ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Экзистенциализм философиясы Феноменология Дүниетаным мәселелерiмен айналысқан ХХ ғ келесi ағым - феноменология. Негiзiн қалаған Эдмунд Гуссерль (1859-1938 ж.ж.) . Ойшыл өзiнiң еңбектерiнде “Заттардың өзiне қарай!² деген ұран тастады, өйткенi, сол кездегi И.Канттың iзбасарлары ғылыми таным жолында шындықты ұғымдар арқылы құруға болады деген көзқараста болды. Екiншi жағынан, ол неопозитивистердiң шындықтың сезiмдiк деректердiң негiзiнде “тiкелей берiлгенi² жөнiндегi қағидасына қарсы бағытталған болатын. Таза сананың iргетасты ерекшелiгi - оның интенционалдығы (intentio,- латын сөзi,- ұмтылу), яғни бiрдеңеге әрқашанда бағытталғаны, соның санасы. қабылдау, еске сақтау, қиялдау, еске түсiру, тiлеу, ой формалары т.с.с. бәрiнiң де заттық мазмұны бар. Интенционалдық - сананың құрамдас бөлiктерiн неше-түрлi мән-мағнаға толықтырады. Герменевтика (germeneon,- грек сөзi,- түсiндiремiн) - сонау көне грек заманында жазылған тарихи мұраларды түсiну өнерi ретiнде пайда болды. Орта ғасырларда Батыс Еуропада герменевтика Библияның негiзгi қағидаларын дұрыс түсiндiру өнерiне айналады. Қайта Өрлеу заманы келгенде, антикалық дәуiрде пайда болған мәдени мұраларды қазiргi тiлге аудару қажеттiгi пайда болып, ол герменевтиканың негiзгi iсiне айналады. В.Дильтей герменевтиканы тарихи оқиғалардың iшкi сырын ашатын пән ретiнде қарады. Ол адамзат тарихын табиғат заңдылықтарынан бөлек алып қарайды. Егер табиғат заңдылықтарын бiз практикалық iс-әрекет, таным арқылы ашып, болашақ ұрпақтарға дәрiс беру арқылы жеткiзсек, өткен адамзат тарихының беттерiн, сол заманда өмiр сүрген адамдардың iшкi жан-дүниесiнiң тебiренiсiн зерттеу ұшiн сол замандағы ақуалға өту, түйсiну, тебiрену арқылы ғана жетуге болады деген пiкiрге келедi. Олай болса, өткен тарихқа сол заманда өмiр сүрген ұлы адамдардың өмiр баянын, iшкi рухани тебiренiстерiн тұсiнiп қана баға беруге болады. Феноменология ағымының негiзiн қалаушы Э.Гуссерльге келер болсақ, ол белгiлi-бiр дәуiрдi жете түсiну үшiн сол кездегi қоғамның “өмiрлiк дүниесiнiң² ерекшелiгiн зерттеу қажет деген пiкiрге келедi. Сонда ғана сол дәуiрде өмiр сұрген адамдардың өмiр сезiмiн, мәдени мұраларының мән-мағнасын ашуға болады. М.Хайдеггердiң ойынша, “болмыстың үйi - тiл². Олай болса, герменевтика iлiмiн тiлдi талдау, тарихи ұмыт қалған сөздердiң сырын ашу, оны қайта өмiрге енгiзу, сол арқылы өткен ғасырлардағы адамзат болмысын зерттеуге теңейдi. Ф.Ницше және оның «билiкке деген еркi» “Өмiр философиясының² шеңберiндегi немiс философы Фридрих Ницшенiң (1844-1900 ж.ж.) еңбектерi ерекше орын алады. Егер А.Шопенгауер әлемдiк Ерiктi болмыстың алғашқы негiзiне жатқызса, Ф.Ницше Ерiк категориясына әлеуметтiк-моральдық мән-мағна берiп, оны “билiкке деген ерiк² ретiнде түсiнедi. Оның ойынша, өмiр билiктi неғұрлым жете сезiнгiсi келедi. Егер А.Шопенгауердiң “Әлемдiк Еркi² бiреу ғана болса, Ф.Ницше ондай монистiк көзқарастан бас тартып, ерiктiң көптiгiн (плюралистiгiн) сол себептi олардың бiр-бiрiмен бiтпейтiн күресте екендiгiн мойындайды. Үшiншi ерекшелiгi, А.Шопенгауер адам ерiктен бас тартып қана өзiн сақтай алады деген болса, Ф.Ницше, керiсiнше, адам, егер ол құл емес, нағыз адам болса, билiкке деген еркiн өмiрге еңгiзедi, сол үшiн кұреседi. Фрейдизм ағымы. Сана мен бисаналық мәселелерi “Өмiр философиясының² ХХ ғ беделдi ағымдарының бiрi - фрейдизм болып табылады. Негiзiн қалаушы Зигмунд Фрейд (1856- 1939 ж.ж.) -австриялық дәрiгер, психолог, философ. Негiзгi еңбектерi : “ Мен және Ол², “Тотем мен Табу²т.с.с. З.Фрейд жүйке ауруларын зерттеу мен емдеу жолында адам психикасында бисаналықтың зор орын алатынын байқайды. Егер одан бұрын қайсыбiр невроз ауруларының себебiн ғалымдар сананың шеңберiнен iздеген болса, ол оны бисаналықтан көрiп, жұйке ауруларын емдеудiң “психоанализ² әдiстерiн жасап, бiршама жетiстiктерге жетедi. Бұл оған шабыт берiп, ол психоанализдiң негiзгi қағидаларын бұкiл қоғам мен мәдениетке таратып, философия саласында ерекше ағымды тудырды. Сонымен, бисаналықты ашу,оның құрылымын, адамның жеке өмiрiне, қоғамға тигiзетiн әсерiн зерттеу - Фрейдтiң ғылымға еңгiзген жаңалығы болды. Адамның көп ынта-тiлектерi мен iңкәрлерi бисаналықты түрде пайда болады екен. Олар сыртқа адамды гипноздаған кезде, я болмаса ұйқыдағы адамның түсiнде, байқамай айтылып қалған сөзде, кейбiр дене қозғалысында т.с.с. көрiнiп қалады. З.Фрейдтiң ойынша, адамның психикасының үш деңгейi бар: оның ортасында “Ego² (латын сөзi,- “Мен² деген мағна бередi), яғни адамның өзiндiк сана-сезiмi орналасқан. Екiншi құрамдас бөлiгiн “Super ego² (өзiндiк сана-сезiмнен жоғары) деп атайды. Оған неше-тұрлi қоғамның тұлға алдына қоятын талаптары, әлеуметтiк нормалар, әке-шешенiң бала алдына қойған талаптары мен бұйрықтары т.с.с. кiредi, ол тәрбие барысында адамның психикасына енгiзiлiп, соңынан оның барлық жұрiс-тұрысын қоғамның талабына сәйкес ретке келтiрiп отыратын iшкi механизм. Адам психикасының iрге тасы ретiнде ең терең жатқан және өте көне құрамдас бөлiгi - ол “Libido² (латын сөзi,- құштарлық, iңкәр, зауықтану,- деген мағна бередi), я болмаса оны қысқаша “Id² деген екi әрiппен бередi. З.Фрейдтiң ойынша, оған адамның барлық бисаналық түрде өтiп жататын психикалық құбылыстарының бәрi де кiредi. Оларға инстинктер, кұңгiрт сезiмдер мен тұйсiктер, ындын-тiлектер т.с.с. жатады. Бисаналықтың өзегiне З.Фрейд жыныс күш-қуатын (сексуалдық энергия) жатқызады. Ол бұкiл адамның психикалық жан-дүниесiне өзiнiң ықпалын тигiзiп, адамның “өздiгiн², ерекшелiгiн құрайды. З.Фрейдтiң ойынша, егер адам психикасының ең терең қабаты ләззат алуға тырысса, сана, керiсiнше, сыртқы дұниеге, жағалай ортаға бейiмделуге асығады. Осы себептi сана мен бисаналықтың арасында әрдайым қайшылық пайда болады. Егер тәрбие барысында адамның жан-дұниесiне еңгiзiлген әлеуметтiк нормалардың талаптары өте күштi болса (Super ego), онда ләззат алуға бағытталған жыныс кұш-қуаты сыртқа шыға алмай, бiр жағынан адамды невроз ауруларының түрлерiне әкелсе, екiншi жағынан, ол белгiлi бiр жағдайда сублимацияланып (sublimatio,-латын сөзi, - “биiкке көтеремiн²,- деген мағна бередi) , яғни жыныс энергиясы мәдени шығармашылыққа айналып, тұлға үлкен рухани туындыларды дүниеге әкелуi мұмкiн. Жүре келе, З.Фрейд бисаналықтың шеңберiнен екi негiзгi инстинктердi бөлiп алады. Олар - “өмiр инстинктi² - эрос, “өлiм инстинктi² - танатос. Егер эрос инстинктi өмiрге деген сұйiспеншiлiктi, достықты, iңкәрдi тудырса, танатос - адамды өлiмге қарай итерiп, оның агрессивтiк, қанiшерлiк, қиратуға деген құмарлығын, адамдарды қорлауға бағытталған iс-әрекетiн тудыруы мүмкiн. Карл Густав Юнг (1875-1966 ж.ж.)басында өз ұстазының көзқарасында болғанмен, жүре келе бисаналықты басқаша түсiне бастайды. Аурулардың көрген түстерiн сараптай келе, ол онда халықтардың тарихи аңыз-әңгiмелерiндегi кеiпкерлердiң бейнелерiн байқайды. Олай болса, адамның жеке басының бисаналығынан басқа, одан да терең “ұжымдық бисаналық² формаларының бар екенiн байқайды. Егер жеке адамның бисаналық формалары сол адамның тәжiрибесiнен шыққан неше-түрлi психикалық, уақытында ұмытылып, я болмаса ығыстырылған тебiренiстерден тұратын болса, “ұжымдық бисаналық²- бұкiладамзаттық тәжiрибенi қамтиды. Онда мыңдаған жылдардағы жиналған адамзат тәжiрибесiн, сонымен қатар, адамға дейiнгi жануарлық “жасырылған iздердi² байқауға болады. Олардың көбiн халықтардың мифологиясы, аңыз-хикаялары, дiни сенiмдiктерiндегi бiр-бiрiне ұқсайтын батырлар, дана ақсақалдар, Жер-ана, перiлер т.с.с. көркем бейнелерден байқауға болады. Оқтын-оқтын бұл бейнелер адамның түсiне келедi. Олардың бәрiн К.Юнг “архетиптер² деген ұғыммен бередi. Олардың нақтылы мазмұны жоқ символикалық бейнелер, тiрi тұлға өзiнiң өмiр шеңберiнде алған тәжiрибесiн сол символдарға толтырып, өз тұлғалық қасиеттерiн қалыптастырады. Архетиптер халықтың әдет-ғұрыптары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берiлiп отырады. Сонымен қатар, олардың көбi тiптi тұқым қуу механизмдерi арқылы созылып, әдет-ғұрыптар жойылып кеткеннiң өзiнде де өмiрде қайталана берiледi. Егер З.Фрейд пен К.Юнг жеке адамның психикасын, оның адамның жұрiс-тұрысына тигiзетiн ықпалын зерттеген болса, онда А.Адлер (1870-1937 ж.ж.), К.Хорни (1888-1959 ж.ж.), Э.Фромм (1900-1980 ж.ж.)фрейдизмнiң негiзгi идеяларына сұйене отырып, қоғам өмiрiн зерттеуге тырысты. А.Адлер фрейдизм iлiмiне “компенсацияұ(толықтыру) ұғымын кiргiзедi. қайсыбiр адамның психикасында өзiнiң дене кемшiлiктерiн сезiнудiң негiзiнде “өзiне деген сенiмсiздiк² бишаралық сезiм пайда болады. Тұлға оны аттап өту жолында өзiнiң барлық шығармашылық мүмкiндiктерiн сыртқа шығаруға тырысады. Осы адамның өз-өзiн өмiрде нағыз болуға итерген iс-әрекетiн А.Адлер компенсация дейдi. Ал адам осы жолда “компенсациядан да ұстем² iс-әрекет жасаса, онда ол ұлылық дәрежесiне көтерiлуi мұмкiн (мысалы, Наполеонның денесiнiң кiшiлiгi, Гитлердiң аяғын сылтып басуы т.с.с. - олардың дене кемшiлiктерiн ұлы iстер арқылы компенсациялау әрекетiн тудырды деген пiкiр әдебиетте бар). Экзистенциализм философиясы Қазiргi философиядағы ең ықпалды ағымдардың бiрi - экзистенциализм (existentia,- латын сөзi,-өмiр сұру ) философиясы. Ол Батыс Еуропа топырағында екi Дұниежұзiлiк соғыстың арасында қалыптасты. ХХғ бiрiншi жартысында ондаған мемлекеттер қатысқан қантөгiсте миллиондаған қыршын жастар қаза болып, мыңдаған қалалар, заводтар мен фабрикалар, ауылдық жерлердегi үйлер қирап, адамзат тағы да варварлық сатыға қайта келгендей болды. Бұл трагедия ойланатын адамдардың санасында өзiнiң өшпес iзiн қалдырып, дүниетанып оны қайта өзгертуден гөрi, сол қайғылы замандағы адамның өмiр сүруiне, оның қайшылықтарға толы дүние тебiренiсiне, оның өмiрiнiң мән-мағнасын анықтауға т.с.с. сұрақтарға жете көңiл бөлiнуiне әкелiп соқты. Мұндай ақуал, әрине, өткен ғасырда өмiр сұрген дат философы С.Кьеркогердiң, немiс философы Ф.Ницшенiң, француз ойшылы Б.Паскальдiң, орыс жазушысы Ф.Достоевскидiң ойларының өзектiгiн көрсетiп, олардың еңбектерi экзистенциализм бағытының теоретикалық қайнар-көзiне айналды. Экзистенциализм философиясының негiзiн қалаған ойшылдарға Мартин Хайдеггер(1888-1976 ж.ж.)менКарл Ясперстi (1883- 1969 ж.ж.) (Германия), Жан-Поль Сартр (1905-1980 ж.ж.)менАльбер Камюдi(1913-1960ж.ж.) (Франция), Н.А. Бердяев (1874-1948 ж.ж.пенЛ.И.Шестовты(1866-1938 ж.ж.) (Ресей), Виктор Франклдi (1900 ж.) (Австрия), Хосе Ортега-и-Гассеттi (1883-1955ж.ж.) (Испания)жатқызуға болады. ХХ ғ дiни философия ХХ ғ ғылым мен техниканың керемет жетiстiктерi - адамзаттың ғарышты игерiп өз пайдасына жаратуы, атомның iшкi орасан-зор күш-қуатын адамзат игiлiгiне пайдалануы, осы екi - мега-әлем мен микро-әлем арасындағы ашылған миллиондаған табиғат сырлары, бiр қарағанда, дiни философияны қоғамдық сананың шеңберiнен алысқа ығыстырып тастаған болар деген ой келедi. Алайда, мұндай пiкiр шындыққа сай келмейдi, өйткенi, бiздiң жоғарыдағы ой-өрiсiмiз тек қана дiннiң гносеологиялық (танымдық) түп-тамырын ғана қамтыды. Ал оның өзiн тереңiрек қарар болсақ, “ұлы мәртебелi Табиғат² қаншама iшкi сырларын әлi де болса құпия сақтап, адамдарды адастыруда... ХХ ғ Христиандық философия ХХ ғ христиандық философия әлеуметтiк зұлымдықтың негiзгi үш себептерiн көрсетiп, оларды кiнәләйдi. Бiрiншiден, ол жаратылыстану ғылымдарында қалыптасқан “әлем дегенiмiз өз негiзiнде өмiр сұрiп жатқан болмыс² деген қағида. Екiншiден, либерализм ұрандарының негiзiнде қалыптасып ағарған, Құдайдан бас тартқан мемлекет. Үшiншiден, коммунизм (Бұрынғы Кеңес Одағы мен басқа социалистiк елдер) бұкiл байлықты мемлекеттiң қолына өткiзiп, қарапайым адамдарды сол мемлекеттiң құлына айналдырса, капитализм (Батыс елдерi) негiзгi жұмысшы халықты тауарға, яғни затқа айналдырады. Жеке меншiкке деген адамның құқы - табиғаттың заңы, адам жеке меншiкке жету ұшiн жұмыс iстейдi - мiне, осы тұрғыдан христиандық философия, әсiресе, коммунизм идеясын қатты сынға алады. Христиандық философияның негiзгi мәселесi - ол болмысты тану болып есептеледi. Е.Жильсон оны былайша тұжырымдайды : “егер екi философ болмысты тұсiнуде екi жақта болса, онда барлық жағынан да олар бiр-бiрiне қарама-қарсы. ХХ ғ христиандық философия туғызған iрi тұлғаның бiрi - Пьер Теяр де Шарден (1881-1955 ж.ж.) Негiзгi еңбегi “Адам құбылысы² деп аталады. Дiни философтың қойған негiзгi мәселесi: “Адам Құдайдың жаратқан Дұниесiнiң қонағы ма, я болмаса, сол жүрiп жатқан жаратылысқа өз ұлесiн қосып оны әрi қарай дамыта ма - Егерде, бұл Дұние дайын кұйiнде адамға берiлсе, онда адамға тек қана оның ғажаптығына таңғалып, оған табынудан басқа ешнәрсе қалмайды. Ал егерде Дұниенiң басы да, аяғы да болмай, бiрақ ол үне бойы жаңару, өзгеру (эволюция) үстiнде болса, онда адамның бұл Дүниеге келуiнiң негiзгi мақсаты - оны әрi қарай дамытып, көркейтiп, өзгертуiнде болса керек²,- деп қорытады П. Т. де Шарден. ХХ ғасырдағы Шығыс дiни философиясы ХХ ғ ғылыми-техникалық революция, соның негiзiнде пайда болған орасан-зор өндiргiш күштер, мемлекеттер арасындағы экономикалық, мәдени, саяси қатынастардың күрт өсуi Шығыс елдерiнiң ақуалын “батыстандыра² бастады. Шығыс елдерi заманның қойған талабына сәйкес келетiн жауаптар iздей бастайды. Бiр жағынан, әрине, олар өздерiнiң өндiргiш күштерiн Батыс дамыған елдерiндегiдей қылып дамытып, халықтарының өмiр сүру деңгейiн өсiргiлерi келедi. Екiншi жағынан, Батыс елдерiндегi рухани тоқыраушылық оларды үрейлетiп, мыңдаған жылдардағы жиналған мәдениет құндылықтарына, өмiр салтына, әдет-ғұрпына соққы тигiзе ме,- деген алаңдаушылықты тудырады. Бұл бағыттағы ойшылдардың ойынша, “тағдыр - алдын-ала анықталған², әлеуметтiк өрлеу дегенiмiз - жалған, алдайтын нәрсе. Адамның негiзгi мақсаты - әлеуметтiк дамудың биiк сатысына көтерiлу емес, карманы (туа бiткен тағдырды) тазартып келесi дүниеге келгенде бұрынғыдан жоғарырақ, таза рухқа ие болу. Осындай көзқарастарды тарататын саяси-дiни ұйымдар “Джан-Сингх², “РСС² (Индияда), Джамағаат -и- ислами (Пакистан, Афганистанда) т.с.с. Бұлардың бәрi де дiндi “таза ұстауға², тек қана Құранның негiзiнде өмiр сүруге шақырады, “Құран - бiздiң конституция² деген ұран көтередi. Олардың ойынша, мемлекеттi Имам (қоғамның дiни басшысы) Шариаттың негiзiнде басқаруы керек, ал барлық қайшылықтарды шешетiн дiни сотшы - қади болуы қажет. Жер бетiндегi бұкiл халықтардың арманы - теңдiк пен әдiлеттiлiк - тек қана саясат пен дiн бiр-бiрiне қосылғанда ғана келедi,- деген пiкiр ұстайды. 2. “Батысшылар² ағымындағы (вестернизм) күштердiң ойынша, ұлттық құндылықтар дегенiмiз - артта қалушылықтың, надандықтың, ыдыраудың символдары. Сондықтан, тезiрек Батыс құндылықтарын өмiрге еңгiзiп, қабылдау қажет. Сонда ғана, Шығыс елдерi дәуiрдiң қойған талаптарына сай келiп “жалпыадамзат цивилизациясына² қосылады. Ал соңғыны олар Батыстың жетiстiктерiмен теңестiредi. Өзiндiк дайындыққа арналған сұрақтар: 1. ХХ ғасырдың адамзат тарихындағы ерекше орны және оның философиялық ой-пiкiрге тигiзген ықпалы. 2. О.Конт адамзат ой-өрiсiнiң дамуын қандай сатыларға бөледi? 3. Эмпириокритицизм бағытының дүниеге келуiне қандай себептер өз әсерiн тигiздi? 4. Верификация дегенiмiз не? 5. Лингвистикалық философияның негiзгi қағидасы 6. К.Поппердiң фальсификация принципiнiң маңызы неде? 7. И. Лакатостың “ғылыми-зерттеу бағдарламасы² 8. Парадигма дегенiмiз не? 9. Феноменологиядағы сананың интенционалдығы дегенiмiз не? 10. “Өмiрлiк дүние² танымға өз әсерiн қалай тигiзедi? 11. Герменевтика дегенiмiз не? Ұсынылатын негізгі оқулық әдебиеттер. 1.Кішібеков, Сыдықов Философия. Алматы 1994 ж. 2.С.К.Мырзалы Философия әлеміне саяхат. Қостанай. 2001 ж. 3.Ақназаров Философия тарихы бойынша дәрістер курсы. А. 4.Әбiшев К. Философия., Алматы, 2002. 5.Дж. Реале и Д.Антисери. Западная философия от истоков и до наших дней., т.3., Спб.,1996 |