МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Сауда делдалдарымен шарт талаптары





Сауданы сыртқы нарыққа шығаруға өндірушілердің қауқары жетпейді және олар сауда делдалдарына жүгінеді.Сыртқы сауда делдалдары тауар мен қызметтерді өндіруші мен тұтынушы, сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім, байланыс орнатуға және сыртқы сауда мәмілелерін жасауға көмек көрсетеді.Делдал тауар иесі болып табылмайды және заң бойынша тауарға ешқандай жауапкершілік алмайды. Делдалдар сатылған тауар көлемінен % түрінде сыйақы алады.Экспорттық-импорттық операцияларды делдал арқылы жүзеге асыруда онымен кәсіпорын арнайы келісімге отырады. Келісімде жақтардың құқығы мен міндеттері қаралады.Шарттың мазмұны жақтардың келісімдерімен айқындалады. Бекітілген келісім құқықтық күшке ие болады.

Кез келген келісім жақтардың белгілері және атаулары ақпаратымен басталып, сосын жақтардың қатынасы сипаттамасы анықталады, нақтырақ тауарды иелену құқығы және делдалдың өнімді өз атынан сату құқығы анықталады.

Делдалдық келісімде келесілер анықталады:

Ø тауар номенклатурасы

Ø аталған делдалдар жұмыс істейтін территория

Ø Өнімді жарнамалау және техникалық қызмет көрсету б/ша жақтардың қызметтері

Ø делдалдың нарық конъюктурасы жағдайы б/ша ақпарат жеткізу қызметі

Ø өнімнің артықшылығы және сатылу қадамдары

Ø келісімнің жарамдылық уақыты

Ø оның мерзімін ұзарту шарты

Ø шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылуы

Ø баға және төлем шарты

Ø сыйақы төлеу реті және т.б. шарттар

Енді делдал түріне қатысты келісім-шарт ерекшелігін қысқаша қарастырсақ:

Сататын делдалдар өнімді жабдықтаушымен сатып алу-сату келісімін жасайды және сосын оны өз атымен жалғастырады. Тапсырушы алдындағы міндеті олардың келісім шартына байланысты сатып алушы ұстанымына қатысты болмайды. Сататын делдалдар экспортер тауарын өткізетін тұрақты топ б.т. және оның қызығушылығын бақылауға міндет алады, оның құзырына тапсырылған істерді жүргізеді

Дистрибьютер – негізінен импортпен айналысатын кәсіпорын фирмалар, тауарды сатып алуға және аймақтық нарықтағы белгілі бір кәсіпорындарға сатуға монополиялық құқығы бар. Пайдасы тауар сату мен сатып алу бағаларының айырмашылығынан келеді. Дистрибьютерлер белгілі бір тауар түрімен, оларға жарнама жасап, нарық жағдайын оқумен, сатар алдындағы және сатудан кейінгі қызметпен айналысады. Дистрибьютерлер жабдықтаушыдан тәуелсіз әрекет етеді және өзіндік баға саясатын жүзеге асырады.

Диллер – өнімді көтерме бағаға сатып алатын және оны жекелеп немесе кіші партиялап сататын кәсіпорын немесе заңды тұлға. Оның міндетінде баға саясатын жабдықтаушымен келісіп өткізу қарастырылған, бұл ретте диллер тауарды жабдықтаушыдан несиеге алуға мүмкіндігі бар.



Комиссионер – нарықта сатып алушымен өз атынан, бірақ жабдықтаушы есебінен келісім жүргізеді, мәміле жасасады. Бұл ретте тауарды жабдықтаушы комитент (басқа адамға тапсырма беруші, өз атынан, бірақ комиссионердің есебінен мәміле жасасушы) д.а. Комиссионды келісім жүргізудің механизмі : нарықты жақсы білетін делдал комиссия келісіміне тауарды сату жөнінде комитентпен қол қояды, сатып алушы табады және омен өз атынан сатып алу-сату келісімін бекітеді. Сатып алушыдан комиссионды сыйақыны алып тастап келісімдегі уақыт ескерту уақытында төлем алады, оны комитент есебіне аударады. Сатып алушы үшін комиссионер өз тауарын сатушы б.т.

Агенттер өзге тұлғалар не фирмалар (принципал) атынан және есебінен пайда әкеледі.Агенттің негізгі қызметі – принципал және 3ші жақ арасында тікелей не жанама іскери байланыс іздеу, орнату. Агент жұмысын тұтынушының төлем қабілеті әлеуеті және нарық жағдайының ақпаратын ескере атқарады.Агент келісімді бұзбауға және әрқашан принципалдың мүддесіне әрекет етуге міндетті, агенттің 3ші жақтан заңсыз сыйақы алуға және өзіне құпия міндет алуға құқы жоқ.

Брокер-делдалдар биржада қызмет ететіндер. Брокер арқылы шикізат тауарлары сатылады. Брокер тауарды белгілі бір сыйақы бойынша(%) сатады және сатып алады, қосымша тауарды келісімде ескертілген бағадан жоғары бағаға сатқаны үшін немесе тауарды төмендеу бағаға сатып алғаны үшін ынталандыру сыйлық алуы мүмкін. Кейде брокерлер тауарды меншік иесі болу үшін сатып алады.

35.Сауда-делдалдық фирмалардың түрлері мен қызметтері.

Нарықтық жүйе қатынастарында кәсіпорындары тәуелді және тәуелсіз делдалдық ұйымдар деп екі топқа бөледі.

Тәуелсіз ұйымдар – тауарларды өз иелігіне сатып алып кейін оларды тұтынушыларға сатып, өткізетін жеке дара делдалдық ұйымдар. Өндіріс құралдарын сатып өткізетін тәуелсіз көтерме делдалдарды көбінесе дистрибьюторлар деп атаса, қызмет саласына байланысты, оларды көтерме фирмалар немесе сауда үйлері деп те атайды.

Тәуелді – бұл тауарға меншік құқығы жоқ, бірақ орындаған қызметтері үшін си ақы алатын делдалдар. Оларға-өткізу агенттері, брокерлер, комиссионерлер сатып алатын кеңселер, тағы басқалары жатады. Қызмет көрсетуді қамту деңгейіне байланысты тәуелді делдалдар былайша ерекшеленеді:

Тұтынушыға толық циклді қызмет көрсететін көтерме саудагерлер.Өз серіктестеріне тауар қорларын сақтау, несиелеу, тауарды жеткізу, басқару саласында жәрдемдесу сиақты қызметтерді көрсетеді. Олар тауарды өз есебінен сатып алып, нарық конъюнктурасының өзгеруі, тауардың бұзылуына, ескіруіне байланысты пайда болатын бүкіл тәуекелді өз мойнына жүктейді.

Тұтынушыларға шектеулі циклмен қызмет көрсететін көтерме саудагерлер. Бірінші топқа қарағанда, өз тұтынушылары мен жеткізушілеріне азырақ қызмет көрсетеді. Оларға жататындыр:

Cash&Carry компаниялары (ағылшыннан аудармасы – төле де, алып кете бер). Негізгі қажетті тауарлардың (азық-түлік тауарлары, ойыншықтар, киім, электр құралдары, құрылыс заттары) шектеулі ассортиментімен айналысып, оларды ұсақ бөлшек саудагерлерге қолма – қол ақшаға сатады. Тауарды тұтынушыға жеткізумен айналыспайды.

Көтерме саудагерлер – коммивояжерлер. Ұзақ сақталмайтын, тез бұзылатын (ет, сүт, жеміс, жеңіл тағамдар) тауарларды сату және оларды жылдам жеткізуімен айналысады. Олар супермаркеттерді, мейрамханаларды, шағын азық – түлік дүкендерін, қонақүйлерді автомобильмен тікелей аралай жүріп, тауарларын қолма-қол ақшаға сатады.

Көтерме-брокерлер. Олардың негізгі қызметі- сатушы мен сатып алушыны кездестіру. Брокерді жалдаған адам оған жалақысын береді. Олардың тауарға құқығы жоқ, тауар қорын жинамайды, еш бір тәуекелді міндеттемелерді алмайды. Көмір, машина жасау, ағаш өңдеу сиақты ірі көлемді өнеркәсіп салаларында жұмыс істейді. Тауарды сатумен, оны сақтаумен және жеткізумен айналыспайды. Тапсырысты ала салысымен келісімге сәйкес тауарды сатып алушыға жеткізетін өндірушіні таңдайды.

Агенттер – ол сатушының немесе сатып алушының мүддесін қолдайды, жұмыстары брокерлерге қарағанда тұрақты болады. Агенттердің бірнеше типтері бар.

Өндірушілердің агенттері - бірін-бірі толықтыратын тауарлары бар бір немесе бірнеше өндірушінің мүдделерін қолдайды. Әрқайсысымен жұмыс тәртібі, делдалдық си ақы мөлшері туралы келісім – шарт жасалады. Киім, әшекей бұйымдарын, жиһаз, электр бұйымдарын сатқан кезде жиі қолданылады.

Сату агенттері. Жасалған келісім-шарт негізінде өндіруші өндіретін барлық тауар ассортиментін сату құқығын агентке береді.

Комиссионер агенттер. Тауарларды сату мәмлелерін жасап, тауарды иемденеді. Көбінесе ауыл шаруашылығындағы фермерлермен жұмыс істейді.

Агенттер және брокерлер – тауарды сату-сатып алуға ықпал етіп, оның сату бағасының 2-6%-ы мөлшерінде делдалдық си ақы алады.

Көтерме саудагерлер – консигнанттар. Олар бакалейлік-гастрономдық дүкендерді, бөлшектеп сатушыларды азық-түлік емес, кітап, журнал, кеңсе тауарлары сиақты тауарлармен қамтамасыз етеді. Консигнантар негізінде атақты фирмалардың тауарларымен айналысады, оларды өзінің жеке меншігінде қалдыруға құқығы бар. Консигнанттер тауарды бөлшектік сатушыларға консегнация шартымен өткізеді, олар тек нақты сатылғантауар үшін ғана есеп айрысады. Бұл делдалдардың орындайтын қызметтері: сауда орнында сөрелер орнату, тауарды жеткізу, оның қорын толтыру, қаржыландыру. Мысалы, «Маккиссон» компаниясы кейде консигнант ретінде дәріханаларда косметикалық тауарларды сатады, өйткені провизорлардың білімі мен уақыты дұрыс тапсырыс беруге және тауарды ашық жария етіп көрсетуге жетпейді.

Өндірістік кооперативтік. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін және жергілікті нарықта сататын кооператив мүшсі болып жүрген фермерлердің ұжымдық иелігінде болады.

Сауда маклерлері. Өндіріс құралдарының көтерме нарығында және жергілікті жылжымайтын мүлік нарығында жүйе іс-әрекет жасайды. Сауда маклерінің дистрибьютерлерден айырмашылығы-олардың қызмет көрсету салалары тар болып келеді. Маклерлер тасымалдауы мен тапсыруы көп еңбек сіңіруді қажет ететін ірі көлемді жүктермен айналысады.

Сөрелі джобберлер. Бөлшектік сауда (супермаркеттер, және т.б.) мен көтерме саудада сөрелерді тауарлармен қамтамасыз етеді. Олар өз жұмысы үшін делдалдақ си ақы алады. Сөрелі джобберлер тауарды іріктеу, көрсету, жеткізу, сақтау, бақылау жауапкершілігін мойнына алады. Көтерме саудагерлер әдетте, шығындарды жабу және пайда табу үшін тауарға 20% көлемінде үстеме баға қосады.

 

36 Кәсіпорындардың СЭҚ-не ҚР-ның Кедендік одаққа кіруінің ықпалы

Кедендік одақ - екі немесе бірнеше мем­лекеттердің өз араларындағы кедендік шекараларды жою және бірыңғай кедендік тариф құру жөніндегі келісімі.

Ресей, Қазақстан және Белорусия арасындағы КО 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел - Ресей, Белорусия Қазақстан үшін бір­ыңғай кедендік тариф күшіне енді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бас­тап бірыңғай кедендік кодекс енгізілетін болады. 2011 жыл­дың ортасынан бастап тауа­р­лар­дың кедендік бақылауы Беларусь Рес­публикасының, ал бір жылдан ке­йін Қазақстан Респуб­ли­ка­сының сыртқы шекарасына кө­ші­рілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Толыққанды және толық ауқым­дағы Кедендік 2011 жылдан бас­тап енгізіледі және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік жә­не тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз­гертіледі» деп атап көрсетті.

 

Одаққа бірігудің негізгі мәні одақ­қа мүше мемлекеттер ішін­де­гі кедендік тосқауылдардың бол­мауында және кез келген сыртқы та­уарға, оның қай елге тасы­мал­данатынына және ортақ ше­карадан қай жерде өткеніне қара­мастан бірыңғай кедендік та­­лапты қалыптасуында. Келешекте біртұтас көліктік, энер­гетикалық, ақпараттық ке­ңістік құрылуы тиіс, интеграциялық процестер жеделдетіледі, то­лыққанды жалпы рынок қа­лыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеу­меттік-экономикалық да­мудың ортақ мақсаттарына ке­ліседі, уағдаласқан құрылымдық, ин­новациялық, сыртқы эко­но­микалық және әлеуметтік сая­сат­ты қалыптастырады.

 

Қарамақайшылықтар.Кедендік одаққа қатысудан Ре­сей, Қазақстан және Бе­ло­руссия қандай дивидендтер ала­тын­дығы заңды сұрақ. Қазақстанда, әсіресе Белорусияда бұл КО-тан ұтыламыз деген дауыс толассыз естілуде. Олай деуге негіз бар: жаңа Одақтың заңнамалық негізі кем деген де 90% Ресей Кеден заңына негізделген, сондықтан шикізатқа негізделген экономикалы Қазақстан үшін тек Қазақ ірі шикізат өндіруші компанияларға бұл Одақ пайдалы болғанымен, қалың қазақтар үшін 3-ші елден (Қытайдан) келетін арзан тұрмыстық заттар қол жетімсіз болып қымбаттайды деген сөз. Осылайша Өмір деңгейі де кем деген де 10-20% нашарлайды, ал аяқтарына толық тұрып үлгермеген қазақ биснесі үшін де бұл Одақ өте қауіпті.

 

37. Кәсіпорындардың СЭҚ-не ҚР-ның ДСҰ-на кіруінің ықпалыҚазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру — елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басымды бағыттардың бірі деп біледі. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі жұмысшы топқа осы ұйымның 38 мемлекеті кіреді, сонымен бірге нарыққа тауарларды шығару жөніндегі келіссөздерге 14 ел, ал қызмет нарығына қатысты 10 ел қатысады.

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің артықшылықтары мен қатар кемшіліктері де бар. Бiр жағынан, ДСҰ-ға мүше елдер үшін арзан импорт және шикізат қол жетімді болады, ал тұрғындарға арзан тауарлар мен қызметтерге жол ашады. Бiрақ, бұдан жалпы экономиканың ұтатындығына қарамастан, кейбір салалар зардап шегіп қалуы мүмкін.

Қазақстан экономикасын ДСҰ-ға кіргеннен соң не күтедi? Тәуелсiз срапшылар пікірінше еле жаппай өзгерулер орын алады. Шағын және орта бизнес өкілдері шығынға ұшырайды, өйткені шетелдік өндірушілер төмен кедендік баж салығымен отандық нарыққа еркін еніп, олармен бәсекеде жеңілуі мүмкін.

ДСҰ-на мүше болудың артықшылықтары:

- ДСҰ-ның мүшелерімен сауда қатынастарын дамуының болжалдануы мен нақтылығы;

- ДСҰ мүшелерінің кұқықтарын пайдалану;

- Сауда саясатының ашықтығы мен сауда қатынастарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сауда серіктестерінің тәжірибесі;

- Сауда серіктестерімен құқықтар бұзылған жағдайда оларды ДСҰ шеңберінде шешу механизмін қолдану;

— ДСҰ көпжақты сауда келісімдерінде тиімді қатысудың нәтижесінде өзінің сауда және экономикалық мүдделерін қозғауда ДСҰ кұрал ретінде қолдану;

Десек те, Қазақстан неліктен ДСҰ-ға кіруге асығады? Бұнда барлығы аз да болса түсінікті: билік өкілдері дүние жүзілік экономикаға одан да терең ықпалдастық жасау арқылы ІЖӨ өсімінің қарқынын жылдамдатамыз деп есептейді.

Бұның мәнісі, халықаралық сауданың дүниежүзілік экономикаға қарқын беретіндігінде, сондай-ақ, жаһанданудың басқа аспектілерін өзімен бірге ілгерілететіндігінде. Осы сөздерді растау үшін статистиканы келтірсек: соңғы 50 жылда өндіріс өнімдерінің дүниежүзілік сауда мөлшері 17 есеге өсті, ал дүние жүзілік өндіріс мөлшерінің өзі 6 есеге ұлғайды. Және де, соңғы 10 жылда дүние жүзілік сауданың жыл сайынғы өсу қарқыны 6,5%-ға жетті, ал жиынтық ІҰТ тек 2%-ға өсті.

Сонымен қатар, Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы ғаламдық транзиттік делдал болуға ұмтылуда, ал ДСҰ-ға нақты мүшеліксіз бұл ұмтылыс сенімсіз көрінеді.

Саудадағы шектеулерді жою да маңызды саналады. Атап айтсақ, АҚШ-та КСРО-мен қарсылық кезінде енгізілген Джексон-Вэник түзетуі. Бұл туралы жоғарғы деңгейдегі американдық-қазақстандық кездесулерде жиі айтылады, ал 2009 жылғы наурыз айының басында Қазақстанның бас раввині Ешая Коген АҚШ-қа барған іссапары кезінде түзетулерді жою туралы өтініш жасады. Бірақ, АҚШ тарабы уәделерден әрі қарай «барлығын ойластыруға» бармай отыр.

Бұнымен қоса, ДСҰ ережелеріне сәйкес, ұйым мүшесі ұйымның барлық мүше-елдерімен бірге кедергісіз сауда жасау режиміне қол жеткізеді. Сондықтан, нафталин иісі бар түзету автоматты түрде жойылады. Және де тағы бір артықшылық: ДСҰ-ның бір мүшесіне ұсынылған жеңілдіктер ұйымның басқа мүшелеріне де автоматты түрде тарайды.

Келіссөз үрдісінің жұртшылыққа ерекше, кездейсоқ деп жарияланғандығы басқа мәселе. Бұнымен келіспеуге рұқсат етіңіз. Неге? Нақты мысал келтіріп, қарастырып көрелік. Өткен жұма күні, ҚазТАГ тілшісі хабарлағандай, ҚР Экономикалық ықпалдастық істері жөніндегі министр Жанар Айтжанованың бастамасымен қазақстандық делегация Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша жұмыс тобының 11-ші отырысына қатысу үшін Женеваға кетті. Біздің кандидатурамызды қолдауға уәде берген АҚШ, Қытай, Бразилия, ЕО және басқа елдердің өкілдері Қазақстан делегациясын қарсы алды. Шындығын айта кету керек, бұндай сапарлар тек техникалық сипаттамаға ие.

Яғни, ДСҰ-ға кіру арқылы біз басқа мүшелермен кедендік баж салығы туралы келісетін боламыз. Мысалға, жақын арада Еуразиялық одаққа өзгертілетін Кедендік одақ үрдісі жалпы алғанда айқын саяси астары бар техникалық үрдіс болып келеді.

 

38. Сатып алу-сату қызметтері бойынша сыртқысаудалық мәмілелердің түрлерін атаңыз

Сатып алу-сату сыртқы саудалық мәмілесі дегеніміз – сыртқы сауда операцияларына қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын, сауда айырбасын жасайтын кешенді іс-әрекеттер көрсетілген, екі жақ өзара келіскен негізгі коммерциялық құжат болып табылады.

Мәміленің зерзаты бойынша мәмілелер былайша бөлінеді:

- тауарлар және өнімдер

- шикізаттар

- жұмыс және қызмет көрсетулер

- интеллектуалдық қызметтің нәтижелері

Яғни, халықаралық саудада мәміленің объектісіне байланысты мәмілелерді мынадай түрлерге жіктейді:

- Тауарларды сату және сатып алу

- Қызметтерді сату және сатып алу

- Интеллектуалды меншікті сату және сатып алу.

Тауарларды сату және сатып алу бойынша мәмілелер:

Бұл мәміле бойынша сатушы тауарды белгіленген мерзімде және қажетті жағдайда сатып алушыға жеткізуге, ал сатып алушы тауарды қабылдап оған тиісті төлемін төлеуге міндеттенеді.

Тауар алмасудың барлық түрлері «қарама –қарсы мәміле» түсінігіне біріктіріледі. Әлемдік тәжірбиеде қарама-қарсы мәмілелердің әртүрлі жіктемелері бар. БҰҰ-ның эксперттері мәміленің 3 түрін көрсетеді. Олар: бартерлік, саудалық компенсациондық және өнеркәсіптік компенсациондық.

Қарама-қарсы мәміле бұл- бір-бірімен байланысты бірнеше келісілген келісмдердің коммерциялық мәмілесі.

Қызметтердің сатып алу және сатылуы бойынша сыртқы саудалық мәмілесінің екі топқа бөлінеді: негізгі және тауарларды сату және сатып алуға қызмет көрсету

Қызметтердің сатып алу және сатылуы мәмілесіне өндірістік-техникалық қызмет бойынша мәміле, арендалық мәміле, туристік қызметтің экспорты мен импорты бойынша мәміле, ақпарт пен басқаруды жетілдіру саласындағы мәмілелер жатады.

Интеллектуалды меншікті сату және сатып алу бойынша сыртқысаудалық келісім.Бұл топқа жататындар:

Ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін сату сатып алу бойынша келісімде;

Авторлық құқықты сату сатып алу бойынша мәмілелер жатады

Бұл жерде тауар рөлін патент, таурлық белгісі т.б атқарады.

Сыртқысауда мәмілелерін жіктеуде қарама-қарсы жақтың өзара қарым қатынасының сипатына да мән беріледі. Бұл жағдайда мәмілелер тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей – тауарлар мен қызметтерді өндірушілер және тұтынушылар арасындағы, ал жанама үшінші тұлғаның қытысуымен жүргізіледі

Әлемдік саудада сыртқы сауда мәмілелердің түрлері кӛп, олардың ішінде

мыналарды ерекше атауға болады:

- мәмілелердің зерзетымен (тауар, қызмет кӛрсету, интеллектуалды қызмет

нәтижелері);

- олардың ерекшеліктерімен (шикізаттық тауарлар, машина- техникалық дайын

өнімдер);

- әлемдік нарықтағы сауданы ұйымдастыру нысандарымен;

- сыртқы сауда мәмілелерді тауар ӛткізу арналарына және халықаралық

әріптестер арасындағы өзара қатынастардың сипатына тәуелді болады.

Сыртқы сауда мәмілелердің келесідей типтері бар:

1. мәмілелердің мердігерлік типтері (инжирингтік)

2. арендалық типтері (лизингтік)

3. лицензиялық типтері (ноу-хау, технологиялар)

4. өтемдік типтері (бартерлік, өңдеуге берілген шикізаттар, ескірген өнімдерді

өтемге алу).

Халықаралық мәміле дегеніміз - әр түрлі мемлекеттерде орналасқан

фирмалар, компаниялар, кәсіпкерлік қызметтің басқа да нысандары арасында

тауарды жеткізу немес қызмет кӛрсету туралы келісім шартты айтамыз.

Мәмілелердің ерекшелігі олардың элементтері шарттардың басқа көмекші

түрлерімен – теңіз, әуе, темір жол тасымалдарымен, транспорттық сақтандырумен өзара байланыста болуында.

 

39. Өндірістік-техникалық қызметтер дегеніміз не және олардың түрлері?

Өндірістік-техникалық қызметтер қазіргі әлемдік нарықта жұмысын атқарып жатқан фирмалардың сыртқы экономикалық әрекетінің маңызды нысаны. Ол өндірістік саладағы қызметтік кәсіпорынның күшімен ж/е құралдарымен атқарылатын тиімді жұмыс. Ал өндірістік-техникалық қызметтер нарығы дегеніміз – бұл белгілі бір аймақта қызметті сату ж/е сатып алумен б/ты заңды ж/е экономикалық өндірушілер мен тұтынушылардың әрекеттесуі. Оларға кредиттік, ақпараттық, жарнамалық ж/е маркетингтік ифраструктура салалары кіреді. Сонымен өндірістік-техникалық қызметтерге транспорттық ж/е энергетикалық қызметтер, мамандарды дайындайтын ақылы қызмет, ғылыми мекемелердің қызметі, кеңесші фирмалар, нарықтық қызмет ж/е ғылыми-техникалық ақпараттар жатады.

Өндірістік-техникалық қызметтер классификациясы:

- Өнімнің массасына ж/е тұтыну деңгеіне әсер етуші қызметтер. Мәселен, астық жинауда астық массасы жиналған территория көлеміне сәйкес болады.

- Массасына әсер етпейтін, бірақ өнімнің құнына ж/е тұтынушылық құнына әсер етеді. Оған өнімді сатуға дейіңгі өндеулер жатады.

- Массасына ж/е тұтыну деңгейіне әсер етпейтін, бірақ бағасына әсер ететін өндірістік қызмет. Оған агрохимиялық, транспорттық жұмыстарды, техниканы жөндеу ж/е жөндеу б/ша кызметтер жатады.

Өндірістік техникалық қызмет саласына шаруашылықтың салалық ерекшеліктері маңызды әсер етеді. Олардың ішіне өндірістің аймақтық бытырауы салдарынан транспорттық шығындардың ұлғаюы жатқызсақ болады. Жолдардың сапасының төмендігінен қызметтің орындалуы мүмкін емес н/е экономикалық жағынан орынды болмауы мүмкін.

Өндірістік-техникалық қызметтердің бір бөлігі шарушылық саласының өз ішінде орындалады. Кейбір қызметтер шаруашылықтың тек өз ішінде, кейбіреуі тек сыртында, ал кейбіреулері сыртын да, ішінде де атқарылады. Шаруашылықтың ішінде атқарылатын қызметтерге тек базалық технологиялық операциялар кіреді. Шаруашылықтың сыртында атқарылатын қызметке тар шеңберде мамандандырылған қымбат өндірістік құралдар ж/е жоғары біліктілікті мамандарды қажет ететін жұмыстар жатады.

40. Жалгерлік мәмілелердің түсінігі және түрлері

Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігінесатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін. Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны; жал ақысының мөлшері; жалдың мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жал ақысын төлеудің және мүліктің қайтарудың тәртібі және тағы басқа қарастырылады.

Жалгерлік шарт, жалға беруші мен жалгер арасында еріктілік және толық тең құқықтылық негізде жасалады. Онда жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны; жалгерлік төлемақының мөлшері‚ жалдау мерзімі‚ тараптардың жалға алынған мүлікті толық қалпына келтіру мен жөндеу жөніндегі міндеттемелері; мерзімі біткеннен кейін мүлікті қайтару тәртібі қарастырылады. Іс жүзінде бірнеше түрі қолданылады: қысқа мерзімді жалгерлік – рентинг; орта мерзімді жалгерлік – хайринг; ұзақ мерзімді жалгерлік –лизинг.

Жалға беруші — жалдау үшін төленетін сыйақыны ала отырып, жалға алушыға бір мүлікті уақытша пайдалануға беретін мүліктік жалға алу, шарт.

Жалгерлік-бұл кәсіпорындар мен өзге муліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердіңшаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді,қайтарымды түрде пайдалану. Жалдау нәтижесіндежалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізднлген қатынастар пайда болады.
Жалға беруші-жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мүлікті жалға беруге меншік иесі өкілеттік берген органдар мен ұйымдар,сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға беруші бола алды.
Жалгер-бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Заңдыжәне жеке тұлғалар, біріккен кәсіпорындар, шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер жалгер болуы мүмкін.
Жалдау шарты- бұл тараптардың еркінділігі толық тең құқықтылығы негізінде жасалатын жалдау шартының талаптарына сай мүлікті жалға беру туралы жалгер мен жалға беруші арасындағы келісім. Мүлікті жалға беру меншік құқын беруге әкеп соқтырмайды.
Мүлікті жалдау шартының нысаны
1. Бір жылдан астам мерзімге жасалған,ал егер тараптардың біреуі заңды тұлға болса, мерзіміне қарамай-ақ,мүлік жалдау шарты жахбаша түрде жасалуға тиіс.
2. Қозғалмайтын мүлікті мүліктік жалдау шарты, егер заңда өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік тіркеуге жатады.
3. Азаматтар арасындағы бір жылға дейінгі мерзімге мүлік жалдау шарты ауызша түрде жасалуы мүмкін.
4. Мүлікке меншік құқығының кейіннен жалға алушыға ауысуын көздейтінмүлік жалдау шарты сондай мүлікті сатып алу-сату шарты үшін көзделген нысанда жасалады.
Жалгерлік мерзімі- жалгер мүлікке жалгерлік шарт жасайтын нақтылы мерзім уақыты,сондай-ақ жалгерлік мерзімінің басындаескерілген, жал иесі құқықты, жалгерлік мерзімін одан ары ақы төлеп және төлемей ұзартуға болатын басқа да кез-келген одан кейінгі мерзім. Егер мүлік жалдау шарты мерзімі көрсетілмей жасалса, ол белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі. Қозғалмайтын мүлікті жалдаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, әрбір тарап екінші тарапқа үш ай бұрын ескертіп, мұндай шарттан кез келгенуақытта және өзге мүлікті жалдаған жағдайда, бір ай ішінде бас тартуға құқылы. Заң актілерінде мүлік жалдаудың жекелеген түрлері үшін, сондай-ақ мүліктің жекелеген түрлерін жалдау үшін шарттың барынша ұзақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, егер шартта жалдуу мерзімі белгіленбесе және заң актілерінде белгіленген шекті мерзім біткенге дейін тараптардың ешқайсысы шарттан бас тартпаса, шарт шекті мерзімнің бітуіне қарай тоқтатылады. Бұл жағдайда заң актілерінде белгіленген шекті мерзімнен асатын мүлік жалдау шарты барынша ұзақ мерзімге тең етіп жасалған деп есептеледі.

Негізінен алғанда, жалға алу нысаны оның мәнін белгілейді, демек, жалға алу нысаны мен жал бойынша жасалған келісім шарттың жағдайы есепте көрсетілетін операцияға да әсер етеді. Жалгерлік есеп №17-ші « Жалгерлік есеп» деп аталатын бухгалтерлік есептің стандартымен ұйымдастырылып реттеледі және №17 Қаржылық есептің халықаралық стандартымен реттеледі. Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.
Мүлік жалдауға кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлік құралдары және оларды пайдалану процесінде өздерінің табиғи қасиеттерін жоймайтын басқа да заттар (тұтынылмайтын заттар) берілуі мүмкін. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер пайдалану құқығы, жер қойнауын, пайдалану құқығы және басқа да заттық құқықтар мүлік жалдау объектісі болуы мүмкін. Заң актілерінде мүлікті жалдауға тапсыруға жол берілмейтін немесе шектеу жасалатын мүлік түрлері белгіленуі мүмкін. Заң актілерінде тұрғын үй жайларды, жер учаскелерін және басқа да оқшауланған табиғи объектілерді, соның ішінде коцессиялық келісімдер негізінде, сондай ақ өзге де жағдайларда мүлікті жалдауға беру ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
Мүлікті жалдау шартында жалға алушыға мүлікті жалдау объектісі ретінде берілуге тиесілі мүлікті анықтауға мүмкіндік беретін деректер көрсетілуге тиіс, шартта мұндай деректер болмаған кезде мүлікті жалдауға берілуге тиесілі объект туралы талап тараптарымен келісілмеген деп, ал тиісті шарт жасалмаған деп есептеледі.

 

 

41. Лизинг түсінігі және түрлері

Лизинг— бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.Компанияның негізгі қорын қаржыландыруға қатысты қаржылық қызмет түрі.

Лизинг алушы үшін лизингті қолданудың артықшылығы жабдықты лизингке алудағы салыстырмалы қарапайымдылық болып табылады. Сондай-ақ лизинг лизингалушыға қаржылық лизинг келісім-шартының мерзімінің аяқталуына қарай жабдықты өз меншігіне айналдыруға мүмкіндік береді.

Лизингтің негізгі түрлері

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
1.Ішкі лизинг – бұл өзінің қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
2.Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

Қайтару лизинг-лизингтің бір түрі ол бойынша сатушы лизинг нысанасын лизинг берушіге осы лизинг нысанасын лизинг алушы ретінде лизингке кері қайтарып алу талабымен сатады.

Банк лизинггі-бұл да лизингтің бір түрі мұнда лизинг беруші банк болып табылады.

Толық лизингте -лизинг нысанасына толық қызмет көрсетуді ж/е оның ағымдағы жөндеуін лизинг беруші жүзеге асырады

Таза лизинг-. лизинг нысанасына толық қызмет көрсетуді ж/е оның ағымдағы жөндеуін лизинг алушы жүзеге асырады

Қаржылық лизинг

Қаржылық лизинг – бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:
- лизинг беруші(жалға беруші);
- лизинг алушылар(жалға алушылар) болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг – бұл инвестициялық қызметтің бір түрі.

 

42. Әлемдік нарықта контрагенттің түсінігі және түрлері.

Халықаралық сауда операциясын тиімді іске асырудың маңызды шарттарының бірі жақсы серіктес (контрагент) таңдау. Халықаралық саудада контрагенттер деп – тауар, қызмет, интелектуалды қызметтің нәтижелерін сату-сатып алу жөнінде келісімге отырған жақтарды айтамыз.

Сипаты және мақсаты бойынша әлемдік нарықта контрагенттерді 4 категорияға бөлуге болады:

1. Фирмалар.

«Фирма» термині – әлемдік тәжірибеде коммерциялық мақсаты бар контрагентті айтады. Фирма түсінігің астарында пайда табу мақсатында өндіріс, сауда, құрылыс, транспорт, ауылшаруашылықпен айналысатын кәсіпорын деген жатыр. Нарықтық экономикалы елдерде фирмалалрдың нақта классификациялары қалыптасқан.

Құқықтық орналасуы бойынша - фирмалар акционерлік қоғамдарға, жауапкершілігі шектеулі қоғамдарға, серіктестіктердің түрлеріне, жеке кәсіпкерлерге және коммерсанттарға бөлінеді.

Иемдену сипаты бойынша - жеке, мемлекеттік және кооперативтік болып бөлінеді.

Капитал бөлінуі мен бақылауы бойынша – ұлттық, шетел және аралас болып бөлінеді.

Операциялар көлемі бойынша, фирмалар, - ірі, орта және шағын болып бөлінеді. Бұл ондағы қызметкерлер саны мен айналым көлеміне байоанысты.

2. Картелдер, тресттер, концерндер және холдингтер. Әлемдік нарықта әр түрлі қызмет етуші ірі ТҰК-тар бар. Олар басқа елдерде заңды түрде тәуелсіз, бірақ бас компаниямен қатаң бақыланатын еншілес компаниялар ашыу мүмкін. Олар басқа елдер нарығында контрагент қызметін атқаруы мүмкін.

 

3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар. Олар әдетте коммерциялық мақсаттарды көздемейді. Мұндай мақсатпен тек үкіметтің рұқсаты бар арнайы министрліктер айналысуы мүмкін.

4. Кәсіпкерлер одағы немесе бірігулері. Бұлардың фирмалардың айырмашылығы – табыс табу емес, бизнесмендер тобы мемлекеттік органдарда қолдап, олардың экспорт көлемін арттыруға ықпалдасу. Олардың қызмет түріне қарай, саудалық, өндірістік, туристік, т.б. болып бөлінуі мүмкін.

43. Сыртқысаудалық келісімшарттың талаптары және жасалу тәсілдері

Келісім-шарт - сыртқы саудада бір жақ (сатушы, лицензиар) келісімшартта көрсетілген мүлікті (тауарды), ғылыми-техникалық білімді екінші жақтың меншігіне (алушы, лицензиат) беруге міндеттенетінін, ал екінші жақ өз кезегінде бұл мүлікті немесе білімді көрсетілген мерзімде алып, белгіленген бойынша төлеуге міндетгенетінін көрсететін құжат. Халықаралық саудада «шарт» деген термин қолданылады. Тараптар қолданымдағы тарматтардьщ бәрі бойынша талап етілетін формада келісетіндігін бір-біріне білдірген жағдайда ғана шарт жасалды деп танылады. Сыртқы сауда қатынастарында шарттардың мынадай түрлері таралған: халықаралық, монополиялық, консигнациялық, комиссиялық, т.б. Аралас шарттар, яғни бір өзінде шарттың бірнеше типтерінің элементтері үйлесім табатын түрлері де кездеседі.

Шарт мынадай жағдайларда жасалады:

1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:

а) тұрғын үйді сатып алу — сату туралы;

ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;

б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.

2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:

а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт;

ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісім-шарт;

б) жер учаскесін сатып алу - сату туралы келісім-шарт.

3. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:

а) автокөлікті сатып алу — сату жөніндегі келісім-шарт;

ә) автокөлікті залогқа беру жөніндегі келісім-шарт;

б) автокөлікті сыйға беру жөніндегі келісім-шарт.

4. Ақша қаражатын заемға алу — заемға беру жөніндегі мәмілелер:

а) процент төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт;

ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шар

 

Контракт іс-әрекетінің механизмі оның құрылымына, екі жақтың өзара

міндеттерінің көлеміне, төлем шарттарына, жеткізудің базалық шарттарына,

контракт позицияларын бұзғандығы үшін санкцияларға негізделеді. Сондықтан сыртқы сауда мәмілелерінің құрылымдық элементтерінің жиынтығын, олардың контрактыда келісілген заңдылық нормаларға сәйкес өзара әрекеттерін сыртқы сауда контрактысының механизмі деп атаймыз.

Контрактының мынадай түрлері қарастырылады:

- белгілі мерзімде, яғни қатал түрде белгіленген мерзімде тауарды жеткізу

көзделеді. Ондай мерзімді бұзған жағдайда сатып алушы контрактыны жоюға құқылы;

- ұзақ мерзімді контрактыны 3-5 және одан көп жылға жасайды;

- арнайы контрактыны жобалар жасауға, монтаж жұмыстарына, техникалық

қызмет көрсетуге, өндірістік процесті іске қосып тексеруге және т.б. жұмыстарға жасайды;

- шектеулі контрактілер негізгі шарттарды ғана қамтиды, оларды ары қарай

жүзеге асыру кезеңдерінде контрагенттер кеңесші фирмалармен, жарнама

агенттіктермен, делдалдармен, транспорттық қызмет бойынша көптеген қосымша шарттар жасайды. Контрагенттер сол сияқты сыртқы экономикалық қызметті реттейтін кедендік және басқа да ұйымдармен қажетті операциялар жасайды.

Сауда саттық сатып алу-сату контрактілері міндетті түрде жазбаша түрде

орындалуы тиіс, бірақ халықаралық тәжірибеде телефон арқылы, аукциондарда, биржаларда өткізген келіссөздер арқылы ауызша түрінде де мәмілелерге келеді. Кейін ауызша келісулер соңынан екі жақта қол қойған жазбаша түрде бекітіледі.

Контрактының кіріспе бөлімінде нөмірі, жасалған жері, айы мен күні, мәміле

жасаушы жақтардың анықтамасы көрсетіледі. Олардың заңды түрдегі аттарын, құқықтық жағдайын, орналасқан елін, қаласын өз елінің сауда тіркеуіндегі ресми құжат бойынша көрсетеді. Бұл деген екі жақтың бір-біріне қатынасын, яғни сатушы және сатып алушы, жеткізуші және тапсырушыны білдіреді.

Контрактының зерзатында (предмет) тауардың аты, саны, түрлері

сипатталды. Келісімді дұрыс түсіну, оны табысты жүзеге асыру көп жағдайда

контракт зерзатының аталуына байланысты. Тауардың аты, оның мөлшері екі

жаққа да жақсы таныс атаулар, өлшемдер жүйесімен берілуі керек. Олардың

ішінде метрлік өлшем жүйесі заңды түрде болады. Әр түрлі тауарлар жеткізілетін жағдайда олардың сорттары, үлгілері, маркілері көрсетіледі. Тауар түрлері көп болған жағдайда олардың толық тізім контрактіге қосымша ретінде беріледі.

Екі жақ келісіп, контрактіде белгіленген, базистік шарттарда көрсетілген

жерге тауарды жеткізуге тиісті уақытты жеткізу мерзімі деп түсіну қажет. Жеткізу шарттарында мынадай тәртіптер белгіленеді:

- жеткізу мерзімін шектейтін уақытты белгілейді ;

- жеткізуді қай мерзім ішінде жүзеге асыратын уақытты анықтайды (ай, тоқсан, жыл);

- тауарларды көп мөлшерде жеткізетін жағдайда ай сайын. Тоқсан сайын біркелкі бөлек-бөлегімен жеткізетінін көрсетеді;

- тез арада жеткізу, бұл 14 күнге дейінгі уақытта жеткізу деп түсіну керек.

Жеткізудің базистік шарттары бойынша контрактыда белгіленген бағамен

көрсетілген географиялық нүктеге жүк жеткізудегі сатушының міндеттері

анықталады. Тауарды транспорт құралдарына тиеу немесе оны транспорттық

ұйымға өткізу міндетін осылай орындайды. Тауар жеткізудің базалық шарттары сатушы мен сатып алушының мынадай міндеттерін анықтайды:

- сатушының және сатып алушының елдері, транзиттік елдер территориясында теңіз және әуе жолдарында тауар тасымалдауды кімдердің есебінен қанағаттандыратыны;

- тауарды буып түюдегі сатушылардың міндеттері;

- тауар кездейсоқта бүліну немесе жоғалту тәуекелділіктері сатушыдан сатып

алушыға ауысатын орны және уақыты, тағы басқаларды анықтайтын болады.

Жалпы контрактыны әріптестердің біреуі орындамаған жағдайда басқа жағы тауар алудан бас тартуға болатын, мәмілені бұзуға апаратын, келтірілген зиянды төлеуді талап ететін контрактының баптарын елеулі шарттар деп есептейді. Әдетте, оларға тауардың сапасын, зерзатын, бағасын, контрактыны орындау мерзімін анықтауды жатқызады. Елеусіз шарттарда тауар алудан бас тартуға, мәмілені бұзуға, екінші жақтың құқығы болмайды, тек қана алған міндетті орындауды, зиянды төлеуді талап етуге болады. Контракт бойынша жеткізілетін тауардың санын анықтағанда өлшем бірліктерін, сандарды айқындау тәртібін белгілейді, өлшемдер мен салмақ жүйесіндегі айырмашылықтарды есепке алады

 

44. Сыртқы саудалық келісімшарттың құрылымы

Сыртқы сауда келісімі,оны жүргізу СЭҚ халықаралық келісімдері мен азаматтық заңдылықтың негізінде атқарылады. Екі жақиың құқығы мен міндеттері келісім жүргізілген жердің заңдыққұжаттарымен анықталады.

Сыртқы сауда келісімі екі жақтың қызмет көрсету, жұмыс атқару, сауда-саттығы жөніндегі сөз байлауы. Бұл – екі жақтың міндетті орындаудағы жауапкершілігін анықтайтын негізгі құжат.

Келісімшартта мынадай бөлімдер бар:

· Жалпы жағдай

· Келісім жасаған сұрақ

· Келісім бағасы мен құны

· Дүниені жеткізу мерзімі

· Төлем жағдайы

· Жүкті буып-түю

· Мәліметтерді көрсету

· Талап қою жөні

· Жазалау шарасы(санкция)

· Айып(штраф)

· Кикілжің(форс-мажор)

· Менмендік –жоғарғы дауысты және дауды шешу

Сыртқы қатынасты реттейтін негізгі құжат – сату және сатып алу туралы келісім. Келісімшарт 2 бөлімнен тұрады:

1) Сатушының (қызмет көрсетуші немесе экспортердің) міндетін көрсетеді. Онда мындай мәліметтер бар: тауардың сапасы, саны, бағасы, жеткізу жағдайы, жеткізетіежері, уақыты.

2) Алушының (импортер) міндеті: тауарды қабылдау жағдайы, ақысын төлеу.

Келісімшартта бөтен сөз, қателік жіберілмеуі тиіс. Егжей-тегжейлі барлық сұрақтар қамтылуы керек. Мысалы, тауардың тасымалын кім ұйымдастырады, кім төлейтінін, сақтау бұзылмау, іске аспауына кім жауапты екендігін көрсету қажет.

Сатылатын тауардың санын, сапасын, құнын көрсететін сауда құжаттары мен есептеулер. Сауда есептеулері:

· Жай түрі (счета-проформы), онда төлем талабы көрсетілмейді.

· Аты, құны көрсетілген тауар қабылдау( счет-фактура)

· Анықтаушы жазу (счет-спецификации), контракт тауарлар түрін жіберерде қолданылады.

· Алдын-ала есептеу (предварительные счета) тауардың бөлігін жіберерде жазылады.

Сыртқа сатарда техникалық құжаттар, тіркеу қағаздарында ( спецификации), ораған қағазда саны көрсетіледі.

Анықтама (сертификат) тауардың сапасы көрсетіліп, оның талапқа сай, сыртқа саату шартына сәйкестігі байқалады.

Сапасын растайтын құжаттар:

· Кепілдік міндеттену

· Сынақ қағазы

· Тиеуге рұқсат қағазы

Тауарды сыртқа шығарарда бірқатар құжаттар толтырылады:

· Тауарды тасу жапсырмасы ( товарно-транспортные накладные) – әртүрлі көлікке байланысты (теміржол, ұшақ..)

· Өткізі, қабылдау қағазы (акты сдачи и прием)

· Қойма куәләгә

· Кедендік жүк мәлімдемесі(грузовая таможенная декларация).

·

45. Инкотермс дегеніміз не және олардың СЭҚ-дегі рөлі?

Сыртқы экономикалық мәміле контрактімен рәсімделеді, онда олардың құқы, міндеттемесі және тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі. Сондықтан дұрыс рәсімдеу үшін Халықаралық сауда палатасының әзірлеген халықаралық сауда терминін, яғни «инкотермс» пайдалануды ұсынады. «Инкотермстің» барлық термині төрт базалық категорияға топтастырылған:

Топ Жабдықтаудң шартты белгі-і Франкировка жағдайы (тасымалдау шарттары)
E EXW Завод франкосы
F FCA FAS FOB Еркін тасымалдаушы Еркін кеме бортының жағасына дейін әкелу Еркін бортқа әкелу
C CFR CIF CPT CIP Құны ж/е фрахтысы Құны, сақтандыру ж/е фрахтысы Тасымалдауға дейін төленген.. Тасымалдау мен сақтандыру төлемі жүкті тасымалдауға дейін төленген
D DAF DES DEO DDU DDP Шекараға дейін жеткізілген Кемеден жеткізілген Кеме тоқтайтын жерге дейін , яғни айлаққа дейін жеткізілген (баж салығы қосылған) Баж салығын төлемей жеткізілген Баж салығын төлеп жеткізген

«Е» тобының шарты б/ша сатып алушы сатып алушының қоймасынан жөнелтуге дайын тұрған тауарды алады. «Ғ» тобының шарты б/ша, сатып алушы көрсеткен транспорттық құралына дейін тауарды сатушының өзі жеткізіп беруге міндеттелген.

«С» тобының шарты б/ша сатушы тасымалдаушылармен шартқа отырады, бірақ жүкті жөнелткеннен кейін пайда болатын шығыстарға ж/е тауардың бұзылуына (жоғалуына) жауап бермейді. «Д» тобының шарты б/ша сатушы барлық тәуекелдіктерді және жүкті белгіленген жеріне дейін жеткізіп берумен байланысты шығындарды өзіне алады.

СІҒ тауарды жеткізіп беру кезіндегі жағдайында сатушы жүктің әрбір тоннасын сақтандырады, фрахтысын анықтайды, жүкті жөнелтетін портқа жеткізіп, оны өз есебінен мерзіміне сәйкес порт кемесіне тиейді және сатып алушыға құжаттарын қоса береді. Сатушының міндетіне тауардың транспорттық тәуекелділігі де кіреді.

Сөйтіп, СІҒ шарты кезінде сатып алушының жабдықтаушыға төлейтін бағасының ішіне тауардың құны, фрахтысы ж/е сақтандырулар кіреді.

ДАҒ жағдайында экспорт үшін рұқсат етілген белгіленген орнына дейін тауарды жеткізіп беру б/ша жауапкершілікті сатушы алады, ал сатып алушы көрсетілген уақытында тауарды қабылдап алуға міндетті.

ҒАS – жабдықтау шартына сәйкес сатушы кеме портына дейін тауарды өз есебінен жеткізіп беруді мойнына алады, ал содан кейінгі шығыстарды (арту,фрахт) сатып алушы алады. Транспорт құралына дейінгі тауардың бұзылуын ж/е басқа да шығыстарын сатушы өз мойнына алады.

ҒОВ – сату жағдайына сәйкес жабдықтаушының бағасына тауарды құны, кеме портына арту ж/е оған дейін жеткізу шығыстары т.б.кіреді.

«Инкотермс» ұсыныстық сипатта болады ж/е оның белгілі бір бөлігін н/е толық көлемін пайдалануы тараптардың келісіміне байланысты болып келеді.

 

46. Инкотермс ерекшеліктері мен түрлерін атаңыз

Халықаралық сауда палатасының әзірлеген халықаралық сауда терминін «инкотермс» пайдалануды ұсынады. «Инкотермстің» барлық термині төрт базалық категорияға топтастырылған:

Топ Жабдықтаудң шартты белгі-і Франкировка жағдайы (тасымалдау шарттары)
E EXW Завод франкосы
F FCA FAS FOB Еркін тасымалдаушы Еркін кеме бортының жағасына дейін әкелу Еркін бортқа әкелу
C CFR CIF CPT CIP Құны ж/е фрахтысы Құны, сақтандыру ж/е фрахтысы Тасымалдауға дейін төленген.. Тасымалдау мен сақтандыру төлемі жүкті тасымалдауға дейін төленген
D DAF DES DEO DDU DDP Шекараға дейін жеткізілген Кемеден жеткізілген Кеме тоқтайтын жерге дейін , яғни айлаққа дейін жеткізілген (баж салығы қосылған) Баж салығын төлемей жеткізілген Баж салығын төлеп жеткізген

«Е» тобының шарты б/ша сатып алушы сатып алушының қоймасынан жөнелтуге дайын тұрған тауарды алады. «Ғ» тобының шарты б/ша, сатып алушы көрсеткен транспорттық құралына дейін тауарды сатушының өзі жеткізіп беруге міндеттелген.

«С» тобының шарты б/ша сатушы тасымалдаушылармен шартқа отырады, бірақ жүкті жөнелткеннен кейін пайда болатын шығыстарға ж/е тауардың бұзылуына (жоғалуына) жауап бермейді. «Д» тобының шарты б/ша сатушы барлық тәуекелдіктерді және жүкті белгіленген жеріне дейін жеткізіп берумен байланысты шығындарды өзіне алады.

СІҒ тауарды жеткізіп беру кезіндегі жағдайында сатушы жүктің әрбір тоннасын сақтандырады, фрахтысын анықтайды, жүкті жөнелтетін портқа жеткізіп, оны өз есебінен мерзіміне сәйкес порт кемесіне тиейді және сатып алушыға құжаттарын қоса береді. Сатушының міндетіне тауардың транспорттық тәуекелділігі де кіреді.

Сөйтіп, СІҒ шарты кезінде сатып алушының жабдықтаушыға төлейтін бағасының ішіне тауардың құны, фрахтысы ж/е сақтандырулар кіреді.

ДАҒ жағдайында экспорт үшін рұқсат етілген белгіленген орнына дейін тауарды жеткізіп беру б/ша жауапкершілікті сатушы алады, ал сатып алушы көрсетілген уақытында тауарды қабылдап алуға міндетті.

ҒАS – жабдықтау шартына сәйкес сатушы кеме портына дейін тауарды өз есебінен жеткізіп беруді мойнына алады, ал содан кейінгі шығыстар





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.