МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Психология салаларын топтастыру





Қазіргі таңда психология өзіндік ғылыми жүйеге ие. Мұнда көптеген салалар бөлінеді, ғылыми зерттеулердің бағыттары өз бетінше дамыған. Осы фактіге сүйене отырып, қазіргі кезде психология ғылымының жүйесі белсенді түрде дамуын жалғастырып келеді.

Психология салаларының туындауы, 1-ден, ғылыми және практикалық әрекеттің барлық сферасында психологияның кеңінен ендірілуіне , 2-ден, жаңа психологиялық білімдердің пайда болуына негізделеді.

Психология ғылымының салалары төмендегідей: жалпы психология, педагогикалық психология, жас ерекшелік психологиясы, даму психологиясы, арнаулы психология, еңбек психологиясы, медициналық психология, әскери психология, әлеуметтік психология, спорт психологиясы, сауда психологиясы, ғылыми-шығармашылық психологиясы, салыстырмалы психология, заң психологиясы, генетикалық психология, нейропсихология, қолданбалы психология.

6. Ғылыми психология принциптері

1923 жылы бірінші Психоневрологиялық съезд шақырылып, онда психологияның міндеті қабылданған болатын. Психология ғылымының негізгі принциптері 30 жылдары жүйелестірілді. Олардың ішінде негізгілері: детерминизм, сана мен іс-әрекет бірлігі принципі, даму принципі.

Детерминизм принципі бойынша әрқандай психикалық құбылыс өмір салты, қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады, тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді. Хайуанаттар психикасының дамуы табиғи сұрыптаумен айғақталады да, ал, адам санасының дамуы- түпкілікті қоғамдық даму ережелерімен, өндіріс әдістерінің даму заңдарымен анықталады. Детерминизм принципі психикалық процестердің табиғи механизмдері қоғамдық-тарихи факторлардың ықпалымен өзгеретіні, яғни, адамның психикалық дамуына оның адамзат мәдениеті өнімін игеруі, қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі тұжырымға негіз болды.

Детерминизм – психикалық құбылыстарды түсіндіруде физиологиялық заңдылықтарды қолданудың негізі болды. Алғашқы кеңес психологиясында детерминистік бағыт арнайы принцип ретінде қарастырылмаған еді. 50 жылдары С.Л. Рубинштейн детерминизм принципін психикалық құбылыстардың табиғаты мен мәнін талдау үшін қолданып, психикалық құбылыстарды материалдық дүниемен өзара байланыста қарастырды.

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Сана мен іс-әрекет – психология ғылымының өзекті категориялары. Бұл принциптің жүйелі зерттелуі 30 жылдары басталды. Алғаш рет сана мен іс-әрекет бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан С.Л. Рубигштейн болды.

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі әрекеттің санасыз, ал, сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтындығын негіздейді.

Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт берді. Сана мен әрекет бірлігінің мәні: тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процесінде қалыптасады.



Даму принципі. Даму идеясы Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала, кейін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналды. Ғылыми психология дамуды жеке адамның бүкіл өмір сүру процесінің тәсілі ретінде қабылдайды.

Психология ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие, себебіоның зерттейтін объектісі психика- өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады. Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді (Б.Ф. Ломов).

7. Психология: әдіснама, әдістер, әдістемелер

Әдіснама- гр.т. methodos- зерттеу жолы,теория, ілім- 1) ғылыми танам әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер; 3) әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы.

Әдіс- көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты.

Әдістеме- 1) әдістер жиынтығы; 2) оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім.

Жаңа әрі тың фактілермен үнемі толықтырылып отырмаса, ғылым дами алмайды. Фактілер жинау үшін ғылыми негізделген әдістерді пайдаланғанда ғана ғылым дұрыс және табысты дамуы мүмкін.

Психикалық құбылыстарды зерттеудің объективтілік принципі- бұл принцип кез-келген психикалық құбылысты олар қандай болса, сол күйінде қараудың қажеттілігін білдіреді. Олар адам өмірінің сыртқы жағдайлары және қызметімен өзара байланыста ғана зерттелуі мүмкін.

Психикалық құбылыстарды олардың дамуы барысында зерттеу- егер объетивті дүние ұдайы қозғалыста және өзгерісте болса, онда осыған орай, оны белсендірудің қозғалыссыз, өзгеріссіз болуы мүмкін емес. Психикалық құбылыстарды олардың дамуы барысында зерттеу адам бойында қалыптасып болған психикалық қасиеттерді ғана емес, сонымен қатар, жаңа ғана пайда болып келе жатқан психикалық ерекшеліктерді де зерттеуді талап етеді.

Жеке адамды анализдік –синтездік зерттеу- әртүрлі жағдайларда, әртүрлі қызмет бабында, басқа адамдармен қарым-қатынасында жеке адамның сан-салалы психикалық ерекшеліктері, тұлға ретінде бет бейнесі ашылады. Дегенмен де, ақиқат өмірдің алуан салалығына қарамастан, әр адам өз күйінде қалады, тек өзіне тән даралық психикалық қасиеттерін сақтайды.

Анализдік зерттеу психиканың элементтерін жеке адамның өмірі мен қызметінің әртүрлі жағдайында тануға мүмкіндік береді, ал, синтездік зерттеу барлық жеке психикалық көріністердің өзара байланысын анықтауға және белгілі бір адамды толық сипаттайтын тұрақты қасиеттерді табуға көмектеседі.

Психологиялық зерттеу әдістерінде қазіргі таңда 4 тобы қолданылады:

Әдіс түрі Сипаттамасы
Ұйымдастыру әдістері Салыстыру әдісі, лонгитюд әдісі, комплексті әдіс;
Эмпирикалық әдістер Бақылау және өзіндік бақылау, эксперимент; психологиялық болжау: тест, анкета, сауалнама, социометрия,әңгімелесу, шығармашылық, іс-әрекет өнімдерін талдау әдістері; өмірбаян әдісі.
Деректерді өңдеу әдістері Санды (статикалық) және сапалық (топқа жіктеу, талдау).
Реттеу- түзету әдістері Аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқу-үйрету әдісі.

№3. Кесте. Зерттеу әдістерін топтау

№4 Сызба. Зерттеу әдістері

 

 

№5 Сызба. Психология ғылымының зерттеу материалдарын өңдеу және талдау.

 

Әдебиеттер:

1. Жалпы психологияға кіріспе. Оқу құралы. /Жауапты редакторы пс.ғ.д., профессор С.М.

Жақыпов. Алматы: «Қазақ университеті», 2007

2. Богословский В.В. Жалпы психология. 1973 ж.

3. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы, 2003 ж.

4. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва: ИРО, 1997

5. Маклаков А.Г. Общая психология. Москва, 2002.

2 - ЛЕКЦИЯ. Антикалық және орта ғасыр философтарының жан және сана туралы көзқарастары 1. Антикалық дәуір философтарының идеалистік және материалистік көзқарастары 2. Аристотельдің рух туралы ілімі 3. Сократ пен Платонның рух туралы ілімінің моральдік –этикалық аспектері 4. Декарт дуализмі 5. Психофизиологиялық параллелизмнің идеалистік теориясы 6. Джон Локк ілімі  

1. Антикалық дәуір философтарының идеалистік және материалистік көзқарастары

Ерте кезеңнен бастап –ақ, адам заттық (табиғат, адамдар, әр алуан заттар) және затсыз, дерексіз (әртүрлі адамдар мен заттардың бейнелері, оларды еске алу, көңіл күй), түсініксіз тылсым құбылыстар болатындығына назар аударған. Психологияның мәніне ғылыми көзқарастардың қалыптасуы және даму философияның сұрақтарын шешумен байланысты. Яғни, материя мен таным арасындағы байланыс.

XVI ғасырда психология жан туралы ғылым ретінде философияның бір бөлігі болып қарастырылды. Философияда екі бағыт бар: материалистік және идеалистік. Философ- идеалистер идеалды алғашқы, материя екінші, ал философ –материалистер керісінше материя алғашқы , идеал соңғы деп түсіндірді.

Идеалистер психиканы алғашқы, өз бетінше материядан тыс, тәуелсіз өмір сүреді деп түсіндірді. Алғашқыда жан түрлі ағзада өмір сүретін ерекше нәзік дене немесе тірі зат ретінде түсінілді. Діни көзқарастардың дамуымен жан дененің өзіндік егізі ретінде қарастырылып, денесіз, яғни, адамды тастап кетіп, мәңгілік ұшып жүреді деп тұжырымдады.

Психиканы материалистік түсінуде: психика екінші, материя құбылыстарынан шығады деп түсіндірді. Бірақ, материалистердің алғашқы жақтаушылары психика жөнінідегі қазіргі көзқарастардан едәуір алшақ еді.

Гераклит (530-470 ж.б.э.д.)- психикалық құбылыстардың материалдық табиғатына және жан мен дене бірлігіне түсінік берді. Оның ілімінде, барлық заттар от модификациясы болып табылады. Барлық тірі тіршілік иесі, сонымен бірге, дене және жан, үздіксіз өзгеріп отырады. Гераклит пікірінше жан ылғалдың булануы жолымен туындайды, ылғал қалыпқа айнала отырып, адам өледі деп түсінілді. Бірақ, «ылғалдық» пен «от» қалпы арасында көптеген өтпе кез бар. Жан құрғақ болған сайын адам солғұрлым ақылды деп есептеген.

Демокрит (460-370 ж.б.э.д.) - әлемнің атомдық моделін ұсынды. Демокрит пікірінше жан шар тәрізді, жеңіл және өте қозғалғыш от атомдарынан тұратын материалды зат.

2. Аристотельдің рух туралы ілімі

Аристотель-(384-322 ж.б.э.д.) психика ұғымын органикалық процестердің барлығына жатқызды. Ол жанды үшке: өсімдіктер, жануарлар және адамдар жанына бөлді. Оның «О душе» атты трактаты көп уақытқа дейін психолоиядағы жетекші еңбектің бірі болды. Ол жанға зат сияқты қарайтын көзқарастан бас тартты. Жан, Аристотель пікірінше, - тұтастай жұмыс жасайтын органикалық жүйе. Жан табиғатына анықтама беру үшін «энтелехия» деп аталатын күрделі философиялық категорияны пайдаланды. «... жан,- деп жазды ол.- өмір сүру мүмкіндігіне ие, табиғи тән формасы мағынасындағы мән. Мән (форма сияқты) бұл энтелехия; осындай тәннің жан энтелехиясы болуы мүмкін». «Энтелехия» ұғымына ол мынадай түсінік береді: «Егер көз тірі тіршілік иесі болса, онда, оның жаны жанар болар еді». Сонымен, көру мүшесі көздің мәні сияқты, жан тірі тән мәні. Мұнан, Аристотель бойынша жанның маңызды мәні- ағзаның биологиялық тірішілігін қамтамасыз ету болып табылады.

3. Сократ пен Платонның рух туралы ілімінің моральдік –этикалық аспектері

Сократ (469-399 ж.б.э.д.) пен Платон (427-347 ж.б.э.д.) – заттар үнемі өзгеріп, дамып, қалыптасып отырады, олар бірде болмыс, бірде болмыстан тыс болуы мүмкін. Осы болмыс емес «метерия» деген ұғыммен сәкес келеді. Ендеше материя сезімдік заттар дүниесі мен сезімнен тыс идеялар дүниесінің ортасындағы аралықта орналасқан. Платон таным процесін қамтиды. Оның пікірінше өрлеу әдісі бар. Ол әдіс бойынша таным әуелі қарапайым болжамнан бастап, идеяға дейін, яғни белгілі бір бастамаға дейін жету керек. Сондай –ақ, болмыс, қозғалыс және тыныштық бар екендігін түсіндіруге тырысты. Платон еңбектерінде жанға өз бетінше субстанция ретінде қарайды. Оның пікірінше, жан тәнмен бірге және де оған тәуелсіз өмір сүреді. Жан- көзге көрінбейтін, жоғары, ғажайып, мәңгі, ал тән- көзге көрінетін, ұждансыз, өзгеретін, шіритін нәрсе. Жан және тән күрделі өзара қатынаста болады. Өзінің ғажайыптығымен ол тәнді басқарады. Платон адамның өмір сүру жағдайына байланысты жан жөніндегі пікірлерін ұсынды. Осы көзқарастарында Сократ пен Платон этикалық шешім жасайды. Жан- адамда бар нәрсенің ең биігі, сондықтан ол тән денсаулығынан гөрі жан денсаулығына көп көңіл бөлу керек дейді. Адам ешкімге қиянат жасамай жақсы өмір сүрсе, оның жаны жұмаққа, ал, егер басқаға жауыздық, жәбір көрсетсе жақын жерде адасып жүреді деп тұжырымдады

Платон дұрыс па? Бұл сұраққа белгілі профессор Ю.Б. Гиппенрейтер өзінің «Введение в общую психологию» атты еңбегінде Платонның белгілі бір дәрежеде дұрыс екендігін көрсетті. Бұл рухани әлем- адамзат мәдениеті, тілінде, ғылыми және әдеби шығармаларында деп көрсетті.

Декарт дуализмі

Рене Декарт (1596-1650 ж) –рационалды философияның бастаушысы болып табылады. Декарт көзқарасы бойынша адам түрлі нанымдар мен идеяларды сенімдеріне қабылдай отырып, көптеген адасуларды бойына сіңіреді. Сондықтан, шындықты табу үшін, ең алдымен, барлығын күмәнданудан бастау қажет. Декарт «ойланамын, яғни өмір сүремін» деп тұжырымдады. Ойлау дегенімізде, ол «бізде болып жатқанның барлығы, біздің тікелей қабылдауымыз» деп түсінді. Бұл пікірлерден XIX ғасырдың жартысында шығатын постулат- адам өзінде бірінші табатыны- өзінің санасы. Оның пікірінше, ағазаның сыртқы ортамен өзара әрекеттестігі жүйкелік машина арқылы жүзеге асады. Сондықтан, адамның жүріс-тұрыстық белсенділігі себептері өзінен тыс жатыр және сыртқы факторлар арқылы айқындалады. Ал, сана жүріс –тұрысты реттеуге қатыспайды. Сондықтан, өз ілімінде Декарт бір-біріне тәуелсіз екі субстанция- материя және рух бар деп дәлелдей отырып, жан мен денені тез арада қарама-қарсы қойды. Психология тарихында бұл ілім «дуализм» деген атау алды. Дуалистердің көзқарасында психика ми функциясы, оның жемісі болып табылмайды, ол өз бетінше мидан тыс, тәуелсіз өмір сүреді.

5. Психофизиологиялық параллелизмнің идеалистік теориясы

Дуалистік ілім негізінде XIX ғ. психологияда психофизиологиялық параллелизм деп аталатын идеалистік теория кеңінен тарады. Бұл теория бойынша психикалық және физикалық қатар бір-біріне тәуелсіз бірақ, бірге өмір сүреді. Бұл бағыттың негізгі өкілдері. В.Вундт, Г.Эббингауз, Г.Спенсер, Т.Рибо және У. Джемс болып табылады. Осы уақыттан бастап психология пәні жаңа көзқарасқа ие болды. Ойлау, сезіну, тілеу қабілеті – сана деп аталды. Сонымен, психика санаға теңестірілді. Жан туралы ғылым кезегінде сана психологиясы келді. Бірақ, сана табиғи процестерден бөлек қарастырылды.

Джон Локк ілімі

Дж.Локк (1632-1704) сенсуализмнің –ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі болды. Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан, яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көрді. Локк идеялардың туа бітетіндгі жөніндегі ілімге қарсы шығып, психикалық құбылыстардың ең бастапқы, одан әрі бөлінбейтін элементтерге дейін жетуі және солардың негізінде, ассоциациялау арқылы әлдеқайда күрделі құрылым қалыптасуы мүмкіндігін туғызатын сананы атомистикалық талдау принципін ұсынды. Локктың «Адам ақыл-ойының тәжірибесі туралы» атты еңбегінде философия тарихында бірінші рет таным теориясының жүйеге келген негізі көрсетілді. Адамның ақылы, зердесі- зерттеудің негізгі нысаны.

 

 

Әдебиеттер:

1. Богословский В.В. Жалпы психология. 1973 ж.

2. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы, 2003 ж.

3. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва: ИРО,1997

4. Маклаков А.Г. Общая психология. Москва, 2002.

5. Немов Р.С. Психология. Москва: Владос, 1998. Том 1

 

 

3 - ЛЕКЦИЯ. Психология ғылымының XIX ғ. ортасынан - XX ғ. екінші жартысына дейінгі кезеңде қайта құрылуы 1 XX ғ. екінші жартысына дейінгі кезеңде қайта құрылуы 2 Психиканың рефлекторлық сипаты 3 XX ғасырдың 20-30 жылдардағы психологиядағы дағдарыс  

 

1. Психиканың рефлекторлық сипаты

Адам анатомиясын зерттеген жаратылыстанушылар мен дәрігерлер ежелгі дәуірлерде-ақ, психикалық құбылыстардың ми қызметімен байланыстылығы жөнінде болжам айтқан, әрі психикалық сырқаттарды сол ми қызметінің бұзылу салдарынан деп топшылаған .

Психиканың рефлекторлық сипатын түсіндіруде белгілі Ресей ғалымдары М.М. Сеченов (1829-1905) пен И.П. Павлов (1849-1936) еңбектеріне негізделеді. М.М. Сеченов өзінің «Бас ми рефлекстері» (1863) еңбегінде рефлекторлық принципті адамның бас миы қызметіне, одан әрі барша психикалық әрекетіне жая қолданды. Ол «адамның бүкіл саналы да санасыз да өмірдегі әрекеттері өзінің туындауы жағынан рефлекстерге байланысты немесе рефлекстік әдіс», -деп жазды. Бұл психиканы объективті түсінудегі бірінші қадам еді. Бас ми рефлекстерін мұқият талдай отырып, Сеченов оның басты үш байланыс бірлігін анықтады: бастапқы бірлік жүйке қозуы процесінде миға берілетін сыртқы тітіркендіргіштер; ортаңғы бірлік мидағы қозу мен тежелу процестері және солардың нәтижесінде психикалық процестердің пайда болуы; ақырғы бірлік сыртқы қозғалыстар.

Психикалық іс-әрекеттің рефлекторлық принциптеріне орай Сеченов адам іс-әрекеті мен қылығы сыртқы әсердің себебінен туындайтыны жөнінде қорытынды жасады. Ол: «Бастапқы қандай да бір әрекеттің себебі әрдайым тысқы сезімдік қозуда, онсыз ешқандай да ой өрістеуі мүмкін емес»,- деп жазды.

М.М. Сеченов ғылымға психиканың рефлекторлығы мен іс-әрекеттің психикалық басқарылуы жөнінде идеяны қосты. Іс-әрекеттің рефлекторлық принциптері өзінің эксперименттік негіздемесін И.П. Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде тапты. И.П. Павлов Сеченовтың психикалық іс-әрекет мидың рефлекторлық қызметі екендігі туралы тағылымының дұрыстығын дәлелдеді, психикалық құбылыстың негізгі физиологиялық заңдарын ашты, ғылымның жаңа саласы- жоғары жүйке қызметінің физиологиясы, шартты рефлекстер жөніндегі білімнің негізін қалады. Ағзаға әсер етуші тітіркендіргіштер мен оларға жауап реакциялар арасында уақытша байланыстар түзіледі. Миға қандай да бір тітіркендіргіш әсер етпей, ешқандай психикалық құбылыс өздігінен туындамайды. Сонымен, жоғары жүйке қызметі жөніндегі тағылимат психикалық құбылыстарды материалистік тұрғыда түсіндірудің жаратылыстану ғылымымен сабақтасқан ірге тасы.

Уақытша жүйке байланысын әрқандай психикалық іс-әрекеттің физиологиялық механизмі деп танудың маңыздылығынан психологиялық құбылыстың физиологиялық құбылыстармен бірдейлігі келіп шықпайтынын есте сақтаған жөн. Психикалық іс-әрекет тек ғана физиологиялық механизм сипатымен шектеліп қалмай, мидағы бейнеленген нақты дүние, яғни психологиялық құбылыстың мазмұнымен байланысты. Жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен сабақтастығының ми тарапынан басқарылып, реттеу заңдылықтары жөніндегі И.П. Павлов тұжырымдамаларының жиынтығы екі сигналдық жүйе теориясы деп аталады. Шартты рефлекс типі бойынша қылық -әрекеттің өзгеруіне ықпал етуші зат бейнесі жануар үшін қандай да шартсыз тітіркендіргіштің сигналы қызметін атқарады. Жануарлар өз әрекет –қылығында И.П. Павлов бірінші сигналдық жүйе деп атаған физиологиялық тетікке тәуелді жануарлардың барша әрекет болмысы бірінші сигналдық жүйе деңгейінде орындалады.

Іс-әрекет пен қылықты бағыттап, реттеуде бірінші сигналдық жүйе адам өмірінде де үлкен маңызға ие. Бірақ адамның жануарлардан ерекшелігі, онда бірінші сигналдық жүйемен қатар, екінші сигналдық жүйе болады. Екінші сигналдық жүйенің болмысы, яғни, «сигналдар сигналы»,- деген сөз.

Сонымен, психика- ми қасиеті. Түйсік, ой, сана- ерекше тәсілмен ұйымдасқан материяның ең жоғары өнім туындысы. Ағзаның психикалық әрекеті көптеген дене мүшелерінің қызметі арқасында жүзеге келеді.

2. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы психологиядағы дағдарыс

XX ғасырда психологияның қарқында дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялық тағылымы да үлкен ықпал жасады. Бұл ілімге орай барша психологиялық дүние қоршаған орта мен тіршілік иесінің икемдесу әрекетінен ажырамас мүмкін емес деген тұжырым орнықты эволюциялық теория ықпалында интроспекция әдісін қолдану мүмкін емес, бала мен хайуанат психикасын зерттеу етек алды.

Осындай әртүрлі ықпалдар мен жағдайлар ғылымда бірнеше жаңа психологиялық теориялардың туындауына себепші болды. Жаңа теория өкілдері сана психологиясын психика жөніндегі жаңа тұжырымдамалармен толықтыру немесе оны ауыстыруды мақсат етіп қойды.

 

Бағыт атауы Сипаттамасы Жетістігі Кемшілігі
1. Бихевиоризм. Негізін қалааушы- Э Торндайк. Бағдарламасын жасап, терминді енгізген- Дж. Уотсон. «S – R»- әрекет- қылық бірлігі. Необихевиорист Э. Толмен: S – V- R V-аралық өзгер гіш. XX ғасырдағы американдық бағыт. Психология мақсаты- мінез-құлықты зерттеу. Біздің қобал жуларыларымыз, біздің санамыз бен ойлауымыз дың ерекшелік тері, біздің психо логиялық даралы ғымыз сыртқы кө рініс ретінде біздің қылықта рымыз бен мінез- құлықымызда бей неленеді. Әрекет-қылықты игеру қажеттігін дәлелдей отырып, сананы да бірге игеру қажеттігін теріске шығарды.
Генетикалық психология. Ж.Пиаже. Бала ақыл-есінің қалыпт асуына назар аудара отырып, ғылыми психоло гиядағы зерт теулер бала интеллектісінің дамуын байқау дан басталып, сол арқылы ер есектердегі ин теллект таби ғаты мен қызме тін біледі. Адам интеллек тісінің құрылы мын зертеу. Баланың біртұтас дамуын ескермес тен, ақыл-естің өрістеу тұғырын интеллектің өзінен іздеді, ал, сананы дамытушы фактор лар арасында ол қоғамдық тарихи әрекет болмысына ешқандай орын қалдырмады.(Әлеуметтік-қоғамдық факторлар ескерілмеді).
3. Фрейдизм. Австрия психо логы З. Фрейд. Негізгі ұғымдар : либидо; тұлға құрылымын 3 компонентке бөлді: - ид- ол; - эго- мен; - супер эго-жоғары мен Тұлғаның жан төркінін, даму ын иррациона лизм мен мистика сияқ ты психология лық саналы әре кетке тікелей қарсы қойды. Алғаш рет психиканы инстинкт, ақыл және сана арасындағы тар тыста сипат тады. Адамның психикалық өмі рінің аспек тілерін қараңғы , жасырын жақ тарын түсі нуге жол ашты. (сек суалды әуестік - либидо) Адам іс-әрекетінің бәрі объектив болмыс туындатқан сана басқарымында болмай, адамның өзі сезе бермейтін бейсанадағы ықпалдар жетегінде жүреді деген тұжырымы. Санада ешқандай күш жоқ, яғни ағза мен қоғам адамның саналы күтілмеген көңіл шарпуларының илеміндегі қамыр.
4. Гештальтпсихо логия. Негізгі өкілдері: М.Вертгеймер, В.Келер, К. Коффка.   Бейне, кескін, үйлесім деген мағынаны білдіреді. Геш тальтпсихол огия бойынша, мінез- құлық тек рефлекстер шоғыры емес, күрделі құбылыс.Ол тұтас нәрсе Қабылдау дың түйсіктен сапалық ерекшеліктерін айқындады. Фигура және фон құбылысының мәнін ашты. Түйсіктер комплекстері ретіндегі заттар туралы махистік идея болды. Мұның өзі қабылдаудың шынайы мазмұнын, оның сыртқы ортамен байланысын теріске шығарды.
             

№6 кесте. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы психология ғылымындағы негізгі бағыттар

3. Психология ғылымындағы жаңа бағыттар және қазіргі күйі

Танымдық іс-әрекет зерттеулері аймағынада- когнитивті психология, гуманистік психология, ми жөніндегі ғылымдар жүйесінде адам санасын зерттеуге орай- нейрофизиология, нейроморфология, нейропсихология, тұлға психологиясы.

Когнитивті психология. 60 жылдардың аяғында необихевиористер зерттеулерінің нәтижесінде АҚШ-та пайда болды. Белсенді мағлұмат жинау мен ақпарат өңдеуші

адам ағзасы жүйелі құрылым деген танымды әрі жалғастырды, яғни, адам әрқилы ақпараттарға ықпалды әсер етуге қабілетті. Когнитивті психология өкілдері:Дж. Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф. Хайдер, П. Линдсей , Г.Саймон. Когнитивті психологияның негізгі зерттеу аймағы танымдық процестер- ес, тіл мен сөйлеудің психологиялық қырлары, қабылдау, ойлау,зейін, қиял және танымдық даму.

Гуманистік психология. Негізгі өкілі А.Маслоу. Өз зерттеулерінің объектісі ретінде гуманист-психологтар салауатты, шығармашыл тұлға түсінігін таңдады.

Гуманистік психология тұжырымының өзегі- адам өз бойында алғашқыдан қаланған, қолынан келетіннің бәрін жүзеге асыруы тиіс.Маслоу түсінігінде өз мүмкіншілігінің мәні- тума құбылыс, адамның табиғи қасиеті. Әрбір адам қайырымдылық, адамгершілік, тілектестікке деген қажетсінулермен дүниеге келеді. Гуманистік психологияның кемшілігі қоршаған әлеуметтік ортаны ескермеуі болып табылады.

 

Әдебиеттер:

1. Жалпы психологияға кіріспе. Оқу құралы. Жауапты редакторы пс.ғ.д.,

профессор С.М. Жақыпов. Алматы «Қазақ университеті»,2007

2. Богословский В.В. Жалпы психология. 1973 ж.

3. Сәбет Бап-Баба «Жалпы психология» Алматы, 2003 ж.

4. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва: ИРО,1997

5. Маклаков. Общая психология. Москва, 2002.

6. Немов. Психология. Москва:Владос, 1998. Т.1

 

4 - ЛЕКЦИЯ. Ресейде психология ғылымының қалыптасуы және қазіргі жағдайы 1. Ресейде психологиялық ой-пікірлердің дамуы. 2. 20- шы жылдардағы кеңес психологиясындағы негізгі зерттеулер. 3. Ресейдегі психологиялық мектептер.

 

 

  1. Ресейде психологиялық ой-пікірлердің дамуы

Ресейде ғылыми психологиялық ой-пікірлердің дамуында М.В. Ломонсовтың орны ерекше. М.В. Ломоносов өз еңбектерінде (риторика және физика бойынша) түйсік және идеялардың материалистік түсінігін дамытты. Материяның алғашқылығы және олардың психикалық құбылыстардың тәуелділігін жарық теориясында дамытты. М.В. Ломоносов өз көзқарастарында адамның танымдық (ақылдық) процестері мен ақылдық сапаларын бөлу қажеттігін көрсетті. Ақыл сапасы ақыл қабілеттіліг және әуестік арақатынасында туындайды деп тұжырымдады.

Психологиялық ойлардың дамуында Галичтің философиялық көзқаратары қарастырылады. Өзінің «Картина человека» атты еңбегінде жекелік мотивациялық мәселелері- қозулары, бейімділіктері,, әуестіктері және т.б. айқын көрінеді.Галичтің психологиялық көзқарастар жүйесінде қоғамдық өмірде адам әрекетінің саналыдан өзіндік санаға өтуімен байланысты тұжырымдамалар болды.

XIX ғасырдың алдыңғы қатарлы Ресей психологиясында орыс материалистерінің- А.И.Герцен, В.Г. Белинский, Н.А. Добролюбов көзқарастарын атап өтеміз.

А.И. Герценнің «әрекет» жөніндегі пікірі адамның рухани даму факторы екендігі қазіргі күнде де өз көкейкестілігін сақтайды. В.Г. Белинский өзінің шығармашылық дамуының 2 кезеңінде алдыңғы қатарлы қоғамдық ойларға- жеке қабілет емес, тұлға психологиясын беру талап ететіндігін айтты. Н.А. Добролюбов психикалық пен физикалықты қарама-қарсы қоюшы дуалистік иделистік теорияға қарама қарсы, олардың бірлігін дәлелдеуге тырысты.

2. 20- шы жылдардағы кеңес психологиясындағы негізгі зерттеулер

XIX ғасырдан бастап Ресейде психология өз бетінше ғылым ретінде дамыды. Сол кездегі ең танымал жұмытардың бірі И.М. Сеченовтің «Рефлексы головного мозга» атты еңбегі болды. Сеченовтің физиолог ғана емес, оның еңбектері қазіргі психологияның жаратылыстық негізі болып табылады. С.Л. Рубинштейн пікрінше, сол кездің ірі орыс психологы.

Кеңес ғалымы И.П. Павлов еңбектері дүниежүзілік психология ғылымы үшін маңызы зор. Шартты рефлекс қалыптасу механизмдерін ашу негізінде көптеген психологиялық тұжырымдамалар, бағыттар құрылды.

Ресейде эксперименттік зерттеулерді А.Ф. Лазурский, Н.Н. Ланге, Г.И. Челпановтар жалғастырды.

А.Ф. Лазурский тұлғаны, әсіресе адам мінезін зерттеумен айналысты. Сонымен бірге, ең алғаш табиғи экспериментті ашты. Экспермент туралы айта отырып, Н.Н. Ланге Ресейде эксперименттік психологияның негізін салушылардың бірі. Ол түйсік, қабылдау, зейінді зерттеумен айналысып ғана қоймай, Одесса университетінде Ресейдегі алғашқы эксперименттік психологияның лабораториясын құрды.

XIX ғ. аяғында XX ғасырдың басында Ресейде эксперименттік психологиямен қатар, басқа да психологиялық бағыттар, олардың ішінде жалпы психология, жануарлар психологиясы, балалар психологиясы дамыды. Революцияға дейінгі Ресей психология тарихында бірінші Психологиялық институттің негізін салушы Г.И. Челпанов еңбектері ерекше.

Ресейде педагогикалық және экспериметтік психология дамыды. Осы негізде педагогикалық психология және эксперименттік педагогика (1906-1916ж) бойынша съезд өткізілді: 1906 жылы педагогикалық психология бойынша бірінші Ресей съезді , 1909- жылы екінші; ал, эксперименттік педагогика бойынша 1910 жылы бірінші, 1913 жылы екінші, 1916 жылы үшінші съезд өткізіледі.

3. Ресейдегі психологиялық мектептер

Ресей психологиясының негізін салуға көптеген жаңа дарынды ғалымдар еңбек ете бастады. Олар: С.Л. Рубинштейн, Л.С. Выготский, А.Р. Лурия тек ғылыми зерттуелермен айналысып ғана қоймай, әйгілі ғалымдарға бағыт-бағдар берді. Олар: Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин, А.В. Запарожец, Д.Б. Эльконин. Бұл ғалымдардың еңбектері XX ғ. 30-60 жылдар кезеңіне жатады.

Осы кезде белгілі ғалымдар А.А. Смирнов ес психологиясымен, Б.М. Теплов темпераментті және психологияда шығармашылық әрекетті зерттеудің ғылыми негізін салумен танымал болды.

XX ғ. 30-60 жылдары Ресейде бірнеше ғылыми мектептер мен бағыттар туындады. Грузияда Д.Н. Узнадзенің белгілі психологиялық мектебі құрылды. Бұл мектептің өкілдері бағдар (ыңғайлану) ұғымын енгізді.

Келесі ғылыми бағыт Л.С. Выготский есімімен байланысты. Тұлға психикасы дамуының мәдени-тарихи теориясын құрды. Мәскеу университетінде жұмыс жасады. Ғылыми зерттеулер аймағында жалпы және педагогикалық психология сұрақтары болды.

Ресейде психологиялық үшінші мектеп С.Л. Рубинштейн есімімен байланысты. Оның «Основы общей психологии» атты еңбегі Ресей психологиясының қазынасының бірі болып табылады.

Кейіннен негізгі психологиялық мектептер құрылды. Бұл Санкт- Петербург мемлекеттік университеті және Мәскеу мемлекеттік университетінің мектептері.

Санкт- Петербург мектебі Б.Г. Ананьев есімімен байланысты. Мәскеуде психология кафедрасын құруда А.Н. Леонтьев рөлі ерекше. Іс -әрекеттің психологиялық теориясын, құрды.

Ресейде балалар психологиясының негізін салушылар А.В. Запарожец пен Д.Б. Эльконин болды. А.В. Запарожец жас ерекшелік дамуы және балалады тәрбиелеу сұрақтарын ендірді Д.Б. Эльконин балалар ойыны теориясы, жас кезеңдік даму тұжырымдамаларын ұсынды.

Педагогикалық психология дамуында П.Я. Гальперин үлкен үлес қосты. Ол ақыл-ойды сатылап қалыптастыру теориясының авторы.

А.Р. Лурия зерттуелері негізінде ес және ойлаудың нейрофизиологиялық негіздері айтарлықтай алға жылжыды. Лурия еңбектері қазіргі медициналық психология үшін ғылыми –психологиялық негіз болып табылады.

Психофизиолог Е.Н. Соколов еңбектерінде өз әріптестерімен бірге зат формасын адамның түсіндіруші және естің нейрофизиологиялық теориясын құрды.

Сонымен бірге, П.П. Блонский (ес жөнінде), Б.М. Теплов (қабілет жөнінде) және жауарлар психологиясы бойынша Н.Н: Ладыгина- Котс, В.М. Боровская, Н.Ю. Войтинос еңбектері шет елдерде белгілі.

Ресейде соңғы кездері де құнды психологиялық идеялар туындауда . Қазіргі кездері белгілі Р.С. Немов, А.Г. Маклаков, Е.И. Рогов сияқты ғалымдардың психология ғылымының дамуында айтарлықтай рөлі бар.

 

Әдебиеттер:

1. Жалпы психологияға кіріспе. Оқу құралы. Жауапты редакторы пс.ғ.д.,

профессор С.М. Жақыпов. Алматы «Қазақ университеті»,2007

2. Богословский В.В. Жалпы психология. 1973 ж.

3. Сәбет Бап-Баба «Жалпы психология» Алматы,2003 ж.

4. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва ИРО,1997

5. Маклаков А.Г. Общая психология. М-2002.

6. Немов Р.С. Психология. Москва, Владос-1998. Т.1

5 - ЛЕКЦИЯ. Қазақстанда психологиялық ойлардың дамуы 1. Қазақ ағартушыларының психологиялық ой- пікірлері (Ш.Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов). 2. Қазақстанда психология ғылымының дамуы.

3. Қазақстанда қазіргі кездегі психологияның дамуы.

1. Қазақ ағартушыларының психологиялық ой- пікірлері (Ш.Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов)

XIX ғ.екінші жартысы және XX ғ. басында қазақ жері Ресей империясының қарамағына түгелдей қосылып болды. Осы кезде өмір сүрген халқымыздың аяулы перзенттері, ағартушы –демократ ойшылдары Ш.Уалиханов, А. Құнанбаев, С.Торайғыров т.б. туған халқының бақытты өмірге қолы жетуі үшін аянбай ат салысты, олар әсіресе, жастарға зор үміт артып, ақыл кеңестерінің бар нәрлісін соларға бағыттады.

Ш.Уалихановтың (1835-1865) психологиялық көзқарастары.

Қазақ тарихында ағартушылық идеяның туын көтерген Ш. Уалиханов бүкіл әлемдік ғылым-білімнен мейлінше мол сусындаған, жан-жақты білімді, озат ойлы, ерекше дарынды адам еді. Ш.Уалиханов еңбектерінде психологиялық мәселелер әсіресе, халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшеліктері туралы еді. Ол қазақ ақындарының жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп бағалаған.

Ш.Уалихановтың пікірінше, халықтардың ұлттық психологиясын көрсететін белгілердің бірі – сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнерін халық бойына біткен зор таланттың керемет қабілеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады.

Шоқан дін мәселесінде, сондай-ақ, практик- психолог ретінде жекелеген ададарға берген сипаттамалар да берген.

Ы.Алтынсариннің (1841-1889) психологиялық көзқарастары..

Ы. Алтынсариннің сан алуан ойға толы шығармаларында (оқу құралдары, хаттары, жазбалары) қоғамдық және педагогикалық психология мәселелеріне орайлас айтылған қызықты деректер табылады.

Ы.Алтынсарин өз «хрестоматиясында» жасөспірімдердің жан дүниесін, ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті деп есептеген. Ол оқу-тәрбие процесіндегі мұғалім рөліне айрықша маңыз берді, мектеп ісінің сан-саласындағы жетістіктерді мұғалімнің білімі мен іскерлігіне, беделі мен өз жұмысын жан-тәнімен сүйе білуіне байланысты деп түсінді. Оның еңбектерінде қазақ халқының өзіндік психологиялық қасиеттері, салт санасы, әдет-ғұрпы жайлы айтқандары ерекше назар аударылады.

А.Құнанбаев (1845-1904) шығармаларында психологияның негізгі мәселесі- жан мен тәннің ара қатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ, бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де көрініс тапқан. Абай Құнанбаев танымдық қасиеттерінің табиғатын біршама материалистік тұрғыдан түсіндіреді. Сезіну және түйсіну мәселелерін де дәл осы бағытта талдайды.

С. Торайғыров (1893-1920) психологиялық пікірлері.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың таным жайлы пікірінің түйіні бізді қоршап тұрған сыртқы дүниенің ұшы-қиыры жоқ, ол сансыз атомдардан тұрады, бұлардың бірі тозып, өшіп жатса, екіншілері жаңадан пайда болып жатады, ал, адамның жан дүниесі атомдардан тұрады, тәннің өзіндік заңдылықтарына орай жүріп отырады деуі- ғылымилығымен ерекшеленеді.

С.Торайғыров қазақ тарихында бірінші болып жан мен тәннің, яғни, психика мен мидың ара қатынасы туралы мәселе көтеріп, бұл екеуінің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан түсінді. Ол жан мен тәннің ылғи да бірлікте, тұтастықта, байланыста болатынын айтты. С. Торайғыров шығармаларында адамның әртүрлі жас кезеңдеріне байланысты психологиялық талдау көрсетілген. Ақын адам психологиясының дамуын 4 кезеңге бөлген: балалық шақ, жігіттік, ересектік, кәрілік.

Адамның көңіл-күй ерекшеліктері, сезім-эмоция секілді сияқты жан қуаттары ақын шығармаларында біршама сөз болған. Сезім адам организмінде – бет пішінде, көз жанарында, қас –қабағында т.б. әртүрлі қимыл-қозғалыстар тудырады, ол жүрек жұмысына да байланысты деп көрсеткен. Сондай-ақ, адамның ерік-жігері, қабілеті, таланты, мінезі туралы да сындарлы пікір айтқан. Осы қасиеттердің іштен тумайтынын, олардың іс-әрекет үстінде қалыптасатынын, барлық адамның қабілеті бірдей болмайтындығы жөнінде айтады.

Ш. Құдайбердиевтің (1858-1931) психологияға байланысты көзқарасын «Анық пен танық», «Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарттар» шығармаларында кездестіреміз. Бұларда ғұлама адамдарға сыртқы дүниенің, қоршаған табиғаттың жұмбақ сырын ұқ, танып біл, оның өлшеусіз байлығын мұратыңа, қажетіңе жарат, бұл үшін жаратқан адамға ми берді, білу, нану, ұғыну, тану- бәрі ақыл ісі, олар мидан шығады деп тұжырым жасайды.

Ми қызметі адамның сезім мүшелерінің әрекеті арқылы іске асады, ойға алған істі жүзеге асыруы , адамның әділетті, әділетсіз болуы, ізгілікті қууы немесе жауыздық жолға түсуі ақыл мен жүректің ісі, сондықтан әр нәрсені сарапқа салып, байыбына барып, терең ойлап, топшылап ақылмен іс қылу адамдықтың басты парызы дейді. Оның психологиялық пікірлерінің жүйесі 1919 жылы қазақша тәржімаланған «Психология» дейтін кітапқа жазған сын-пікірінен (рецензия) жақсы байқалады.

А. Байтұрсынов (1873-1937) психология ғылымы саласынан да өзіндік пікірлерімен дараланады. Оның «Әдебиет танытқышының» өзінде ғана осы ғылымға қатысты толып жатқан ой-пікірлер мен салиқалы түйіндер баршылық. Ол жұмбақ, жаңылтпаш, айтыс, толғау, терме, тақпақ, жоқтау, жарапазан, бата, мақал т.б. әдебиеттану ғылымына қатысты пікірлерінде халықтың психологиясының теориялық қисындары үшін іздесе таптырмайтын әдістемелік қызық боларлықтай түйіндер мол.

А. Байтұрсынов адамда жазу дағдысының қалыптасу жолын да психологиялық тұрғыдан түсіндіреді. Ол сөзді жазғанда немесе оқығанда кейін кісі тұтасынан бейнелейді дейді.

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) психология саласында өндіре еңбек етіп, көп мұра қалдырды. Оның екі кітабы: «Психология» (376 бет,1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (80б., 1926) осы ғылым саласында жазылған төл туындылар. Ол «Тәрбие жетекші» (1924), «Комплексті оқыту жолдары» (1929), «Жаңа ауыл» (1930) дейтін еңбектерінде психологиялық мәселелерге ерекше мән берген.

М.Әуезовтің (1897-1961) психология мәселелеріне қатысты ойлары әдебиет, мәдениет, өнер, білім ағарту, мектеп мәселелері туралы жазған еңбектерінде көрініс береді. Бұларға адамның әралуан көңіл күйлері, эмоция, сезім, ерік –жігер ерекшеліктері шығармашылық әрекет үстіндегі қаламгер шабыты, тәлімгерлік қасиет, қазақтың ұлттық психологиясы әр қырынан сөз болады.

Ғұлама жазушының этнопсихология, ұлттық мінез туралы айтқан түйін-тұжырымдамалары да сапалығымен көзге түседі. Ғалым әр халықтың, не ұлттың өзіне тән мінез-құлқы, темпераменті, талғам түсінігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы болатындығын әркез ескеріп отырған.

  1. Қазақстанда психология ғылымының дамуы

Психология ғылымы Қазақстанда іргелі ғылыми зерттеулер соңғы 70 жылдар көлемінде ғана өркен жайып, дами бастады.

Отызыншы жылдары қазақ психология ғылымының жекелеген мәселелері Ә.Садықовтың (1898-1983), С.Қожахметовтың (1910-1945), С. Балаубаевтың (1902-1972) педагогикамен астарласа жазған бірнеше кітапшалары мен мақалалары жарық көрді. Сол жылдары «Жаңа мектеп» журналының беттерінде қазақ психологтарының аға буын өкілдерінің бірі- С. Балаубаевтың бірнеше мақалалары басылды. Мәселен, оның «Қиын балалар» атты мақаласында жасөспірімдердің психологиясындағы кейбір ұстаз бен ата-анаға тәрбие процесінде қиындық келтіретін кейбір жайттар талдауға алынып сөз болады. Бұл мақалада жасөпірімдердің ағзасында болатын жыныстық жетілулерінде туындайтын биологиялық өгерістер, сондай-ақ, кейбір ақыл-ойы кеміс, балалардың түрлі топтарға бөлінетіндігі жөнінде кең түрде ой қозғалады.

1938 жылы Т. Тәжібаев сол кездегі Лениградтан Алматыға диссертация қорғап келгеннен кейін психологиялық тақырыпта төл еңбектер жарық көре бастады.

Қазақстанда 1935-1945 жылдар аралығында бүкіл әлемге белгілі Ресейде педагогикалық психологияның негізін салушылардың бірі профессор А.П. Нечаев (1870-1948) қызмет етті. Ғалым көп жылдар адамның еске сақтау ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде тексеріп, оны мектеп практикасына ендіруді көздеді. Яғни, психологияның қолданбалы салаларын (жас, педагогикалық психология) дамытуға зор үлес қосты.

Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуына Ұлы Отан соғысы жылдарында елімізге Ресей және Украинадан уақытша көшіп келген белгілі ғалымдар қызмет етті. Олар қазіргі ҚазҰПУ- да профессор-психолог М.П. Рубинштейн, Қызылордада белгілі украин психологы, кейін академик болған Г.С. Костюк, Қостанайда профессор В.Я. Резник жұмыс жасады.

Республикада психология ғылымы әсіресе, соғыстан кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. 1947 жылы қазіргі ҚазҰПУ-дың психология кафедрасы құрылды. 1947-1953 жылдары ҚазМУ- да логика жзәне психология мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды. Республика үшін психолог мамандарды даярлауда профессор Т. Тәжібаевпен бірге соғыс жылдары Саратовтан келген профессор И.Л. Стичинский (1896-1969) зор үлес қосты. Республикада психология саласында диссертация қорғаған – Е.Суфиев, Ә. Темірбеков, М. Мұқановтар болды. М. Мұқанов «Совет жауынгерлерінің ерлік істерінің психологиялық ерекшеліктері»(1953), Ә. Темірбеков мектеп оқушыларының отаншылдық сезімінің қалайша қалыптасатындығын зерттеді (1953),

3. Қазақстанда қазіргі кездегі психологияның дамуы

Қазіргі кезде психология ғылымы қарқынды даму барысында. Психология ғылымының дамуына үлес қосып жүрген ғалымдарЖ.Ы. Намазбаева, С.М. Жақыпов, Х.Т. Шерьязданова, Қ.Б. Жарықбаев, С.Қ. Бердібаева.

Соңғы кездері,әсіресе, жариялық, демократиялық бетбұрыстар Республиканың егемендік алып, тәуелсіздігін жариялаған тұста психологиялық зерттеулердің жиынтықты тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің қажеттілігін сезіне бастады. Психология ғлымында Ж.Ы. Намазбаева кемтар балардың психологиясын зерттеуде көптеген ғылыми зерттуелер жүргізіп келеді Белгілі ғалым С.М. Жақыповтың негізгі идеясы бірлескен танымдық- диалогтық іс-әрекет мәселесін оқыту процесінде жүзеге асыру мәселесінде кеңінен қолданып келеді. Сондай-ақ, балалар психологиясында көптеген зерттеулер жүргізген, Қазақстанда «Өзін-өзі тану» курсы бойынша қарымды жұмыстар авторы Қ.Т. Шерьязданова қазіргі кезде де психология ғылымының дамуына үлес қосуда.

Қазақстанда этнопсихология мәселесіне зор ынтамен қарайтын белгілі ғалым Қ. Б. Жарықбаев қазірде өзінің ғылыми жұмытарын жалғастырып, «Жантану» атты еңбектің авторы болып табылады.

Қазақ халқының өнері айтыста суырып салмалықтың табиғатын ғылыми негідеген ғалым С.Қ. Бердібаева психология ғылымының дамуына өз үлесін қосуда.

 

Әдебиеттер:

1. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ-тәлім тәрбиесі. Алматы: «Санат», 1995ж

2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесінің антологиясы.

3. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері.

4. Бердібаева С.Қ. Таным субъектісі –танымдық процестер. Алматы, 2005

5. Бердібаева С.Қ. Творчестволық іс-әрекеттің этнопсихологиясы. Алматы, 2005

 

 

7 - ЛЕКЦИЯ. Адам санасының пайда болуы мен алғы шарттары 1. Психиканың даму сатылары. 2. Нерв жүйесінің қасиеті мен қызметі. 3. Сана, оның қүрылымы мен сипаттамасы. 4. Өзіндік сана, оның құрылымы.

 

Психика - даму процесінде пайда болған материя қасиеттерінің бірі. Органикалық емес материяның мүндай қасиеті болмайды: ол түсіне дс, ойлай да алмайды. Органикалық дүние көлемінде де материяның бэрінде бірдей психика бола бермейді. Түсіндіре жэне ойлай алатын материяға жсту үшін тірі табиғаттьгң ұзақ уақыт дамуы керек болды. Адам психикасы жоғары дәрежеде ұйымдаскан материяның ерекше қасиеті-мидың қасиеті. Бұл қасиет- айналадағы дүниені бейнелендіру. Дүниеге материалистік көзқарас материяның дамуы жөніндегі ғылымға негізделеді. Тіршіліктің пайда болуы, яғни тірі немесе органикалық материяның шығуы-материяның дамуыкдағы белгілі бір кезең больга саналады. Органикалық емес материядан пайда болған тірі материяның өзінің өлі материяға карағанда ерекше қасиеттері бар. Бүл касиеттердің ішіндегі сң бір бастысы-тітіркенушілік. Сонымен психика тірі материяның барлығында бірдей бола беретін қасиет емес. Ол органикалык материяның жоғарғы формаларының қасиеті болып табылады.

Сана - объективті шындыкты тану, адам психикасының ең жоғарғы түрі. Сана адамның өзіне, табиғатка, басқа адамдарға қарым-қатынасын сезіне алдына мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Сана эрбір жеке адамға тән дара қасиет. Жеке санамен қатар өмір сүрген ортаға байланысты қалыптасатын қоғамдық санада болады, адам сапасының мазмұнына оның өскен ортасы, қоғамдық болмыс ықпал жасап отырады. Адамның психикасы, санасы оның қоғамдық қызметтері мен түрмыс жағдайларына байланысты дамиды. Қарастыруға оңай болу үшін психологияның негізгі түйіндері үш категорияға біріктіріледі: психикалыц процестер, психикалыц күйпер, психикапьщ ерекшеліктер, қасиеттер. Әдетте, психикалық процестерге таным процестері жатады: түйсік пен кабылдау - сезім мүшелерін тікелей эсер ететін затгар мен тітіркендіргіштер бейнесі; елестеу мсн ойлау - адам санасында жалпыланған жэне өвделінген жай санада болмайтын шындық ерекшеліктерініц бейнесі; эмоциялық процестер (сезімдердің пайда болуы, кажеттілікті етеуге байланысты динамикасы т.б.). Пспхшалъщ процестер деп, сезімді бастан кешіру (көңіл-күй, аффект), зейін (зейінділік, зейінсіздік), ерік (сенушілік, сенбеушілік, күдік) жэне тағы басқаларын айтады. Тұлға ерекшеліктері немесе психикалық касиетке: акыл, ойлау сапалары; мінезде, темпераментте және қабілетте бекінген ерік сферасының түрақты ерекшеліктері; белгілі жолмен әрекет жасауға калыптаскан жэне кайта пайда болатын турткілер, сезім ерекшеліктерін (ашушаңдық, сентиментальдъіқ) және т.б. айтуға болады. Бүл психиканың барлық көріністерінің үш категорияға белінуі шартты турде «психикалық процесс» туйіні психологиямен анықталатын деректің динамикасын, процессуалдығын айқындайды.«Психикстьщ ерекшелік» немесе «психикалыц қасиет» түйіні психикалық деректің түрақтылығын, оның қүрылымындағы қайталануы мен бекінуін білдіреді. Бір ғана психикалық дерек, мысалы аффект, яғни жүйке жүйесінің ерекше козуынан туындайтын күшті эмоция, психикалық процесс ретінде де (себебі, мұнда сезім дамуының динамикасы көрсетіледі және бірін-бірі кезек алмастыратын кезендер айқындалған), психикалық күй (себебі, ол белгілі уақыт аралығындағы психикалық эрекет сипатын бейнелейді) жэне адамның психикалық ерекшеліктерінің көрінісі ретінде (мұнда түлғанын үстамсыздық, ашушаңдық, кекшіл сипаттары) аныкталады. Психологияның негізгі сүрактарын қарастырудың жольш түлға әрекетінің даму принципі ашады. Тек осы ғана жалпы психологияны мазмұндаудың негізі болуы тиіс. Бүл принцип тұлғаның қарым-катынаста ж





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.