ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной 
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Онкогинекология негіздері. МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ «АКУШЕРИЯ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ «БЕКІТЕМІН» Медициналық білім беру департаментінің директоры, м.ғ.к. __________ У.Б. Татыкаева «______» __________2015 жыл «АКУШЕРИЯ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ» пәні бойынша C И Л Л А Б УС Пән коды –AG-4303 Мамандық:051301 – «Жалпы медицина» Оқу сағатының көлемі:405 сағат Дәріс:30 сағат Тәжірибелік сабақ:240 сағат СӨЖ:135 сағат Курсы:4 Оқу семестрі:VII-VIII Емтихан:VII-VIII семестр Түркістан – 2015 ж. «Акушерия және гинекология» пәнінің силлабусы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2009 жылғы 05 қарашадағы № 651 бұйрығымен бекітілген, 051301- «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған жұмыс бағдарламасы негізінде жасалынды. Силлабус «Акушерия және гинекология» кафедрасы мәжілісінде талқыланған. Хаттама №____ "____" _____________ 2015 ж. Кафедра меңгерушісі__________м.ғ.к., ХҚТУ профессоры Р.Г. Нурхасимова Силлабус оқыту және бағалау комитетінде қаралған. Хаттама №____"____" _____________ 2015 ж. Комитет төрайымы _____________ магистр оқытушы А.А. Кушкарова Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған. Хаттама №____ "____" _____________ 2015 ж. Комитет төрайымы_________________б.ғ.к., аға оқытушы Б.У.Байзақова Оқытушылар туралы мәлімет: 1. Нурхасимова Раушан Габбасқызы -медицина ғылымдарының кандидаты, ХҚТУ профессоры, жоғары дәрежелі дәрігер ҚР денсаулық сақтау үздігі, «Акушерлік іс және гинекология» кафедрасының меңгерушісі. Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы - Экологиясы зиянды Түркістан аймағында тұратын жасөспірім қыздардың репродуктивті жүйесінің патологиясын анықтау және реабилитациясы. Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 60-тан астам жарияланымдар, оның ішінде 3 оқу құралы, 2 дәрістер жинағы, 52 мақала. Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (320 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1012). 2. Даниярова Аманкүл Жұманазарқызы - медицина ғылымдарының кандидаты, доцент. Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Жүктілік және босану ағымына интергенетикалық интервалдың әсері Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 110 – нан астам жарияланымдар, оның ішінде 5 оқу құралы, 102 ғылыми көпшілік мақала. Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (320 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1012). 3. Худайбергенова Салтанат Сатыбалдықызы – медицина ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы - Экологиясы зиянды Түркістан аймағында тұратын жасөспірім қыздардың репродуктивті жүйесінің патологиясын анықтау және реабилитациясы. Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 8- ден астам жарияланымдар, оның ішінде 1 оқу құралы, 7 мақала. Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (320 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1012). 4. Зулпухаров Асатулла Жуманұлы –оқытушы Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы - Түркістан қаласындағы семіздікке шалдыққан жүкті әйелдердің гестозға шалдығу жиілігі. Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 15- тен астам жарияланымдар, оның ішінде 1 оқу құралы, 8 мақала. Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (320 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1012). 5. Жунисов Даулет Сағыналиұлы – оқытушы Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы - Әйелдерде бедеулікті емдеудің қазіргі таңдағы тәсілдері Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 8- ден астам жарияланымдар, оның ішінде 1 оқу құралы, 7 мақала. Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (320 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1012). 6. Кушкарова Айгерим Алимханқызы -магистр оқытушы. Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы - Бактериалық вагиноздың жатыр тыртығы бар жүкті әйелдерде жүктілік, босану, босанғаннан кейінге кезең ағымына әсері Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 12- ден астам жарияланымдар, оның ішінде 5 оқу-әдістемелік құралы, 7 мақала. Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (320 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1012). 7. Раисова Адебиет Темирбулатқызы - медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары дәрежелі дәрігер, ҚР денсаулық сақтау үздігі Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы - Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 60-тан астам жарияланымдар, оның ішінде 3 оқу құралы, 2 дәрістер жинағы, 52 мақала. Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (320 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1012). 8. Бахтиярова Алма Шапхатқызы – оқытушы Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы - Түркістан аймағында тұратын әйелдерде әдеттенген жүктілікті көтереалмаушылығының себебі мен жиілігі. Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 2 мақаласы жарияланған. Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (320 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1012). 9. Торғауытова Жансая Ермұратқызы – оқытушы. Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің жиілігі, ағымы мен асқынуы. Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 1 мақаласы жарияланған. Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (320 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1012). 10. Юнусова Севара Толкынқызы – оқытушы. Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Контрацепция – әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтаудың жалғыз тәсілі. Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 1 мақаласы жарияланған. Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (320 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1012). 11. Курбаниязова Сәуле Абилгазықызы- оқытушы Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің жиілігі, ағымы мен асқынуы. Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 1 мақаласы жарияланған. Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (320 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1012). 12. Құлманбетова Ақбаян Бекмаханқызы – оқытушы Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы - Экологиясы зиянды Түркістан аймағында тұратын жасөспірім қыздардың репродуктивті жүйесінің патологиясын анықтау және реабилитациясы. Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 2 мақаласы жарияланған. Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (320 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1012). Пәннің саясаты:Ахмет Ясауи атындағыХҚТУ-і медицина кластерінің 2015-2016 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі. Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды. Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді. Кіріспе. Акушерия және гиникология, ішкі аурулармен және хирургиямен бірге клиникалық медицинаның іргелі пәні болып табылады. Бұл саладағы біліктілік медициналық жоғары оқу орнының түлегі үшін міндетті. Білікті дәрігер әйел организмінің түрлі жас кезеңдеріндегі клиникалық-физиологиялық ерекшеліктерін білуі, тек емдік-диагностикалық қана емес, сондай-ақ алдын алу шараларын жасай алуы керек. «Әр мамандық дәрігері бір сағатқа болса да акушер жағдайында қалуы мүмкін, және ол жауапты сағат болмақ, оның әрекетіне ана мен ұрықтың тағдыры тәуелді болады.» Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі компетенциялардың дамуына бағытталған. Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген құзіреттіліктер | Салыстырмалы үлестірілімі | Б1.1 | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ – БІЛІМІН ҚОЛДАНУ (1): медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады | 0,2 | Б2.1 | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР (1): науқастармен жұмыс жасаған кезде, әртүрлі жағдайда коммуникативті дағдыларды меңгергендігін көрсете алады. | 0,2 | Б2.2 | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ (1): науқастардың шағымын жинақтау, физикальды зерттеу жүргізу, анамнез жинақтау, зерттеу жоспарын тағайындау, зерттеу нәтижелерін оқу, диферренциальды диагностика жасау, диагноз қою, емдеу жоспарын жасап әртүрлі жағдайлардағы патологияларды ескере отырып оның тиімділігін анықтау секілді дағдыларды көрсете біледі. | 0,3 | Б2.3 | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ – МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР (1): Бакалавр дәрежесіне сәйкес стандартты медициналық процедураларды жасай алатындығын көрсетеді. | 0,3 | 2.2. Пәннің мақсаты: жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу мен диагноз қою мен шұғыл көмек көрсету бойынша білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру. 2.3. Оқытудың мақсаттары: - Студенттерді акушерия мен гинекологиядағы диагностика мен емдеудің негізгі таныстыру; - Студенттерді физиологиялық жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізуге үйрету; - Студенттерді акушериялық-гинекологиялық патология кезінде шұғыл көмек көрсетудің принциптеріне үйрету; - Әйелдің репродуктивті денсаулығын қорғау мен отбасын жоспарлау мәселелерімен таныстыру; - Тұлғааралық қарым-қатынас, жүктілер мен гинекологиялық науқастарға кеңес беру бойынша коммуникативтік дағдыларды жетілдіру. 2.4. Оқытудың соңғы нәтижесі Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріның жалпы көлемі: Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген құзіреттіліктер | Оқытудың соңғы нәтижелері | Б1.1 | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ – БІЛІМІН ҚОЛДАНУ (1) | Білім (когнитивті) домені: Қолданады:ҚР акушериялық-гинекологиялық қызметтің ұйымдастырылуы мен жүктілер мен гинекологиялық науқастарға акушериялық-гинекологиялық көмек көрсетуді аймақтандыру принциптерін және осы пәндіигеру барысында пререквизиттерден алған білімін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік:презентация жасауды дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді:іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үлестіреді. | Б2.1 | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ- КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР (1) | Білім (когнитивті) домені: Қолданады:пациентпен, оның туыстарымен, қызметтестермен және басқа медицина қызметкерлерімен сенімді қатынас құруда, топта жұмыс істеуде этикалық принциптерді қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік:медицинамен байланысты сұхбатты тиімді түрде бере алады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді:коммуникативті дағдылар принциптерінің құндылықтарын үлестіреді. | Б2.2 | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ (1) | Білім (когнитивті) домені: Қолданады:жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексеру ерекшеліктерін, физиологиялық жүктіліктің, босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңнің ағымы мен жүргізу принциптерін, акушерия мен гинекологиядағы зерттеудің қазіргі қосымша әдістерін, ұрықтың (іштегі нәрестенің) жағдайын антенатальды бағалаудың негізгі әдістерін, жиі кездесетін акушериялық және гинекологиялық патологияның клиникалық көрінісін, диагностика принциптерін шұғыл жәрдем көрсету және алдын алуда, әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау мен отбасын жоспарлау принциптерін, емшекпен емізу принциптерін, жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексерудің жоспарын құру мен зерттеу нәтижелерін талдау, жүктілік пен босану кезінде қауіп факторын анықтау, жүктілік пен босану патологиясына диагноз қоюда қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік:жүктілер мен гинекологиялық науқастардан анамнез жинау, жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексерудің объективті әдістерін , босанған әйелге баланы емізу техникасына үйрету,бБосанған әйелге босанғаннан кейінгі контрацепцияға, соның ішінде лактационды аменорея әдісіне үйрету, Апгар әдісімен нәресте жағдайын бағалау, босануда бала жолдасының тұтастығы мен қан жоғалтуды анықтау т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді:жасаған іс-әрекетінің құндылықтарын үлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады. | Б2.3 | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ – МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР (1) | Білім (когнитивті) домені: Қолданады:осы пәнді игеру барысында алған білімін акушерлік және гинекологиялық процедураларда қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: акушериялық сыртқы және ішкі тексеру, арнайы тексеру әдістері: жатыр мойынын айнамен қарау, жатыр қабырғасын-ішекті бимануальды тексеру, ректальды және ректовагинальды тексеру, емшекті қарау және пальпациялау, бактериоскопиялық және бактериологиялық тексеруге сүртінді алу, ішектегі затты онкоцитологиялық тексеру, жатырішілік контрацептивтерді енгізу, ұрықтың (іштегі нәрестенің) жүрек соғысының аускультациясы, КТГ, гравидограмма, партограмманы жүргізу, операциядан кейінгі тігістер мен бұтаралықтағы тігістерді өңдеу, нәрестені біріншілік өңдеу т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді:жасаған іс-әрекетінің құндылықтарын үлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады. | 2.5. Реквизитке дейінгі және реквизиттен кейінгі: Реквизитке дейінгі:анатомия, физиология, микробиология, ішкі аурулар пропедевтикасы, коммуникативті дағдылар, дәлелді медицина негіздері, фармакология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология. Реквизиттен кейнгі:жедел шұғыл медициналық көмек, жалпы дәрігерлік тәжірибе, интернатура. 2.6. Пәннің мазмұны Дәріс:Дәрістердің мазмұны медицина ғылымының қазіргі тенденцияларын ашып көрсетуі керек. 1. Акушериялық-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Акушериялық-гинекологиялық көмектегі аймақтандыру принциптері. Қазақстан Республикасында акушериялық-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылу жүйесі.Акушериялық-гинекологиялық мекемелердің типтері, олардың негізгі міндеттері. Аймақтандыру принциптері. Акушерия және гинекологиядағы әтика және деонтология. Акушериялық стационардың санитарлық-гигиеналық режимінің ерекшеліктері. Репродуктивті денсаулық пен оны қорғау туралы түсінік.Репродуктивті денсаулық. Репродуктивті құқық. Сексуальды құқық. Отбасын жоспарлау. Қыз балаларды жыныстық тәрбиелеу. Контрацепция. Контрацептивті заттардың жіктемесі. Ана өлімінің негізгі себептері, қауіп факторларын анықтау. Түсік түсудің алдын алу. Жүктілерді диспансерлік бақылауды ұйымдастыру, ұрықты антенатальді қорғау.Жүктілер мен босанған әйелдерді диспансерлік бақылау. Гравидограмма. Ұрықты антенатальді қорғауда әйелдер кеңесінің рөлі. Ұрықты тексерудің биофизикалық және биометрикалық әдістері. Пренатальды диагностиканың инвазивті әдістері. Ұрықтың даму ақауларын ерте анықтау мен алдын алудағы медициналық-генетикалық кеңестің ролі. 2. Жүктіліктің физиологиясы мен потологиясы Жүктілік физиологиясы.Жүктілік кезінде әйел организміндегі өзгерістер. Қауіп факторларын анықтау. ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес қауіпсіз жүктілікті қамтамсыз ету. Жүктілік кезіндегі тексеру әдістері. Жүктілікті ерте және кеш мерзімінде диагностикалау. Жүкті әйелді сыртқы және ішкі акушериялық тексеру. Акушериядағы тексерудің қазіргі қосымша әдістері. Ұрық жағдайын антенатальды бағалаудың негізгі әдістері. Жүктілік потологиясы.Жүктілерде перинатальды және ана өлімі қауіп факторларын бағалау. Жүктіліктің типті асқынулары (жүктілік кезіндегі қанкетулер, жүктілікке байланысты гипертензиялар). Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. Жүктілікке байланысты гипертензиялардың этиологиясы мен патогенезі туралы қазіргі көзқарастар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялардың жіктемесі. Жүктілікпен байланысты гипертензиялардың ауырлық дәрежесін бағалау. Әйелдер кеңесі жағдайында алдын алу. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар кезіндегі дәрігердің тәсілі. Преэклампсия және эклампсия кезінде шұғыл терапияның принциптері. Жүктілік кезіндегі қан кетулер. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы. Плацентаның ұрық жолында орналасуы. Экстрагенитальді патология және жүктілік.Экстрагенитальды патологияның (жүрек-қантамыр жүйесі, зәр шығару, тыныс алу, асқорыту, эндокриндік жүйе аурулары) жүктілік пен босану ағымына және құрсақішіндегі нәресте жағдайына әсері. Экстрагенитальды патология кезінде жүктілік пен босануды жүргізудің ерекшеліктері. Жүктілерде экстрагенитальді ауруларды емдеу принциптері. Жүктілерді босануға дайындау.Жүктілердің емдік-қорғау режимі. Жүктілерді босануға физиологиялық-психопрофилактикалық дайындау. Босану алдында қауіп факторларын бағалау. Босану физиологиясы. Физиологиялық босану туралы түсінік. Босанудың басталу себептері. «Босану доминанты», организмнің босануға дайындығы туралы түсінік. Жатыр мойнының жетілу дәрежесі. Босану кезеңдері. Толғақтар мен күшену. Босану ұзақтығы. Босануды жүргізу.Босануды жүргізудің белсенді-күту тактикасы. Босану қызметін тіркейтін қазіргі әдістер. Ұрық басының сегменттері туралы түсінік. Босануда ұрықтың бейімделуі. Газ алмасу және босану процесіндегі ұрық гомеостазының ерекшеліктері. Босануды ДДСҰ-ға және дәлелді медицина ұсыныстарына сәйкес жүргізу. Партограмма. Босануды жансыздандыру. Акушериялық көмек көрсету.Босануды жансыздандыру әдістері. Жансыздандырушы заттардың ұрыққа әсері. Акушериялық көмекті мұқият көрсету. Босануда босанушы мен ұрық жағдайын бақылау (кардиомониторинг). Қауіпсіз босану.Босанушыларды сыртқы және іншектік тексеру. Босануды дәлелді медицина және ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес жүргізу – қауіпсіз жүктілік пен қауіпсіз босануды қамтамасыз ету. Қан кетудің алдын алу. Нәрестені қарау.«Жылу тізбегін» сақтау. Нәресте жағдайын бағалау. Нәрестенің алғаш дәретке шығуы, инфекциялардың алдын алу. Босану патологиясы. Тар жамбас. Себептері. Жіктелуі. Диагностикасы. Анатомиялық және клиникалық тар жамбас кезінде босануды жүргізу. Босану қызметінің ақаулары.Себептері. Жіктелуі. Клиникасы, диагностикасы. Босану қызметінің ақаулары кезінде босануды жүргізу тактикасы. Ұрықтың дұрыс емес орналасуы. Ұрықтың жамбаспен келуі.Диагностика. Кесір тілігі операциясын жасауға арналған көрсеткіштер. Асқынулардың алдын алу. Диагностика. Босануды жүргізу тәсілдері. Босану, босанудан кейінгі кезіңдегі акушериялық қан кетулер.Босану, босанудан кейінгі кезіңдегі акушериялық қан кетулердің қауіп факторлары. Себептері. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Босанған әйелдердің реабилитациясы. Акушериялық қан кетулердің қауіп факторларын дер кезінде анықтаудағы әйелдер кеңесінің рөлі, алдын алу мен реабилитация. Акушериялық жарақаттар.Түсінігі. Жіктелуі. Клиникасы. Диагостикасы. Емі. Акушериялық жарақаттардың алдын алу. Босанған әйелдердің реабилитациясы. 5. Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы.Ерте және кеш босанғаннан кейінгі кезең туралы түсінік. Босанған әйелдердің гигиенасы мен емдәмі.Босанған әйелдерді бақылау. Лактация. Емшекпен емізу. Емізудің он қадамы. Босанғаннан кейінгі бөлімнің асептикасы мен антисептикасы. Нәрестелер мен босанған әйелдердің іріңді-сепсистік асқынуларының алдын алу.Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Алдын алу. Жалпы гинекология Гинекологиядағы тексеру әдістері.Әйелдің репродуктивті жүйесінің клиникалық-физиологиялық ерекшеліктері. Гинекологиялық аурулардың семиотикасы. Гинекологиялық аурулардың жіктемесі. Гинекологиялық аурулар диагностикасындағы тексерудің жалпы және арнайы әдістерінің маңызы. Гинекологиядағы арнайы және қосымша тексеру әдістері. Қыз балалар мен жасөспірімдерді тексеру ерекшеліктері. Етеккір функциясының бұзылуы.Етеккір циклы, реттелуі. Етеккір циклының бұзылуы. Жіктелуі. Әтиологиясы мен патогенезі. Дисфункциональды жатырлық қан кетулер (климактериялық, бала туу кезеңінің, ювенильді). Аменорея, гипеменструальды синдром. Альгодисменорея. Емдеудің негізгі принциптері. Гинекологиядағы «іштеспесі».Жатырдан тыс жүктілік, аналық без апоплексиясы, аналық без ісігі аяқшасының айналып кетуі. Клиникасы, диагностикасы, оперативті емге арналған көрсеткіштер. 7. Гинекологиялық аурулар. Жыныс мүшелерінің қабыну аурулары.Жыныс мүшелерінің спецификалы және бейспецификалы аурулары. Клиникасы, диагностикасы, емі мен алдын алу. Жыныс жолы арқылы берілетін аурулар. Әйелдердің жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының алдын алудағы санитарлық-ағарту жұмыстарының рөлі. Қыз балалардың жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының ерекшеліктері. Нейроәндокринді синдромдар.Климактериялық, посткастрационды, етеккіралды синдромы. Клиникасы, диагностикасы, емдеу принциптері мен алдын алу. Жыныс мүшелерінің даму ақаулары мен жыныстық дамудың бұзылыстары.Жыныс мүшелерінің даму ақаулары. Қыз балалардың жыныстық дамуының бұзылуы. Некедегі бедеулік. Жіктелуі. Себептері. Диагностика әдістері мен емдеу принциптері. Онкогинекология негіздері. Жатыр мойнының фондық және обыралды аурулары.Жатыр мойнының дисплазиясы туралы түсінік. Жатыр мойны обыры. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы, саралау диагностикасы, емдеу принциптері. Кольпоскопия, онкоцитология. Жатыр денесінің фондық және обыралды аурулары.Эндометрийдің гиперпластикалық және атипиялық процестері. Жатыр миомасы. Жатыр денесінің обыры. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы, саралау диагностикасы, емдеу принциптері. Аналық бездерінің қатерсіз және қатерлі ісіктері.Аналық без ісіктері. Жіктелуі (МКБ-Х). Аналық бездердің кистасы мен кистомалары. Аналық бездердің обыры. Клиникасы. Диагностика. Аналық без ісіктерін емдеу принциптері. Тексерудің қосымша әдістері Пән сағатының үлестірілуі Жалпы сағат саны | Аудиториялық сағаттар | СӨЖ | Барлығы | Дәріс | Тәжірибелік сабақтар | | | | | | Акушерия | | | | | Гинекология | | | | | Онкогинекология негіздері | | | | | 2.7. Дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, студенттердің өзіндік жұмыстарын тақырыптық жоспарлары Дәрістердің тақырыптық жоспары № | Тақырыптың атаулары | Өткізу түрі | Ұзақтығы | Акушерия бойынша дәрістер | | Акушерия ғылымның тарихи аспектіде дамуы. Қазақстан Республикасында әйел денсаулығын қорғаудың ұйымдастырылуы. Акушерия және гинекологиядағы деонтология. | Жалпы шолу, өзекті материалдар | | | Акушерия және гинекологиядағы тексеру әдістері. Етеккір циклының нейроэндокринді реттелуі. | Жалпы шолу, өзекті материалдар | | | Жүктілік физиологиясы. Ұрықтану. Имплантация. | Жалпы шолу, өзекті материалдар | | | Жүктілікті көтере алмаушылық. Жүктілікті көтере алмаушылықты емдеудің қазіргі принциптері. | Жалпы шолу, өзекті материалдар | | | Фетоплацентарлы жүйенің физиологиясы мен патологиясы. Перинатальды медицинаның қазіргі мәселелері. | Жалпы шолу, өзекті материалдар | | | Акушериялық қан кетулер. Шұғыл көмек көрсету. | Жалпы шолу, өзекті материалдар | | | Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. | Жалпы шолу, өзекті материалдар | | | Акушериядағы іріңді-сепсистік асқынулардың өзекті мәселелері. | Жалпы шолу, өзекті материалдар | | | Барлығы: | | 16 сағат | Гинекология бойынша дәрістер | | Етеккір циклының бұзылуы. | Жалпы шолу, өзекті материалдар | | | Отбасын жоспарлау. Некедегі бедеулік. | Жалпы шолу, өзекті материалдар | | | Гинекологиядағы іштеспесі. Шұғыл көмек. | Жалпы шолу, өзекті матрериалдар | | | Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары. | Жалпы шолу, өзекті материалдар | | | Барлығы: | | 8 сағат | Онкогинекология бойынша дәрістер | | Репродуктивтік жүйенің онкопатологиясын ерте анықтаудың мемлекеттік скринигтік бағдарламалары. Жатыр мойнының фондық және обыралды аурулары. | Жалпы шолу, өзекті материалдар | | | Жатыр денесі мен мойнының обыры. | Жалпы шолу, өзекті материалдар | | | Аналық бездердің қатерсіз және қатерлі ісіктері. | Жалпы шолу, өзекті материалдар | | | Барлығы: | | 6 сағат | | Барлығы: | | 30 сағат | Практикалық сабақтың тақырыптық жоспары № | Тақырыптың аталуы | Өткізу түрі және бағалау | Ұзақтығы | | 1 Акушериялық-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы | | Акушериялық-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылу жүйесі. | Өткізу түрі: Шағын топта оқыту (SGL), перзентхана және ӘКҮ құрылымымен танысу, тақырыпты талқылау, кері байланыс. Ағымдық бағалау: тестілеу, ауызша сұрастыру. Суммативті бағалау: MCQ. | | | Репродуктивті денсаулықты қорғау. Отбасын жоспарлау. | Өткізу түрі: Мәселелерге негізделген оқыту (TaskBL), тақырыпты талқылау, дағдыларын жетілдіру: ЖІС енгізу, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, тестілеу, тәжірибелік дағдыларын қабылдау. Суммативті бағалау: MCQ, SAS (ЖІС енгізу). | | | Жүктілер мен босанған әйелдерді диспанcерлік бақылау. | Өткізу түрі: Шағын топтарда оқыту (SGL), тақырыпты талқылау, тәжірибелік дағдыларды дамыту: жүктілік және босану мерзімін анықтау, жүкті әйелдерді сұрастыру, кері байланыс. Ағымдық бағалау: тестілеу, ауызша сұрастыру, тәжірибелік дағдыларын қабылдау. Суммативті бағалау: MCQ, SAS (акушерлік анамнез жинау). | | | Ұрық жағдайын тексерудің әдістері. Ұрықты антенатальды қорғаудағы әйелдер кеңесінің рөлі. | Өткізу түрі: Шағын топтарда оқыту (SGL), тақырыпты талқылау, тәжірибелік дағдыларды дамыту: ұрықтың жүрек соғысын тыңдау, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, тестілеу, тәжірибелік дағдыларды қабылдау, кері байланыс. Суммативті бағалау: MCQ, SAS (сыртқы акушерлік тексеру) . | | 2 Жүктіліктің физиологиясы мен патологиясы | | Жүктілік физиологиясы. Жүктілерді тексеру әдістемесі. | Өткізу түрі: Топта жұмыс істеуге негізделген оқыту (TBL), тақырыпты талқылау, тәжірибелік дағдыларды дамыту: жамбас сүйектерін өлшемі, жатыр түбі биіктігін, іш айналымын өлшеу, Леопольд-Левицкий тәсілі, ұрықтың жүрек соғысын анықтау, гравидограмма толтыру, жүктілер курациясы, кері байланыс. Ағымдық бағалау: тестілеу, ауызша сұрастыру, тәжірибелік дағдыларды қабылдау. Суммативті бағалау: MCQ, SAS (сыртқы акушерлік тексеру: Леопольд-Левицкий тәсілі, гравидограмма толтыру). | | | Жүкті кезеңдегі қан кетулер. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы. Плацентаның ұрық жолында орналасуы. | Өткізу түрі: Мәселеге негізделген оқыту (TaskBL), клиникалық жағдайларды талқылау, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, ситуациялық есепті шешу, тестілеу, тиімді кері байланыс, топтық бағалау, SAQ (клиникалық есеп). Суммативті бағалау: MCQ. | | | Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. | Өткізу түрі: Шағын топтарда оқыту (SGL), клиникалық жағдайларды талқылау, жүктілер курациясы, ауру тарихынан үзінді жазу, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, клиникалық есептер шешу, тестілеу, тиімді кері байланыс, топтық бағалау, SAQ (клиникалық есеп). Суммативті бағалау: MCQ. | | | Экстагенитальды патология және жүктілік | Өткізу түрі: Мәселелерге негізделген оқыту (TaskBL), тақырыпты талқылау, клиникалық жағдайларды талқылау, жүктілер курациясы, ауру тарихынан үзінді жазу, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, клиникалық есептер шешу, тестілеу, тиімді кері байланыс, топтық бағалау, SAQ (клиникалық есеп). Суммативті бағалау: MCQ. | | | Фетоплацентарлы жүйенің патологиясы: ФПЖ, су аздық, су егіздік | Өткізу түрі: Мәселелерге негізделген оқыту (TaskBL), тақырыпты талқылау, клиникалық жағдайларды талқылау, жүктілер курациясы, ауру тарихынан үзінді жазу, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, клиникалық есептер шешу, тестілеу, тиімді кері байланыс, топтық бағалау, SAQ (клиникалық есеп). Суммативті бағалау: MCQ. | | | Жүктілікті көтере алмаушылық, жүктілікті жеткізе алмаушылық | Өткізу түрі: Мәселелерге негізделген оқыту (TaskBL), тақырыпты талқылау, клиникалық жағдайларды талқылау, жүктілер курациясы, ауру тарихынан үзінді жазу, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, клиникалық есептер шешу, тестілеу, тиімді кері байланыс, топтық бағалау, SAQ (клиникалық есеп). Суммативті бағалау: MCQ. | | | Резусқайшылықты жүктілік | Өткізу түрі: Мәселелерге негізделген оқыту (TaskBL), тақырыпты талқылау, клиникалық жағдайларды талқылау, жүктілер курациясы, ауру тарихынан үзінді жазу, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, клиникалық есептер шешу, тестілеу, тиімді кері байланыс, топтық бағалау, SAQ (клиникалық есеп). Суммативті бағалау: MCQ. | | | Жүктілерді босануға физиологиялық-психопрофилактикалық дайындау. ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету. | Өткізу түрі: Топта жұмыс істеуге негізделген оқыту (TBL), тақырыпты талқылау, рөлдік ойындар, кері байланыс. Ағымдық бағалау: тестілеу, ауызша сұрастыру. Суммативті бағалау: MCQ. | | 3 Босану физиологиясы | | Физиологиялық босану. | Өткізу түрі: Шағын топтарда оқыту (SGL), босану бөлімінің құрылымымен танысу, тақырыпты талқылау, босану бөлімінде жұмыс жасау, босану тарихынан үзінді жазу, кері байланыс. Ағымдық бағалау: тестілеу, ауызша сұрастыру, кері байланыс. Суммативті бағалау: MCQ. | | | Босануды жүргізу. Босануды жансыздандыру. Босануда акушериялық көмек көрсету. | Өткізу түрі: Симуляциялық жағдайда оқыту, клиникалық жағдайларды талқылау, тәжірибелік дағдыларды жетілдіру: шүйдемен келудің алдыңғы түрінде босануды жүргізу, босанудың ІІІ кезеңін белсенді жүргізу, партограмма толтыру, кері байланыс. Ағымдық бағалау:ауызша сұрастыру, клиникалық есептер шешу, тестілеу, тәжірибелік дағдыларды қабылдау. Суммативті бағалау: MCQ, SAS (шүйдемен келудің алдыңғы түрінде босануды жүргізу, босанудың ІІІ кезеңін белсенді жүргізу, партограмма толтыру). | | | Қауіпсіз босану. Нәрестені қарау. | Өткізу түрі: Симуляциялық жағдайда оқыту, клиникалық жағдайларды талқылау, топта жұмыс істеуге негізделген оқыту (TBL), нәрестелер бөлімінде жұмыс істеу тәжірибелік дағдыларды жетілдіру: шүйдемен келудің алдыңғы түрінде босануды жүргізу, босанудың ІІІ кезеңін белсенді жүргізу, партограмма толтыру, нәрестені біріншілік өңдеу, Апгар шкаласы бойынша нәрестені бағалау,кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, клиникалық есептер шешу, тестілеу, тәжірибелік дағдыларды қабылдау. Суммативті бағалау: MCQ, SAS (шүйдемен келудің алдыңғы түрінде босануды жүргізу, босанудың ІІІ кезеңін белсенді жүргізу, партограмма толтыру). | | | Акушерлік операциялар | Өткізу түрі: Шағын топта оқыту (SGL), клиникалық жағдайларды талқылау, тәжірибелік дағдыларды жетілдіру: жамбас өлшемін анықтау, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, тестілеу, клиникалық есептер шешу, тәжірибелік дағдыларын қабылдау, тиімді кері байланыс, топтық бағалау, SAQ (клиникалық есеп). Суммативті бағалау: MCQ, SAS (акушерлік қысқаш салу). | | | 4 Босану патологиясы | | Тар жамбас. | Өткізу түрі: Шағын топта оқыту (SGL), клиникалық жағдайларды талқылау, тәжірибелік дағдыларды жетілдіру: жамбас өлшемін анықтау, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, тестілеу, клиникалық есептер шешу, тәжірибелік дағдыларын қабылдау, тиімді кері байланыс, топтық бағалау, SAQ (клиникалық есеп). Суммативті бағалау: MCQ, SAS (жамбас өлшемін анықтау). | | | Босану қызметінің ақаулары. | Өткізу түрі: Шағын топта оқыту (SGL), клиникалық жағдайларды талқылау, тәжірибелік дағдыларды жетілдіру: партограмма толтыру, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, тестілеу, клиникалық есептерді шешу, тәжірибелік дағдыларды қабылдау. Суммативті бағалау: MCQ, SAS (партограмма толтыру). | | | Мерзімінен ерте босану, қағанақ суының мезгілсіз, мерзімінен ерте кетуі | Өткізу түрі: Мәселеге негізделген оқыту (TaskBL), тақырыпты талқылау, клиникалық жағдайларды талқылау, тәжірибелік дағдыларды жетілдіру: босанудың ІІІ- кезеңін белсенді жүргізу, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, тестілеу, тәжірибелік дағдыларды қабылдау, тиімді кері байланыс, топтық бағалау, SAQ (клиникалық есеп). Суммативті бағалау: MCQ, SAS (босанудың ІІІ- кезеңін белсенді жүргізу). | | | Ұрықтың дұрыс орналаспауы. Ұрықтың жамбаспен келуі. | Өткізу түрі: Симуляциялық оқыту, тақырыпты талқылау, клиникалық жағдайларды талқылау, тәжірибелік дағдыларды жетілдіру: Цовьянов 1 әдісі, классикалық акушерлік қолмен көмек беру, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, тестілеу, клиникалық есептерді шешу, тәжірибелік дағдыларды қабылдау. Суммативті бағалау: MCQ, SAS (Сыртқы акушерлік тексеру: Цовьянов 1 әдісі, классикалық акушерлік қолмен көмек беру). | | | Босану, босанудан кейінгі кезеңдегі акушериялық қан кетулер. | Өткізу түрі: Мәселеге негізделген оқыту (TaskBL), тақырыпты талқылау, клиникалық жағдайларды талқылау, тәжірибелік дағдыларды жетілдіру: босанудың ІІІ- кезеңін белсенді жүргізу, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, тестілеу, тәжірибелік дағдыларды қабылдау, тиімді кері байланыс, топтық бағалау, SAQ (клиникалық есеп). Суммативті бағалау: MCQ, SAS (босанудың ІІІ- кезеңін белсенді жүргізу). | | | Акушериялық жарақаттар. | Өткізу түрі:Топта жұмыс істеуге негізделген оқыту (TBL), тақырыпты талқылау, клиникалық жағдайларды талқылау, тәжірибелік дағдыларды жетілдіру: аралық жарақатына тігіс салу, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, тестілеу, тәжірибелік дағдыларды қабылдау. Суммативті бағалау: MCQ, SAS (аралық жарақатына тігіс салу). | | 5 Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы | | Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы. | Өткізу түрі: Шағын топта оқыту (SGL), тақырыпты талқылау, босанған әйелдер курациясы, босанудан кейінгі кезеңге күнделік жазу, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, тестілеу. Суммативті бағалау: MCQ, CWS (босану тарихы). | | | Босанған әйелдердің гигиенасы мен емдәмі. Босанғаннан кейінгі бөлімнің асептикасы мен антисептикасы | Өткізу түрі: Шағын топта оқыту (SGL), тақырыпты талқылау, рөлдік ойын, босанғаннан кейінгі бөлімде жұмыс жасау, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, тестілеу. Суммативті бағалау: MCQ. | | | Лактация. Емшекпен емізу. Нәрестелер мен босанған әйелдердің іріңді-сепсистік асқынуларының алдын алу. | Өткізу түрі: Шағын топта оқыту (SGL), тақырыпты талқылау, босанған әйелдер және нәрестелер курациясы, нәрестелер тарихынан үзінді жазу, тәжірибелік дағдыларды дамыту: сүт безі пальпациясы, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, тестілеу, тәжірибелік дағдыларды қабылдау. Суммативті бағалау: MCQ, SAS (сүт безі пальпациясы) | | | Аралық бақылау I | Ағымдық баға, OR, MСQ, SAS (сыртқы акушерлік тексеру, босанудың ІІІ кезеңін белсенді жүргізу, шүйдемен келудің алдыңғы түрінде босануды жүргізу, ЖІЗ енгізу, Цовьянов І әдісі, акушерлік классикалық қолмен көмек көрсету, партограмма толтыру, пельвиометрия, Апгар шкаласы бойынша нәресте жағдайын бағалау, аралық жарақатына тігіс салу, сүт безі пальпациясы) | | 6 Жалпы гинекология | | Гинекологиядағы тексеру әдістері. Гинекологиялық аурулардың семиотикасы. Гинекологиялық аурулардың жіктелуі. | Өткізу түрі: Шағын топтарда оқыту (SGL), гинекология бөлімінің құрылымы мен жұмысымен танысу, тақырыпты талқылау, тәжірибелік дағдыларды жетілдіру: арнайы гинекологиялық тексеру, қынаптың тазалық дәрежесін анықтауға жағынды алу, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, тестілеу, тәжірибелік дағдыларды қабылдау. Суммативті бағалау: MCQ, SAS (арнайы гинекологиялық тексеру, қынаптың тазалық дәрежесін анықтауға жағынды алу). | | | Етеккір функцияның бұзылуы | Өткізу түрі: Мәселелерге негізделген оқыту (TaskBL), тақырыпты талқылау, гинекологиялық ауруы бар науқастардың курациясы және ауру тарихынан үзінді жазу, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, тестілеу, ситуациялық есептер шешу. Суммативті бағалау: MCQ, SAS (шағымдарды сұрастыру). | | | Гениталды эндометриоз Жатыр миомасы | Өткізу түрі: Шағын топта оқыту (SGL), тақырыпты талқылау, гинекологиялық ауруы бар науқастардың курациясы және ауру тарихынан үзінді жазу, рөлдік ойын, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, тестілеу, тәжірибелік дағдыларды қабылдау. Суммативті бағалау: MCQ, SAS (арнайы гинекологиялық тексеру). | | | Гинекологиядағы «іштеспесі». | Өткізу түрі: Шағын топтарда оқыту (SGL), тақырыпты талқылау, клиникалық жағдайды талқылау, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, клиникалық есептерді шешу, тестілеу, тиімді кері байланыс, топтық бағалау, SAQ (клиникалық есеп). Суммативті бағалау: MCQ, | | 7 Гинекологиялық аурулар | | Жыныс мүшелерінің қабыну аурулары. | Өткізу түрі: Шағын топта оқыту (SGL), тақырыпты талқылау, гинекологиялық ауруы бар науқастардың курациясы және ауру тарихынан үзінді жазу, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, тестілеу, ситуациялық есептерді шешу, тәжірибелік дағдыларды қабылдау. Суммативті бағалау: MCQ, SAS (арнайы гинекологиялық тексеру, қынаптың тазалық дәрежесін анықтауға жағынды алу). | | | Нейроэндокринді синдромдар. | Өткізу түрі: Мәселелерге негізделген оқыту (TaskBL), тақырыпты талқылау, клиникалық жағдайларды талқылау, гинекологиялық ауруы бар науқастардың курациясы және ауру тарихынан үзінді жазу, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, клиникалық есептер шешу, тестілеу тиімді кері байланыс, топтық бағалау, SAQ (клиникалық есеп). Суммативті бағалау: MCQ. | | | Жыныс мүшелерінің даму ақаулары мен жыныстық дамудың бұзылыстары. | Өткізу түрі: Шағын топта оқыту (SGL), тақырыпты талқылау, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, клиникалық есептер шешу, тестілеу тиімді кері байланыс, топтық бағалау, SAQ (клиникалық есеп). Суммативті бағалау: MCQ. | | | Некедегі бедеулік. | Өткізу түрі: Мәселелерге негізделген оқыту (TaskBL), тақырыпты талқылау, клиникалық жағдайларды талқылау, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, клиникалық есептер шешу, тестілеу, тиімді кері байланыс, топтық бағалау, SAQ (клиникалық есеп). Суммативті бағалау: MCQ. | | 8 Онкогинекология негіздері | | Жатыр мойнының фондық және обыралды аурулары. Жатыр мойны обыры. | Өткізу түрі: Шағын топта оқыту (SGL), тақырыпты талқылау,онкологтың кабинетінде жұмыс жасау, тәжірибелік дағдыларын жетілдіру: арнайы гинекологиялық тексеру, жатыр мойнынан онкоцитологияға жағынды алу, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, клиникалық есептер шешу, тестілеу, тәжірибелік дағдыларды қабылдау, тиімді кері байланыс, топтық бағалау, SAQ (клиникалық есеп). Суммативті бағалау: MCQ, SAS (арнайы гинекологиялық тексеру, жатыр мойнынан онкоцитологияға жағынды алу). | | | Жатыр ісіктері. Жатыр денесінің фондық және обыралды аурулары. Жатыр денесінің обыры. | Өткізу түрі: Шағын топта оқыту (SGL), клиникалық жағдайларды талқылау, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, клиникалық есептер шешу, тестілеу Суммативті бағалау: MCQ, SAQ (клиникалық есеп). | | | Аналық бездердің қатерсіз және қатерлі ісіктері. | Өткізу түрі: Шағын топта оқыту (SGL), тақырыпты талқылау, кері байланыс. Ағымдық бағалау: ауызша сұрастыру, клиникалық есептер шешу, тестілеу, тиімді кері байланыс, топтық бағалау, SAQ (клиникалық есеп). Суммативті бағалау: MCQ. | | | Аралық бақылау II | Ағымдық баға, OR, MСQ, SAS (арнайы гинекологиялық тексеру, қынаптың тазалық дәрежесін анықтауға жағынды алу, жатыр мойнынан онкоцитологияға жағынды алy) | | | Ауру, босану тарихын қор | ©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов. |