ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Білім беру саласы: «Таным» Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Құрастыру Тақырыбы: Құрылыс материалы «Машинаға арналған гараж» Білімділік мақсаты: Құрастыру материалдарымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық мақсаты: Эстетикалық талғамын, қиялын дамыту. Тәрбиелік мақсаты: есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шыдамдылыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: шаттық шеңбері, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, сергіту сәті, ойын. Көрнекілігі: Суреттер, слайд, ойыншық, лего құрастырғыштары. Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс - әрекеті | Баланың іс-әрекеті | Мотивациялық қозғаушы Ізденуші-ұйымдастыру-шы Рефлексивті-коррекциялау-шы | Балалармен шаттық шеңбері ұйымдастырылады. Күлімде, күн, күлімде Жер жасарып көгерсін. Кешегідей бүгінде Қанат қақсын көгершін. Балаларға жылы лебіздер айта отырып, жақсы көңіл-күй сыйлау. Балалар бүгін бізде құрастыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті. Бүгін біз құрастырғыш материалдан машинаға арналған гараж жасауды үйренеміз. Балалар бізге машинаға арналған гараж не үшін қажет? Жарайсыңдар балалар олай болса біз машинаға арналған гаражды құрастырғыш материалдың көмегімен жасайтын боламыз. Ол үшін ең алдымен гараж жасауға қажетті құрастырғыштарды таңдап аламыз. Балалар жұмыстары. Жарайсыңдар балалар! Сендер тапсырмалардың барлығында дұрыс орындадыңдар. Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастыру, талдау, мадақтау. Жарайсыңдар балалар! Сергіту Ормандағы аю, қонжық Ұялардан бал іздеді. Мойындарын оңға бұрды Мойындарын солға бұрды Орман ішін аралады. Жарайсыңдар балалар орындарыңа отырыңдар. «Сиқырлы шар» Жай қимылды ойыны Жарайсыңдар балалар. Балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында не істедік? Кімге көмектестік? Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады ма? Жарайсыңдар балалар осымен ұ о іс-ә аяқталды сау болыңыздар! | | Күтілетін нәтиже: Нені білуі керек: v Құрастыру әрекетін дұрыс орындауды; Нені игерді: v Өзіне қажетті заттарды дұрыс таңдауды. v Машинаға арналған гараж жасауды. Не үйренді: v Құрылыс сипаттамасына сәйкес қажетті бөлшектерді дербес таңдауды. Күні: 09.12.2013ж Тәрбиеші: Алматова Ш. Т. «Балауса» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Жапсыру Тақырыбы: Сюжеттік «Мен не үшін Республикамды жақсы көремін» Білімділік мақсаты: Балалардың туған жерге, Отанға даген сүйіспеншілігін арттыру. Дамытушылық мақсаты: Суретті бөліктерден құру дағдыларын дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Эстетикалық талғаммен жұмыс жасау қабілетін тәрбиелеу. Әдіс-тәсіл: шаттық шеңбері, көрсету, сергіту жаттығуы, жай қимылды ойын, сұрақ-жауап. Қолданатын көрнекілік: суреттер, түрлі-түсті парақтар, желім, жұмыс парағы, ойын жаймасы, ойыншықтар. Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс - әрекеті | Баланың іс-әрекеті | Мотивациялық қозғаушы Ізденуші-ұйымдастыру-шы Рефлексивті-коррекциялау-шы | Балалармен шаттық шеңбері ұйымдастырылады. Күлімде, күн, күлімде Жер жасарып көгерсін. Кешегідей бүгінде Қанат қақсын көгершін. Балалар қане орнымызға отырамыз. Жарайсыңдар балалар! Балалар бүгін біз жапсыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде геометриялық пішіндердің көмегімен мен не үшін Республикамды жақсы көремін тақырыбында жапсыру жұмысын жүргіземіз. Ол үшін ең алдымен жұмыс парағын аламыз. Желімді жанымызға қоямыз. Геометриялық пішіндер көмегімен (төртбұрыш, шеңбер, ромб) өрнектер бейнелеу. Балалардың жұмыстары. Көмектесіп бағыт-бағдар беру. Балалар жұмыстарын талдап, ұжымда өзін жақсы көрсеткен балаларды мадақтау. Балалар жұмыстарының көрмесін әзірлеу. Сергіту сәті Апам үшін күнде мен, Отынға ағаш жарамын. Су құямын гүлге де, Дүкенге де барамын. Сыпырамын үй ішін, Жуам аяқ-табақты. Жылай қалса бөпемді, Жұбатамын ойнатып. Жарайсыңдар балалар. Орнымызға отырамыз. Жай қимылды ойын «Сыйқырлы ойыншықтар» Мақсаты: балалардың көңіл-күйін көтеру, сергіту. Бүгінгі ұ о іс-ә біз нені үйрендік? Қандай іс-әрекеттер жасадық? Сіздерге ұ о іс-ә ұнады ма? Жарайсыңдар балалар осымен ұ о іс-ә аяқталды сау болыңыздар! | | Күтілетін нәтиже: Нені білуі керек: v Желімді дұрыс пайдалануды. v Жапсыруда әр түрлі суреттерді мұқият жапсыру дағдыларын. Нені игерді: v Бөліктерді дұрыс орналастыруды. v Геометриялық пішіндер көмегімен туған жерінің көрікті бейнесін жасауды. Не үйренді: v Мұқият жапсыруды. v Қиялды жүзеге асыруды. Күні: 12.12.2013ж Тәрбиеші: Алматова Ш. Т. «Балауса» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Математика Тақырыбы: Жиын. Жиын элементі – жеке зат, бүтін топ. Қандай да бір белгісі бойынша жиынның бірнеше бөліктерін бөліп көрсету жаттығуы Білімділік мақсаты: Балаларды бүтінді 2 және 4-ке бөлуге үйрету, қимылды іс-жүзінде жүзеге асыру. Бөлудің бөліктерін көру, бүтіннің жартысы, екі бөліктің біреуі. Жарты деп нені айтатынын түсіндіру. Дамытушылық мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Балалардың бір-біріне көмектесуге деген ықыластарын арттыру. Инклюзивтік әлеумет: тұйық балаларға сиқырлы кітапты ашып, бүгін қандай қызық нәрсе үйренетінімізді білу. Әдіс-тәсіл: түсіндіру, салыстыру, беттестіру, сергіту жаттығуы, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын. Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Бала іс-әрекеті | Мотивациялық қозғаушы Іздену-ұйымдастырушы Рефлексивті коррекциялаушы | Сәлеметсіңдер ме балалар? Сендер қандай сұлусыңдар. Күлкілерің қандай әсем! Бүгін ерекше құлпырып кетіпсіңдер. Балалар бүгін мен жұмысқа келе жатсам, бір торғай маған Менде қағаз жолақша бар, мен оны ортасынан бүктеймін, ұшын бірдей етіп, үстін сипаймын. Мен нешеге бөлдім? Бүгін тең бөлікке бөлуді үйренеміз. Неше жарты шықты? Жарты деген не? Жарты-бүтіннің екіге бөлінген жартысы. Міне мынау да бүтіннің жартысы. Қайсысы үлкен бүтін бе әлде оның 2-ге бөлінген жартысы ма? Ал егер мен былай бүктесем (дәл ортасынан емес). Оны жарты деуге бола ма? Неліктен? Балаларға өздерінің алдындағы тікбұрышты бүктеу ұсынылады. Сергіту сәті: Бір дегенде тұрайық, 2,3,4-алақанды соғайық. Оң жаққа бұрылып, Сол жаққа бұрылып, Біз шынығып алайық. Жарайды, орнымызға жайғасамыз. Жарайсыңдар балалар! Дидактикалық ойын «Бөліктерді біріктір» Бүгінгі ұ о іс-ә біз нені үйрендік? Қандай іс-әрекеттер жасадық? Сіздерге ұ о іс-ә ұнады ма? Жарайсыңдар балалар осымен ұ о іс-ә аяқталды сау болыңыздар! | | Күтілетін нәтиже: Не білуі керек: · Балалар бүтінді, жартыны білу керек. Нені игереді: · Бүтіннің жартысы, екі бөліктің біреуі екенін меңгерді. Не үйренді: · Берілген сан бойынша заттарды көрсете алады. · Ай, апта аттарын білу. Күні: 13.11.2013ж Тәрбиеші: Алматова Ш. Т. «Балауса» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Түлкі мен қасқыр» ертегісі. Мазмұны бойынша әңгімелесу. (Ө.Тұрманжановтың «Ақбота» әңгімесі «Түлкі мен қасқыр» ертегісіне ауыстырылды) Білімділік мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіне білуге үйрету. балаларға түсіндіру барысында, сөздік қорларын байытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Дамытушылық мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыту, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін дамыту, еңбекті бағалап, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Тәрбиелік мақсаты: Еңбек етуге, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу. Балаларға ертегінің мақсатын түсінуге көмектесіп түлкі мен қасқырдың жол үстінде жатқан етке тап болғанын, бір-біріне сен жей ғой деп айтқан сөздерін дұрыс түсінуге, қуана білуге тәрбиелеу. Шыншылдыққа, өтірік айтпауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсіл: шаттық шеңбері, әңгімелеу, сергіту жаттығуы, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап. Қолданатын көрнекілік: суреттер, түрлі-түсті қарындаштар, тақта, жұмыс парағы. Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс - әрекеті | Баланың іс-әрекеті | Мотивациялық қозғаушы Ізденуші-ұйымдастыру-шы Рефлексивті-коррекциялау-шы | Балалармен шаттық шеңбері ұйымдастырылады. Армысың, алтын күнім! Жарқырап нұрын шашқан. Армысың, көк аспаным! Көгіңе самғап ұшсам. Армысың, жер-анам! Құшағын бізге ашқан. Армысыңдар, достарым! Әрқашан бірге жүріп, бірге ойнаған. Балалар қане орнымызға отырамыз. Жарайсыңдар балалар! Балалар бүгін «Түлкі мен қасқыр» әңгімесімен танысамыз. Мұқият тыңдап отырыңдар. -Ертегі не туралы? -Кімдер дос болыпты? -Түлкі мен қасқыр жол үстінде нені көрді? -Етті кім жеді? Неге олай болды? -Түлкі не деп жауап берді? Ертегінің мазмұнын сұрау. Сергіту сәті Мен шиемін, шиемін, Күннің көзін сүйемін. Қышқыл шырын менде бар, Төмен басты иемін. Жарайсыңдар балалар. Орнымызға отырамыз. Жай қимылды ойын «Айна» Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі ұ о іс-ә біз нені үйрендік? Қандай іс-әрекеттер жасадық? Сіздерге ұ о іс-ә ұнады ма? Жарайсыңдар балалар осымен ұ о іс-ә аяқталды сау болыңыздар! | | Күтілетін нәтиже: Нені білуі керек: v Әңгімені мұқият тыңдауды. v Өз ойын еркін жеткізуді. Нені игерді: v Мәтінді мән-мағынасын бұзбай әңгімелеуді. Не үйренді: v Үлкендерге көмектесу қажет екендігін. v Шыншыл болудың маңызды екенін. Күні: 11.12.2013ж Тәрбиеші: Алматова Ш. Т. «Балауса» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Таным» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология негіздері Тақырыбы: «Өлі табиғат байлығы. Өлі табиғаттың адам үшін мәні» Білімділік мақсаты: Өлі табиғат (тау – тас, өзен – көл т.б) туралы балалардың білімдерін жетілдіру, олардың ерекшеліктеріне түсінік беру. Дамытушылық мақсаты: Танымдық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: құлақты кірпі, саршұнақ, дала тасбақасы, қосаяқ, құлан. Қажетті құралдар: компьютер,тақырып бойынша слайд. Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті | Мотивациялық-қозғаушы | Балалар шаттық шеңберіне жиналады. Табиғат - біздің анамыз Бағалап оны қадірлеп Аялайтын боламыз Үйреніп оны сыйлауға Барымызды саламыз. Балалар сендерге М.Әлімбаевтың «Туған жерім тамаша» өлеңін оқып беремін, мұқият тыңдаңдар. О, алақай, туған жер! Жақыс-ау, бақша – бауларың. Көзге ыстық көрінер, Сенің асқар тауларың. Туған жердің жырларын, Қызғалдақтай терейік. Кең өлкенің қырларын, Жүр аралап келейік! Балалар өлең не туралы? | | Ізденуші-Ұйымдастыру-шы | Балалар бүгін бізде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті экология негіздері. Бүгін біз өлі табиғаттың маңыздылығы туралы жұмбақтар жасырамын, ал сендер шешімін тауып көріңдер 1.Жұрттың бәрі соны сүйеді, Бірақ қарағысы келмейді (Күн) 2.Бар ма, жоқ па анық оны білмейсің, Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа) 3.Бір зат бар дүниеде құшағы кең, Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең. Адамзат, жан-жануар арасында Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген. (Жер) 4.Жылт – жылт еткен, жырадан өткен. (Су) Балалар, ауа, су, жер, күн, тас – бұлар өлі табиғатқа жатады. Өйткені олар тыныс алмайтын, қоректенбейтін, қозғалмайтын, сезбейтін, өспейтін нәрселер. Балалар табиғат туралы мақал-мәтелдер айтып үйренейік: 1. Жаз сайға қонба, Қыс қырға қонба. 2. Бұлт ала, жер шала. 3. Нөсер алдында найзағай ойнайды. 4. Тау кезеңсіз болмас, Өлке өзенсіз болмас. Сергіту сәті Аспан, аспан арайлым, Саған күнде қараймын. Мөлдіреген көгіңде, Самғап ұшу арманым. Жұлдыздарға қараймын, Бір-біртіндеп санаймын. | | Рефлексивті-түзетушілік | Жарайсыңдар балалар! Зерттеу жұмысы. Балалармен судың ерекшелігі туралы зерттеу жұмысын жүргізеді. Онда судың қасиеттерін анықтайды. Судың пішіні жоқ, ол қандай ыдысқа құйылса сол пішінге ие болатыны анықтайды. Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі ұ о іс-ә біз нені үйрендік? Қандай іс-әрекеттер жасадық? Сіздерге ұ о іс-ә ұнады ма? Жарайсыңдар балалар осымен ұ о іс-ә аяқталды сау болыңыздар! | | Күтілетін нәтиже Нені білуі керек: Ø Өлі табиғатқа нелер жататынын. Нені игереді: Ø Өлі табиғатты ажыратып, оның адма үшін қажеттілігін. Нені біледі: Ø Зерттеу жұмысын жүргізуді. Күні: 12.12.2013ж Тәрбиеші: Алматова Ш. Т. «Балауса» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Сурет салу Тақырыбы: Сюжетті «Ертегіде қонақта» Білімділік мақсаты: Ертегі кейіпкерлерінің бейнесін салуды және жануарлар мен адамның мінез-құлқына тән ерекшеліктерді бейнелей білуді үйрету. Дамытушылық мақсаты: Бейнелеу үшін түстерді таңдау дағдысын дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Эстетикалық талғамын тәрбиелеу. Кеңістікті дұрыс бағдарлауды тәрбиелеуді жалғастыру. Көрнекі құралдар: суреттер, слайд. Иннклюзивтік әлеумет: тұйық балаларға сиқырлы кітапты ашып, бүгін қандай қызық нәрсе үйренетінімізді білу. Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсеу, сергіту жаттығуы, сұрақ-жауап, жай қимылды ойын. Іс - әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс - әрекеті | Баланың іс - әрекеті | Мотивациялық қозғаушы Іздену ұйымдастыру-шы Рефлексивті-коррекциялау-шы | Балалармен шаттық шеңбері ұйымдастырылады. Армысың, алтын күнім! Жарқырап нұрын шашқан. Армысың, көк аспаным! Көгіңе самғап ұшсам. Армысың, жер-анам! Құшағын бізге ашқан. Армысыңдар, достарым! Әрқашан бірге жүріп, бірге ойнаған. Балалар қане орнымызға отырамыз. Жарайсыңдар балалар! Балалар бүгін бізде сурет салу оқу іс-әрекеті. Балалар сіздер қандай ертегілерді білесіңдер? Сіздерге қандай ертегілер ұнайды? Жарайсыңдар балалар. Олай болса бүгін біз ертегіде қонақта, яғни өзіміздің достарымыздың ертегіге қонаққа баруының суретін саламыз. Ал сендер дайынсыңдар ма? Суретті салу үшін геометриялық пішіндерді пайдаланамыз. Жарайсыңдар балалар! Олай болса жұмыс парағымызды аламыз. Ал енді жұмысымызды бастаймыз. Жұмыс парағын өздеріңізге қолайлы етіп орналастырыңыздар. Сурет салуды бастаймыз. Балалар жұмыстары. Сергіту сәті Тауық тары жинапты, Оны ешкімге қимапты. Бөтегесін толтырып, Қамбасына құймапты. Қыста тауық қарқылдап, Тары іздеп жүр тарқылдап. Балалар жұмыстарын талдау. «Сиқырлы шар» Жай қимылды ойын Мақсаты: белсенділігін дамыту. Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі ұ о іс-ә біз нені үйрендік? Қандай іс-әрекеттер жасадық? Сіздерге ұ о іс-ә ұнады ма? Жарайсыңдар балалар осымен ұ о іс-ә аяқталды сау болыңыздар! | | Күтілетін нәтиже: Білуі керек: · Кеңістікті бағдарлауды. Игеру керек: · Геометриялық пішіндерді пайдаланып отырып ертегіні бейнелеуді. · Ертегі кейіпкерлерінің бейнесін салуды және жануарлар мен адамның мінез-құлқына тән ерекшеліктерді бейнелей білуді. Үйрену керек: · Бейнелеу үшін түстерді таңдауды. · Достарымен достық қарым-қатынаста жұмыс жасауды. Күні: 10.12.2013ж Тәрбиеші: Алматова Ш. Т. «Балауса» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Мүсіндеу Тақырыбы: Заттық «Тостаған» Білімділік мақсаты: Балаларды сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен таныстыру, түрлі әдістерді қолданып, ыдыс-аяқ жасауды және бұйымның сыртын дымқыл шүберекпен өңдей отырып, пішіннің бетін тегістеуді, бұйымды орнықты етіп бекітуді үйрету. Дамытушылық мақсаты: Тұзды қамырмен мүсін жасауға қызығушылығын дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Достарына көмектесе білуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсіл: түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ-жауап, сергіту жаттығуы. Қолданатын көрнекілік: тұзды қамыр, суреттер, жұмыс тақтасы, сүрткіштер. Іс - әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс - әрекеті | Баланың іс-әрекеті | Мотивациялық қозғаушы Ізденуші-ұйымдастыру-шы Рефлексивті-коррекциялау-шы | Балалармен шаттық шеңбері ұйымдастырылады. Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Ренжуді білмейміз. Балалар қане орнымызға отырамыз. Жарайсыңдар балалар! Балалар мен бүгін бізде мүсіндеу оқу іс-әрекеті. Бүгін біз тастағанның мүсінін тұзды қамырдан дайындайтын боламыз. Жарайсыңдар балалар. Ал сендер дайынсыңдар ма? Ал мен сіздерге көмектесемін. Ол үшін ең алдымен жеңімізді түреміз. Жұмыс тақтасын дұрыс орналастырамыз. Барлығыңызға тұзды қамырды қажетті мөлшерде таратамын. Бұл тұзды қамырдың көмегімен тостағанды әзірлейміз. Бөлікті алақанның арасында сағат тілі бойынша айналдыру арқылы дайындап аламыз. Түрлі әдістерді қолданып, ыдыс-аяқ жасауды және бұйымның сыртын дымқыл шүберекпен өңдей отырып, пішіннің бетін тегістеуді, бұйымды орнықты етіп бекітеміз. Балалар жұмыстары. Сергіту сәті Апам үшін күнде мен, Отынға ағаш жарамын. Су құямын гүлге де, Дүкенге де барамын. Сыпырамын үй ішін, Жуам аяқ-табақты. Жылай қалса бөпемді, Жұбатамын ойнатып. Балалар жұмыстарын талдау. Саусақ ойыны «Саңырауқұлақ» Шынашығым, орманға бар! Шылдыр шүмек, саңырауқұлақ тап! Ортан терек, тазалап ал! Балаң үйрек, қуыра сал! Бас бармағым, барлығын жеп Өсіп қапсың толып. Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі ұ о іс-ә біз нені үйрендік? Қандай іс-әрекеттер жасадық? Сіздерге ұ о іс-ә ұнады ма? Жарайсыңдар балалар осымен ұ о іс-ә аяқталды сау болыңыздар! | | Күтілетін нәтиже: Нені білуі керек: Ø Мүсіндеу іс-әрекетін тазалықты сақтап орындауды. Ø Достарына кедергі жасамауды. Нені игерді: Ø Тұзды қамырмен тостағанды дайындауды. Ø Бұйымның сыртын дымқыл шүберекпен өңдей отырып, пішіннің бетін тегістеуді, бұйымды орнықты етіп бекітуді. Ø Балалар өздігінен шығармашылық қабілеттерін көрсете алады. Не үйренді: Ø Саусақ ойындары арқылы қолға жаттығулар жасауды. Ø Есте сақтау қабілеттерін жаттықтырды. Күні: 13.12.2013ж Тәрбиеші: Алматова Ш. Т. «Балауса» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Әлеуметтік орта Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: Ынтымақты Қазақстан Білімділік мақсаты: Тәуелсіз еліміз туралы түсініктерін толыұтыру. Көпұлтты республикамызда татулық, достық орын алғандығын түсіндіру. Дамытушылық мақсаты: Шағын әңгіме құрауға үйрету. Тәрбиелік мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларды өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, өз елінің тарихына деген қызығушылығын арттыру. Әдіс-тәсіл: түсіндіру, көркем әдебиет, көрсету, ойын, сұрақ-жауап, сергіту жаттығуы. Қолданатын көрнекілік: суреттер, жұмыс тақтасы, ойыншықтар. Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті | Мотивациялық қозғаушы | Сәлеметсіңдер ме балалар? Бүгін бізде қоршаған ортамен таныстыру оқу іс-әрекеті. Армысың, алтын күнім! Жарқырап нұрын шашқан. Армысың, көк аспаным! Көгіңе самғап ұшсам. Армысың, жер-анам! Құшағын бізге ашқан. Армысыңдар, достарым! Әрқашан бірге жүріп, бірге ойнаған. | | Іздену- ұйымдастыру-шы | -Балалар, бүгінгі өтілетін оқу іс-әрекеті балалар ынтымақты Қазақстан туралы болмақшы. Алтай – Жайық арасы, Жарты әлемдей даласы. Ол – біздің Қазақстан. Кеңге толған қойнауы Төлге толы жайлауы, Ол – біздің Қазақстан Анамыздай тілеуі – ақ, Отан бізде біреу-ақ Ол – біздің Қазақстан Қазақстан туралы әңгіме жүргізу. Отан дегеніміз не? Иә, бұл сендер тұратын жер, туған үйлерің, сенің жерің және халқың. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Балалардың назарын Қазақстан картасына аударып. Қазақстанның шекарасын көрсету. Қазақстанда көптеген қалалар, ормандар, далалар, таулар, өзен-көлдер, пайдалы қазбалар бар. Қазақстанның өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Мемлекеттік рәміздер туралы әңгімелесу. Біздің еліміздің туының түсі қандай? Қ.Р.Мемлекеттік елтаңбасында не бейнеленген? Тәуелсіз Қазақстанның елбасы кім? Әнұран дегеніміз не? Сергіту сәті | | Рефлексивті коррекциялау-шы | Әр мемлекеттің өз әнұраны болады. Ал, қазір орнымыздан тұрып,әнұранымызды орындайық. Балалар өздерінің достарын еркелетіп айтады. Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі ұ о іс-ә біз нені үйрендік? Қандай іс-әрекеттер жасадық? Сіздерге ұ о іс-ә ұнады ма? Жарайсыңдар балалар осымен ұ о іс-ә аяқталды сау болыңыздар! | | Күтілетін нәтиже: Білуі керек: · Рәміздер туралы. Игеру керек: · Ынтымақты Қазақстан туралы. Үйрену керек: · Елімізде татулық, достық орын алғанын. Күні: 13.12.2013ж Тәрбиеші: Алматова Ш. Т. |