МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Microsoft Access терезесімен танысу.





B130100 «Жалпы медицина»

B130200 «Стоматология»

 

Пән Информатика

 

Курс 1

 

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

АҚПАРАТТЫҚ –ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК

ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

ТӘЖРИБЕЛІК САБАҚҚА

 

Тақырып №

“ Деректер қорын басқару жүйесі MS Access. Кесте және форма. Кестелерді байланыстыру. Сұраныс құру. Есеп дайындау. Стандартты макростарды қолдану. ”

 

 

 

Құрастырушы

Аға оқытушы Дихамбеков Ж.К.

 

Семей, 2011 ж.

 

«Студенттерге арналған ақпараттық-дидактикалық блок және әдістемелік нұсқаулар тәжрибелік сабаққа: Тақырып № Деректер қорын басқару жүйесі MS Access. Кесте және форма. Кестелерді байланыстыру. Сұраныс құру. Есеп дайындау. Стандартты макростарды қолдану.

 

 

кафедра (курс) мәжілісінде қарастырылды 2011жыл

Хаттама №

 

Курсқа жауапты Буланова Р.К.

 

 

1. Тақырыбы: “Деректер қорын басқару жүйесі MS Access. Кесте және форма. Кестелерді байланыстыру. Сұраныс құру. Есеп дайындау.

2. Оқу сағат саны: 3 академиялық. сағат (150 мин)

3. Тақырып өзектiлiгi(оқу дәлелдемесi) :

4. Сабақтың мақсаты : Студенттерге берілгендерді кесте түрінде өрнектеуге және кестемен деректерді өңдеу жұмыстарын жүргізуді үйрету.

5. Оқыту міндеті : MS Access негізінде деректер қорын құруға және деректер қорынан қажетті деректерді шығарып алуға үйрету.

6. Студент бiлуге тиiс:

- Access терезесінің элементтері;

- Access деректер қорын және оның объектілерін құру;

- Сұраныс және есеп құру негізі.

7. Студент iстей алуға тиiс:

- Бір және бірнеше шарттар бойынша сұраныс құру;

- Кестелер арасында байланыс құру.

8. Сабаққа дайындалу сұрақтары :

- негiзгi бiлiм бойынша :

1. кестені толтыру формасын алу және онымен жұмыс жүргізу.

2. деректерді сұрыптауды орындау.

3. Microsoft Excel КП-ында автофильтрді қою, онымен жұмыс жүргізу және оны алып тастау.

- осы сабақ тақырыбы бойынша:

1. ДҚБЖ Microsoft Access.

2. Microsoft Access терезесінің элементтері.

3. Microsoft Access мәзірі мен әмірлері.

4. Кесте үлгісін құру. Конструктор режимі

5. Қалып құру және кестені толтыру.

6. Сұраныс құру

7. Есеп құру

9. Әдебиеттер

Негiзгi әдебиеттер:

1. Адибаев Б.М. және басқалар, ИНФОРМАТИКА, Алматы,1997, стр. 80-89;

2. Изтлеуов М.К. және басқалар, Ақтөбе, Информаттика, 2005, 256 – 263.

Қосымша әдебиеттер:

1. Ефимова О., Морозов В., Шафрин Ю. Курс компьютерной технологии, 1-том, Москва, АБФ, 1998, стр. 452-477.

3. Микляев А.П., Настольная книга пользователя, Москва, 2000, стр. 329-366

 

10. АҚПАРАТТЫҚ – ДИДАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

1. ДҚБЖ Microsoft Access.

ДҚБЖ арналады:

 

• ақпараттардың өте үлкен көлемдерімен жұмыс жүргізуді жеңілдету және ыңғайлы ету үшін;

• деректерді іздестіру мен сұрыптауды жылдам жүргізу үшін;

• деректерді әртүрлі түрде көрсету үшін;

• деректерге өзгерістер енгізу; жазуларды қосу және өшіру, қор құрылымын өзгерту үшін;



• басқа деректер қорымен ақпарат алмасу үшін;

• деректер қорынан ақпаратты принтерге не ақпаратты жинағыштарға шығару үшін;

• пошталық ақпараттарды өрнектеу, әртүрлі есеп құжаттарынң дайын түрлерін алу үшін.

MS Access – ол реляциялық деректер қорын басқару жүйесі және АЖ құру мен қолдану құралдарының жиынтығы. MS Access көмегімен мынандай әрекеттерді орындауға болады:

1. АЖ негізгі объектерін - әртүрлі деректерді оның ішінде OLE объектерінің өрісі бар екі өлшемді кестелерді құрастыру.

2. Кестелер арасында байланысты ұйымдастыру, деректердің бүтіндігін сақтай отыра, жазуларды жаңарту мен өшіру.

3. Деректерді енгізу, сақтау, қарастыру, сұрыптау, түрлендіру және әртүрлі бақылау әдістерін падаланып таңдау жүргізу.

4. АЖ-сінде туынды объектерді (түр, сұраныс, есеп) құру, түрлендіру және қолдану.

ДҚБЖ Microsoft Access ОЖ Windows ортасының қолданбасы болып табылатындықтан осы ортаның кезкелген қолданбасындай жұмысқа қосылады. Жаңа ДҚ-ын құру үшін немесе бұрын құрылған деректер қорын ашу үшін қажетті бұйрықты таңдап тышқанмен шерту керек. Microsoft Accessте құрылған деректер қоры кез келген есімді кеңейтуі Accessтің 2003-ке дейінгі түрлерінде .mdb болса, 2007-ден бастап .accdb файл болып табылады. Осы файлға Microsoft Accessтің негізгі объектілері: кесте, қалып, сұраныс, есеп, макрос және модуль кіреді. Бұлардың ішінде кесте негізгі бас объект, ал басқалары туынды объект болып табылады да, алдын ала құрылған кесте не кестелер арқылы құрылады.

Қалып (форма) кестедегі немесе сұраныстағы деректерді енгізуге, көруге және түрлендіруге қолданылады.

Сұраныс(запрос) пен есеп (отчет) деректерді таңдау, топтау, қарастыру және қағазға басу қызметтерін атқарады.

Макрос – арнаулы бұйрықтар жиынтығы. Мысалы: ФорманыАшу, ЕсептіБасу, т.б.

Модуль – Access Basic не VBA (Windows үшін Access) тілінде жазылған программа.

Әрбір объектпен жұмыс жеке терезеде жүргізіледі.

Microsoft Accessте дайындалған деректер қорының кеңейтуі Access 2007-ге дейін .mdb болса, Access 2010-да - .accdb.

Microsoft Access терезесімен танысу.

ДҚБЖ Microsoft Access Windows операциялық жүйесінің қолданбасы болғандықтан, осы жүйенің кез келген қолданбалары тәрізді жұмысқа қосылады: Пуск→Программы→ Microsoft Office→Microsoft Access 2010.

Алғаш ашылғандағы Microsoft Access 2010 терезесінің жалпы көрінісі 1-суретте көрсетілген. Microsoft Access 2010 терезесінде деректер қорымен әртүрлі жұмыстар жүргізу үшін қолданылатын әмірлер орналасқан Файл, Бас (Главная), Құру (Создание), Сырт деректер (Внешние данные) және Деректер қорымен жұмыс (Работа с базами данных) қосымша парақтары бар.

2.1. Бас (Главная) қосымша парағындағы әмірлер 2-суретте көрсетілген. Бұл қосымшадағы әмірлер 6 топқа бөлінген.

1) Тәртіп (Режим) тобындағы Тәртіп әмірі көмегімен деректер қорымен жұмыс тәртібінің жүргізілу түрі: а) Кестемен жұмыс (Режим таблицы), б) Құрама кесте (Сводная таблица), в) Құрама диаграмма (Сводная диагарамма), г) Конструктор – таңдалады.

2) Алмасу буфері (Буфер обмена) тобындағы әмірлер Word пен Excel қолданбаларының Алмасу буфері тобы әмірлерімен бірдей.

3) Сұрыптау және сүзгі (Сортировка и фильтр) тобындағы әмірлер: Сүзгі (Фильтр) – объектегі деректерден қажеттісін таңдап алуда қолдануға болатын шамалар тізімін береді; Өсу бағытында (По возрастанию) – сұрыпталатын деректерді өсу бағытында А-дан Я-ға қарай, сандар үшін 0-ден 9-ға қарай орналастырады; Кему бағытында (По убыванию) – сұрыпталатын деректерді кему бағытында Я-дан А-ға қарай, сандар үшін 9-дан 0-ге қарай орналастырады; Сұрыптауды алып тастау (Удалить сортировку) – сұрыптау нәтижесін қайтару; Белгілеу (Выделение) – сүзгілеу шартын таңдауға мүмкіндік береді; − Кеңейтілген сүзгі сипаттамалары (Параметры расширенного фильтра) − сүзгілеу шартын таңдауға мүмкіндік береді.

4) Жазулар (Записи) тобында 7 әмір орналасқан: Жаңарту (Обновить) – ағымды объектегі элементтерді өзгертуге мүмкіндік береді; Құру (Создать) – объектіге жаңа элемент құру үшін қолданылады; Сақтау (Сохранить) − объектідегі өзгерістерді сақтау; Жою (Удаление) – объектідегі белгіленген элементті жою; Қортынды не Жиыны (Итоги) – бағандағы деректер үшін көрсетілген шамалар бойынша қортынды шығарылады: қосынды, орта мән, мәндер саны, максимал мән, минимал мән, стандартты ауытқу, дисперсия; Орфография; Қосымша (Дополнительно) – қосымша әмірлер: Outlookтан қосу, Контакт түрінде сақтау, жол биіктігі, қосымша кесте (подтаблица), өрістерді жасыру, өрістерді көрсету, өрістерді бекіту, бекітуді алып тастау, өріс ені.

5) Табу (Найти) тобы әмірлері: Табу (Найти) – «Іздеу және алмастыру» (Поиск и замена) сұқбат терезесін береді, оның көмегімен құжаттан қажетті деректі табуға не оны көрсетілгенге алмастыруға болады; Алмастыру (Замена) −«Іздеу және алмастыру» сұқбат терезесін береді; Өту (Перейти) – объектідегі бір жазудан басқа (бірінші, алдыңғы, келесі, соңғы) жазуға өтуді ұйымдастырады; Таңдау (Выбрать) – объектіден қажетті элементті не толық белгілеуді жүргізеді.

6) Пішімдеу (Форматирование) тобындағы әмірлер негізінен Word әмірлерімен сәйкес келеді: қарып түрін және оның өлшемін таңдау; символды қалың, курсив және асты сызылған түрде көрсету; символдар түсін белгілеу; мәтін түсін белгілеу; тізім деңгейін арттыру (повысить уровень списка); тізім деңгейін кемітеді (повысить уровень списка); фон түсі (Цвет фона); мәтіннің бағыты (направление текста); жолдың түсін өзгерту (изменить цвет строки); тор (сетка) – объектіге тор сызықтарын (горизонталь, верткаль, толық) енгізу; маркер – тізім элементтерін маркерлеу; нөмірлеу − тізім элементтерін нөмірлеу; жазулардың сол жағын, оларды ортаға және оң жағын теңестіру.

2.2. Құру (Создание) қосымша парағындағы әмірлер 3-суретте көрсетілген. Бұл қосымшадағы әмірлер 6 топқа бөлінген.

1) Шаблондар тобы 1 әмірден тұрады: Қолданба бөліктері (Части приложения) – деректер қорының бөліктерін не деректер қорының қолданбасын толық құру не ендіру үшін әртүрлі үлгілер тізімдерінен тұрады.

2) Кестелер (Таблицы) тобында кестелер үлгілерін құруға арналған 3 әмір бар: Кесте (Таблица) – жаңа бос кестені құру, кесте өрістерін жаңа кестеде не оны конструктор режимінде ашып көрсетуге болады; Кесте конструкторы (Конструктор таблиц) – өрістерін және онда енгізілуге тиіс деректер сипаттамаларын белгілеп жаңа бос кесте үлгісін құру; SharePoint тізімі − тізімді SharePoint сайтында және осы тізіммен байланысты кестені ағымды деректер қорында құру.

3) Сұраныстар (Запросы) тобы 2 әмірден тұрады: Сұраныс шебері (Мастер запросов) – сұраныстардың қарапайым, айқасқан, қайталанушы жазуларды табу сыяқты түрлерін құруға арналған сұраныс шеберін (сұқбат терезесін) шақыру; Сұраныс қонструкторы – сұраныс кестесіне қосуға қажетті кестелер мен сұраныстарды таңдап қосуға арналған «Кестелерді қосу» (Добавление таблиц) сұқбат терезесін шақырып жаңа сұраныс құруға арналады.

4) Қалыптар (Формы) тобы 6 әмірден тұрады: Қалып (Форма) – белгіленген кесте үшін бір жазудан ғана енгізіп отуруға болатын қалып құрады; Қалып конструкторы (Конструктор форм) – конструктор режимінде бос қалып құрғанда ондағы элементтердің түрлерін енгізуге және бағдарламалар құруға болады; Бос қалып (Пустая форма) – басқару элементтерінсіз не пішінсіз қалып құру; Қалып шебері (Мастер форм) – қарапайым күйленетін қалып құру үшін «Қалып құру» (Создание форм) сұқбат терезесін шақырады; Навигация – басқа қалыптпр мен есептерге өтуге мүмкіндік беретін қалып құру; Басқа қалыптар (Другие формы) – қалыптардың тізімінде көрсетілмеген басқадай түрлерін құру үшін қолданылады.

5) Есептер (Отчеты) тобында 5 әмір бар: Есеп (Отчет) – ағымды сұраныс не кесте бойынша қарапайым есеп құру, оған қосымша компоненттер (топтар не қортындылар) енгізуге болады; Есеп конструкторы (Конструктор отчета) – бұл режимде есепке өзгерістер енгізуге болады; Бос есеп (Пустой отчет) – өрістер және басқару элементтерін енгізуге болатын бос есеп құру; Есептер шебері (Мастер отчетов) – қарапайым күйленетін есеп құру үшін «Есеп құру» (Создание отчета) сұқбат терезесін шақырады; Жапсырмалар (Наклейки) – кәдімгі немесе арнайы жапсырмалар дайындайтын жапсырма шеберін «Жапсырма құру» (Создание наклеек) сұқбат терезесін шақырады.

6) Макростар мен код (Макросы и код) тобы әмірлері: Макрос – интерфейсті ыңғайландыру және қайталанатын әрекеттерді атоматтандыру үшін әмірлер кезегін белгілеу; Модуль – дайын арнайы үлкен бағдарламаларды пайдаланып интерфейсті ыңғайландыру және қайталанатын әрекеттерді атоматтандыру; Класс модулі – деректердің белгілі класы үшін модульді қолдану; Visual Basic – бағдарламалау тілін ашу.

2.3. Сыртқы деректер (Внешние данные) қосымша парағындағы әмірлер 4-суретте көрсетілген. Бұл қосымшадағы әмірлер 3 топқа бөлінген: Импорт және байланыс, Экспорт, Деректерді жинау.

1) Импорт және байланыс (Импорт и связи) тобындағы әмірлер: Сақталған импорт әрекеттері (Сохраненные операции импорта) – бұрынғы қолданылған импорт әрекеттерін көру және іске қосу; Байланысты кестелер диспетчері – өзара байланысты кестелер тізімдерін береді; Excel –Microsoft Excel файлынан деректер алу не ол файлмен байланыс құру; Access − Accessтің басқа деректер қорынан деректер алу не ол деректермен байланыс жасау; ODBC деректер қоры (База данных ODBC) − ODBC деректер қорынан, мысалы SQL Serverден, деректер алу не ол деректермен байланыс жасау; Мәтіндік файл (Текстовый файл) –бөлгіштері бар не шектелген енді мәтіндік файлдардан деректер алу не ол деректермен байланыс жасау; XML-файл − XML-файлды импорттау; Қосымша (Дополнительно) – SharePoint тізімінен, HTML құжатынан, Outlook бумасынан, dBASE файлынан деректер алу не олармен байланыс жасау не құжатты қосып алу.

2) Экспорт тобында тек қана Экспорт әмірі бар. Оның бағыныңқы мәзірі Excelде, Мәтіндік файлда, XML файлда, PDF не XPS, Accessте, Word RTF форматында, SharePoint тізімінде, ODBC деректер қорында, HTML құжатында, dBASE файлында белгіленген деректерді сақтауға мүмкіндік беретін әмірлер және Сақталған экспорт әрекеттерін көрсету не қолдану әмірі бар.

3) Деректерді жинау (Сбор данных) тобы екі әмірден: Электрондық мәлімет құру (Создание электронного сообщения) – қолданушылардан электрондық пошта арқылы алынған деректерді деректер қорына енгізуге болатын түрге келтіру; Жауаптарды басқару (Управление ответами) – деректерді жинақтауға келген жауаптарды көру және оларды деректерді жаңарту үшін қолдану.

2.4. Деректер қорымен жұмыс (Работа с базами данных) қосымша парағындағы әмірлер 6 топқа бөлінген (сурет 6).

1) Сервис тобы Деректер қорын сығу және қалпына келтіру (Сжать и восстановить базу данных) әмірінен тұрады.

2) Макрос тобы әмірлері: Visual Basic − Visual Basic бағдарламалық тілінің редакторын ашады; Макросты орындау (Выполнить макрос) – құрылған макросты жұмысқа қосады.

3) Қатынастар (Отношения) тобында 2 әмір бар: Деректер сызбасы (Схема данных) – кестелердегі деректерді байланыстыру әдісін белгілеу; Объектілердің бағыныштылығы (Зависимости объектов) – белгіленгенді пайдаланатын деректер қоры объектілерін көрсету.

4) Анализ тобы әмірлері: Деректер қорын құжаттау құралы (Средство документирования базы данных) – деректер қорын мұрағаттау; Жылдамдалықты талдау (Анализ быстродействия) – қор жұмысының жылдам орындалуын бақылау және ұйымдастыру; Кестені талдау (Анализ таблицы) – кестедегі деректердің сипттамаларға сәйкестігін бақылау.

5) Деректердің орын ауыстыруы (Перемещение данных)тобында 3 әмір бар: SQL Server – деректер қорының бөлігін не толығымен жаңа не алдын ала құрылған Microsoft SQL Server деректер қорына ауыстыру; Access деректер қоры – деректер қорын біріншісі кестелерден тұратын, екіншісі сұраныстар мен қалыптардан тұратын екі файлға бөлу; SharePoint – кестелерді SharePoint сайтына жіберу және осы кестелермен деректер қоры арасында байланыс ұйымдастыру.

6) Жоғары құрылым (Надстройка) тобы өзі аттас әмірден тұрады және надстройка диспетчерін макростар тізімін алу үшін шақырады.

3. Microsoft Access-2010-да деректер қорын құру

Microsoft Access-2010 мәзіріндегі Файлдан басқа қосымша парақтар белсендірілген болса, терезе түрі 6-суреттегіндей болады.

Бұл терезенің Навигация ауданында (жұмыс ауданының сол жағында) Access-тің барлық объектері (Все объекты Access) ауданы шығады. Мұнда деректер қорын құру және онымен жұмыс істеу кезінде пайда болған Access объектілердің топталған (Кестелер, Сұраныстар, Қалыптар, Есептер, Макростар, Модульдер) тізімдері көрсетіледі. Дайын объектілердің кезкелгенін екі шерту арқылы қосуға, яғни ашып көруге, болады.

Дайын объектінің пішінін өзгерту үшін, оның ДҚ-ның тізіміндегі есімін белгілеп, оң жақ тиекпен шертіп, пайда болған қалқымалы мәзірден “Конструктор” әмірін шерту керек.

Кезкелген объектіні (кесте, қалып, сұраныс, есеп) қолдан конструктор көмегімен немесе Шебер (Мастер) көмегімен құруға болады.

MS Accessпен жұмыс істеуді жаңа бастаушы қолданушуларға ұсынылады:

ü кесте мен сұранысты конструктор көмегімен құру;

ü қалып пен есепті Шебер (Мастер) көмегімен құру.

MS Access объектілерін құрғанда, қалып пен есеп бір кесте бойынша құрылатындығын, ал сұраныс бір не бірнеше кесте бойынша құрылуы мүмкін екендігін ескеру керек. Осы себептен жүйе сұраныс құрғанда осы ДҚ-дағы кестелерден біреуін не бірнешеуін таңдап алуды ұсынады.

Кестелер үшін, оларға классификаторларда жатады, алдымен пішін құрып, сонан соң оларды қалып көмегімен толтырған дұрыс.

3.1. Кесте үлгісін құру.

а) Кесте үлгісін «Кесте» режимінде құру. MS Access кесте үлгісін құру үшін ашылғанда үлгіні тікелей ашық түрде кесте режимінде құруды ұсынады Мұнда бірінші өріске «Код» деген атау беріп оны кілтті өріс ретінде ұсынады. Өріс атауын өзгерту үшін оны оң тиекпен шертіп, қалқыма мәзірден «Қайта атау» (Переименовать) әмірін шертіп, жаңа есім енгізуге болады. Келесі өрісті құру үшін «Қосу үшін шерт» (Щелкните для добавления) деген ұяшықты шертіп, тізімнен осы өріске тән дерек түрін шерткен соң (сурет 7), өріс есімін беру керек. Кесте үлгісін осы режимде құрғанда өрістерге үнсіз келісім бойынша берілетін өлшемдер: «Санауыш» және «Сандық» өріске – ұзын бүтін, «Мәтіндік» өріске 255 символ, «Күн және уақыт» өрісіне – қысқа формат. Дайындалған кесте үлгісін сақтау үшін кесте есімі «Кесте1» (Таблица1) деп жазылған жолдың оң жағындағы х тиегін шерткенде «кесте үлгісін сақтау керек пе?» деген сұрау шығады. Оған «Иә» (Да) деп жауап беріп, «Сақтау» (Сохранение) сұқбат терезесінде «Кесте есімі» (Имя таблицы) өрісіне кесте есімін жазып, «OК» батырмасын шерткеде, кесте осы көрсетілген есіммен сақталады және Accessтің барлық объектері ауданындағы кесте тобында көрсетіледі.

Жадыны және деректер қорының ақпараттық көлемін үнемді пайдалану үшін кесте есімін оң тиекпен шертіп «Конструктор» режимін таңдап, әр өріс деректерінің түріне сай қажетті минимал жеткілікті өлшемдерді беру керек. Бұл өлшемдер терезенің төменгі жағында орналасатын «Өріс қасиеті» (Свойства поля) ауданында «Өріс өлшемі» (Размер поля) не «Өріс пішімі» (Формат поля) өрісінде көрсетілуі керек. «Өріс өлшемі» не «Өріс пішімі» өрістерінде көрсетілетін қасиеттер тізімі “Деректер түрі” өрісінде көрсетілген дерек түріне байланысты өзгеріп тұратын қасиеттер тізімінен таңдалады (сурет 9). Ол үшін «Өріс өлшемі» не «Өріс пішімі» атауларының оң жағындағы ұяшықтағы стрелканы шертіп, пайда болған тізімнен қажетті өлшемді шерту керек (сурет 8). 7-ші суретте деректер түріне «сандық» түр таңдалған, ал 8-ші суретте өріс өлшемі қасиетіне «ұзын бүтін» таңдалған.

б) Кесте үлгісін «Конструктор» режимінде құру. «Кесте1» (Таблица1) деп жазылған жолдың оң жағындағы х тиегін шертіп, ұсынылып отырған кесте үлгісін құру режимінен шығып, мәзірде «Құру» (Создание) - оның әмірлер жолағында «Кесте» тобындағы «Кестелер конструкторы» әмірін шерткенде жұмыс ауданының жоғарғы жағында міндетті түрде толтырылатын «Өріс есімі» (Имя поля) және «Деректер түрі» (Тип данных) бағандары (сурет 10) пайда болады. Үшінші «Сипаттау» (Описание) бағанын толтыру міндетті емес. «Өріс есімі» өрісіндегі ұяшықтарға құрылатын кестеге, яғни қойылған мақсатқа, сай өріс есімдері пернетақтадан теріліп енгізіледі. «Деректер түрі» өрісі ұяшықтарына осы өріске енгізілетін дерек түрі стрелканы шерткенде шығатын тізімнен таңдалынады.

Жұмыс ауданының төменгі жағында өріс түрінің сипаттамаларын көрсетуге арналған «Өріс қасиеттері» (Свойства поля) қосымшасы шығады (сурет 8, 9). Оны толтыру «Кесте үлгісін «Кесте» режимінде құруда» қарастырылған «сурет 8).

Барлық өрістер есімдерін, деректер түрін және олардың өлшемдерін көрсеткен соң, міндетті түрде кілттік өрісті белгілеу қажет. Ол үшін кілттік өріс болатын өріс есімін не осы жолды белгілеп, «Кестемен жұмыс Конструктор» қосымшасы жолағының «Сервис» тобындағы «Кілттік өріс» (Ключевое поле) әмірін шертіледі. Осы кезде осы өріс алдына кілт белгісі қойылады. Кесте үлгісін сақтау және оған қажетті есім беру үшін «Кесте1» (Таблица1, цифрлары басқа болуы мүмкін) жолының оң жағындағы х тиегін шертіледі, сақтау керектігі расталады, сонан соң «Сақтау» сұқбат терезесінде «Кесте есімі» өрісіне кесте есімін жазылып, «OК» батырмасын шертіледі. Кесте осы көрсетілген есіммен сақталады және Accessтің барлық объектері ауданындағы кесте тобында көрсетіледі.

Кесте үлгісін өзгерту үшін мына көрсетілген әрекеттерді орындау керек:

а) Accessтің барлық объектері ауданындағы «Кестелер» тізімінен өзгертілетін кесте есімін тінтуірдің оң тиегімен шерту;

б) қалқымалы мәзірден “Конструктор” әмірін шерту;

в) кесте үлгісі пайда болғанда кілт белгісі бар жолды не оның бір ұяшығын белгілеу;

г) «Кестемен жұмыс Конструктор» қосымшасының «Сервис» тобындағы «Кілтті өріс» әмірін шертіп, кілтті өрістен кілт белгісін алып тастау;

д) осыдан кейін қажетті өзгерістерді жүргізуге болады;

е) кесте үлгісіне өзгерту енгізіп болған соң, қайтадан кілтті өрісті белгілеп, үлгіні сақтау әрекеттерін орындау.

3.2. Қалып құру және кестені толтыру.

Кестедегі деректерді көру, енгізу және түрлендіру үшін, осы кесте үшін бір не бірнеше қалып (форма) құруға болады. Қалып – терезесінде кестенің бір жазуы көрсетілетін құжат. Құрылымы бойынша түр сұхбат терезесіне ұқсас. Қалыпты құру үшін конструкторды немесе Мастерді пайдалануға болады. Қалып белгілі бір кесте не сұраныс үшін құрылады.

Қалыпты құру үшін белгілі стандартты адымдарды орындау керек:

1) ДҚ терезесінде мәзірде «Құру» қосымшасын белсендіріп, «Қалып» (Форма) тобындағы «Қалып шебері» (Мастер форм) (сурет 3) әмірін шерту;

2) «Қалып құру» (Создание форм) терезесінде (сурет 10 А) «Кесте және сұраныс» (Таблицы и запросы) өрісіндегі стрелканы шертіп, тізімнен қалып құрылатын кесте есімін белгілеу;

3) «Қолайлы өрістер» (Доступные поля) өрісінде көрсетілген (Ссурет 10 Б) таңдалған кесте өрістерінің есімдерінің қажеттілерін кезекпен шертіп > батырмасын шертіп отыру, ал барлық өрістер қажет болса >> батырмасын шерту. Осы кезде кесте өрістері есімдері «Таңдалған өрістер» (Выбранные поля) өрісіне өтеді (сурет 10, В);

4) «Әрі қарай» (Далее) батырмасын шертіп, «бір бағанда» (в один столбец) әмірін шертіп, қалыптың бір бағаналы түрін таңдау,

5) «Әрі қарай» (Далее) батырмасын шертіп, «Қалып есімін беріңіз» (Задайте имя формы) өрісіне қалып есімін жазып (бағдарлама өзі жазады), «Дайын» (Готово) батырмасын шерту. Осыдан кейін қалып бірінші жазуды енгізуге дайын.

Қалып үлгісінің төменгі жағында «Жазу» (Запись) деген жазудан соң мынандай белгілер бар (сурет 11): - бірінші жазуға өту батырмасы; - алдыңғы жазуға өту батырмасы; - бірінші сан ағымды жазудың рет саны, екінші сан енгізілген жазулардың толық саны; - келесі жазуға өту батырмасы; - соңғы жазуға өту батырмасы; - жаңа бос жазу қосу батырмасы.

Қалыпты толтырғанда мына жағдайларды ескеру керек:

1) кілтті өрісте деректер қайталанбауы керек, басқа өрістерде қайталануына болады;

2) егер ұяшықта № белгісі тұрса бұл деректердің «Санауыш» түрі, сондықтан ұяшық өздігінен толтырылады (Сурет 11).

3) Бір жазу (қалыптың ағымды парағы) толтырылған соң келесі жазуға өту батырмасын шерткенде, жаңа жазуды енгізуге бос парақ пайда болады.

4) Қалыпты толығымен толтырып, оның есімі жолының оң жағындағы х батырмасын шертіп жапқанда, деректер кестені толтырады. Кесте атауын екі шертіп, оның толтырылғанын көруге болады.

3.3. Сұраныс құру.

Сұраныс (Запрос), бұл сөздің кең мағанасында, деректер туралы сұрақ.

Сұраныс, кәдімгі кестелердегіндей құрылымдық элементтерден тұратын және нақты деректер негізінде құралатын, туынды кесте болып табылады. Сұраныс пішінін құруда қажет болса көрсетіледі:

ü қандай кестелерден және қандай өрістерді сұранысқа енгізу керектігі;

ü есептеулер жүргізілетін өрістердің, яғни сұранысқа енгізілген өрістердегі деректердің функциясы болатын нәтижелердің, сипаттамалары;

ü бастапқы кестелердегі жазулармен сұраныста жүргізілетін әрекеттерді көрсету, мысалы іріктеу шарты.

Сұранысты құру үшін деректер қоры терезесінде орындалатын стандартты әрекеттер:

а) мәзірде «Құру» қосымшасын белсендіріп, «Сұраныстар» тобындағы «Сұраныстар конструкторы» әмірін шерту;

ә) пайда болған «Кесте қосу» (Добавление таблицы) терезесінен сұраныс құруға қажетті кестелер есімдерін кезекпен белгілеп, әрқайсысын «Қосу» (Добавить) батырмасын шерту арқылы сұраныс үлгісінің байланыс ауданына жіберу (бас кестені бірінші көрсеткен ыңғайлы);

б) бас кестемен әр кесте арасында байланыс ұйымдастыру (сурет 12). Ол үшін байланыс жок кестенің кілтті өрісінен бас кестенің сондай атаулы өрісіне байланыс сызығын жүргізу керек. Ол үшін кестенің кілтті өрісін белгілеп, тінтуірдің сол тиегін басып тұрып, тінтуір сілтегішін бас кестедегі өріс атауына апарып, тінтуірдің тиегін қоя беру керек. Егер байланыс дұрыс болмаса, онда байланыс сызығын оң тиекпен шерткен соң, «Жою» (Удалить) әмірін шертіп жоюға болады.

в) сұраныс құруға қолданылатын кестедегі өрістер атауларын қажетті ретпен екі шерту арқылы сұраныс терезесінің төменгі бөлігіндегі «Өріс» және «Кесте атауы» өрістерін толтыру;

г) «Іріктеу шарты» (Условие отбора) және одан төменгі жолдарға сұраныс құруда қолданылатын шарттарды көрсету (мысалы, Сәулетті – Сәулетті мекенінде тұратындар үшін, < 01.01.1955 – 01.01.1955 жылға дейін туғандар үшін, > 01.01.1955 – 01.01.1955 жылдан кейін туғандар үшін, >= 01.01.1955 – 01.01.1955 жылдан бастап туғандар үшін, т.б.) және әр шарт өзінің өрісі бағанында жазылуы керек. Бір ұяшыққа тек қана бір шарт жазылады, сондықтан бір өріс үшін бірнеше шарт болса, онда келесі шарт төменгі ұяшыққа жазылады. Сурет 12 де күрделі іріктеу шарты қолданылған сұраныс құру үлгісі көрсетілген: ауру түрі «Гипертония ауруы» және «Бронхты астма», есепке алыну күні 2000 жылдың 1-ші мамырынан, тұратын жері Жалаулы, мамандық оқытушы және тәрбиеші, туған күні 1970-ші жылдың 1-ші қаңтарына дейін.

ғ) Сұраныс үлгісі құрылған соң оның есімі жолының оң жағындағы х батырмасын шертіп жауып, сақтау қажеттігін растап, сұранысты есімдеу қажет. Есімдеу кезінде ондағы символдар саны 60-тан аспауы, тыныс және математикалық белгілер қолданбауы керек.

д) Accessтің барлық объектері ауданындағы «Сұраныстар» тізімінен құрылған сұраныс есімін екі шертіп жұмыс нәтижесін көруге болады.

е) Сұраныс дұрыс болмаған жағдайда «Сұраныстар» тізімінен сұраныс есімін оң тиекпен шертіп, қалқымалы мәзірде «Конструктор» әмірін шертіп, сұраныс үлгісін шығарып алып оған түзетулер енгізуге болады. Сонан соң сұранысты жапқанда онсы сақтау керектігін растау қажет.

3.3. Есеп құру.

Есеп – қағазға басып шығаруға арналған, деректерді көрсетудің ерекше түрі. Есепті қүрастыру үшін сұраныс құрылады. Бұл сұраныста әртүрлі кестелерден қажетті деректер жинақталады, қажет болса есептеулер, топтастыру және таңдау шарттары өрістері қосылады. Осындай сұраныс негізінде MS Accessтің жалпы ережелері бойынша есеп құрастырылады және онда:

ü деректерді оқуға және талдауға ыңғайлы түрде көрсетеді;

ü қортынды және қортынды және орташа мәндер есептеу.

Есепті кезкелген кесте үшін, сұраныс құрмай, құрастыруға болады.

Есеп құру үшін орындалады (есеп құру қалып құруға ұқсас):

1) ДҚ терезесінде мәзірде «Құру» қосымшасын белсендіріп, «Есеп» (Отчет) тобындағы «Есептер шебері» (Мастер отчетов) (сурет 3) әмірін шерту;

2) «Есеп құру» (Создание отчета) терезесінде «Кесте және сұраныс» (Таблицы и запросы) өрісіндегі стрелканы шертіп, тізімнен есеп құрылатын кесте не сұраныс есімін белгілеу;

3) «Қолайлы өрістер» (Доступные поля) өрісінде көрсетілген өрістерінің есімдердің қажеттілерін кезекпен шертіп > батырмасын шертіп отыру, ал барлық өрістер қажет болса >> батырмасын шерту. Осы кезде кесте өрістері есімдері «Таңдалған өрістер» (Выбранные поля) өрісіне өтеді;

4) «Әрі қарай» (Далее) батырмасын 3 рет шертіп, «кестелі» (табличный) әмірін белгілеп, есептегі деректердің кесте түрінде көрсетілуін таңдау;

5) «Әрі қарай» (Далее) батырмасын шертіп, «Есеп есімін беріңіз» (Задайте имя отчета) өрісіне есеп есімін жазып (бағдарлама өзі жазады), «Дайын» (Готово) батырмасын шерту. Есеп терезесін жауып, Accessтің барлық объектері ауданындағы «Есептер» тізімінен құрылған есеп есімін екі шертіп жұмыс нәтижесін көруге болады.

11. САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

11.1. Өз бетiмен атқарылатын жұмыс

Оқытушыдан тапсырма және деректер қорын құруға деректер алып «Диспансеризация» деректер қорын: 6 кестелі, 6 қалыпты, 4 сұранысты және 4 есепті – құру қажет. «Диспансеризация» деректер қорын өз бумаңыздағы «ТЕМА_18» бумасында сақтаңыз.

11.2. Оқытушымен жұмыс:

- Қателiк жiберілген кезде, не түсiнiксiз жағдайлар болғанда оқытушыны ескерту керек

- Сабақ соңында iстелген жұмыстын есебiн мұғалiмге көрсетiп, сынақ баға алу керек

11.3. Негiзгi және қортынды бiлiм деңгейiн бақылау:

- Компьютерде тестелу

- Оқытушының тақырып сұрақтары бойынша әңгiмелесуi

 





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.