МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Билік – саяси феномен ретінде





БЕКІТЕМІН

Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік

және студенттік сұрақтар бойынша

проректор, п.ғ.д., профессор

____________ М.Ж. Мальтекбасов

«_____» ______________2015 ж.

 

 

Саясаттану пәнінің

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

 

 

Мамандықтар: барлық мамандықтар үшін

Оқу формасы: күндізгі, сырттай ( ҚОТ)

 

 

Талдықорған 2015 ж.

Оқу-әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде университеттің барлық мамандықтарына әлеуметтану магистрі В.Т.Еңсеева кұрастырған.

 

 

_____________________

(оқытушының қолы)

 

Философия және саясаттану кафедрасының отырысында қарастырылды.

 

«____ »________ 2015 ж. №_______ хаттама

 

Кафедра меңгерушісі___________ Калханова А.Н.

 

«_____»__________ 2015 ж. № ______ хаттама

 

Заң факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

Әдістемелік бюроның төрайымы __________ Жүніспаева А.Б.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Оқу-жұмыс бағдарламасы Ф.4.09-27
27.05.2015 ж.

 

Заң факультеті

Философия және саясаттану кафедрасы

 

БЕКІТЕМІН

Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік

және студенттік сұрақтар бойынша

проректор, п.ғ.д., профессор

____________ М.Ж. Мальтекбасов

«_____» ______________2015 ж.

 

 

Саясаттану пәнінің

ОҚУ - ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Кредит

 

 

Мамандықтар: барлық мамандықтар үшін

Оқу формасы: күндізгі, сырттай (ҚОТ)

 

 

Талдықорған 2015 ж.

Оқу-жұмыс бағдарламасы типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде университеттің барлық мамандықтарына әлеуметтану магистрі В.Т.Еңсеева кұрастырған.

 

 

___________________

(оқытушының қолы)

 

Философия және саясаттану кафедрасының отырысында қарастырылды.

 

«____ »________ 2015 ж. №_______ хаттама

 

Кафедра меңгерушісі___________ Калханова А.Н.

 

«_____»__________ 2015 ж. № ______ хаттама

Заң факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

 

Әдістемелік бюроның төрайымы __________ Жүніспаева А.Б.

 

Оқытушының аты-жөні:

Еңсеева Венера Тұрсынақынқызы, философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң түлегі, 2005 жылы әлеуметтану магистрі дәрежесін алған, ғылымда айналысатын салалары: «қоғамның әлеуметтік құрылымы», «саясат субъектілері», «дін социологиясы» және т.б.)

Байланыс телефоны: 221667(1150)

Пәні: Саясаттану

Уақыты: Бекітілген сабақ кестесі бойынша жүргізіледі.

Несиелері: 2 (15 сағат дәріс, 15 сағат семинар сабақтар, 30 сағат СӨЖ) - 1,2 семестр

Пәннің пререквезиттері: Мектептегі қоғамдық пәндерді игеру

Пәннің постреквизиттері: Әлеуметтану, мемлекет және құқық негіздері.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Саясаттанудың негізгі бөлімдері: саяси институттар, саяси мәдениет, саяси элита, геосаясат, саяси билік, саяси дағдарыс, модернизация, саяси режимдер туралы мағлұмат алу, Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің ерекшелігін, саясаттың қоғамдық өмірдегі маңызын, гуманитарлық ғылымдардың мемлекет азаматын қалыптастырудағы орнын және тұлғаның қоғамдағы саяси рөлінің қажеттілігін түсіндіру, саясат теориясын, саяси ғылым мәселелерін, саясаттанудың қолданбалы әдістерін меңгереді.



ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік стандарт ретінде қабылдауы бойынша, бұл курстың негізгі мазмұны – саясаттану ғылымына негізделген біршама міндеттелген білім.

Саяси қатынастарды дамыту үшін қазіргі әлемдік саяси идеологияға берілген курсты оқыту барысындағы мақсаттар мен міндеттер:

Саясаттану курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. Саяси ғылым, саясат, саяси билік, мемлекет, элита, саяи мәдениет және идеология сияқты толық түсініктерді қалыптастыру және оның механизмдерін түсіндіру

Саясаттану пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді.

· Курстың міндеттері студенттерді Қазақстандағы және одан тыс жерлерде жүріп жатқан саяси процесстерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәрбиелеу.

· Категориялық аппаратты игеру;

· Саясат, сяасат әлемі ұгымдарын, саяси ғылымды игеру;

· Биліктің мәнін, оның саяси процесске ықпалын түсіну;

· Саяси билікті ұйымдастыру механизмін түсіну;

· Саяси жүйе теорияларына талдау жасау;

· Биліктің ресурстары мен қайнар көздерін анықтау;

· Саяси мәдениет пен идеологияның негізгі теорияларына талдау жасау.

Пән оқытылып болғаннан кейін студенттер алатын білім мен дағдылар.

Бұл пәнді оқу барысында білімгерлер саяси ғылымның негізгі түсініктерімен танысады және кәзіргі саяси жағдайға дұрыс баға беріп,саяси процесске теориялық білімдердерін пайдалана отыра қатысады.

- пән толық аяқталғаннан кейін студенттер саясат дегеніміз не, оны жүргізетін кімдер, саясат қандай заңдылықтармен жүргізіледі, саяси институттар мен ұйымдардың ролі мен маңызы, қоғамдық өзгерістер, олардың жіктелуі туралы мәліметтерді толық меңгеріп шығады;

- саяси өмірдің күрделі проблемаларымен кезігіп, оларға төтеп беруге, өз әрекетіңізді жоспарлап, дұрыс шешімдер қабылдауға үйренесіздер;

- саясаттың мәні, мүмкіндіктерін, шекараларын, келешегін және негізгі түрлерін түсінеді;

- саяси биліктің мәнін, жүйесін, көздері мен функцияларын ұғым қалыптастырады;саяси процестердің мәнін және саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың олардағы рөлін, соның ішінде Қазақстан Республикасындағы саяси процестерді түсінеді;

- жоғары оқу курсына саясаттанудың енуі жалпы саяси, эмпирикалық бағыттар негізінде қоғамдық және саяси-әлеуметтік оқиғаларды зерттеуді қалыптастырады, соның нәтижесінде студенттердің саяси мінез-құлқын және мәдениетін жетілдіреді. студенттерге әлемдік саясат туралы бағыт бағдар алады;

-қазақстандағы саяси өмірді зерттеуге және ол туралы пікір айта білуге үйренеді;

Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің ерекшелігін, саясаттың қоғамдық өмірдегі маңызын, гуманитарлық ғылымдардың мемлекет азаматын қалыптастырудағы орнын және тұлғаның қоғамдағы саяси рөлінің қажеттілігін білетін болады.

Саясат теориясын, саяси ғылым мәселелерін, саясаттанудың қолданбалы әдістерін меңгере отырып, саяси оқиға туралы өзіндік пікір қалыптастыруға үйренеді.

Саясатқа, қоғамдық дамуға және халықаралық қатынастарға болжам жасауға байланысты көзқарас қалыптастырып, оны дәлелдеп, саяси жүйелерге салыстырмалы сараптама жасауға және зерттеулер мен бақылау жасауға тәжірибелік дағды қалыптастырады.

Кез-келген маманның азамат ретінде мемлекеттің саяси жүйесін, оның шешім қабылдау ерекшеліктерін, билік тармақтары мен халықтың қарым қатынасының әр түрлілігін білуі шарт, сондықтан саясат түсінігін, оның механизмдерін, ерекшеліктерін, түрлерін білу маңызды. Саясаттану пәні студенттердің азамат ретінде қоғамдық-саяси процестерге талдау жасауға, баға беруде, олардың ең бастысы, саяси мәдениетін қалыптасуына бағытталған.

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11,14 апталарда
Аралық бақылау Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі R1 8 апта
Кіру рұқсатының рейтенгісінің   R2 15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2 15 апта
Емтихан Е 16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4  

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

Баға қоюдын критерилері

Бақылау түрі Максимальдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл практикалық сабақтың орындалуы дәріс сабағындағы белсеңділігі ОСӨЖ тапсырмаларын орындау Әр аптада
СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
Аралық бақылау 1: Тест сұрақтарына жауап берү   8апта
Аралық бақылау 2:коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 15 апта

*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖге арналған кестеде көрсетілген

 

 

Дәріс сабақтарының тақырыптық-күнтізбелік жоспары

Мазмұны Сағат саны Апта
1 Модуль «Саясат – қоғамдық құбылыс ретінде»
1 Дәріс. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде 1 апта
1 Тәжірибелік сағат. Саясат табиғаты. Саясаттанудың негізгі парадигмалары
1 ОСӨЖ . Саясаттанудың басқа да қоғамдық ғылымдармен арақатынасы. 2. Саясаттанудың қызметі.
2. Дәріс. Өркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері 2 апта
2. Тәжірибелік сағат. Саяси ілімдер тарихы
2. ОСӨЖ. 1. XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. 2. Қазіргі заманғы Қазақстандағы саяси ой.
3. Дәріс. Қоғамдық өмір құрылымындағы саясат 3 апта
3. Тәжірибелік сағат. Саясаттың негізгі түрлері
3. Қоғамды модернизациялау кезеңіндегі егеменді Қазақстан Республикасының саясаты.
4. Дәріс. Билік – саяси феномен ретінде 4 апта
4. Тәжірибелік сағат. Басқарудағы билік формалары
4. ОСӨЖ. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік
  1 СӨЖ 1. Дәстүрлі қоғам, өтпелі қоғам, қазіргі заманғы қоғам. Қазіргі заманға өтудің алғышарттары. 2. ҚР Конституциясындағы «Қазақстан Республикасындағы билік бөлінісі мен тепе-теңдік және тежемелік жүйе» (СӨЖ тапсырмасының ТКЖ қараңыз)    
2 Модуль «Адам еркіндігі және құқық»
5. Дәріс. Саясат субъектілері 5 апта
5. Тәжірибелік сағат. Саяси лидерлік. Саяси элита
5. ОСӨЖ. Қазақстанның әлеуметтік-саяси құрылымы
6. Дәріс. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер 6 апта
6. Тәжірибелік сағат. Демократия теориялары
6. ОСӨЖ. Қазақстандағы саяси режим, оның эволюциясы
7. Дәріс. Сайлаулар мен сайлау жүйелері 7 апта
7. Тәжірибелік сағат. Сайлау құқығы және қағидалары
7. ОСӨЖ. Қазақстан Республикасындағы сайлау және сайлау жүйелері
  2 СӨЖ 1. Саяси лидердің немесе саяси элитаның кейпі 2. Саяси режимдерді салыстыру 3. В. Парето, Г. Моска және Р. Миллстың элита теорияларының негізгі қағидалары. ҚР саяси элитаның түрі (СӨЖ тапсырмасының ТКЖ қараңыз)    
3 Модуль. «Саясат институттары»
8. Дәріс. Мемлекет және азаматтық қоғам 8 апта
8. Тәжірибелік сағат. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
8. ОСӨЖ. Қазақстанда азаматтық қоғам мен мемлекеттің қарым-қатынас формалары
1 Аралық бақылау (коллоквиум)  
9. Дәріс. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық- саяси қозғалыстар мен ұйымдар 9 апта
9. Тәжірибелік сағат. Партиялық жүйелер, олардың жіктелуі
9. ОСӨЖ. Қазақстан Республикасындағы көппартиялық: мәселелер мен даму үрдістері
10. Дәріс. Саяси даму мен модернизация 10 апта
10. Тәжірибелік сағат. Модернизацияның әлеуметтік факторлары
10. ОСӨЖ. Қазақстан Республиасындағы саяси модернизация
11. Дәріс. Саясаттағы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар 11 апта
11. Тәжірибелік сабақ. Саяси конфликтілердің жіктелуі және қызметі
11. ОСӨЖ. Қазақстанда саяси конфликтілердің алдын-алу амалдары мен жолдары
  3 СӨЖ 1. Мүдделі топтар мен саяси партиялар 2. Қазақстан Республикасының посткеңестік кеңістіктегі жанжалдарды реттеу бойынша сыртқы саяси қызметінің негізгі бағыттарын ашу 3. У. Растоу және С. Хантингтонның модернизация концепцияларының ерекшеліктері. Қазақстандағы модернизация түрі 4. Унитарлы және федеративті мемлекеттердің конституциялық белгілері. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері (СӨЖ тапсырмасының ТКЖ қараңыз)    
4 Модуль «Әлемдік саясат және жаһандану»
12. Дәріс. Саяси мәдениет пен саяси идеология 12 апта
12. Тәжірибелік сабақ. Саяси мәдениет теориялары
12. ОСӨЖ. Қазіргі заманның негізгі саяси идеологиялары
13. Дәріс. Әлемдік саясат және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар 13 апта
13. Тәжірибелік сабақ. Сыртқы саясаттың әдістері. Саясат пен дипломатия
  13. ОСӨЖ. Әлемдік саяси процесстегі халықаралық ұйымдар
14. Дәріс. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. ҚР сыртқы саясатының негізгі басымдықтары 14 апта
14. Тәжірибелік сабақ. Республиканың әскери доктринасы. Сыртқы саясаттың бейбіт бағыты
14. ОСӨЖ. Болашақтағы Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттары
  4 СӨЖ 1. «Лоббизм және жемқорлық: екі құбылыстың шегі қай жерде өтеді»? 2. «Егер де мен президент болсам» ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлау алды сөзін әзірлеу 3. ҚР 2007 ж. конституциялық реформаның негізгі қағидалары және жүзеге асырылуы (СӨЖ тапсырмасының ТКЖ қараңыз)    
15. Дәріс. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы 15 апта
15. Тәжірибелік сабақ. Стратегия 2050 – ҚР жаңа саяси бағыты
15. ОСӨЖ. ҚР Мемлекеттік жастар саясаты, оны жүзеге асырудың ерекшеліктері
  2 Аралық бақылау (Коллоквиум) 2    
  Емтихан 1    
  Барлығы: дәріс: 15 Тәжірибелік сабақ: 15 СӨЖ (сонымен бірге ОСӨЖ) 60    

Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік ұсыныстар

Қазіргі заманғы ақпараттық-технологиялық жеделдеуде жоғарғы оқу орындарында оқыту әдістемесін тиімді жетілдіріп, оны дамытып отыру қажет. Осы мақсатта студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыра білуі, оларды өзіндік бақылауға бейімдеу өте маңызды орын алады.

Пән бойынша ұсынылған тақырыптарды оқып үйренуде жеке шығармашылық ізденістің алатын орны зор.

Студенттердің өзіндік жұмысы силлабустағы бөлімдермен тығыз байланыста ұйымдастырылады.

СӨЖ-дің негізгі мақсаты:

1. Студенттерді өзіндік бақылауға бейімдеу.

2. Оқу материалдарын игеруде студенттердің ізденіс пен шығармашылық белсенділігін дамыту.

Саясаттану пәні студенттерге билік, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, саясат, саяси жүйе түрлері, саяси режимдер, саяси мәдениет, қазіргі қоғамның саяси институттары мен қоғамдық даму мәселелерін аудиториядағы дәріс сабақтарымен қатар жеке ізденіс жұмыстары арқылы терең оқып үйренуге көмектеседі. Студенттер кең көлемде білім ғана емес, сонымен бірге ғылыми талдау әдістерін үйреніп, қоғам мен мемлекеттің болашақтағы саяси дамуын болжай алатын, қазіргі саяси құбылыстарға саяси талдау, зерттеу жасай алуы керек. СӨЖ оқу орнының кітапхана қоры мен компьютерлік класын оқу материалын игеру барысында қолдануды қажет етеді. Студенттердің әр сабаққа міндетті түрде дайындалу, сонымен қатар берілген материалды оқып игеру, тапсырмаларды уақытында орындау қажет. Мұндай жүйелі дайындық экспресс-сұраулар, тест алу және тағы басқа әдістер арқылы оқытушының ескертуінсіз сіздерді тексеріп отыруын көздейді. Түгел тапсырмалар уақытында тапсырылуы тиіс. Кешігіп тапсырылған жұмыстар төмен бағаланады СӨЖ оқытудың әр түрлі формалары арқылы жүзеге асады: жазбаша жұмыстары (реферат, баяндама, бақылау, эссе, коллоквиум, конспект), сұрақтарға жауап беру, таблица, сызбалармен жұмыс жасау.

 

СӨЖ тапсырмасының тақырыптық-күнтізбелік жоспары

№ СӨЖ Тапсырманың мазмұны Сағат саны Тапсыру мерзімі Бақылау формасы
1. Дәстүрлі қоғам, өтпелі қоғам, қазіргі заманғы қоғам. Қазіргі заманға өтудің алғышарттарын көрсетіңіз       4 апта сипаттау
2. ҚР Конституциясындағы «Қазақстан Республикасындағы билік бөлінісі мен тепе-теңдік және тежемелік жүйесіне» талдау
1. «Саяси лидердің немесе саяси элитаның кейпі» тақырыбына       7 апта эссе жазу
2. Берілген критериялар бойынша «Саяси режимдерді салыстыру» тақырыбына аналитикалық кесте құру
3. В. Парето, Г. Моска және Р. Миллстың элита теорияларының негізгі қағидаларын салыстырыңыз. ҚР саяси элитаның түрін сыни бағалау
1. «Мүдделі топтар мен саяси партияларды ауыстыра алады ма?» тақырыбына     11 апта эссе жазу
2. Қазақстан Республикасының посткеңестік кеңістіктегі жанжалдарды реттеу бойынша сыртқы саяси қызметінің негізгі бағыттарын ашу талдау жасау
3. У. Растоу және С. Хантингтонның модернизация концепцияларының ерекшеліктері. Қазақстандағы модернизация түрін анықтаңыз сипаттау
4. Унитарлы және федеративті мемлекеттердің конституциялық белгілері. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіңіз талдау жасау
1. «Лоббизм және жемқорлық: екі құбылыстың шегі қай жерде өтеді»? тақырыбына     14 апта презентация дайындау
  2. «Егер де мен президент болсам» ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлау алды сөзін әзірлеу баяндама
  3. ҚР 2007 ж. конституциялық реформаның негізгі қағидалары және жүзеге асырылуы талдау жасау
  СӨЖ сағатының барлық саны    

 

Тәжірибелік сабақтарға арналған тапсырмалар

1. Саясаттану ғылым ретінде. Саясат түсінігі.

Д.Жамбылов. Саясаттану оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастырыңыз. Саясат ұғымы және саясаттың пайда болу себептері. Саяси нақтылық - саясаттанудың зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасы саяси шындық ретінде. Саяси зерттеудің ғылыми әдісі мен әдістемесі, ұғымдарының қатынасы.

1. Саясаттың мәні, мағынасы

2. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы

3. Саясаттану курсының кұрылымы мен міндеті.

Саяси ілімдер тарихы

Е.С. Қуандық. «Саясаттану негіздері» оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастыру. Саяси ойлар туралы анықтамалар, саяси көзқарастардың тарихы. Саяси ой тарихы - саяси ғылымның құрамдас бөлігі. Ежелгі дүниедегі саяси ойдың қалыптасуы. Орта ғасырлардағы араб-исламдық және батыс-еуропалық идеялар. Саяси теориялар мен доктриналардың Қайта өрлеу кезеңінен бастап ХХ ғасырға дейін қалыптасуы. Қазақ халқының мұрасындағы саяси ойлар. Еуразиялық идеялар.

1. Антикалық саяси ой

2. Орта ғасыр заманындағы саяси ой

3. Жаңа замандағы саяси ой

 

3. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат

Д. Жамбылов. Саясаттану оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастырыңыз. Саясат – қоғамдық құбылыс ретінде, оның табиғаты, мүмкіндіктері, шептері мен келешегі. Адам қызметінің маңызды саласы ретінде саясатқа деген талаптар. Адам – саясаттың жоғары мақсаты. Саясаттың гуманитарлық мәні, демократиялық мазмұны мен адамгершілік сипаты.

1. Саясаттың тарихи типтері.

2. Саясаттың негізгі түрлері: ішкі, сыртқы, олардың өзара байланысы. Ғылыми-техникалық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, мәдени, діни, экологиялық, әскери саясаттың мәні және мазмұны.

3. Саясаттың әлеуметтік негіздері.

Билік – саяси феномен ретінде

Билікті әлеуметтік феномен ретінде карастырады. Білімгерлерге саяси билік, мемлекеттік билік туралы түсініктеме береді. Е.С. Қуандық. «Саясаттану негіздері» оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастыру. Биліктің заңдылығы және легитимдігі. Билік түрлерінің эволюциясы. Билік ұғымы. Билік құбылысы, генезисі, мәні. Қоғам және билік. Билік қатынастарының субъективті-объективті астарлары. Билікті персонификациялау және фетишизациялау. Билік саяси режимдерде. Қазіргі әлемдік дамудағы биліктің орны.

1. Саясат элементтері.

2. Саясаттың қызметі, ішкі және сыртқы саясат

3. Биліктін қызметтері мен жіктелуі.

4. Биліктін легитимдігі.

5. Басқарудағы билік формалары: монархия мен республика, олардың нұсқалары, мемлекеттік құрылым: унитарлық, федерация, конфедерация.

 

Саясат субъектілері

Д. Жамбылов. Саясаттану оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастырыңыз. Саясат субъектілері. Билік жүйесіндегі олардың орны, рөлі, белгілері және әлеуеті. Саясат субъектілері ретіндегі әлеуметтік қауымдастықтар. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік стратификация. Саясат субъектілері ретіндегі этникалық топтар.

1. Саяси субъектілік түсінігі және саясат субъектісі ретінде тұлғаның қалыптасу шарттары. Тұлғаның саяси мүдделерін жүзеге асырудың материалдық, әлеуметтік-мәдени және саяси-құқықтық алғышарттары.

2. Тұлға мен қоғамның саяси мүдделерінің арақатынасы. Адам құқықтары мен еркіндігі. Оларды қамтамасыз етудің кепілдігі мен механизмдері. Азаматтың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың шарттары. Адамның саяси шеттелу мәселесін шешу.

3. Саяси элита ұғымы және саяси лидерлік

4. Бюрократизм – саяси феномен ретінде

 

6. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер

Рахымбаева А С Саясаттану: Дәрістер жиынтығы оқулығын пайдалана отырып келесі мәселелерді қарастыру. Саяси жүйе түсінігі, құрылымы мен элементтері. Қазіргі заманғы саяси жүйелер, оларды салыстыру. Саяси тұрақтылық пен саяси тәуекелділік. Саяси тұрақтылыққа баға беру, тәуекелділіктің алдын алу. Оқұлықты, сөздікті пайдаланып келесі ұғымдарға пайымдау беру: саяси жүйе, саяси режим, саяси жүйенің қызметтері.

1. Саяси жүйе ұғымы, құрылымы

2, Дәстүрлі және қазіргі саяси жүйелер

3. Саяси режимнің түрлері

4. Демократия және оның әралуандығы. Демократияның қазіргі формалары. Полиархия. Қауымдастық демократия. Делегативті демократия.

 

7. Сайлаулар мен сайлау жүйелері

Е.С. Қуандық. «Саясаттану негіздері» оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастыру. Сайлау – саяси институт ретінде. Сайлаудың қызметтері және жіктелуі. Тақырыпқа қатысты терминдерге глоссарий жазу.

1. Қазіргі сайлау жүйелері: мажоритарлы, пропорционалды және аралас.

2. Сайлау құқығы және қағидалары. Сайлау үрдісі және сайлау науқаны.

3. Сайлау технологиялары және оның түрлері

 

8. Мемлекет және азаматтық қоғам

Е.С. Қуандық. «Саясаттану негіздері» оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастыру. Мемлекет: ұғым тарихы және оны зерттеу әдістері, белгілері мен түрлері. «Билікті бөлудегі» заң шығарушы, атқарушы және сот жүйелері. Құқықтық мемлекет: қалыптасуы, қазіргі жағдайы. Оның құндылықтары мен негізгі принциптері. Азаматтық қоғамның қызмет етуі және өзіндік дамуының шарты. Тұлғаның әлеуметтік, интеллектуалдық, психологиялық дамуының жоғарғы деңгейі. Оқулықты, сөздікті пайдаланып келесі ұғымдарға пайымдау беру: мемлекет, мемлекеттің белгілері, мемлекет нысандары.

1. Мемлекеттің шығуы және оның мәні

2. Қазіргі мемлекет және оның ерекшелікті белгілері

3. Азаматтық қоғам ұғымы

4. Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекше белгілері

 

9. Саяси партиялар мен партиялық жұйелер, қоғамдық саяси қозғалыстар мен ұйымдар

Е.С. Қуандық.- Саясаттану негіздері оқулығын пайдалана отырып келесі мәселелерді қарастыру. Партия туралы түсінік. Партиялардың пайда болуы және дамуы. Оның түрлері, қызметі мен жүйесі. Қазақстандағы саяси плюрализм. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың қалыптасуы. Саяси блоктар. Сайлау жүйесі. Оқұлықты, сөздікті пайдаланып келесі ұғымдарға пайымдау беру: саяси партия, саяси клубтар, партиялық саяси жүйе.

1. Саяси партиялардың пайда болуы

2. Саяси партиялардың жіктелуі

3. Партиялық жүйелер ұғымы

4. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар

 





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.