен құрылымын белгелеу. 2. Меншіктік құқық беруді дайындау. 3. Шағын жекешелендіру объектілерінің 50%-н жекешелендіру. Бұл кезде негізі көңіл кіші бизнестің дамуына аударылды. Жекешелендірудің екінші кезеңі 1992-1993 жылдар аралығын қамтыды. Міндеті: орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру. Көптеген шағын жекешелендіру объектілері жергілікті мемлекеттік мүлік комитеттерінің шешімімен байқау (конкурс) немесе аукцион өткізілмей, өте төмен бағаға берілді. Қазақстан парламенті бұл стихиялық процесті реттеуге күш салды. Жекешелендірудің үшінші кезеңі 1993-1995жылдар аралығын қамтыды. Міндеті: 1. Мемлекет иелігінен алудың ұлттық бағдармаласын қабылдау. 2. Меншікті мүлікті басқару жөніндегі комитеттің қолына көшіру. 3. Инвестициялық купондар енгізу. 1993 жылғы наурызда мемлекет иелігенен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы қабылданды. Барлық меншік Мемлекеттік мүлікті бақару комитетінің қолына көшірілді. Бұл комитеттің міндеті: 1. Меншік республика азаматырына тегін таратылып берілуге тиіс. 2. Арнайы төлем құрылдары-жекелендіру инвестициялық купондарын енгізу. Инвестициялық купон иесі оны әр түрлі инвестициялық қорларға салуға мүмкіндік алды. Купондарды өнеркәсіптік кәсіпорындар акцияларына аустыруға және сатуға рұқсат берілмеді.200-ге жуық инвестициялық қорлар қурылды. Мақсаттары купондары жинастарын, аукционға шығарылатын өнеркәсіптік кәсіпорындардың акцияларын иелену.Бірақ 1995 жылдың басында жекешелендіру бағдарламасының жүзге аспайтындағы белгілі болды. Жекешелендірудің мына негізгі мақсаттары орындалмады: 1.Тиімді жұмыс жасайтын жеке меншік секторды қуру. 2. Қалыпты бәсекелестік ортаны қалыптастыру. 3. Экономикалық-әлеуметтік жағдайың төмендеуін тоқтату. Бірқатар ірі кәсіпорындар өте төмен бағамен шетелдық компанияларға сатылды. Шетелдік фирмалар нелігіне берелген маңызды объектілер: 1. Қарағынды металлургия және Соколов-Сарыбай комбинаттары. 2. Жезқазған, Балқаш мыс қорыту комбинаттары. 3. Павлодар алюминий заводы. 4. Павлодар атом-энергетиқалық кешені кәсіпорны т.б. 1998 жылдың көктеміне қарай төленбеген қарыздар көлемі шексіз өсіп, 18 млрд. долларға жетті. Осыған байланысты әлеуметтік жағдай әбден нашарлады. 1997-1998 жылдары Кентау (Оңтустік Қазақстан облысы) және Жаңатас (Жамбыл облысы) тау-кен өнеркәсібі жұмысшылары ереуілдерге шығып, аштық жариялады. Экономиканың құлдырауы. Экономиканы реформалау процесінде халықты еңбекпен қамту саласындағы проблемалар одан әрі шиеленісіп кетті. Өндіріс жаппай құлдырады. Өкімет тарапынан жүргізіліп отырған қаржы, несие, баға және салық саясаты жетілдірілмеді. Жұмысшылардың жалпы саны қысқарды. Жұмыссыздар саны жылдан-жылға көбейді. Мысалы 1995 жылы еңбекпен қамту қызметтерінде ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың саны- 153 мың болды. Өндірістің толық тоқтауы салдарынан ақысыз демалысқа шыққандар -192 мың, ал өндірістің жартылай тоқтау себебінен жұмыс уақыты толық емес режимде істейтіндер- 451мың, 90-жылдардың соңындағы жұмыстардың жалпы саны- 643 мың.2015 жылы экономика саласында істеп жүрген адамдар саны 2014 жылмен салыстырғанда 11,8% кеміді. Республика еңбек рыногының өзіне тән ерекшелігі-жасырын жұмыссыздық деңгейінің жоғары болыу (9-11%). Еңбекпен қамту проблемасы ерекше ауыр болды (жұмыссыздар 54,8). Жұмыс сыздықтың жергілікті шоғырланған аймақтары-шағын қалалар болды.Соңғы жылдары Қазақстаның өнеркәсібін жандандыруда біраз шаралар іске асырылды. 2015 жылдың соңында жалпы өнім өндіру- 2пайызға, өндіріс көлемін арттыру- 2,5-ға өсті. Республиканң алтын қоры 15млн. долларға жетті. 2.3Кәсіпкерлікті дамытудағы жеке меншіктің ролі Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің негізгі мақсаты – таза бәсекеге қол жетсізу үшін, өндірістің тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау үшін шаруашылыққа иелік жасаудың сан- салалы түрін ұйымдастыру. Мұның өзінде бір-бірімен тығыз байланысты екі міндетті шешу керек. Біріншіден, Қазақстан азаматтарын мемлекеттік меншікке иелендіру, әлеуметтік әділеттілікті жүзеге асыру, екіншіден, нарық сипатына сай келетін осы заманғаы шаруашылыққа тиімді иелік жасай алатын жеке меншік топтарын құру.Жоғарыда аталғандардың ішінде екінші міндет біздің талдайтын тақырыбымызға сай келеді.Қазақстан Республикасының нақты әлеуметтік – экономикалық жағдайында экономикалық өсуі шетел инвестицияларының деңгейі жоғары және шағын және орта бизнесті барлық жерде қолдау негізінде отандық жеке меншік секторын дамыту арқылы дамыған нарықтық экономикаға негізделеді. “Қазақстанның ұзақ мерзімді болжауында пайда болатын жағдайларға тез қалыптасуға қабілеті бар шағын және орта кәсіпорындарды ЖІӨ -нің 40- 50 пайызы өндірілуі қажет”.Сонымен, экономикалық саясаттың негізгі он қағидасын сақтау қажет.Оның біріншісінде Мемлекеттің экономикаға араласуының шектелуі болуы туралы айтылады.Сонымен қатар, осы принципте мемлекеттің міндеті шағын және орта бизнесті белсенді қолдай отырып, нарықтық ережелерді құру, оларды сақтауды қамтамасыз ету екендігі де қамтылған.Алайда, қазіргі уақытта яғни, өтпелі кезеңде нарық әлі дами қоймағандықтан мемлекеттің экономикаға араласу рөлі қажетті деңгейде болғаны жөн.Республика экономикасында жеке сектордың дамуының нәтижесінде кәсіпкерліктің де қалыптасып, өсіп -өркендейтіндігі Қазақстан Республикасының Ата Заңында ашық түрде бекітілген. Яғни,жоғарыда аталған құжаттың 1 бөлім, 6 -бабының 2–ші тармағында “Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс деп атап көрсетілген. Сондай–ақ, меншік субъектілері мен объектілерінің, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктерінің Заңмен белгіленетіндігі айқындалған.\ Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай “кәсіпорын” мен “фирма” ұғымын боламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: “фирма” термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтың қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін: Азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар; Ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар. Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшалайға емес мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді: · Акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды; · Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады; · Құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарыда енеді. Қазақстан республикасы Азаматтық Кодексімен, “Шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы”, “Жеке кәсіпкерлік қорғау мен қолдау туралы” республика заңдарында кәсіпорын кезкелген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған. Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әртүрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша классификациялау қажет.“Орта және шағын кәсіпкерліктің дамуы экономикалық прогрестің шешуші факторы және жұмыспен қамтудың басты көзі.Шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамтамасыз ету, оның әлеуметтік проблемаларын шешу және еңбекке деген ынталылығын арттыру, тұтыну нарығын мол ассортиментті тауарлармен және қызметтермен толтыру.Шағын кәсіпкерлікті дамытуға, Қазақстан азаматтарының кәсіпкерлікпен айналысуына қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау мақсатымен бірнеше бөліктен тұратын іс-шараларды жүзеге асыру көзделген: · Жеке адамның және жанұялық кәсіпкерліктердің, шаруашылық қожалықтарының істеріне мемлекет ұйымдарының заңсыз араласпауына кепілдік беретін заңдармен қамтамасыз ету; · Шағын бизнес субьектілерін мемлекеттік тіркеудің жеңіл тәртібін енгізу; · Мемлекеттік бақылау ұйымдарының шағын бизнес субьектілерінен қосымша ақы алуға мүмкіндік беретін қазіргі күші бар заңдылық нормативтер мен жағдайларды жою; · Материалдық өнімдер өндірісімен шұғылданатын шағын бизнес субьектілеріне салық және кеден ақысын төлеуде жеңілдіктер беруді өрістету; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014-2015 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасында халықты жұмыспен қамтамасыз етуді, оның тұрмыс деңгейін арттыруды және елдің экономикасын нығайтуды қамтамасыз ететін кәсіпкерлік секторын одан әрі кеңейту негізгі мақсаттардың бірі ретінде айқындалған. Бұл Бағдарлама Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2015-2016жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жалғастырды. Бағдарламаның негізгі міндеттері – кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік қолдауды дамыту; оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету; кәсіпкерлік қызметтің барлық саласында технологиялық және нарықтық инфрақұрылымдардың элементтерін қалыптастыру мен дамыту;“Статистикалық тіркелім деректерінде республика бойынша 2003 жылдың 1-қаңтарына дейін бизнеспен айналысатынын 117,0 мыңға жуық шағын кәсіпорын тіркелген, бұл көрсеткіш өткен жылғы деңгейден 14,4 пайызға көп. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған теріс жағдайлар ретінде мыналарды атауға болады:Шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған заңдардың орындалу деңгейінің төмендігі;Жергілікті билік органдары шенеуніктерінің шағын кәсіпорындар қызметіне құқықты бұза отырып, орынсыз араласа беруі. Сонымен, қорыта айтар болсақ, шағын кәсіпкерлік әлі де болса елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі күшке айнала қойған жоқ. Шағын кәсіпкерліктің республика экономикасындағы ролі оның құрам түзуші фактор ретіндегі ролімен анықталады. Ал ол өз кезегінде бәсеке ортасының дамуын, рынокты тауарлармен және ақылы қызметтермен толықтыруды, халықтың кәсіп түрлерін қайта туындатуды, ауылда, шағын және орта қалаларда дамытуды қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпкерлік жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешеді, әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету және нарықтық қатынастарды демократияландыруды жүзеге асырады. Меншік қоғамдық өмір мен өндірістің негізі болды, болып отыр және бола береді. Меншік формаларынан тек өндірістік қатынастар ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өмір, қоғамның әлеуметтік және мәдени тетіктері мен мемлекеттік институттар пайда болады. Кез-келген меншік екі қасиетпен көрінеді: заңдық — иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену, мүліктік құқықтық, экономикалық неғұрлым өспелі ауқымдарда жалпылылық, қайталанушы-лық, ұдайы өндірістік қатынастар. Қоғамдық-өндірістік қатынастар — меншік формала-рының түрлі мазмұндарымен және ерекшеліктерімен айқындалады; ал жеке меншіктік қатынастар – жеке қоғамдық, кооперативтік, ұжымдық, корпоративтік, мемлекеттік т.б. тұрады. Меншіктің екі анықтаушы формалары: (жеке және қоғамдық) жеке меншік — тікелей, ал қоғамдық жанама болады. Меншік формаларын өзгертуде жүргізілетін экономи-калық реформа, мемлекет иелігінен алу және Қазақстан-дағы меншікті жекешелендіруде маңызды орын алады. 3тарау Қазіргі кезеңдегі жекешелендірудің ерекшеліктері және мәселелері. 3.1Қазақстан Республикасындағы қазіргі күнгі жекешелендіру Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырау, өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыспен тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерекшеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы жоғары болды. Социализм кезеңінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан халық менталитеті жеке меншікті теріске шығарды. Бұл ретте, көп деңгейлі нарықтық экономиканың негізін құратын процес ретінде мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді халық ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы ретінде танылған басқарушы элита да қабылдаған жоқ.Осы дағдарыс кезеңінде қоғамды, қоғамдық прогресті дамытудың диалектика заңдылықтары білімі бар Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке ерлігі, саяси даналығы, қайтпас жігері республикамызда мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің жоспарлы, кезең-кезеңді процесін бастауға мүмкіндік берді.Мемлекеттік меншік реформасын өткізу үшін ұйымдық негізі – 1990 жылдың 20 желтоқсанында уәкілетті мемлекеттік орган – Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Қазақ ССР Мемлекеттік комитетінің құрылуы болды, кейіннен «Мемлекеттікмүлікті басқару жөніндегі Қазақ ССР Мемлекеттік комитетінің мәселелері» туралы Қазақ ССР Президентінің 1991 жылы 22 сәуірдегі Жарлығымен комитеттің өкілеттіктері нақтыланды және анықталды, ал 1991 жылғы тамызда мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық органдар ұйымдастырылды. Кейіннен республикадағы экономиканы қалыптастырудың әртүрлі кезеңдерінде және тиісінше мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде орта мерзімді бағдарламалар мен Үкімет міндеттемелеріне байланысты мемлекеттік басқару органдарының жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер кезінде Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік |