МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Экономиканы мемлекеттік реттеу объектісі





Экономиканы мемлекеттік реттеу объектісі

А) баға мен табыстың өсуі

Б) экономикалық саясатты жүзеге асыру

В) мемлекеттің өз облигацияларын сатуы немесе сатып алуы

Г) қоршаған орта

Д) халықтың әлеуметтік жағдайы

5.Төмендегілердің қайсысы «Дефляциялық саясат» деп аталады?

А) қысқа мерзімді реттеу

Б) ұзақ мерзімді реттеу

В) әкімшілік реттеу

Г) мемлекеттік реттеу

Д) баға мен табысты реттеу

6.Ақша- несие саясаты- бұл...

А) қоғамдық пайдалану салаларына бақылау жасау

Б) мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту

В) нақты салалық және аймақтық проблемаларды шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жеңілдікпен несие беру

Г) қаражат бақылауларын жүзеге асыру

Д) барлық шаруашылық субъектілері үшін міндетті болып табылатын реттеу әдісі

7.Экономикалық өсудің топтары:

А) өндіріс пен тұтыну құралдары

Б) экономикалық және әлеуметтік жағдайлар

В) сұраныс және ұсыныс

Г) жеке, мемлекеттік

Д) дұрыс жауабы жоқ

8.Адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субъектілері үшін міндетті болып табылатын реттеу әдісі.

А) тікелей

Б) әкімшілік

В) әлеуметтік

Г) салықтық

Д) жанама

9.Тікелей реттеу әдістеріне төмендегілердің қайсысы жатады?

А) ақша саясаты, баға, табыс реттеу

Б) баға, табыс реттеу, лимиттер бекіту

В) мемлекеттік сатып алу, несие саясаты

Г) бюджеттік саяссат

Д) мемлекеттік реттеу

10.Әлеуметтік саясат –бұл...

А) жағдайы нашар жанұяға көмек, медицина, халықты жұмыспен қамту және т.б салаларды құрайды

Б) фискальдық және ақша-несие саясатынан құрылады

В) бақылаудың түрлерін жүзеге асырады

Г) мемлекеттің сауда саясатын және валюта курсын басқарады, лицензия жүйелерін қарастырады

Д) мемлекеттің ақты салалық және аймақтық проблемаларын шешуге жеңілдікпен несие береді.

11. Қазақстан республикасы қай жылы жекешелендіруге көшті?

А) 1994 ж

Б) 1993 ж

В) 1992 ж

Г) 1991 ж

Д) 1990 ж

12.Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі объектісі:

А) халықтың әлеуметтік жағдайы

Б) кәсіпорын

В) қоршаған орта

Г) ұжым

Д) мал шаруашылығы

13.Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеті:

А) нарықтың механизмдерін пайдалана отырып, экономикалық реформалардың тиімді жолын қамтамасыз ету; табыс ресурстарынының дұрыс таралуын көздеу

Б) экономикалық саясаттың қалыптасу заңдылықтарын, тәртіптерін және прнициптерін айқындап көрсету

В) табиғи және мәдени мұралардың құнды объектілерін сақтап қалу

Г) операциялық болжау мен жоспардың реттелуі

Д) дұрыс жауап жоқ

14.Қарызды өтеуге заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі

А) вексель

Б) акция

В) облигация

Г) чек

Д) опцион

15.Фискалды саясат –

А) қоғамдық пайдалану салаларына бақылау жасау

Б) мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, кәсіпорындарға бюджет есебінен субсидия беру



В) нақты салалық және аймақтық проблемаларды шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру үшін жеңілдікпен несие беру

Г) мемлекеттің өз облигацияларын сатуы немесе сатып алуы

Д) дұрыс жауап жоқ

16.Акционерлік қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз.

А) вексель

Б) облигация

В) акция

Г) чек

Д) опцион

17.Төмендегілердің қайсысы «Дефляциялық саясат» деп аталады?

А) қысқа мерзімді реттеу

Б) ұзақ мерзімді реттеу

В) әкімшілік реттеу

Г) мемлекеттік реттеу

Д) мемлекеттік реттеу

18.Ғылыми техникалық прогресс нысандары:

А) техникалық, ақпараттық

Б) эволюциялық, революциялық

В) экономикалық, әлеуметтік

Г) жек, мемлекеттік

Д) өндірістік, ақпараттық

19.Жиынтық сұраныс пен ұсынысты теңестірудің мәселесі болып не табылады?

А) несиенің пайыз нарқының өсуі

Б) салық нарқын өзгерту

В) несие, салықтың есептелуі

Г) дұрыс жауап жоқ

Д) нарыққа ұсынылатын тауарлардың өндірістік шығындар мөлшерін анықтау

20.Мемлекеттік баға реттеудің басты объектісі болып не саналады?

А) мал шаруашылығы

Б) ауыл шаруашылығының өндірісі

В) салық салу механизмі

Г) нарық көздері

Д) қоршаған орта

 

21.Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерінің түрлері.

А) ішкі, сыртқы

Б) әлеуметтік, экономикалық

В) тікелей, жанама

Г) қаржылық, ақпараттық

Д) дұрыс жауабы жоқ

22.Экономикалық өсу дегеніміз не?

А) жыл сайынғы қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы

Б) баға мен табысты реттеу

В) мемлекеттік реттеудің маңызды құралы

Г) экономиканы қаржыландыру және тұрақтандыру

Д) ай сайынғы өнімнің сапалығын арттыру

23.Қай саясат мемлекеттік бюджеттен реттеу құралдарын қамтиды?

А) ақша – несие саясаты

Б) фиськалдық саясат

В) әкімшілік реттеулер

Г) бюджет саясаты

Д) қаржы саясаты

Экономиканы мемлекеттік реттеу объектісі

А) баға мен табыстың өсуі

Б) экономикалық саясатты жүзеге асыру

В) мемлекеттің өз облигацияларын сатуы немесе сатып алуы

Г) қоршаған орта

Д) халықтың әлеуметтік жағдайы

25.Төмендегілердің қайсысы «Дефляциялық саясат» деп аталады?

А) қысқа мерзімді реттеу

Б) ұзақ мерзімді реттеу

В) әкімшілік реттеу

Г) мемлекеттік реттеу

Д) баға мен табысты реттеу

 

16. Студенттің білімін бағалау жүйесі

 

Ағымдағы үлгерімді бағалау ағымдағы бақылау және рубеждік (аралық) бақылау бағаларынан тұрады.

Үлгерімді ағымдық бақылау – оқу сабағын жүргізуші оқытушының пәннің әр оқу тақырыптары бойынша студенттің жетістіктерін жүйелі түрде тексеруі.

Рубеждік бақылау оқу пәнінің ірі бөлімдерін (модульдерін) аяқтаған соң жүргізілетін бақылау.

Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім бағасы мен қорытынды бақылаудың бағасынан тұрады. Ағымдағы үлгерімді бағалау (жіберу рейтингі) пән бойынша қорытынды бағаның 60% құрайды. Емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40% құрайды.

Студенттің білімін бағалау балдық - рейтингтік әріптік жүйе бойынша сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару арқылы жүзеге асады.

 

16.1 Студенттің рейтингін қою шкаласы*

Үлгі

Бақылау түрі 1-рейтингті бағалау критерийі (Р1), % Апта 1-рейтинг қорытындысы, (Р1) 2-рейтингті бағалау критерийі (Р1), % Апта 2-рейтинга қорытындысы, (Р1)
1. Форумға, чатқа қатысу      
2. Дәрісті конспектілеу                              
3. СОӨЖ тапсырмаларын орындау      
4. СӨЖ тапсырмаларын орындау (курстық жұмыс)          
5. Рубеждік бақылау тапсырмаларын орындау                            
6. Басқа түрлері (қандай түрлер екенін көрсету)                                  
Барлығы                              
  Қорытынды бағадағы үлесі                                  

16.2 Қорытынды бағаны есептеу

Пән бойынша қорытынды баға пайыздық мазмұнда келесі формула бойынша есептеледі:

И% = Р1+Р2 х 0,6 + Э х 0,4

2

мұндағы:

Р1 –1- рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны;

Р2 – 2- рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны;

Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны (тест-емтихан).

 

 

16.3 Студенттің оқу жетістіктерінің балдық - рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау және сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару

Әріптік жүйе бойынша бағалау Баллдардың сандық баламасы Оқу пәнін меңгерудің %-қ мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
A 4,0 95-100 үздік
A- 3,67 90-94  
B+ 3,33 85-89 жақсы
B 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық
C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 қанағаттанарлықсыз

Алматы экономика және статистика академиясы

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

 

ЭЛЕКТРОНДЫ ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

 

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша

 

«5В050900 «Қаржы», «5В050800 «Есеп және аудит», мамандығы

 

 

Алматы, 2010ж.

 

Электронды дәріс кешенінің құрылымы

Тақырып 1: Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның обьектісі

1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) обьективті қажеттілігі мен оның мәні

2.Институтционализм және оның негізін салушылар

3.Мемлекеттік реттеудің обьектілері: макросфера, экономиканың өндірістік, инфрақұрылымдық, әлеуметтік сфералары мен олардың аймақтық құраушылары.

4. ЭМР-дің субьектілері, олардың әлеуметтік экономикалық және шаруашылық мүдделері

1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) обьективті қажеттілігі мен оның мәні

Мемлекет – саяси биліктің институты. Ең алғаш рет stato терминін Н.Маккиавелли мемлекетті саяси биліктің институты ретінде бейнелеу үшін енгізді. Мұндай институт еңбектің қоғамдық бөлінуінің, жеке меншік пен кластардың пайда болуының заңды нәтижесі болып табылды.

Алдымен, жеке тұлғалар, одан соң бірнеше топтар белгісіз органға өз функцияларын берді. Мұндай орган бірте-бірте белгілі бір аймақта өмір сүретін халықты заңды түрде мәжбүрлеу құралдарын иеленген институтар жүйесіне айналды. Заңдық, атқарушы және сот билігі арқылы нормалық, реттеу және бақылау функияларын атқаратын мемлекет осылай пайда болды.

Мемлекет – бұл тек саяси басқару органы ғана емес, бұл саяси билік органы, бұл экономикалық жағынан үстемдік етіп отырған кластың қолындағы саяси қару.

Мемлекет «түнгі қарауыл» ретінде. XVII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың ортасына дейін мемлекеттің ролі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, олардың мүлкін сақтаумен (меншік құқығын қорғау), шаруашылық субъектілердің өзара қарым-қатынасы үшін қажетті құқықтық база жасаумен, келісім-шарттардың орындалуын бақылаумен байланысты функцияларды орындаумен шектелді. Бұл кезеңде мемлекеттің неғұрлым толық анықтамасын ешкім де, ешнәрсе де қалыптасқан тәртіпті бұзбауын бақылауы қажет «түнгі қарауылмен» теңестіру арқылы түсіндіруге болады.

Мемлекеттік саясат XX ғасырдың 50-жылдарының ортасы мен 70-жылдарының ортасына дейін келесідей алғы шарттар негізінде қалыптасты:

1. Экономика тек қана жеке капиталистік емес, аралас болуы қажет. Экономикаға мемлекеттің араласу қажеттілігі нарықтық экономиканың ресурстарды тиімді бөле алмайтын кемістігінен туындады. Мұндай кемшіліктерге қоғамдық игілік, табиғи монополия және сыртқы әсерлердің болуы мен ақпараттың толық еместігі жатады.

2. Нарық өз-өзінен тұрақты макроэкономикалық нәтижелерге әкеле алмайтындықтан реттелінген макроэкономикалық саясат қажет.

3. Нарық өз-өзінен табысты бірдей бөлістіре алмайды. Сондықтан мемлекет бір жағынан, табысты бөлістіруді реттеуі қажет, ал екінші жағынан – қандай да бір себептермен табыс көзінен айырылып қалғандарды қорғауы қажет. Солармен бір мезгілде мемлекет білім беру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуы қажет.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген саяси партиялардың бағдарламалық құжаттарында, сондай-ақ Батыс Европаның үш мемлекетінің конституциясында (ГФР Негізгі Заңы 1949 ж., Франция Конституциясы 1958 ж., Испания Конституциясы 1978 ж.) «әлеуметтік мемлекет» термині пайда болды. Қазақстан Республикасы да өзін ҚР Конституциясында «әлеуметтік мемлекет» деп жариялады (1995 ж.)

Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігін түсіндіретін факторлар бірнеше, олар келесі кестеде топтап көрсетілген.

 

Кесте 1.

Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігін түсіндіретін факторлар

Факторлар тобы   Факторлар мазмұны  
1. Нарықтық механизмнің жағымсыз эффектілерінің әсерін төмендететін факторлар 1. Қоғамдық тауарлар өндірісін, қоғамдық қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды қамтамасыз ету 2. Әлемдік нарықта бәсекелестіктің күшеюі
2. Ұлғаймалы ұдайы өндірісті, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін факторлар   1. Экономиканың циклға қарсы дамуын қамтамасыз ету. Халық шаруашылығының тиімді құрылымын жасау. Ақша айналымын реттеу. Ғылым, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына ықпал жасау. Аз рентабельді салаларда мемлекеттік инвестицияға қажеттілік
3. Әлеуметтік проблемаларды шешумен байланысты факторлар   1. Әлеуметтік тұрақтылықтың экономикалық негіздерін қамтамасыз ету, әлеуметтік кернеуді қысқарту. 2. Халықтың толық жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.  

 

Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі, басты мақсаты қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Кез келген мемлекетте мемлекеттік реттеудің бұл басты мақсатының тікелей салдары экономикалық өсудің бастапқы жағдайы мен потенциалының қалыптасуы, ал осының негізінде – халықтың әл-ауқатының жоғарылауы болып табылады.

2.Институтционализм және оның негізін салушылар

Кез-келген экономикалық жүйе экономиканың негізгі үш мәселемін шешеді: не, қалай және не үшін?

 

 

Әр экономикалық жүйеде экономиканың басты үш мәселесі шаруашылық жүргізу процесінде түрліше шешіледі. Шаруашылық жүргізу шығындар мен нәтеделер мөлшерінің сәйкес болуын көздейді.

Экономикалық өмірдегі шығындар мен нәтежелер әр түрлі. Тиімділіктің мынадай түрлері ажыратылып жүр:

А) ресурстық тиімділік, мұнда нәтеже өндіріс факторларының бірімен: еңбек, капитал, материалдармен (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материал қайтарымы) қатынасы

Б) жалпы тиімділік, мұнда нәтеже жалпы ағымдағы шығындармен қатынасы

Сонымен қатар, экономикалық жүйені жұмыс істеудің шығыны да ажыратылып жүр. Кез келген экономикалық процесс мәлімелері табылады, олардың жүзеге асырылуы транакциялық шығынмен байланысты.

Трансакциялық шығындар түсінігін американдық экономист Р.Коуз енгізді. Нарықтың қызметі трансакциялық шығындары үнемдеу болып табылады. Трансакциялық шығындар теориясы тұрғысынан нарықтың басты басымдылығы ретінде оның ақпаратқа айырбастауға әр қатсушының шығындарын төмендету тенденциясы жүреді. Ақпараттыалуға жұмсалатын шығындар барлық трансакциялық шығындардың негізгі бөлігін құраса, онда осы игілікті өндрушілер мен тұтынушылар арасындағы қатынастар нарық түрінде ұйымдастырылады. Бұл кезде ақпарат шығындарының абсолюттік денгейінің өзі, өзінің өндірістік шығындарымен салыстырғанда өте жоғары бола алмайды, басқаша жағдайда нарық шекарасы өте тар болып, алушылар саны нарықтық қатынастардың тұрақты әрекет етуіне қажет кейбір қауіпті мәнінен аса алмай қалады.

Трансакциялық шығындар – айырбас саласындағы спецификамен және меншік құқығының қорғалуымен байланысты шығындар. Экономикалық жүйе неғұрлым жақсы ұйымдастырылса, трансакциялық шығындар көлемі соғырлым кіші болады.

Экономикалық жүйе элементтерінің экономикалық ықпал етуі институттар көмегімен жүзеге асырылады.

Институттар – экономикалық жүйелер арасындағы өзара әрекеттесуді реттеп отыратын ережелер мен нормалар. Институттарды таңдаудағы басты мақсат –трансакциялық шығындарды минимумға жеткізу болып табылады.

Институттар жасалуына мемлекеттің ролі зор. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің басты міндеті – бизнес жүргізу және бәсекелестік үшін жағымды шаруашылық жағдайлар тудыру.

Экономикалық жүйенің қызмет етуіндегі мемлекеттің қатысуы мына негізгі міндеттерді орындаумен байланысты:

1. Экономиканы қажетті ақша мөлшерімен қамтамасыз ету;

2. Сыртқы жағымсыз әсерлерден реттеу;

3. Қоғамдық игіліктерге деген қажеттерді қанағаттандыру;

 

3.Мемлекеттік реттеудің обьектілері: макросфера, экономиканың өндірістік, инфрақұрылымдық, әлеуметтік сфералары мен олардың аймақтық құраушылары.

 

Мемлекеттік реттеудің обьектілеріне – ұлттық экономикалық тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік органдар назарының бағытталған обьектілерін атауға болады.

Экономика сферасындағы мемлекеттік әсере теу бағытының негізгі обектілерне мыналар жатады.

- жекешелендіру

- меншік формаларының құрылымы

- халықаралық әлеуметтік, экономикалық, салалық, аймақтық

- экономикалық цикл

- ақша айналымы

- баға, антиинфляциялық процестер

- бәселестік орта

 

4. ЭМР-дің субьектілері, олардың әлеуметтік экономикалық және шаруашылық мүдделері

Экономика саясатының субьектісі –бұл мемлекеттің өзі деп түсіндіріледі. Экономика саясатының субьектісіне мемлекет, оның құрамына қарай аймақтық, жергілікті, басқарушы органдар және т.б. жатады. Айтылған субьектілердің қозғалу сипаты әртүрлі. Мемлекет экономикалық және саяси билікке бөлінеді. Мемлекеттік билік еліміздің халықтары және әртүрлі өндіріс топтпрының экономикалық мүдделерін қорғау үшін қажет.

 

Тақырып 2: Экономикадағы мемлекеттік реттеудің методологиясы жөніндегі ұғым және оның элементтері

1.Ұдай өндіріс айналымы және экономикалық құбылыстардың өзара байланысы

2.Жиынтық сұраным мен ұсыным, олардың өзара байланысы

3.Макроэкономикалық институтционалдық, ақпараттық, ресурстық әдістер

 

 

1.Ұдай өндіріс айналымы және экономикалық құбылыстардың өзара байланысы

Қоғамдық ұдайы өндіріс қоғамдық өндірістің өзінің қайта жаңаруының үздіксіз ағымындағы процесі болып табылады, оның нәтежесі – қоғамдық өнім.

Ұдай өндірістің екі типі бар:

1) жай

2) кеңейтілген

Жай ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымда қайталануы; сондықтанда алынған табыстың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады.

Кенейтілген ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің ұлғайтылған ауқымда қайталануы, өйткені алынған табыстардың бір бөлігіне қосымша ресурстар сатып алынады, ал олар пайдалану есебінен өндіріс процесі ұлғайтылған ауқымда жаңғыртылады.

 

Сызба 1. Өндіріс тәсілі және оның құрылымы

 

 

Ұдайы өндірістің кеңейтілген типі үш түрлі болады:

1. интенсивті

2. экстенсивті

3. аралас

 

Интенсивті   Аралас   Экстенсивті
Техникамен технологияны жетілдіру нәтежесінде өндірістік әлеуеті ұлғайту.   Өндіріс қуатын пайдаланылатын өндіріс факторлары санын ұлғайту және техника мен технологияны жетілдірунәтежесінде ұлғайту   Өндіріс қуатын пайдаланылатын өндіріс факторлар санын көбейту нәтежесінде ұлғайту

 

2.Жиынтық сұраным мен ұсыным, олардың өзара байланысы

 

Сұранысты тұтынушылар белгілі бір баға бойынша және қандайда уақыт ішінде сатып алуға дайын тауар саны ретінде анықтауға болады. Қандайда бір тауарға деген сұраныс көлемі деп жеке адам, адамдар тобы немесе жалпы халық белгілі бір шарттармен уақыт бірлігінде сатып алуға келісетін осы тауардың максималды саны аталады.Осы шарттарға : осы тауар бағасы, басқа тауарлар бағасы, ақша табысының шамасы, тұтынушы қалауы мен болжамдылық беруі, мүлік жинау және басқалар жатады.

Сұраныс көлемінің оны анықтаушы факторларға тәуелділігі сұраныс қызметі деп аталады. Сұраныс көлеміне әсер ететін басқа факторларды өзгермейтін шама дап алсақ тауар бағасы мен оған деген сұраныс шамасы арасындағы тәуелділік сұраныстың бағадан болатын қызметі түрін қабылдайды.

Нарықта сұранысқа тауардың белгілі бір ұсынысы қарсы тұрады. Ұсыныс дегенде өндірушінің тауар сатуға дайындығын түсінеміз. Ұсыныс көлемі – бұл сатушының немесе сатушылар тобының белгілі бір шартпен уақыт бірлігінде сатуға қоятын қандайда бір тауар бірлігінің максималды саны. Ұсыныс көлемінің оны анықтайтын факторларға тәуелділігі ұсыныс қызметі деп аталады.

3.Макроэкономикалық институтционалдық, ақпараттық, ресурстық әдістер

 

Белгілі бір блоктарға топталған нақты мақсаттар неғұрлым жалпы мақсаттарға жетуге көмектеседі:

I. Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұзақ мерзімді циклдық және қысқа мерзімді конъюнктуралық ауытқуларды теңестіру:

- ұлттық экономиканың салалық және аймақтық құрылымын реттеу;

- экономикалық өсуді қамтамасыз ету;

- ұлттық валютаның тұрақтылығын қолдау;

- толық жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

- сыртқыэкономикалық тепе-теңдік;

II. Халық шаруашылығының қызмет етуінің шекаралық жағдайларын қамтамасыз ету:

- территориялық тұтастықты қамтамасыз ету;

- экономиканың қызмет етуінің құқықтық негіздерін қамтамасыз е ту;

- ішкі тәртіпті қолдау.

III. Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету:

- халықтың әртүрлі топтарының әлеуметтік қамтамасыз етілуі;

- әлеуметтік қызметтер ұсыну;

- халықтың қоғамдық игіліктермен қамтамасыз етілуі;

IV. Шаруашылық қызметті үйлестіру:

- нарық конъюнктурасы туралы, халық шаруашылығының перспективасы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

- ынталандыру механизмін, мақтау және санкция жүйесін жасау;

V. Бәсекелестік ортаны қолдау:

- экономикалық, құқықтық жағдайларды, бәсекелестік қатынас жүйесінің ережелерін жасау, бәсекелестік ортаны қорғау;

- әділетсіз бәсекелестікке қарсы күрес;

- монополизммен күрес;

- кәсіпкерлік белсенділіктің дамуының стратегиялық және тактикалық іс-шараларын жасау (қаржы, салықтық, кедендік т.б.)

- шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау.

VI. Экономикадағы мемлекеттік секторды басқару:

- мемлекеттік кәсіпорындарды басқару;

- мемлекеттік меншікті (барланған пайдалы қазбаларды, мемлекеттік бағалы қағаздарды, акция пакеттерін, мемлекеттік несие құралдарын) басқару.

Мемлекет экономикаға тікелей және жанама әсер ету әдістерін қолданады. Көрсетілген әдістерді пайдалану оларға тән іс-шаралар мен құралдарды пайдалануды қажет етеді. Тікелей әсер ету әдісі әкімшілік және экономикалық әсер ету құралдарымен жүзеге асырылады. Жанама әсер ету әдісі тек қана экономикалық құралдармен іске асырылады.

Экономиканы реттеудің әкімшілік құралдарының ерекшелігі:

- оларды іске асыру үшін қосымша материалдық ынталандыру жасаумен байланысты емес;

- мемлекеттік биліктің күші мен беделіне негізделеді;

- тыйым салу, рұқсат беру және мәжбүрлеу шараларын қолданады (квота беру, лицензиялау, жекешелендіру ережелерін бекіту т.б.)

- мемлекеттік меншікті, экономиканың мемлекеттік секторының кәсіпорындарын басқаруды ұйымдастырады.

Маңызды экономикалық әдістер бұл:

1. Мемлекеттік экономикалық болжау экономикадағы шынайы жағдайды, қажетті мұқтаждықтар және барлық факторлар мен қолда бар ресурстарды пайдалану мүмкіндіктерін талдау нәтижелеріне негізделген, қандай да бір жағдайда экономикада не болуы мүмкіндігі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

2. Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау экономиканы мемлекеттік реттеудің жоғары формасы. Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар экономикалық болжауға сүйене отырып экономиканы мемлекеттік реттеудің барлық элементтерін пайдаланады және мақсатты бағыты бар. Экономикалық бағдарламалар даму мақсаттарын жасап қана қоймайды, сонымен бірге осы мақсаттарға жетудің материалдық, қаржылық құралдарын анықтайды.

3. Мемлекеттік бюджет. Бұл заңмен бекітілген, белгілі бір уақытқа мемлекеттік табыстар мен шығыстарды бөлістіру. Мемлекеттік бюджет - ұлттық табысты қайта бөлу көмегімен жинақталған және мемлекет өз функцияларын жүзеге асыру үшін шығындайтын ірі орталықтандырылған ақша қоры. Мемлекеттік бюджетте барлық негізгі қаржы операциялары – шығындар, әр түрлі табыстар, мемлекеттік займдар бір-бірімен байланыста болады.

Бюджетті жасау және пайдалану

- Салық саясатын жасау

- Амортизация саясатын жасау

- Банк резервінің нормасын анықтау

- Ең төменгі еңбекақыны тағайындау

- Тауарлар мен қызметтердің кейбір түрлеріне

бағаны реттеу

- Монополияға қарсы саясат, бәсекелестікті қорғау

Бюджетті жасау ХХ ғасырдың басында дамыған мемлекеттер жасаған белгілі бір принциптерді сақтауға негізделген.

1. Біртұтастық принципі – бюджетте мемлекеттің барлық табыстары мен шығыстарының берілуі. Мемлекетте біртұтас бюджет жүйесі, қаржы құжаттары мен бюджет классификациясы бірдей болуы қажет.

2. Толықтық принципі бюджеттің әр статьясы бойынша барлық шығындар мен барлық түсімдер көрсетілуі керектігін білдіреді.

3. Шынайылық принципі мемлекеттің табыстары мен шығыстарының шынайы бейнеленуін болжайды.

4. Ашықтық принципі – бұл халыққа негізгі шығындар мен табыс көздері туралы міндетті түрде ақпарат беру.

Бюджет жүйесі үш функцияны атқарады:

1) фискальдық функция мемлекеттің жұмыс жасауы үшін оның меншікті қаржылары болмаған жағдайда қаржы базасын құруды білдіреді (мемлекеттік меншіктен түскен табысты қоспағанда, мысалы, ол АҚШ-та мемлекеттік бюджет табысының 6-7 %-ін құрайды);

2) экономикалық реттеу функциясы – бұл экономикалық саясатты жүргізу үшін мемлекеттің салықты пайдалануы (бюджет табысының негізгі көзі);

3) әлеуметтік функция мемлекеттік бюджетті ұлттық табысты қайта бөлу үшін пайдалануды білдіреді.

Осы функцияларды жүзеге асыра отырып мемлекет кәсіпкерлікті нарықтық ынталандыруды әлсіретпеуі керек, сондықтан мемлекеттің бюджеттік саясаты нарықтық және мемлекеттік реттеу механизмдерін ескере отырып жасалуы қажет.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістері

 
 


4) Салық жүйесі.

Мемлекеттік бюджет табысының маңызды бөлігін салық құрайды. Салықтар – бұл мемлекет алатын жеке және заңды тұлғалардың міндетті төлемдері. Салықтар екі функцияны атқарады: фискальдық және экономикалық. Салықтың фискальдық функциясы арқылы мемлекеттің қызмет етуі үшін жағдай жасайтын мемлекеттік ақша қоры құрылады. Салықтың экономикалық функциясы оларды экономикаға әсер ету үшін пайдалану ұлттық табысты қайта бөлу арқылы жүргізілуі қажет екендігін білдіреді. Екі функция да бірге жүреді, бірақ олардың әрқайсысы салық қатынастарының белгілі бір жақтарын бейнелейді. Фискальдық функция салық төлеушінің мемлекет алдындағы міндетін көрсетсе, экономикалық функция мемлекеттің салық төлеушінің алдындағы міндетін көрсетеді.

Салық салудың басқару әдістері мен ұйымдастыру-құқықтық нормаларының жиынтығы салық механизмін құрайды. Мемлекет салық механизміне әр мемлекетте болатын салық заңдылықтары арқылы заңды форма береді.

Салық жүйесінің негізгі элементтері салық түрлері және оларды есептеу әдістері – салық ставкасы мен салық базасы болып табылады. Салықтың түрлері:

1. Корпоративтік табыс салығы

2. Жеке табыс салығы

3. Қосымша құн салығы

4. Акциздер

5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салығы мен арнайы төлемдері

6. Әлеуметтік салық

7. Жер салығы

8. Транспорт құралдарына салынатын салық

9. Мүлік салығы

Салық жүйесінің экономикаға әсер етуінің маңызды құралы – салық жеңілдіктері. Олар АҚШ-та 100-ден аса болса, Ұлыбританияда – 80-ге жуық.

 

5) Ақша-несие саясаты

Ақша- несие саясаты қазіргі кезде – мемлекеттің экономикаға жанама әсер ету формаларының бірі. Ол ғалым-экономистердің ақшаның экономикадағы ролі және олардың негізгі макроэкономикалық параметрлерге (экономикалық өсу, жұмыспен қамту, баға, төлем балансы) әсері туралы теориялық тұжырымдамаларына негізделеді. Қазіргі тоерияда ақша көбінесе ұдайы өндіріс процесінің белсенді факторы ретінде қарастырылса, ал ақша теориясы макро талдаудың маңызды бөлігіне айналды.

Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу, оның ішінде ақша-несие саясаты әдістерімен реттеу проблемасының ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін, Европа мен Солтүстік Американың жетекші мемлекеттерінің экономикасы дағдарысқа ұшырағанша тәжірибелік мәні болмады.

Мемлекеттің шаруашылық процестерге әсер етуінің маңызды құралы болып Ұлттық банк арқылы жүзеге асатын ақша несие саясаты табылады.

Мемлекеттің ақша саясатының құралдары болып табылатындар:

Ұлттық банктің мемлекеттік облигацияларды сатып алуы және сатуы;

резервтік талаптар тағайындау;

қайта қаржыландыру ставкасын тағайындау, пайыздың есептік ставкасы төмен болған сайын (қайта қаржыландыру ставкасы) несие арзан болады, соған сәйкес ақша базасы және ақша ұсынысы көп болады.

Мемлекеттің ақша – несие саясаты ең алдымен тұрақта ұлттық валюта және тұрақты баға негізінде ұдайы өндіріс процесінің қажеттіліктерімен тікелей байланысты тұрақты ақша айналымын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Өтпелі экономикада өмір сүріп отырған мемлекеттерде бұл мақсаттар тиімді банк жүйесін құру, инфляциямен күрес, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жою, дағдарыстан шығудың қаржылық жағдайын жасау міндеттерімен толығады.

6) Мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Мемлекеттің қазіргі әлеуметтік саясатын реформалаудың негізгі мақсаттары мыналар болуы тиіс:

1. Еңбек, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және медициналық көмек облысындағы азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепіл берілген құқығын қорғау.

2. №67, 102, 118, 121, 157 Халықаралық еңбекті ұйымдастыру (МОТ) конвенциясына сәйкес профилактикалық іс-шаралар, емдеу және реабилитацияға көңіл аудара отырып әлеуметтік және кәсіби тәуекелдіктен әлеуметтік қорғауға адам құқығын қамтамасыз ету.

3. Жаңа қоғамдық қатынастарға бейімделген әлеуметтік кепіл берудің ұлттық жүйесін жасау

 

Тақырып 3:Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірбиесі

1.ЭМР-ді ұйымдыстыру және теориялық негіздері

2. Республиканың өкілетті, заң шығарушы және атқарушы органдарының жүйесі

3. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру процесі мен оны ұйымдастыру

4. Мемлекеттік кәсіпкерліктің мәні, жалпы белгілері, даму тенденциясы және оның қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісіндегі ролі

5. Қазақстан жағдайында ЭМР шетелдегі тәжірбиелерді пайдаланудың мүмкіндіктері мен проблемалары

1.ЭМР-ді ұйымдыстыру және теориялық негіздері

Экономиканы мемлекеттік реттеудіұйымдастырудың теориялық аспектісі оның экономикалық және әкімшілдік әдістердің арақатынасы мәселелерін да қамтиды. Бұл мәселелер мемлекеттік реттеу көбінесе әкімшілдік басқару түсінігімен байланыстырылатындығынан, ал басқарудың экономикалық әдістері нарықтың реттейтін өрісінің кеңейуіне мүмкіндік беретіндіктен обьективтік сипатқа ие болады.

Осыдан мынадай сұрақ туады: жоғарыда аталған арақатынастың өзгеруіне алып келетін мәселенің шегі неге байланысты және оны қалай анықтауға болады?. Ең алдымен макроэкономикалық реттеудегі әкімшілдік әдіс жалпы мемлекеттік сипаттағы мәселелерді танып білу мен шешу арқылы байқалатындығын атап өту керек. Бірақ мемлекеттік бұл әрекеті тек қана оның нақтылы ғылыми жетістіктерге сүйену дәрежесіне қарай табысты бола алады.Макроэкономика денгейінде реттеудің әкімшілік әдістері жайлы сөз болғанда, онда бірінші кезекте мемлекеттің бақылаушы функциясы тұрады, ал оның орындалуы үшін ол әрекет ететін заң шеңберінде тікелей әкімшілдік әсер ету әдістері ғана емес, сондай- ақ осы заңды сақтау мақсатында сот –құқықтық механизмдері де кеңінен қолданылады. Яғни, аталған жағдайда бақылау қаншалықты шаруашылық жүргізу еркіндігінің «шеңберін» тарылту үшін емес, соншалықты бұл субьектілердің мемлекеттің айқындаған «ойын ережелері» мен қабылданған заңдарын сақтаудың уақтылығы мен толықтылығын экономиканы реттеудің нарықтық механизмдерінің әрекет ету өрісінің одан әрі кеңеюін ескере отырып қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.

2. Республиканың өкілетті, заң шығарушы және атқарушы органдарының жүйесі ?

Қазақстан Республикасының Заң шығарушы және атқарушы органы болып-Парламент табылады.Осы туралы «Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» заңында көрсетілген.

Парламент екі бөліктен тұрады: сенат және мәжіліс.Парламентте шығарылған заңды ең алдымен мәжілісте талқылайды,содан соң барып сенатта қарастырады. Осы Парламентте шығарылған заңды Президент бекітеді.

 

3.Мемлекеттік меншікті жекешелендіру процесі мен оны ұйымдастыру

 

Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру процесімен байланысты.

Мемлекет қармағынан алу – мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы

Мемлекет қарамағынан алу – мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы. Мемлекет қармағынан алу монополизмді жеңуге, бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Ол мына бағыттар бойынша жүреді:

1. Иемдену процесін мемлекет қарамағынан алу;

2. Шаруашылық жүргізудің сан түрлі нысандарын жасау;

3. Жаңа ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру.

Мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендру тығыз байланысты.

Жекешелендіру- меншікті мемлекет қарамағынан алудың бағыттарының бірі, оның мәні – меншікті жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде. Мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарды жекешелендіру:

-азаматтар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттен және жергілікті биілік органдарынан;

-кәсіпорындарды және олардың кәсіпорындар ретінде бөліп шығарылатын бөлімшелерін;

-кәсіпорындардың материалдық және материалдық емес активтерін;

-акционерлік қоғамдардың капиталындағы мемлекет пен жергілікті билік органдарының үлестерін (пай, акциялар);

-жекешелендірілетін кәсіпорындардың басқа кәсіпорындар капиталындағы үлестерін меншікке алуын білдіреді;.

Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет қармағынан алу және жекешелендіру процесін 4 кезеңге бөліп қарауға болады; олардың әрқайсысының өз мақсатары бар. Бұл процстердің басы Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде орнығу кезеңіне тұспа –тұс келеді.

1-кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі жекешелендіру процесінің негізгі бағыты- мемлекеттік орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымда реформалау болды.

2-кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Бұл кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жыдардағы мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендірудің Ұлттық Бағдарламасына » сәйкес жүзеге асырылады.

3-кезең Жекешелендірудің үшінші кезеңі 1996-1998 жыдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылығы 2 ақпандағы №246 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.

4-кезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы№683 қаулысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына » сәйкес жүзеге асырылды.

 

4. Мемлекеттік кәсіпкерліктің мәні, жалпы белгілері, даму тенденциясы және оның қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісіндегі ролі

 

Экономикасы нарытық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесі – кезекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі- кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің теріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің те маңыздылығын дәлелдейді.

Қазақстан Республикасы Конститутциясында былай деп жазылған: “Әркімнің кәсіпкерлік ызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез –келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркі пайдалануға құқығы бар”. Өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірісітік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және оның мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістіктерге қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.

Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та здерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл- ауқатын аттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық процесс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.

Кәсіпкерлік мәселелерді бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Сондықтан да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен стратегиялық басқарудың халықаралық конференциясының лейтмотиві – «Кәсіпкерлер жаңа шаруашылық ойлауды іздестіруде» деп аталады. Онда кәсіпкерліктің ұшқыр мәселелері, экономикаға ұйымдастыруға, технологияға, өнімге деген жаңа қадам іздестіру туралы толғаныстар қарастырылды.

Конференцияда басты назар мына мәселелерге аударылды: «Белсенді іс-әрекеттер арасында» келесі шарттарды орындайтын корпорациялар жатады:

1. Өз қызметінің стратегиялық бағыт –бағдарын жеке түсіне білетін;

2. Уақытты, жаңалықтар мен идеялар, тәжірибелердің үзіліссіз ағымынан қалып қоймай, оларды тиімді пайдалана алатын;

3. Ұйымдастырудың, жұмыс режимінің тиімді түрлерін, ресурстар мен жұмыскерлер күш жігерінің тиімді үйлесімін, арақатынасын таба білген;

4. Біріккен еңбек оның барлық қатысушыларын қанағаттандыратын жағдайда ғана табысқа жетуге болады.

Кәсіпкерлікті дамытудың бұл шарттары нарықтық экономикаға өтудің бастапқы кезеңінде тұрған елдер үшін өте құнды.

 

5. Қазақстан жағдайында ЭМР шетелдегі тәжірбиелерді пайдаланудың мүмкіндіктері мен проблемалары

Мемлекеттік және нарықтық басқарудағы шетелдік экономикалық тәжірибені ғылыми қорытындылау күн тәртібіне келесі мәселерді қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің өзіндік моделі болуға тиіс пе?

Шетелдік экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесін Қазақстан жағдайында пайдаланылатын болса, онда келсі негізгі заңдылықтарды көрсетуге болады:

1. Экономикалық саясатты ғылыми негіздеу, стратегияны анықтау, шаруашылық даму тактикасын, мақсатын және басымдылығын айқындау инвестициялық – құрылымдық, ғылыми –техникалық, құқықтық сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланылады.

2. Кәсіпкерлердің, шағын және орта бизнес субьектілерінің нарықтық инфрақұрылымдар қызметтерінің мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындарының тиімді бағытта дамуын ынталандырылуы мақсатында ұсынушы – реттеушілік жоспарлауды жүзеге асырады.

3. Әкімшілік, заң шығару, қаржы –несие, салық және баға белгілеу механизмдерін кеңінен қолдана отырып, қоғамдық тауарлар, заңды және жеке тұлғалар табыстарының, трансакциялық шығындар «қозғалысын» тікелей мемлекеттік реттеу

4. Сыртқы экономикалық саясатты жүргізуде мемлекеттің экспорттық потенциалын жоғарылатудың басыңқылығын мойындау және оның әлемдік шаруашылық интеграциялық процессіне «жеңіл» кіруін іске асыруды қамтамасыз ету

Тақырып 4:Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары

 

1.Транзиттік экономика: мәні, негізгі мінездемелері және трансформациялық процестердегі мемлекеттің ролі.

2.Нарық құрылымы. IS-LM үлгісі

3.Нарықтық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі мен олардың дамуын реттеу әдістері

1.Транзиттік экономика: мәні, негізгі мінездемелері және трансформациялық процестердегі мемлекеттің ролі.

Транзит- жолаушыларды немесе жүктерді жөнелтілген жерден жеткізілетін жерге дейін аралық бекеттерде қайта отырғызбай және қайта тиемей тасымалдау.

Транзит операциялары- жүкті жөнелтушілердің жеткізушілермен жасасылған шарт бойынша шикізатты,материалдарды,отынды және басқа материялдық құндылықтарды жүк алушыға тікелей жөнелтуіне байланысты операциялар.

Транзиттік тауар айналымы- көтерме сауда айналымның бір түрі, мұнда көтерме сауда кәсіпорындары тауарларды өз қоймаларына әкелместен өндірістік кәсіпорындардан немесе жеткізушілерден тікелей сатып алушыларға жөнелте отырып, сатады.

 

2.Нарық құрылымы. IS-LM үлгісі

 

IS-LM үлгісін ең алғаш рет Дж. Хикс 1937 жылы ұсынған. А. Хансенің 1949 жылы шыққан «Монетарлы теория және қазыналық саясат» атты кітабы арқылы ол көпшілікке мәлім болды. Содан кейін ол Хикс- Хансен үлгісі деп аталып кетті.

IS-LM үлгісі (инвестиция- қор жинағы үнамды өтімділік- ақша)- жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті экономикалық факторы айқындайтын тауар- ақша тепе- теңдігінің үлгісі. Тауар және ақша нарықтарында бір





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.