МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Опырылымдар (обвалы), шашылымдар (осыпи)





Селдер

Сел араб тілінен таудың тікшіл беткейінен екпіндей аса жылдам ағатын тасқынды білдіреді.

Ф.П.Саваренский бойынша сел тасқындарының пайда болуына қабатынан бір мезгілде орын алатын 3 жағдай себепші болады:1)ылдилары жо5ар5ы жа0тарында 0,35, т-мені жақтарында 0,05-0,02 сандарымен сипатталатын күрт еңістік өзен аңғарларының, құры сайлардың, жыралардың болуы;2)өзендердің құры сайлардың, жыралардың су жинау алаптарының аумағындағы түпкі тау жыныстарының қалың қабаттары 3)атмосфера жауын-шашын түсуінің нөсерлік сипаты және қардың жылдам қауырт еруі

Сел тасқындардың жылдамдығы 2-4, тіпті 6-8 м/с-ке жетеді. Су тек біршама ірі кесекті тау жыныстарын домалатып әкеледі, тасқын жылдамдығы төмендеген сайын су оны өзеннің арнасына немесе тау алды жазығындағы ысырынды конустың аумағына жинайды, тасты-сулы селдің көлемдік салмағы 1,2-1,5 т/м3 шамасында болады.

Селді тасқындар — лайлы-тасты, сулы-тасты және лайлы болып үш түрге ажыратылады. Олардың биіктігі он даған м-ге, ені километрге дейін жетеді.

 

11.Аққыштық көрсеткіші бойынша саз топырақтардың жіктелуі.Алты күйі болады акыштың

1.Аққыш саздың аққыштық көрсеткіші IL >1,00
2.Жартылай қатты саздақ немесе саздың аққыштық шегі IL 0 IL 0,25
3.Жүмсақ иілгіш саздақтың аққыштық көрсеткіші IL 0,50 IL 0,75  
4.Қиын иілгіш саздың аққыштық көрсеткіші IL 0,25 IL 0,50
5.Қатты саздақ немесе қатты саз топырақтың аққыштық көрсеткіші IL
6.Аққыш илемді   0,75 IL 1

 

12 .Мономинералды , полиминералды таужыныстар . Таужыныстардың минералдық құрамының химиялық құрамының айырмашылығы .

Минералдардың барлығы «мономинералды» және «полиминералды» болып екіге бөлінеді. Мономинералды дегеніміз — тек бір ғана химиялық қосылыстан (мысалы,кварц, пирит мраморды, лабрадоритті), ал полиминералды дегеніміз — бірнеше химиялық қосылыстан (минералдардың басым көпшілігі гранит, диорит, габбро, гнейс) тұратын минерал.

Тау жыныстарының минералдық құрамы мен химиялық құрамы бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың химиялық құрамы арнаулы лабораторияда химиялық әдістер арқылы анықталады. Талдау жұмыстарының нәтижесі оларды құрайтын негізгі химиялық элементтер тотықтарының (SіО2, А12О3) Fе2Оз, FеО, МgО, СаО, Nа2О, К2О және т. б.) проценттік мөлшері түрінде көрсетіледі. Бұл көрсеткіштер тау жыныстарын топтастыруда (химиялық құрамына қарай) кеңінен пайдаланылады.

Тау жыныстарының жалпы құрылысы оны құрайтын минералдардың құрылымдық ерекшеліктерімен (структуралық және текстуралық) анықталады.

Тау жыныстарының құрамына кіретін минералдардың жеке кристалдарының жетік пішінділігі мен кристалдық мөлшерінің абсолюттік немесе салыстырмалы көрсеткіштерін қамтитын термин құрылым (структура) деп аталады. Ал олардың орналасымы (текстурасы) минералдық түйіршіктердің (ірілі-ұсақты) бірыңғай бағытта созыла орналасу тәртібіне және өзара қарым-қатынас ерекшеліктеріне қарай анықталады.



 

13.Топырақтардың шөгуі ҚР ҚН 5.01-02-2013.5.3.1.1 Шөккіш топырақтардан құралған негіздер, өздерінің ерекшеліктеріне қарай жобалануы керек, яғни ылғалдылықтың, белгілі бір деңгейден жоғарылауына байланысты, топырақтың беріктігі төмендейді де, сыртқы жүктемелер және (немесе) топырақтың өз салмағынан қосымша деформациялар – лықсып шөгулер пайда болады.

5.3.1.2 Шөккіш топырақтардан тұратын негіздерді жобалаған кезде ылғалдылықтың жоғарылауы, келесі үрдістерге байланысты өтетінін ескеру керек:

а) сыртқы көздерден, жоғарыдан және (немесе) топырақ суларының деңгейі көтеріліп төменнен, топырақтардың сулануы;

б) жер беті суларының жердің ішіне сүзілуі кезінде және жер бетінің көлеңкеленуінен, топырақта ылғалдың жиналуы.

5.3.1.3 Ылғалдылығы бойынша шөккіш топырақтардың есептік күйі –суға толық қаңығу.

5.3.1.4 Шөккіш топырақтардың сипаттамалары:

- салыстырмалы шөккіштік - топырақтар сулағаннан кейін, олардың берілген қысыммен салыстырмалы сығылуы;

- бастапқы шөккіштік қысым - топырақ толығымен суға қаныққан кезде, оларда шөккіш қасиеттері пайда болуына сай келетін ең төмен қысым;

- бастапқы шөккіштік ылғалдылығы- топырақтардың шөккіш қасиеттері пайда болғандағы ең төмен ылғалдылығы.

Салыстырмалы шөккіштік пен бастапқы шөккіштік қысым мәндері зертханалық әдістер арқылы анықталады.

5.3.1.5 Шөккіш топырақтардан құралған негіздерді жобалаған кезде, келесі жайттар ескерілуге тиісті:

а) іргетас табанынан, сыртқы жүктеме мен топырақтың өз салмағынан туындайтын тік кернеулердің қосындысы бастапқы шөккіштік қысымға тең, немесе аталған кернеулер мәні өте аз болғандағы тереңдікке дейін өлшенетін, лықсып шөгудің жоғарғы жағында өтетін, сыртқы жүктемелерден лықсып шөгу;

б) тік кернеулердің қосындысы бастапқы шөккіштік қысымнанартық немесе топырақтың өз салмағынан және сыртқы жүктемеден туындайтын тік кернеулер қосындысы өте аз тереңдіктен, шөккіш қабаттың төменгі шекарасына дейінгі, лықсып шөгудің төменгі жағында өтетін, топырақтың өз салмағынан лықсып шөгу;

в) топырақ лықсып шөгуінің әркелкілігі;

г) шөккіштік шұңқырдың қисықсызықты бөлігімен шектелген, топырақтың өз салмағынан лықсып шөгу кезіндегі негіздің көлденең ауытқуы.

14.Тұздалған топырақтар . Тұздалғандығының дәрежесі бойынша уатылған ҚР ҚН 5.01-02-2013 топырақтардың бөлінуі.

Тұздар негізінен тау жыныстары бұзылуы нәтижесінде ерімтал күйінде пайда болады. Көптеген тұздар жанартау шөгінділерінде пайда болады.
Тұздардың құрылықта қарқынды жинақталуы климат жағдайына, қар мен жауын суы булану мөлшеріне, суда еритін және топырақтың су өткізгіштік қабілетіне байланысты. Ылғалды климатта, шайылымды су құбылымы бар топырақ кескінінде тұздар терең шайылып, тіпті жынысқа өтіп кетеді. результате его взаимодействия с растворами солей аммония. [76]

Бетонның аммониялы тоттануы – бетонның аммоний тұздары ерітінділерімен өзара əрекеті нəтижесінде тоттануы.

1 Тұзды топырақтардан құралған негіздер, келесі себептермен сипатталатын ерекшеліктері ескеріліп жобалануға тиісті:

- судың ұзақ сүзілу және тұздардың сілтісіздендірілу кездеріндегі суффозиялық шөгудің пайда болуы;

- тұздардың сілтісіздендірілу үрдісі кезінде, әдетте беріктік сипаттамаларының төмендеуімен өтетін, топырақтың физикалық-механикалық қасиеттерінің өзгеруі;

- суланған кезде топырақтардың ісінуі мен түсуі;

-топырақ құрамына енген тұздардың еруінен пайда болатын, жерасты суларының жерасты конструкцияларына деген жоғары жегілігі.

5.3.3.2 Тұзды топырақтар салыстырмалы суффозиялық сығылу мен суффозиялық сығылудың бастапқы қысымымен сипатталады. және мәндері әдетте, зертханалық әдістер (компрессиялық-сүзілу сынақтары), ал, құрылыс алаңының жеке жерлерін жете зерттеу үшін- негізді ұзақ сулау жағдайында жүргізілетін, статикалық жүктемемен далалық сынақтаулар арқылы анықталады. Далалық сынақтаулар нәтижелері және ұқсас инженерлік-геологиялық жағдайлардағы құрылыс тәжірибесі болса, аталған сипаттамаларды тек зертханалық әдістермен анықтауға болады.

5.3.3.3 Негіз деформациялары, егер тұзды топырақтар шөккіш немесе ісінгіш болса, сыртқы жүктеме тудырған және суффозиялық шөгулердің, сонымен қатар лықсып шөгу, ісіну немесе кеберсу мәндерінің қосылуымен анықталады.

5.3.3.4 Тұзды топырақтардан құралған негіздердің есептік кедергілері ұзақ сулануы және тұздардың сілтісізденуі мүмкін болса, суға қаныққан күйдегі топырақтардың тұздары сілтісізденгеннен кейінгі беріктік сипаттамаларының есептік мәндерін қолдану арқылы анықталынады. Тұзды топырақтардағы іргетастарды жобалағанда іргетас діңін сулар мен топырақтардың жегілік әсерінен қорғайтын шаралар қолдану керек.

5.3.3.5 Тұзды топырақтардан құралған негіздердің есептік шөгулері шекті мәндерінен асатын немесе негіздің жеткіліксіз көтеру қабілеті жағдайларында келесі шаралар қарастырылуға тиісті:

- тұзды топырақтарды, сазбалшықты топырақтардан төсем қарастыра, толық немесе бөлшектеп сырып алу;

- нығайту, тығыздау немесе бейтараптау (топырақтарды тұздардың еруін болдырмайтын ерітінділермен қанықтыру).

15.Таужыныстардың құрылымы . Таужыныстардың текстурасы .

17.Домбығуының (морозное пучение) салыстырмалы деформациясы бойынша уатылған топырақтардың бөлінуі.

 

Топырақтардың әртүрлілігі. Домбығуының салыстырмалы деформациясы Топырақтардың сипаттамасы  
Домбықпайтын 0,01 сазды топырақтар, майдатасты ,ірі және ірілігі орташа ,ұсақ және шаңды құмдар.Толтырғышы 10% дейін ірісынықты топырақтар
Аздап домбығатын 0,01-0,035 0 0 ұсақ және шаңды құмдар.Массасы бойынша 10-30% толтырғышы бар ірісынықты топырақтар.
Орташа домбығатын 0,035-0,07 0 сазды топырақтар. 0 ұсақ және шаңды құмдар. Массасы бойынша 30%-тен артық толтырғышы бар ірісынықты топырақтар.
Өте және аса домбығатын 0,07 сазды топырақтар. ұсақ және шаңды құмдар.

 

16.Карст, карстық құбылыстар[1] (нем. Karst)— суда еритін және су өткізгіш тау жыныстарынан — ізбестастардан, доломиттерден,гипстен, тау тұзынан құрылған жерлерге тән рельефтің өзгеше формалары мен гидрологиялық режимі. Осындай жерлерде ағын және жер асты суларының тау жыныстарын ерітуінің салдарынан жер бетінде орлар, шұңқырлар, үлкен дөңгелек қазан шұңқырлар, ал жер астында үлкен бос кеңістіктер, үңгірлер пайда болады. Мұндай жерлерде өзендер жер жарығына, шұңқырға құйылып, жер астында, сонан кейін қайта жер бетіне шығып ағады. Жұмсақ және борпылдақ жыныстарға су әсер ететін болса, шөлдік климат жағдайларында суға ерігіш жыныстарда (сазды мергельде) «жалған карст» немесе саздық карст пайда болады. Бұл жағдайда рельеф өте қатты бедерлі болып келеді. Карстық құбылыстар Қырымда, Кавказда, Орта Азияда, Оралда, Сибирьдің кейбір аудандары мен европалық бөліктегі Горький, Тула, Архангельск, Калинин облыстарында кең тараған

Суффозия — топырақ қүрамындағы ерігіш тұздарға (хлор итті, хлор итті-сульфатты, карбонатты түзілімдерге) тән өте ұсақ түйіршіктердің сіңбе сумен шаймалануы және жер асты суларымен ағызып әкетілуі нәтижесінде сол топырақтың микроагрегаттық қүрылым бірегейлігінің бұзылуы салдарынан осы өңірді көмкерген жамылғытаужыныстардың "отыруы", сөйтіп жер бетінде ойдым-ойдым ойыстардың пайда болуы. Әдетте дөңгелек пішінді болып келетін мұндай ойыстардың диаметрі 10-1500 м, тереңдігі 10-200 м аралығында болып келеді; аэрофототүсіру суреттерінде өте анық байқалады

17. Домбығуының (морозное пучение) салыстырмалы деформациясы бойынша уатылған топырақтардың бөлінуі

18. Магмалық таужыныстар . Интрузивті және эффузивті таужыныстар Магмалық тау жыныстары интрузивтік (жердің іш- кі қабаттарында) және эффузивтік (жердің беткі қаба- тында) болып екіге бѳлінеді. Олар бір-бірінен қүрылым­дық және орналасымдық ерекшеліктеріне қарай ажы­ратылады.

Интрузивтік тау жыныстары жердің ішкі қойнауын- да (эр түрлі тереңдіктеО алғашқы магманың біртіндеп суынып, қатаюы нәтижесінде эр түрлі мѳлшердегі (үл- кенді-кішілі) кристалданған денелер түрінде пайда бо лады.

Эффузивтік жыныстар жердің бетіне ақтарыла тѳгілген магмадан (лавадан) қатайып, пайда болады. Лаваның суынып-қатаюы ѳте тез. Оның қүрамындағы газдар мен су буы тез үшып кетеді де, ал минералдық қо- сындылар кристалдар қүраи үлгермейді. Сондықтан эффузивтер кѳпшілік жағдайда, шала кристалданған немесе кристалданбаған біртектес шынылы массалар құрайды. Дегенмен, кейде олардың арасында жекелен- ген ірі кристалдар кездесіп қалады. Мүндай жағдайда порфирлі қүрылым құралады.

19Тұздалғандығының дәрежесі (теңіздік типті тұздалу үшін – NaCl, астам) бойынша топырақтардың бөлінуі

20.Жердің пішіні. Геодезиялық ѳлшеу жұімыстарының нәтижесі Жердің сыртқы піініні үш осьті эллипсоидқа (сфероид) жақын екендігін кѳрсетеді. Жердің полярлық радиусы (Rп) —

6356,8 км, экваторлық радиусы (RЭ) —6378,2 км, ал полярлық сығым мѳлшері а= (Rэ—Rп): Rэ= 1/298,2 (Ф. Н. Краоовский, А. А. Изотов). Жердің орташа ра­диусы 6371,11 км шамасында деп есептеледі.

Жердің шын мәніндегі бейнесі ѳте күрделі. Ол еш- қандай да геометриялық фигураға ұқсамайды. Сондық­тан/ неміс ғалымы — физик И. Люстихтың (1873 ж.) үсынысы бойыінша Жер геоид (жерге ғана тән ѳзіндік пішін) пішінді деп саналады

Геоид және сфероид пішіндері бір-біріне сәйкес келмейді (III. 1-сурет). Олардың беткі қабаттарының аралық қашықтығының айырмашылықтары ±160 м; ТМД территориясында± 100 м. Геоид және сфероид аралығындағы айырмашылықты анықтау гравиметриялық және ғарыштық ѳлшеулер арқылы жүргізіледі. Ең соңғы жүргізілген дәл ѳлшемдер бойынша Жер алмұрт пішінді не­месе жүрек секілді (кардиоид) деп саналады (Г Н. Кат- терфельд). Оңтүстік полюс солтүстік полюспен салыс­тырғанда, экваторға 242 м жақын. Жердін массасы 5,977-1021 т, кѳлемі 1,083 млрд. км3, ауданы 510 млн. км2, ортаща тығыэдығы 5,517 г/см3. Жердін ішкі қабаттарын кұрайтьгн заттардың тығыэдығы терендеген сайын ұлғая береді

21.Шөгінді таужыныстары. Шөгінді таужыныстардың пайда болу кезеңдері мен құрылыс мақсатындағы маңызы ролі Шөгінді жыныстарға жер бетіндегі әр түрлі экзогендік процестер әрекетінен үгіліп, ысырылып, еріп, сонынан шөккен жыныстар тобы жатады. Жаралуына сәйкес олар үш топқа бөлінеді: 1) кесекті (үгінді),2) химиялық (хемогендік), 3) органогендік.

Кесекті жыныстар түпкі жыныстардың механикалық жолмен бұзылып, үгіліп. шайылуынан пайда болады.Құрылымына (кесектерінің мөлшеріне) қарай олар тағы үшке бөлінеді:1) ірі кесекті қолсымалы, сусымалы, дөңбек, малта, қиыршық жинақтар немесе цементтелген (конгломерат, брекчия, гравелит, 2) құм, кұмтас, құмай (алевролит), 3) балшық (аргиллит).

Химиялық шөгінділер деп су ерітінділерінен тұнып шөккен жыныстар жинағын атайды. Олар құрамындағы минералдарға сәйкес әктасты (ізбестас, доломит, мергел), сульфатты (гипс, ангидрит), галогенді (ас тұзы, калий тұздары), алюминийлі (бокситтер), темір тотықты (қоңыр теміртас), кремийлі (опока, яшма, кремний-тақтатас), фосфатты (фосфориттер) түрлерге жіктеледі. Саз, балшық жыныстардың бірсыпырасы да химиялық жолмен түзіледі.

Органогендік жыныстар жан-жануарлардың, өсімдіктердің дене қалдығынан, кейде олардың тіршілік әрекеттерінен пайда болады. Оларға ізбес құрамды әк тастар, қабыршықтастар, кремиийлі диатомиттер, радиолияридтер, көміртек каустобиолиттер (грекше «каутоси жанар, «биос» - өмір) - шымтезек, коңыр және тас көмір, мұнай жанар тақтатастар жатады. Көбінесе хемогендік және органогендік жыныстар бірге, аралас пайда болады.

Шөгінді тау жыныстары қазіргі жер қабығының массасының 10 процентін құрап, онын бет аумагының 75 процентін жауып жатыр.

Шөккіш топырақтардан құралған негіздерді жобалаған кезде, келесі жайттар ескерілуге тиісті:

а) іргетас табанынан, сыртқы жүктеме мен топырақтың өз салмағынан туындайтын тік кернеулердің қосындысы бастапқы шөккіштік қысымға тең, немесе аталған кернеулер мәні өте аз болғандағы тереңдікке дейін өлшенетін, лықсып шөгудің жоғарғы жағында өтетін, сыртқы жүктемелерден лықсып шөгу;

б) тік кернеулердің қосындысы бастапқы шөккіштік қысымнанартық немесе топырақтың өз салмағынан және сыртқы жүктемеден туындайтын тік кернеулер қосындысы өте аз тереңдіктен, шөккіш қабаттың төменгі шекарасына дейінгі, лықсып шөгудің төменгі жағында өтетін, топырақтың өз салмағынан лықсып шөгу;

в) топырақ лықсып шөгуінің әркелкілігі;

г) шөккіштік шұңқырдың қисықсызықты бөлігімен шектелген, топырақтың өз салмағынан лықсып шөгу кезіндегі негіздің көлденең ауытқуы

22. Эндогендік үдеріс

Эндогендік геологиялық процестер қатарына: 1) жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары; 2) магматизм; 3) метаморфизм әрекеттері жатады. Олардың сырын зерттеп-білудің теориялық және практикалық маңызы ѳте зор.

Эндогендік процестер жер қойнауында (жер қырты- сы немесе мантия қабаты) жоғары температура және жоғары қысым жағдайында тоқтаусыз жүріп жатады. Барлық эндогендік процестер ѳз ара тығыз байланыста болып, бір-біріне эсер ету нәтижесінде пайда болып оты­рады. Мысалы, тектоникалық қозғалыстар тау жыныс­тарының метаморфтық ѳзгерістерінің басты себептері- нің бірі болып саналады. Ал метаморфизм әрекеттері нәтижесінде (мысалы, ультраметаморфизм әрекеттері) жер қыртысын қүрайтын заттар қайта балқып, магмалық ошақтар құралады. Сонымен қатар, тектоникалық қоз- ғалыстар да жер қыртысының тұтастығын бүзып, жер қойнауының кейбір аудандарында қысым шамасының кенеттен тѳмендеуіне әкеліп соғады. Соған байланысты магмалық ошақтар пайда болады. Бүл процестерді ѳз кѳзімізбен кѳріп, бақылау жүмыстарын жургізудің мүм- кіндігі ѳте аз.

23Шөгінді таужыныстардың топтарға бөлінуі. 24Сынықты шөгінді таужыныстары. Хемогенді шөгінді таужыныстары. Органогендік шөгінді таужыныстары.

Жаралуына сәйкес олар үш топқа бөлінеді: 1) кесекті (үгінді),2) химиялық (хемогендік), 3) органогендік.

Кесекті жыныстар түпкі жыныстардың механикалық жолмен бұзылып, үгіліп. шайылуынан пайда болады.Құрылымына (кесектерінің мөлшеріне) қарай олар тағы үшке бөлінеді:1) ірі кесекті қолсымалы, сусымалы, дөңбек, малта, қиыршық жинақтар немесе цементтелген (конгломерат, брекчия, гравелит, 2) құм, кұмтас, құмай (алевролит), 3) балшық (аргиллит).

Химиялық шөгінділер деп су ерітінділерінен тұнып шөккен жыныстар жинағын атайды. Олар құрамындағы минералдарға сәйкес әктасты (ізбестас, доломит, мергел), сульфатты (гипс, ангидрит), галогенді (ас тұзы, калий тұздары), алюминийлі (бокситтер), темір тотықты (қоңыр теміртас), кремийлі (опока, яшма, кремний-тақтатас), фосфатты (фосфориттер) түрлерге жіктеледі. Саз, балшық жыныстардың бірсыпырасы да химиялық жолмен түзіледі.

Органогендік жыныстар жан-жануарлардың, өсімдіктердің дене қалдығынан, кейде олардың тіршілік әрекеттерінен пайда болады. Оларға ізбес құрамды әк тастар, қабыршықтастар, кремиийлі диатомиттер, радиолияридтер, көміртек каустобиолиттер (грекше «каутоси жанар, «биос» - өмір) - шымтезек, коңыр және тас көмір, мұнай жанар тақтатастар жатады. Көбінесе хемогендік және органогендік жыныстар бірге, аралас пайда болады.

25.Жер сілкінуі. Жер сілкіністерінің бағалануы

Жер сілкінудің басым кѳпшілігі, әсіресе аса күшті думпулер (мысалы, Орта Азияда, Қазақстанда) тектоникалық қозғалыстармен (ығысу-ыдырау, қатпарлану, жылжу әрекеттерімен) тікелей байланысты (VIII. 2-су- рет).

Тектоникалық қозғалыстарға қатысты туатын жер сілкіністері үш түрге ажыратылады (ошақтарының тереңдігіне қарай): 1) «калыпты» (нормалық) жер сілкіну (ошағының тереңдігі 10—60 км); 2) «аралық» жер сіл­кіну (ошағының тфеңдігі —60—300 км); 1) «терең фокусты» жер сілкіну (ошағының тереңдігі >300 км),

Жер сілкінудің басқа бір түрі вулкандық әрекеттер- мен (вулкан атқылау алдында немесе вулкан атқылау барысыида) байланысты кездеседі. Олар магмадан бѳлінген газдардың (вулкан ѳзектерінде) қопарылысы ке­зінде байқалады

Жер сілкінудің үшінші бір түрі — денудациялық не­месе кенеттен опырылып құлау әрекеттерімен байланыс­ты байқалады. Мұндай жағдайлар таулы аудандарда карсттық үңгірлерде жиі кездеседі. Жер сілкінісінің эпицентрі – жер бетіндегі жер сілкіну ошағының үстіндегі аумақ.

1-12 бал аркылы багаланады

26.Метоморфтық таужыныстар.Жердің терең қойнауларындағы жоғары қызу мен күшті қысым магма жапсарларындағы қызу мен газ, булардың әсерінен өзгеріп, қайтадан жаралған (грекше «метаморфозис» - өзгеру) жыныстар тобын айтады. Бұлар слюда хлорит, талкь сиякты минералдарға бай болғандықтан әдетте сұр жасыл түсті келеді және құрылысы әрдайым толық кристалды, тақталанған, бір бағытта параллель бейімделген пішінге көшеді.

Метаморфтік күш (қысым мен температура ) өскен сайын тақтатас, филлит, кристаллы тақтатас, гнейстер, амфиболиттер (темір, магний тотықтарына бай) жыныстар реті құралады. Метаморфизм әсерінен кварцті құмтастан кварциттер, әктасты жыныстардан мәрмәрлар көмірлі жыныстардан графитті жыныстар пайда болады. Магма жапсарында одан бөлініп шыққан су буы, әp түрл газдар реакциясы әсерінен ізбестастардан скарндар, балшық-құмды жыныстардан мүйізтастар (роговик), бокситтен корунд жыныстары түзіледі. Өзін-өзі метаморфтау әсерінен базальт тұқымдастар амфиболиттерге, өте негізді жыныстар (дуниттер) серпентиттерге (змеевиктерге) көшеді

27.Топырақтардың борпылдануы, ісінуі және домбығуы(тоң)

Ісінгіш топырақтар

Көптеген шаңды-балшықты су сіңіру кезінде өзінің көлемін өзгертуін ісіну айтады

5.3.2.1 Iсінгіш топырақтардан құралған негіздер, осындай топырақтардың ылғалдылық өскен кездегі көлемінің ұлғаюы-ісіну қабілеті ескеріле, жобалануға тиісті. Одан кейінгі, ылғалдылықтың төмендеуіне байланысты, ісінгіш топырақтарда кері үрдіс жүреді- кеберсу.

5.3.2.2 Iсінгіш топырақтар, берілген қысымдағы салыстырмалы ісінуімен ісіну қысымымен, ісіну ылғалдылығымен және кепкен кездегі салыстырмалы кеберсуімен сипатталады.

5.3.2.3 Iсінгіш топырақтардан құралған негіздерді жобалағанда келесі мүмкін деген жағдайларды:

- жерасты суларының көтерілуіне немесе су сіңірілуіне - топырақтардың өндірістік немесе жерүсті суларымен ылғалдануына байланысты;

- құрылыс салынған және асфальтталған жерлердегі (жер бетінің көлеңкеленуі, күн тиместік жағдайда қалуы) буланудың табиғи жағдайларының бұзылуы салдарынан, ғимарат астындағы тереңдігі шектелген зоналардағы жиналған ылғалдан;

- ауалау аймағының жоғарғы жағындағы-сулық-жылулық жағдайдың өзгеруінен (мерзімдік климаттық себептер);

- жылу көздерінің әсерінен кебу кезіндегі кеберсуін ескерген жөн.

5.3.2.4 Ісінгіш топырақтардан құралған негіздерді есептегенде, топырақтың ісінуінен немесе кеберсуінен пайда болатын негіз деформациялары, негіздің жеке қабаттар деформацияларын жинақтау арқылы анықталуға тиісті. Негіздің сыртқы жүктеме мен ісінгіш топырақ ылғалдылығының төмендеуінен туындаған деформациялар біріктіріле анықталуға тиісті. Топырақтың ісіну салдарынан негіздің көтерілуі анықталғанда, негіздің сыртқы жүктемелерден шөгуі тұрақтанды деп қабылданады.

5.3.2.5 Салыстырмалы ісіну ісіну қысымы және салыстырмалы кеберсу, ісіну немесе кеберсу себептеріне байланысты зертханалық сынақта нәтижелері бойынша анықталынады.

5.3.2.6 Ісінгіш топырақтардан құралған негіздің есептік деформациялары шекті мәндерінен асатын немесе негіздің көтеру қабілеті жеткіліксіз болған жағдайларда келесі шаралар қарастырылуға тиісті:

- судан қорғау шаралары;

- ісінгіш топырақтардың қалыңдығы толығымен немесе бөлігі енетін негізді алдын ала суландыру;

- қабылдағыш (компенсациялық) құмды төсемдер қолдану;

- ісінгіш топырақты ісінбейтін топыраққа толық немесе жартылай алмастыру;

- ісінгіш топырақ қабатын іргетаспен толық немесе жартылай тіліп өту.

27.Тоң топырақтар (домбыған)

Республика территориясының барлық жерінде қыс айларында сыртқы ауа температурасы 0 градустан төмен түседі.Теріс температура әсерінен топырақтың жоғарғы беті тоңданады.Тоң топырақ деп- нөлдік немесе теріс температуралы кеуектік судың бір бөлігі қатты күйде (мұз) болатын топырақты атайды.Тоң топырақтар төрт компонентті жүйе болып табылады,өйткені кәдімгі топырақтың 3 компонентіне (қатты,сұйық, газ)қату температурасы кезінде кеуекті судан пайда болатын мұз компоненті қосылады.

Тоң тоырақтардың физикалық қасиеттерін бағалау үшін 4 сипаттамасын білу керек,олар : меншікті салмағы ,қосынды салмақтық ылғалдылығы және қатпаған су мөлшері

Тоң топырақтың маңызды сипаттамасы салыстырмалы мұздақтық

I=

Тоң топырақтардың жібіген кезде деформациялануын бағалау үшін сынаулар арнайы одометрде (Н.А.Цытович) жүргізіледі.Сынау нәтижесі боцынша салыстырмалы деформациялар қисығы тұрғызылады.График бойынша салыстырмалы жібу коэффициенті анықталады.

ε=

Ісінетін топырақтар

Көптеген шаңды –балшықты топырақтар су сіңіру кезінде өзінің көлемін ұлғайтады.Топырақтың бұл қасиеті –ісіну деп аталады.Сонымен,ісіну су сіңген сазды жыныстарға тән келеді.Топырақтағы ісіну процесіне жеке бөлшектер мен агрегаттар арасындағы ілінісу күшінің кедергісі және әсер ететін кернеу қарсыласады.Кейбір қысым кезінде топырақ ісінбейді.Осы қысымның ең кіші мәні – ісіну қысымы деп аталады.

Борпылдақ топырақтар

Борпылдақ топырақтардың табиғи құрылымы динамикалық әсерлер (тербеліс,діріл) кезінде өзгереді.Қажетті әсер деңгейі үдеу шамасымен өлшенеді және құмның

 

28.Тау жыныстар үгітілуінің негізі себеп-шарттары .

Ауа температурасының күрт ауытқуларынан тау жыныстарының қуыстары мен жарақтарында су қатуының көмір қышқыл газының отектің, организмдердің ықпалынан жер бетіндегі тау жыныстары мен минералдардың өзгеруі және бұзылып ыдырау процесін үгілудеп аталады. Физикалық немесе механикалық, химиялық, биологиялық немесе рганикалық болып ажыратылады.

Физикалық үгілуде температура басты ролді алады, мысалы -Қарақұмда күндіз 70-80 С –қа дейін жетсе, түнде -20 С -қа төмендейді.температура жоғарлағанда барлық тау жыныстары ұлғаяды, ал төмендегенде өзара сығымдалып кішірейеді. Күн сәулесі түскенде тау жыныстарының сыртқы бөліг ішкі бөлігіне қарағанда морлық қызады және көлемі үлкейеді өйткені тау жыныстарының жылу өткзгіштігі біршама төмен.

Химиялық үгілу-. тау жыныстары құрамындағы әр түрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр жерлерге түрліше шөгеді. (мыс., дала шпаты каолинге айналады).Химиялық үгілудің негізгі түрлері –тотығу,гидратация,еру,гидролиз.

Органикалық үгілуде де бактериялар, саңырауқұлақтар, қыналар, мүктер және т.б. организмдердің әсерінен болады. Олар таужыныстардың қуыстарында, жарықшаларында өніп-өсу барысында түрлі ерітінді заттар бөліп шығарады

 

29.Су басуы (затопление) және су көтерілуі ( подтопление) .

СНиП РК 2.03-10-2002* каз Инженерная защита в зонах затопления и подтопления СНиП

Су басу – 1) жер бетіндегі ағын сулардың немесе жер асты сулары деңгейінің көтерілуі; 2) өзен маңындағы жер аумағын су тасу немесе тасқын кезінде (табиғи cу басу), не өзен арнасы мен аңғарына жасанды түрде бөгет салу кезінде (жасанды су басу) судың қаптай жайылуы; 3) гидротех. ғимараттар салудан және жер беті суын тежеуден, сондай-ақ а. ш. жерлерін дұрыс суармаудан ыза деңгейінің көтерілуі. Негізінен белгілі бір алаптағы қар мен мұздың күрт еруінен және жауын-шашынның көп мөлшерде түсуінен болады. Су басу – қала, елді мекен аумақтарында және бөгендер мен суармалы жерлерге жақын жатқан телімдерде пайда болатын техногендік процесс

Топан су — 1) жер асты суы деңгейінің күрт көтерілуінен немесе өзен-көлдер суының (әсіресе көктем — жаз айларында) арнасынан асып кетуінің салдарынан болатын табиғи құбылыс. Оған қарсы қолданылатын шаралардың бірі — жер асты суының деңгейін түсіру (төмендету) мақсатымен ұңғымалар бұрғылап, олардан су тарту немесе жыралар мен қарықтар қазып, су астында қалған аумақтан суды кетіру; 2) өзеннің, көлдің немесе теңіздің су деңгейінің көтерілуі салдарынан аумақты су басу. Су деңгейінің көтерілуі өзен алабындағы қардың немесе мұздықтардың еруінен, жауын-шашынның мол жаууынан, мұзбөгет, желбөгет құбылысынан және т.б. туындайды. Топан су дүниежүзінің көптеген өзендерінде болып тұрады

30.Физикалық ыдырау.

31.Механикалық үгілу . Физикалық үгілуде температура басты ролді алады, мысалы -Қарақұмда күндіз 70-80 С –қа дейін жетсе, түнде -20 С -қа төмендейді.температура жоғарлағанда барлық тау жыныстары ұлғаяды, ал төмендегенде өзара сығымдалып кішірейеді. Күн сәулесі түскенде тау жыныстарының сыртқы бөліг ішкі бөлігіне қарағанда морлық қызады және көлемі үлкейеді өйткені тау жыныстарының жылу өткзгіштігі біршама төмен.

Опырылымдар (обвалы), шашылымдар (осыпи)

Опырылымдар мен шашылымдар сырғымалар сияқты жартасты процестерге жатады.Дегенмен,сырғымадан айырмашылығы олардың пайда болуында тау жынысы мен жартас арасындағы байланыс бұзылады.

Тартылыс күші әсерінен тау жыныстарының және олардың массаларының жартастардан төмен қарай құлау процесі опырылымдар деп аталады.Опырылымдар өзен маңындағы жартастарда және теңіз жағасындағы тауларда пайда болады.Сонымен қатар құрылыста қазаншұңқырлар мен ор секілді алаңдарда болуы мүмкін.Опырылымдардың пайда болуына жылжытушы(сдвигающей )ауырлық күші мен ұстап тұрушы (удерживающими) күштер арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы әсер етеді. Опырылған тау жыныстары төмен қарай жоғары жылдамдықпен құлаған кезде жолында кездескен ғимараттар мен инженерлік ғимараттарды қиратуы мүмкін.

Опырылымдардың алдын алу және олардан қорғану қазіргі кезде үлкен проблемаға айналып отыр.Опырылу қаупі бар аумақтарда ғимараттар салуға тиім салынған.

Шашылымдарфизикалық желдену процесі жиі болып тұратын жартастарда болатын процесс.Шашылымдар шаруашылықта,соның ішінде автомагистраль салуда айтарлықтай қиындық туғызады.

Арналық шашылымдар - тікелей су ағыстарында орналасқан аллювийлік шашылымдар. Аңғарлық шашылымдардан айырмашылығы, олар ұдайы қайта шайылып, кейде ағыс бойынша төмен қарай жылжиды, құрамында ұсақ, жақсы жұмырланған пайдалы құрамбөлік болады.

Аллювийлiк шашылымдар - сынықты материалдың су ағыңдарымен тасымалдану және түзілу нәтижесінде жаралып, аллювий түзілімдерінде орналасады. Элювийлік, делювийлік, коллювийлік, көне шашылымдар және түпнүсқа тау жыныстар мен кенорындардың шайылуынан пайда болады. Аллювийлiк шашылымдарға өзен, аңғар, арна және терраса шашылымдары кіреді.

Делювийлік шашылымдар- түпкілікті кенорындардың мору процесінде қирауы мен пайдалы құрамбөліктердің қираған тау жыныстармен бірге беткей бойымен жылжуы нәтижесінде жаралады.

33. Химиялық ыдырау.

Тау жыныстарының құрамына кіретін минералдардың химиялық құрамының өзгерістерін туғызып, туынды минералдар аталатын жаңа минералдардың түзілуіне себепші болатын құбылыстар жиынтығы химиялық үгілу деп аталады. Тау жыныстарының минералымен өзара химиялық әсерлесе алатын қуатты заттарға су, оттек, көмір қышқыл және органикалық қышқылдар жатады. Химиялық үгілудің негізгі түрлері тотығу , гидратация (су жұту) , дегидрация(судан арылу), еру және гидролиз (ажырау) жатады.

Тотығу.Тотығу прцестері грунт суларының деңгейінен жоғарырақ орналасқан жер қыртысының жоғары бөлігінің аумағында өтіп жатады.

Гидратация. Үгілуге берік жаңа минералдардың түзілуіне әкеп соғатын бастапқы минералдардың сумен қосылыстар түзу процесі гидратация деп аталады. Гидратация процесі көбінесе жарықшықтылықтың дамуына әкеп соғады. Гидратация сусыз минералдарға тән келеді.

Еру.Химиялық үгілудің қарапайым түрі – судың тау жынысын ерітуі. Құрамында көмірқышқыл мен оттек бар судың еріткіштік қасиеті едәуір артады. Тау жыныстарын түзуші минералдың ішіндегі ең ерігіші гипс, одан кейін кальцит.

Гидролиз. Су ерітінділері минералдарды тек суға қанықтырыпқана қоймайды, сонымен бірге заттардың еруі мен алмасу түріндегі химиялық ыдырауды туғызады. Гидролиз деп аталатын осы процес минералдардың бастапқы кристалдық торын бұзып жаңа кристалдық торды құрайды.

 

34.Қар көшкіні

Көшкін – таудың құлама беткейімен төмен қарай орасан жылдамдықпен сырғитын қар немесе мұз массасы. Қар көшкіні қалың қар жаууының, қардың қарқынды еруінің, жаңбыр жауудың, тереңдік қылаудың борпылдақ түзілімі бар қар қабатының қайта кристалдануының әсерінен беткейдегі қар беріктігі бұзылғанда пайда болады. Жылжу сипаты бойынша оны жылжыма, науалық және секірмелі көшкіндер деп бөледі. Құрғақ қардан көшкін жүрген кезде, оның алдыңғы жағында жан-жаққа тарап үлгеретін ауа толқыны пайда болады. Қар көшкіндері өзінің бұрынғы тапталған жолы бойынша жүреді, көл. 2 млн. м3-ге дейін, ал күшінің соққысы 60 – 100 т/м3-ге дейін барады. Көшкін жиі болатын тауларда (Іле, Жетісу Алатаулары, т.б.) көшкіннен қорғау жүйелері (қардан қорғайтын қалқандар, қауіпті беткейлерді артиллериямен атқылау және т.б.) құрылады, орманды кесуге тыйым салынады. Көшкін қауіпті беткейлерге ағаш отырғызылады. Мұз көшкіндері, тік аспалы мұздықтардың опырылып, төмен қарай жылжуынан пайда болады.

 

35. Органикалық үгілу

Үгілудің бұл түрі тірі организмдер мен өсімдіктердің тіршілік әрекеті процесінде тау жыныстарының ыдырауымен сипатталады. Органикалық дүние тікелей механикалық ж\е хим-қ жолмен әрекет ету арқылы тау жыныстарын өзгертіп бұзады.

Мех-қ бұзуды өсімдіктер өздерінің тамыр жүйесі арқ. атқарады. Ағаштардың тамыры тіпті берік қатты тау жыныстарының өзін сыдырып бөлшектеп жібереді. Ақтікен аталатын өсімдіктің 20 см темірбетон плитаны тесіп өткені бар. Шөптесін өсімдіктердің тамыры қаланың көшелеріндегі асфальт қабатын оп-оңай тесіп шығады.

Жертесушілерге жататын көптеген тірі организмдер тау жыныстарын күшті бұзады. Үгілу қыртысында жертесушілер өздеріне көптеген қуыстар, жолдар жасап алады. Әрбір жарты гектар жерде шамамен 150000 құрт болатыны есептелген. Бұлар жыл сайын жер бетіне ұнтақталған 10-15 тонна топ-қ үгіндісін шығарады.

36. Үгілгендігінің еселігі бойынша ірісынықты топырақтардың бөлінуі.

Тиімді және сенімді іргетас түрлерін, топырақтың қасиеттерін жақсарту әдістерін, іргетасты орнату тәсілдерін және топырақтарды бекіту әдістерін таңдауға, негізінде, жертабан (негіз) топырақтарының жіктелуі жатады. Топырақтар тасты және тассыз болып жіктеледі. Тасты топырақтар бөлшектерінің өзара байланысы қатаң, беріктігі өте жоғары , кеуектігі аз, іс жүзінде суды өткізбейді әрі сығылмайды. Жалпы тасты топпырақтар 3топқа бөлінеді: магмалық, метаморфтық және шөгінді цементтелген. Тассыз топырақтар – бөлшектерінің өзщара байланысы бос, цементтелмеген шөгінді тау жыныстары. Бұл тау жыныстары тобына ірі сынықты, құмды, шаңды-балшықты, биогенді және жасанды топырақтар жатады. Ірі сынықты топырақтар – құрамы әр т үрлі келген түп тау жыныстары мен минералдардың кесектерінен құралған шөгінді жыныстары. Ірі сынықты және құмды топырақтарды жіктеу ірілі-ұсақты құрамына, ылғалдылығына және тығыздығына байланысты. Ірі сынықты топрықтарға құрамында (массасы бойынша) өлшемдері >2мм бөлшектердің мөлшері 50%астам, цементтелмеген топырақтар жатады. Құмлды топырақтар – кварцтың, дала шпаттарының, слюдалардың т.б. тау жыныстарының әртүрлі өлшемдегі бөлшектерінен құралған, құрғақ күйінде сусымалы, су өткізгіштігі жоғары, сығылғыштығы төмен шөгінді жыныстар. Құмды топырақтарға құрамында (массасы бойынша) өлшемдері >2мм бөлшектердің мөлшері 50% кем топырақтар жатады. Ірі сынықты топырақтар ірілі-ұсақты құрамына байланысты: қой тасты, жұмыр тасты , малта тасты; құмды топырақтар: ірі, орташа ірілікті, ұсақ және шаңды болып жіктеледі. Ірі сынықты және құмды топырақтар ылғалдылық дәрежесіне байланысты аз ылғалды, ылғалды және суға қаныққан болып жіктеледі. Құмды топрыақтар бітімінің тығыздығына байланысты тығыз, орташа тығыз, борпылдақ болып ажыратылады.

37.Топырақтар туралы түсінік . Топырақтардың топталуы .

Топырақ деп –жердің үгілу аймақтарында жататын және адамныңинженелік құрылыс қызметінің обектісі болып табылатын тау жыныстарын айтады. Топырақ ең көп тараған құрылыс матиралы және ол кезкелген құрылыстың негізі ретінде болып табылады. Топырақтың физикалық немесе механикалық, химялық, органикалық қаситтері болады табиғи топырақтардың қаситтері үздіксіз өзгеріп отырады.ГОСТ 25100-95 бойынша топырақтар екі классқа бөлінед; тасты және тассыз

Тасты топырақтар беріктігі өте жоғары(>5МПа) ,кеуіктігі аз ,байланысы қатаң, әрі іс жүзінде су өткізбейді. Жалпы тасты топырақтар 3 ке бқлінеді магмалық,метаморфтық және шөгінді.

Тассыз топырақтар өзара байланысы бос,цементтелген шөгінді тау жыныстар.Бұл тау жыныстарының тобына ірі сынықтар(қойтас,жұмыртас,малтатас)шаң-балшықты(құмайт,саздақ, балшық),биогенді (батпақ,шымтезек),жасанды топырақ.

38. Кеуектілігінің еселігі бойынша құм топырақтардың бөлінуі.

Суға орнықсыз топырақтар табиғи ылғалдылығы мен құрылымы бұзылмаған күйде үлкен беріктік пен аз деформациялыққа ие. Бұл жағдайда олардың сығылу еселігі мен жалпы деформация модулі қысым 0,4 – 0,5 МПа дейін өзгергенде қысымға байланысты болмайды (яғни тұрақты болып, қысымдардың жеткілкті шегінде болады). Бұл жағдайда компрессиялық сынақтармен және далалық жағдайда штамптық сынақтармен алынған деформация модулінің мәндері өзара едәуір айрықшалануы мүмкін.

Сулы коллоидты және цементтелген байланыстарымен ерекшеленетін суға орнықсыз топырақтардың құрылымдық байланыстары суға аз төзімді. Суға орнықсыз топырақтарда ылғалдылықтың жоғарлауы кезінде келесі үрдістер орын алады: топыраққа су тигенде кальциттер ериді, ал сазды бөлшектер ылғалданады. Бұл жағдайда сазды топырақтарды қоршап тұратын орамдар қалыңданып, түйіршіктердің қақ айырылуына әсер етеді. Осының нәтижесінде топырақтың макро құрылымы бұзылып, түйіршіктер кеуекке толып, топырақ кәдімгі балшыққа айналады.

Бірақ, құрылымның бұзылуынан кейін топырақтың беріктігі кенеттен төмендейді, содан топырақ нығыздаушы жүк әсер еткенде қатты сығылушылыққа ие болады. Сондықтан да нығыздаушы жүк тұрақты кезінде топырақ ылғалданғанда кеуектілік еселігі кенеттен өзгереді, яғни бұл деген топырақ құрылымының түбімен өзгергендігін көрсетеді

 

39. Топырақтардың құрамы, құрылымы

Топырақ құрылымы

Топырақтардың құрылыстық қасиеттеріне баға беру үшін топырақтардың құрылымы мен бітімінің мәні зор.

Топырақ құрылымы дегенде сол топыраққа тән топырақтың ішкі байланымдары мен ол пайда болғанға дейінгі бүкіл ерекшелігіне негізделген ірілігі мен пішіні жағынан әралуан минералды бөлшектердің және олардың жекелеген агрегаттарының орналасуы деп білеміз. А. К. Ларионовтың айтуы бойынша құрылым топырақ жасайтын қатты, сұйық және газ тәрізді бөлшектердің сандық және морфологиялық арақатынасымен өлшенеді. << Топырақтардың табиғи құрылымы, олардың құрамы мен жай – күйі негізінен алынғанда топырақтардың деформациялық – беріктік қасиеттерімен олардың негіздік және құрылыс үшін орта ретіндегі жұмысын анықтайды>>

Топырақ құрамы


Топырақ құрамына қатты минералдық бөлектер (топырақ қаңқасы), қатты бөлшектер арасындағы кеуекті (бос жерлерді) толтыратын су мен газ (ауа, су буы) енеді (1.1-сурет). Сонымен барлық топырақтардың үш компонентті құрамы болады. Профессор Н. А. Цитовичтің айтуы бойынша «Осы компоненттердің қасиеттері, олардың топырақтағы сандық ара қатынастары, сондай ақ топырақ комоненттері мен олардың агрегаттары аралығындағы электромолекулярлық, физикалық химиялық, механикалық және басқалай әрекеттер топырақ табиғатын анықтайды.»

Топырақтың үш компоненті құрамының схемасы 1.1-суретте көрсетілген. Топырақ құрамына мөлшері жағынан әр алуан қатты минералды бөлшектер енуіде мүмкін. Бөлшектердң атауы олардың мөлшеріне қарай 1.1-кесте бойынша қабылданады. Мөлшерлерінің белгілі бір көлемі бар бөлшектер тобы фракция деп аталады. Келтірілген топырақта бар фракциялардың процентпен берілген салмақтық мазмұны гранулометриялық немесе қиыршақ құрамы деп аталады.

Минералды бөлшектер фракцияларының ірілігіне қарай аталуы

Фракциялардың аты Бөлшектер мөлшерінің көлемі, мм
Валундар (сумен мүжілген) және кесек тастар > 200
Ұсақ жұмыр тастар (сумен мүжілген) және шағыл (қырлы) 200 ÷ 10
Қиыршақ (сумен мүжілген) және ұсақ тас (қырлы) 10 ÷ 2
Құмдақтар: ірісі 2 ÷ 0.5
орташасы 0.5 ÷ 0.2
ұсағы 0.25 ÷ 0.05
шандысы 0.05 ÷ 0.005
саздысы < 0.005

Мұндағы Vтoп= Vк+Vтқ -топырақ көлемі

Vk - кеуек көлемі

Vтқ - тек ғана минералды бөлшектер (топырақ қаңқасы) алып жатқан көлем

Vг – газ (ауа) алып жатқан көлем

Vc- су көлемі

Топырақтағы су. Топырақ кеуегіндегі су ағын су немесе тұнық су болуы мүмкін.

Ағын су өзін кәдімгі сұйықтық сияқты сақтайды, яғни су өткізгіш ағыстар жасай отырып, қысымдар айырмашылығының әсерінен топырақтың кеуектері бойынша оңай орын ауыстырады. Кеуекті суда болатын әр алуан иондар мен дипольдердің ( судың өз молекуласы) минералды бөлшектердің бетіне электростатикалық тартылыс жасауы өзара әрекет етудің аса маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Топырақтың қатты минералдық бөлшектердің бетінде ( тәжірибе көрсеткендей) теріс электр заряды болады. Судың молекулалары электр электр қуатымен тікелей де, сондай ақ оі зарядталған иондардың гидратты қабыршық құрамында да бөлшетер бетіне тартылады (1.2-сурет).

1.2-сурет. Минералды бөлшектің гидратты-ионды қабыршағы: 1- берік тұтасқан су; 2 – су молекулалары (дипольдар); 3 – катион; 4 – диффузды қатпар шеңберіндегі борпылдақ тасқын су; 5 – қатты минералды бөлшек.

Олар бірлесіп келе минералды бөлшектер төңірегінде гидратты ионды қабыршықтар жасайды. Гидратты ионды қабыршықтан берік тұнған суды- минералдың бетіне жақын жатқан қалыідығы бірнеше молекула болатын су қабатын, және диффузиялық қабат шегіндегі борпылдақ жабысқан суды байқауға болады.

Топырақта бөгелмелі су қаншалықты мол болса, минералды бөлшектер бетінің жиынтық аумағы соншалықты үлкен болады. Минералды бөлшектердің өзіндік беті (1г жынысытң жиынтық беті) қаншалқты үлкен болса, бөлшек мөлшері кіші болады. Осыдан келіп, жұқа- шашыранды (сазды) топырақтарда неғұрлым біршама мәнді бөгелмелі су бары байқалады.

Топырақтағы газ.Топырақтағы кеуек көлемінің бір бөлігі





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.