Балалар стоматологиясынан МЕ тесттері Балалар терапиялық стоматологиясы !. Пародонт ауруларының топтарының бөлінуі немен түсіндіріледі? *+Онтогенетикалық дамудың бірауыздылығы, сонымен қатар патологиялық үрдістердің қызметі мен дамуының жалпылануы; * Әр түрлі аурулар кезіндегі патоморфологиялық өзгерістердің жалпылануы; * Әр түрлі жастық кезеңдерде көріністердің ерекшелігімен; * Аурудың клиникалық көріністерінің ерекшелігімен; * Әр түрлі ауруларды емдеудің бірауыздылығы. ! Қызылиектің бос бөлігін (маргинальды) жауып жатқан эпителий аталады: * Мүйізгектенбейтін көпқабатты жалпақ; *+Мүйізгектенетін көпқабатты жалпақ; * Бір қабатты цилиндрлік; * Бір қабатты жалпақ; * Өтпелі. ! Қызылиектің альвеолярлы (бекітілген) бөлігін жауып жатқан эпителий аталады: * Өтпелі; * Бір қабатты жалпақ; * Бір қабатты куб тәрізді; * Көп қабатты жалпақ мүйізгектенетін; *+Көп қабатты жалпақ мүйізгектенбейтін. ! Пародонт тіндерінің қанмен қамтамасыздануының зерттеу әдістері (қанмен қамтамасыздануының интенсивтілігін, тонусын, қан тамырлардың эластикалық жағдайын анықтау) қалай аталады? * Полярография; * Эхоостеометрия; * Биомикроскопия; * Капилляроскопия; *+Реопародонтография. ! Пародонттың қышқыл-қалыптастыратын үрдістің көрсеткіші ретінде оттегінің балансын анықтайтын әдіс аталады:: *+Полярография; * Эхоостеометрия; * Биомикроскопия; * Капилляроскопия; * Реопародонтография. ! Кулаженко бойынша вакуум сынамасын жүргізгенде гематомалардың пайда болу уақытының қысқаруы көрсетеді: *+Пародонттың қан тамырларының қабырғаларының өткізгіштігінің жоғарылауы мен эластикалық жағдайының төмендеуін; * Тіс – қызылиектің бекітілуінің бүтінділігінің бұзылуын; * Қызылиектің оттегінің балансының бұзылуын; * Қызылиекте гликогеннің болуын; * Қызылиектің ісінуі жоқ. ! Қызылиекте гликогеннің жиналуының анықталуы қандай сынамасының көмегімен жасалады? * Айнамо сынамасы; * Кулаженко сынамасы; * Ясиновский сынамасы; *+Шиллер-Писарев сынамасы; * Эпителий бүтіндігінің сынамасы. ! Балалардың қызылиегінің қабынуын анықтауға қандай зерттеу әдісін қолданады? * Грин –Вермильон бойынша гигиеналық индексті анықтау; * Шиллер-Писарев сынамасы; *+РМА индексін анықтау; * ПИ индексін анықтау; * Рентгенологиялық. ! Иммунологиялық тесттерді жасайды: * Әр тістің пародонтының жағдайын бағалау үшін; * Пародонттың қантамырларының қызметтік жағдайын бағалау үшін; * Қызылиектегі қабыну үрдісінің белсенділігінің дережесін бағалау үшін; * Жасалып жатқан емнің нәтижесі, пародонт ауруының ауырлығын бағалау үшін; *+Пародонттағы үрдістің ауырлығы мен белсенділігін бағалау, ауруды болжамдау үшін. ! Пи индексін бағалайды: * Әр тістің пародонтының жағдайы; * Пародонттың қантамырларының қызметтік жағдайы; * Қызылиектегі қабыну үрдісінің белсенділік дәрежесі; *+Пародонт ауруының ауырлық дәрежесі, өткізіліп жатқан емнің нәтижелілігі; * Пародонттағы үрдістің ауырлығы мен белсенділігі, ауруды болжамдау. ! Пародонт қалтасында не бар екенін анықтау үшін қолданылатын сынама: * С-дәрумені; * Трипан көгі; *+Бензидин сынамасы; * Амидопирин сынамасы; * Фенолфталеин сынамасы. ! Пародонттың тірек құрылымының қабыну және деструкциялық зақымдануларын салыстыру мақсатында ауырлық дәрежесін анықтау үшін қандай зерттеу әдісі қолданылады: * Реопародонтография; *+Рентгенологиялық; * Люминесценттік; * Серологиялық; * Биохимиялық. ! Парм сынамасы нені анықтау үшін қолданылады: * Жасырын ісікті; * Қабынудың таралуын; * Қызылиектің қанағыштығын; *+Пародонт қалтасында іріңнің болуын; * Қызылиек астылық тіс тастарының болуын. ! Бала 12 жаста. Қызылиектің өсе қабынуының ісінген түрі деген нақтама қойылды. Төменде көрсетілген нақтамалардың қайсысымен салыстырмалы нақтамалау жүргізген неғұрлым тиімді: * Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуы, ауыр дәрежесі; * Созылмалы катаральды қызылиек қабынуының өршуі; * Жедел катаральды қызылиек қабынуы; *+Қызылиектің фиброматозы. * Ойық жаралы қызылиек қабынуы. ! Бала 12 жаста. Қызылиегіндегі ауру сезіміне, керілу сезіміне, тістерін тазалағанда, қатты тамақ жегенде қызылиегінің қанауына шағымданады. Анамнезінен: бір жыл бұрын қызылиегін емдеткен. Объективті: көкшілденген қызылиегінде ісінген және қызырған аймақтар бар, шұқығышпен тиіп кеткенде қанағыштығы анықталады.Пародонт қалталары жоқ. Рентгенограммада: сүйек тінінде деструкциялық өзгерістер жоқ. Нақтама қойыңыз: * Ойық жаралы қызылиек қабынуы; * Жедел катаральды қызылиек қабынуы; * Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы; * Қызылиектің өсе қабынуының фиброзды түрі; *+Созылмалы катаральды қызылиек қабынуының өршуі. ! 13 жастағы балада екі ай бойы 4.4, 4.3, 4.2, 4.1, 3.1, 3.2, 3.3, 3.4 тістердің аймағындағы тіс аралық емізікшелерінің көлемі ұлғайғандығы, тістерін тазалағанда және тағам қабылдағанда қанағыштығы анықталады.Ауруды анықтаңыз. * Ошақты пародонт қабынуы; * Жайылмалы қызылиек қабынуы; * Жедел катаральды қызылиек қабынуы; *+Жасөспірімдік қызылиектің өсе қабынуы; * Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы. ! 12 жастағы бала тағам қабылдағанда қызылиегінің ауыратынына, қанағыштығына шағымданады. Эндокринологтың диспансерлі бақылауында тіркелген. Дәрігер-стоматолог қызылиектің өсе қабынуының орташа дәрежесі деген нақтама қойды. Осы жағдайға әсер етпейтін емдеу әдісін таңдаңыз? * Галаскорбин, қалақай жапырақтарының қайнатпасы, гепарин жақпасы; * Гепарин жақпасымен аппликация жасау; * Тіс шөгінділерін алу, гигиенаға үйрету; * Эндокринологта емделу; *+Гингивоэктомия. ! Пародонт қабынуына қандай морфологиялық өзгерістер сәйкес келеді? * Шектелген ісіну қызылиек жиегінің жасушалық инфильтрациясы, қантамырлардың ұйыған қызаруы; * Қызылиектің тіндік байланыстырушы қабатының қалыңдауы. Талшықты тіннің көрнекі өсуі,кей жерлерінде жасушалық инфильтрациясы бар; * Қантамырлардың айқын қызаруы, қызылиектің жиегінің жасушалық қабыну инфильтрациясы, қызылиек емізікшелері тіндерінің өліеттенген деструкциясы; *+Тістің айналмалы байламдары бұзылған, периодонт жәнеальвеоланың қабырғасы еріп кеткен, грануляциялық тіндермен ауысқан; * Ісіну, қан тамырлардың айқын кеңеюі, олардың айналасында лейкоциттер, гистоциттер, кейде эритроциттер де жиналған. ! Бала 9 жаста ортодонтиялық аппарат киеді. Аппараттың құрылымының дұрыс болмауы салдарынан оған жанасқан қызылиек аймақтарықабынған, сол аймақтағы тісбайламдары бұзылған. Тістер қозғалмалы, 3 мм дейін тереңдікте пародонт қалталары бар. Нақтам қойыңыз: * Пародонт қабынуының орташа-ауыр ауырлық дәрежесі; * Жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы; * Пародонт қабынуының орташа дәрежесі; *+Пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі; * Пародонтоз. ! 15 жастағы жасөспірім тістерін тазалағанда қызылиегінің қанағыштығына, аузынан жағымсыз иістің шығуына, тіс мойындарының жалаңаштануына шағымданады. Баланың айтуы бойынша бұл симптомдардың мазалағанына 2 жыл болды. Объективті: шырышты қабат қызарған, ісінген, әсіресе 1.6, 1.5, 1.4, 1.3, 1.2, 1.1, 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.5, 2.6 тістердің аймағында. 3,5 мм дейін тереңдікте пародонт қалталары, қызылиек үстілік жән қызылиек астылық тіс шөгінділері, тіс мойындарының жалаңаштануы анықталады. Тістер қозғалмайды. Рентген суретте: сүйек қабығының резорбциясымен бірге тісаралық қалқанның биіктігінің 1/3 дейін төмендеуі. Нақтаманы болжамдаңыз: * Созылмалы пародонт қабынуының ошақты түрі, орташа дәрежесі; * Созылмалы пародонт қабынуының ошақты түрінің жеңіл дәрежесі; * Созылмалы пародонт қабынуының жайылмалы түрі, орташа дәрежесі; *+Созылмалы пародонт қабынуының жайылмалы түрі, жеңіл дәрежесі; * Созылмалы пародонт қабынуының жайылмалы түрінің, ауыр дәрежесі. ! Пародонт қабынуының жеңіл дәрежесінің рентгенологиялық ерекшелігі болып табылады: *+Қалқанның шыңында және бүйір бөліктерінде сүйек қабының болмауы, тіс мойны аймағында периодонт саңылауының кеңеюі, альвеолааралық қалқанның ұзындығының 1/3 дейін резорбциясы; * Альвеола аралық қалқанның сүйек тінінің ұзындығына 2/3 бөлігіне дейін жойылуы; * Альвеола аралық қалқанның ұзындығының 1/3 бөлігінің резорбциясы; * Альвеола аралық қалқанның ұзындығының 1/2 бөлігінің төмендеуі; * Альвеола өсіндісінің сүйек тінінде өзгерістер жоқ. ! Төменде көрсетілген микроорганизмдердің қайсысы пародонт қабынуының агрессивті түрінің дамуына әсер етеді: * Candida albicans, Herpes simplе. Streptococcus sanguis; * Streptococcus mutans, Mycobacterium, Streptococcus lactis; * Fusobacterium nucleatum, Treponema denticole, Bacteroides forsitus; * Streptococcus mitis, Streptococcus cremosus, Lactobacillus acidophilus; *+Actinobarilles actinomycetemcomitans, Porphyromanas gindivalis, Prevotela intermedia. ! Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы пародонтологияда жүйелі антибиотикотерапияға негізгі көрсеткіш бола алмайды? * Айқын интоксикация; * Көптеген абсцесстеу; *+Қызылиек үстілік және қызыл иек астылық тіс шөгінділері; * Пародонт қалталарынан іріңнің шығуы; * Альвеола өсіндісінің сүйек тінінің жылдам дамитын деструкциясы ! Келесі симптомдар пародонттың қай ауруына сәйкес келеді: сүйек және пародонт қалталарының болуымен бірге жүретін пародонт тіндерінің қабынуы,тіс аралық қалқанның біркелкі емес резорбциясытіс түбірінің 2/3бөлігіне дейін, тістердің қозғалғыштығы II-IIIдәрежелі және орнынан ығысқан, айқын жарақаттық артикуляция: * Созылмалы жайылмалы пародонтоздың ауыр дәрежесі; * Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі; * Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орташа дәрежесі; * Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі; *+Жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы. ! Тіс дәрігеріне 14 жастағы бала ас қабылдағанда ауру сезімінің пайда болатынына, аузынан жағымсыз иістің шығатынына шағымданады.Объективті қарап тексергенде: 4.2, 4.1, 3.1, 3.2 тістердің тығыз орналасуы анықталды. Қызылиегінің шырышты қабаттың жиегі бозғылт, ісінген, тістерге тығыз жабыспайды, қызылиек үстілік және қызылиек астылық тіс шөгінділері бар. 4.7, 4.6, 3.6, 3.7 тістер айналасындағы пародонт қалталарының тереңдігі 5-6мм, грануляциялармен толған, 4.7, 4.6, 3.6, 3.7 тістер II-IIIдәрежелі қозғалыста.Нақтаманы қою үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу қажет: * Микробиологиялық; * Иммунологиялық; * Цитологиялық; *+Рентгенологиялық; * Эхоостеометрия. ! Бала 14 жаста. Кеңеске келген. Қарап тексергенде: қызылиектің қызаруы, ісінуі, тістердің қозғалғыштығы анықталды. Пародонт және сүйек қалталарынан грануляциялық тіндер шығып тұр. Рентгенограммада: альвеола өсіндісінің біркелкі емес деструкциясы тістер түбірлеріне дейін жайылған. Нақтама қойыңыз: * Ошақты пародонт қабынуының агрессивті түрі; *+Жайылмалы пародонт қабынуының агрессивті түрі; * Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуінің ауыр дәрежесі; * Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуінің жеңіл дәрежесі; * Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуінің орташа дәрежесі. ! Бала 14 жаста, тістерінің қозғалғыштығына және қызылиегінің қанағыштығына байланысты кеңеске жіберілген. Ауыз қуысында: қызылиегі қызарған және ісінген, тістер қозғалмалы, терең пародонт қалталары бар. Рентгенограммада альвеола аралық қалқанның тістің түбірінің ½-3/4 бөлігіне дейін семуі байқалады Ауыз қуысындағы аталған өзгерістер төменде көрсетілген қандай ауру кезінде НЕҒҰРЛЫМ дамиды: * Жайылмалы пародонт қабынуының орташа ауырлықты дәрежесі; * Жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл ауырлықты дәрежесі; * Жайылмалы пародонт қабынуының ауыр ауырлықты дәрежесі; *+Жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы. * Пародонтоз. ! Балалардың жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуының негізгі клиникалық белгілері: * Қызылиектің қанағыштығы, тістердің қозғалғыштығы, пародонт қалталарынан іріңнің шығуы; * Тістердің қозғалғыштығы, қызылиегінің ауыратыны және қанағыштығы; * Пародонт қалталарының болуы, қызылиектің өзгергіштігі; *+Тістердің қозғалғыштығы, терең пародонт қалталарынан іріңнің шығуы, терең сүйек деструкциясы; * Тістердің мойын бөлігінің жалаңаштануы, жоғары сезімталдық, қызылиектің қабынуы анықталмайды, тістердің қзғалғыштығы жоқ. ! Жалдам дамитын агрессивті пародонт қабынуын төменде көрсетілген аурулардың қайсысымен салыстырмалы нақтама жүргізу қажет: * Созылмалы ошақты пародонт қабынуының өршуі; * Ойық-жаралы - өліеттенген Венсанның қызылиек қабынуы; *+Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесінің өршуі; * Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесінің өршуі; * Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орташа дәрежесінің өршуі. ! Бала 15 жаста. Жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы деген нақтамасы қойылған. Жергілікті емнің жоспарын анықтаңыз: * Белсенді дәрілік терапия, УКС және ГНЛ * Ауыз қуысын сауықтыру, ұтымды тамақтану; * Уақытша шендеу, ауыз қуысының гигиенасы; * Антисептикалық өңдеу, қабынуға қарсы препараттар, ауыз қуысын сауықтыруға кеңес беру, ГНЛ; *+Симптоматикалық ем, пародонт қалтасының ликвидациясы, ауыз қуысын сауықтыруға үйрету, диспансерлік бақылау. ! 10 жастағы баланы қарап тексергенде төменгі күрек тістердің мойын бөлігінің жалаңаштануы анықталды. 4.2, 4.1, 3.1, 3.2 тістердің қызылиек жиегімен өтпелі қатпар арасы 3мм. Осы клиникалық көрініс нені көрсетеді? * Кіреберісі таяз; * Катаральды қызылиек қабынуы; * Прогнатиялық тістем; * Төменгі еріннің үзеңгісінің төмен бекітілуі; *+Атрофиялық қызылиек қабынуы, ауыз қуысының таяз кіреберісі. ! Пародонттың қабыну-деструкциялық ауруларының дамуына әсер ететін жергілікті факторлар: * Эндокриндік аурулар; * Жүйкелі-соматикалық аурулар; * Ағзаның реактивтілігінң төмендеуі; * Асқазан-ішек жолдарының аурулары; *+Ауыз қуысының жүгеншелерінің бекітілу аномалиясы және таяз кіреберіс. ! Пародонттың қабыну-деструкциялық ауруларының дамуына әсер ететін жалпы факторлар: * Қызылиектің механикалық зақымдануы; * Тістер мен жақтардың деформациясы; *+Гиповитаминоз С, В, А; * Тістердің аномалиясы; * Тіс шөгінділері. ! Алдын алудың біріншілік шараларына жатады: * Бақылайтын тазалағыштарды қолданып ауыз қуысын сапалы түрде гигиеналық тазалау; * Пародонт ауруының ауыр түрге немесе кезеңіне өтіп кетуді алдын алу; *+Ауыз қуысын тазалауға дағдыландыру; * Шайнау аппаратының қызметін қалпына келтіру; * Жарақаттық факторларды жою. ! Бала 14 жаста. Тістерін тазалағанда қызылиегінің қанайтынын айтты. Ауыз қуысын қарап тексергенде қызылиектің қабынуы, алдыңғы топ тістердің тығыз орналасқаны анықталды. Қандай кеңес бересіз: *+Ортодонттың кеңесі және емі, қабынуға қарсы тіс пасталарын қолдану, ауыз қуысының гигиенасы ережелерін сақтау. * Калий перманганатының ерітіндісімен ауыз қуысын шайқау; * Ауыз қуысының маманжандырылған гигиенасын жүргізу; * Педиатрдың кеңесі; * Тісжегіні емдеу. ! Эпителийдің жоғары регенеративті әсерін қамтамасыз ететін АҚШҚ қызметін атаңыз: * Сезімталдық; *+Пластикалық; * Сорғыштық; * Қорғаныштық; * Термореттегіштік. ! Беднар афтасы мына жарақатқа жатады: * Құрамалы; * Химиялық; * Физикалық; * Қосарланған; *+Механикалық. ! Дақтар афтаға ауысады: * Жалпақ теміреткіде; * Қарапайым герпесте; * Көп түрлі жалқықты қызармада; * Стивенс-Джонсон синдромында; *+Қайталамалы герпетикалық стоматитте. ! Жасуша аралық байланыстардың еруімен жүретін эпителийдің тікенекті қабаты жасушаларының дегенеративті өзгерістерін атайды: * Акантоз; * Спонгиоз; *+Акантолиз; * Паракератоз; * Папилломатоз. ! Аурудың дамуын анықтау барысында науқасты сұрау кезінде көңіл бөлу керек: *+Бастапқы симптомдар, аурудың ұзақтығы; * Тұқымқуалаушылық; * Бет әлпетін тексеру; * Басынан өткен аурулар; * Қосалқы аурулар. ! Көп түрлі жалқықты қызарманың салыстырмалы нақтамалау үшін қолданылатын әдістер: * Микробиологиялық; * Бактериологиялық; *+Иммунологиялық; * Цитологиялық; * Биохимиялық. ! Бет-әлпетін, теріні тексеру қандай тексеру әдістеріне жатады: *+Негізгі; * Қосымша; * Цитологиялық; * Биохимиялық; * Микроскопиялық. ! Нақтамалау үшін вирусологиялық әдіс қай ауруда қолданылады: * Жедел жалған мембранозды кандидозда; *+Жедел герпетикалық стоматитте; * Көп түрлі жалқықты қызармада; * Жедел атрофиялық кандидозда; * Дәрілік стоматитте. ! Лайелл синдромын нақтамалау үшін қолданады: * Трель симптомы; * Вассерман реакциясы; * Ясиновский сынамасы; *+Никольский симптомы; * Филатов-Коплик симптомы. ! Кебнер симптомы - бұл: * Жас және сілекей бездерінің зақымдануы; *+Жарақат алған жерде біріншілік элементтердің пайда болуы; * Қырып көргенде алынбайтын, үлкен азу тістердің аймағында пайда болған элементтер; * Қырып көргенде оңай алынатын тілдегі зақымдану элементтерінің пайда болуы; * Зақым түспеген аймақтарды қырып көргеннен кейін зақымдану элементтерінің пайда болуы. ! Қандай ауруда сүйек кемігінде, көкбауырда, лимфа тамырларында және басқа тіндер мен ағзаларда «жас» бласт жасушаларының мөлшері көбейеді? * Мерезде; *+Лейкозда; * Кандидозда; * Дәрілік стоматитте; * Көп түрлі жалқықты қызармада. ! Қандай ауруда бластоспоралардың топталған түрлері мен ашытқы псевдомицелийлер анықталады: *+Жедел жалған мембраналы кандидозда; * Қайталамалы герпестік стоматитте; * Жедел герпестік стоматит; * Жарақаттық стоматитте; * Дәрілік стоматитте. ! Қай ойық жара ұзақ баяу ағымымен, созылмалы соматикалық аурулардың болуымен ерекшеленеді? * Қатерлі ісік ойық жарасы; *+Трофикалық ойық жара; * Жарақаттық ойық жара; * Сифилистік ойық жара; * Милиарлы-жаралы туберкулез кезіндегі ойық жара. ! Төменде көрсетілген бактерияның ішінде тісжегінің пайда болуына қайсысы ең себепкер болады? * Candida albicans * Коксаки вирусы * Bacterium fusiformis *+Streptococcus Mutans * Гемолитикалық стрептококк ! Бала 4 жаста. Ата-анасы баласының тәбетінің төмендегеніне, емізікті нашар соратынына, мазасыздығына шағымданып келді. Тері жабындысы бозарған, ауыз қуысының шырышты қабатында, қатты және жұмсақ таңдайдың шекарасында сопақша пішінді екі жақты эрозия бар, сұр қақпен қапталған, ауырады. Төменде аталған диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс? * Стивенс-Джонсон синдром; * Медикаментозды стоматит; * Қайталамалы афталар; *+Беднар афтасы; * Сеттон афтасы. ! Бала 8 жаста. Қарап тексергенде: 3.6 тісті емдеуде, жансыздандыру мақсатымен мандибулярлы жансыздандырудан соң тістеп алғаннан кейін жарақаттық (декубитальды) ойық жара пайда болған. Сіздің емдеу әрекетіңіз? *+Кератопластикалық препараттар; * Кортикостероидты препараттар; * Вирусқа қарсы препараттар; * Жансыздандырғыш заттар; * Антибиотиктерден жақпалар. ! Бала 3 жаста. Қатты және жұмсақ таңдай шекарасында симметриялы ауыратын жаралар анықталды, борпылдақ фибриндік қақпен қапталған. Бұл өзгерістер тамақтандырудың қандай түрінде пайда болуы мүмкін? * Витаминдері мол тамақтарды қосу арқылы; * Сүт қоспаларымен тамақтандырғанда; *+Жасанды; * Табиғи; * Аралас. ! Ауыз қуысының шырышты қабатының күйіктерінде ауызды шайқауда қолданады: * Метилен көгінің ерітіндісін; * Сутегі асқын тотығының ерітіндісін; * Қышқылдардың әлсіз ерітінділерін; *+Сода ерітіндісін; * Йод ерітіндісін. ! Негіздермен күйгенде бейтараптаушы заттар ретінде қолданылады: * 1% натрий гидрокарбонат ерітіндісі; * калий перманганатының әлсіз ерітіндісі; * 0,1% нашатыр спирт ерітіндісі; *+0,5% сірке қышқылының ерітіндісі; * 0,05% хлоргексидин ерітіндісі. ! Қышқылдармен күйгенде бейтараптаушы заттар ретінде қолданылады: *+1% натрий гидрокарбонат ерітіндісі; * 0,5% лимон қышқылының ерітіндісі; * 0,5% сірке қышқылының ерітіндісі; * 0,01% тұз қышқылының ерітіндісі; * 0,05% хлоргексидин ерітіндісі. ! 2 жастағы баланың 5.1, 6.1, 6.2 тістерін күмістегенде қызылиек күміс нитратымен күйді. Сіздің емдеу әрекетіңіз? * метилен көгі ерітіндісімен аппликация; *+ 2% натрий хлориді ерітіндісімен аппликация; * 4% прополис ерітіндісімен аппликация; * Натрий гипосульфатымен аппликация; * Антибиотикпен аппликация. ! 4 айлық бала. Уақытынан ерте туылған, жасанды тамақтанады. Анасы баласының тынымсыз екеннін, тамақтанудан бас тартатынын айтты. Педиатр стоматологтың кеңесі керек екенін айтты. Объективті: қатты және жұмсақ таңдайдың шекарасында борпылдақ фибринозды қақпен жабылған, ауыратын эрозиямен жабылған. Сіздің емдеу тәсіліңіз: * Антигистаминды препараттарды тағайындау; * Вирустарға қарсы препараттарды тағайындау; * Саңырауқұлақтарға қарсы препараттарды тағайындау; *+Жарақаттық факторларды анықтап жою, ауыз қуысындағы ауру сезімін басу, кератопластиктермен аппликация жасау; * Жарақаттық факторларды анықтау және жою, антисептикалық өңдеу, қабынуға қарсы препараттар. ! 3 жастағы бала ыстық тамақ ішіп ауыз қуысының шырышты қабатын күйдіріп алған. Еріннің, тілдің, қатты таңдайдың алдыңғы бөлігіның шырышты қабаты қызарып тұр, ісінген, тиіп кеткенде ауырады, шырышты қабаттың ақшыл түсті үзіліп кеткен аймақтары бар. Сіздің кеңесіңіз. * Антисептикалық өңдеу, қабынуға қарсы заттармен аппликация жасау; * Ауыз қуысының гигиенасы, жансыздандыру; * Жансыздандыру, шөптермен ауызға ванночкалар жасау; * Ферменттермен аппликация, ауыз қуысының гигиенасы; *+Аппликациялық жансыздандыру, антисептикалық өңдеу, кератопластикалық заттармен аппликация. ! Ауруханаға 4 жастағы бала аузындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша жарты сағат бұрын бала асханада сірке қышқылын ішіп қойған. Ауыз қуысының кіреберісінің, ернінің шырышты қабаты қызарған. Төменгі ернінде 0,3х0,4 көлемді өліеттенген тін бар, ұстап көргенде тығыз. Ұрттың, тілдің түбірінің, жұтқыншақтың шырышты қабаты өзгеріссіз. Емді тағайындаңыз: *+Сілті еріндісімен бейтараптау, аппликациялық жансыздандыру, антисептикалық өңдеу, кератопластиктермен аппликация; * Аппликациялық жансыздандыру, антисептикалық өңдеу, кератопластиктермен аппликация; * Антисептикалық өңдеу, қабынуға қарсы заттармен аппликация; * Жансыздандыру, шөптермен аузын шайқау, ауыз қуысының гигиенасы; * Ферменттермен аппликация, ауыз қуысының гигиенасы. ! Бала 8 жаста. Ас қабылдағанда, сөйлегенде ауру сезіміне шағымданады. Объективті: тілдің бетіне жақын көлемі 0,3х0,5 см шеттері тегіс емес ойық жара бар, түбі оңай алынатын фиброзды қақпен жабылған. Ойық жараның айналасындағы шырышты қабық ісінген, қызарған, сипап тексергенде ауырады. 5.4 5.5 тістердің сауыттары бұзылған. Тістердің айналасындағы шырышты қабық ақшыл-қызыл түсті. Нақтама қойыңыз: * Обыр ойық жарасы; * Мерездік ойық жара; * Трофикалық ойық жара; *+Жарақаттық ойық жара; * Миллиарлы-ойық жаралы туберкулез кезіндегі ойық жара. ! 4 жастағы бала төменгі ернінің аймағында ауыз қуысының шырышты қабатын йод тұнбасымен күйдіріп қалған. Объективті: төменгі ернінің аймағындағы ауыз қуысының шырышты қабаты қызарған, шырышты қабаттың созылып тұрғаны анықталды. Емін жүргізіңіз. * Анестетикпен аппликация; * Шөп қайнатпаларымен аппликация; * 2-3 % натрий хлорид ерітіндісімен аппликация; *+1% натрий гидрокарбонат ерітіндісімен аппликация; * 3% аммонийдің көмірқышқыл ерітіндісімен аппликация. ! Қандай ойық жара ауыру сезімімен, жұмсақ, желінген жиектерімен, сары түсті дәнді түбімен ерекшеленеді (Трель дәндері)? * Обыр ойық жарасы; * Мерездік ойық жара; * Жарақаттық ойық жара; * Трофикалық ойық жарасы; *+Миллиарлы-ойық жаралы туберкулез кезіндегі ойық жарасы. ! Қандай ойық жараның түбі тығыз, жиектері тегіс, түбі жылтыр, түсі піспеген ет тәрізді, жылтыр (майлы), ауру сезімі жоқ: * Обыр ойық жарасы; *+Мерездік ойық жара; * Жарақаттық ойық жара; * Трофикалық ойық жарасы; * Миллиарлы-ояық жаралы туберкулез кезіндегі ойық жарасы. ! Қандай ойық жара тығыз мүйізгектенетін жиектерімен, түсті орамжапыраққа ұқсас патологиялық тіндердің өсіп кетуімен ерекшеленеді. Түбі тығыз: *+Обыр ойық жарасы; * Трофикалық ойық жарасы; * Жарақаттық ойық жара; * Мерездік ойық жара; * Миллиарлы-ояық жаралы туберкулез кезіндегі ойық жарасы ! Қандай ауру кезінде қатты және жұмсақ таңдайдың шырышты қабатында энантемалар пайда болады, кіші азу тістерінің аймағындағы ұртының шырышты қабатында көлемі 1 мм дейін ұсақ ақ түстідақтар пайда болған, инфильтрацияланған шырышты қабаттан көтеріңкі орналасқан, жұқа сызықпен қоршалған: * Жедел герпетикалық стоматит; * Инфекциялық мононуклеоз; * Скарлатина; * Дифтерия; *+Қызылша. ! Қандай ауруға бадамша бездердің, аңқаның, таңдай доғаларының, мұрынның, жұтқыншақтың, мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабаты ісінуі, қызаруы тән? Сұр түсті қақ қиын алынады, алынған кезде астында жаралы беті ашылады. Жақастылық лимфа түйіндерінің лимфадениті: * Инфекциялық мононуклеоз; * Скарлатин; *+Дифтерия; * Қызылша. * Баспа; ! Қандай аурудың ауыр ағымы кезінде іріңді отиттің, самай-төменгі жақ буынының артриті дамиды: * Инфекциялық мононуклеоз; *+Скарлатина; * Желшешек; * Дифтерия; * Қызылша. ! Бала 8 жаста. Дәрігер-стоматолог жедел лейкозға тән ауыз қуысының шырышты қабатындағы өзгерістерді анықтады. Төменде көрсетілген аурулардың қайсысымен салыстырмалы нақтаманы жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді? * Дәрілік стоматит, Лайелл синдромы; * Көп түрлі жалқықты қызарма, Бехчет синдромы; * Жедел герпетикалық стоматит, қызылиектің өсе қабынуы; * Қайталамалы герпетикалық стоматит, Стивенс-Джонсон синдромы; *+Ойық жаралы-өліеттенген Венсан стоматиті, қызылиектің өсе қабынуы. ! 4 жастағы балада дене температурасы 380-390С дейін жоғарылағаны анықталды. Ауырғанының бірінші күнінен бастап мойын лимфа түйіндерінің ұлғайғаны, ауыратыны, тығыз болғаны анықталды. Беті домбыққан, қабақтары ісінген, мұрынмен тыныс алуы қиындаған. Аңқасы қызарған, көкшілденген. Таңдай және тіл бадамша бездері ісінген, тығыз, сары түсті төмпешікті қақпен жабылған, оңай алынады. Қызылиектің катаральды қабынуы. Теріге геморрагиялық бөртпелер шыққан. Бүйрек пен өті ұлғайған. Нақтама қойыңыз: * Қызылша; * Дифтерия; * Скаралтина; *+Инфекциялық мононуклеоз; * Жедел герпетикалық стоматит. ! 3 жастағы бала, гематологтың кеңесіне жіберілген, жедел лейкоз деген нақтама қорытындыланды. Осы аурудың белгілерін атаңыз: * Афталар, бет терісіндегі бөртпелер; * Қатты таңдайдағы энантемелар, Филатов-Коплик дақтары; * Қатты және жұмсақ таңдайдың шекарасындағы энантемалар; *+Ауыз қуысының шырышты қабатының геморрагиясы, қызылиектің гиперплазиясы, ойық жаралы-өліеттенген үрдістерге бейімділік; * Бадамша бездердің, тілшіктің шырышты қабатының некрозы, мойын түйіндерінің лимфадениті ! 5 жастағы балаға дифтерия деген болжам нақтама қойылды. Қорытынды нақтаманы қою үшін қандай зерттеуді міндетті түрде жүргізу керек: *+Бактериологиялық; * Рентгенологиялық; * Иммунологиялық; * Копрологиялық; * Аллергиялық. ! Бала 5 жаста. Кеңеске келген. Қарап тексергенде жұмсақ таңдайының ортасында ұсақ бөртпелері бар, аңқасы шырышты қабатының айқын қызарып тұрғаны анықталды. Катаральды қызылиек қабынуы. Тілі тегіс, жылтыр, эпителидің десквамациясы айқын. Нақтама қойылды: * Сүттеме; * Қызылша; * Дифтерия; * Желшешек; *+Скарлатина. ! Дифтерияны қандай аурулармен салыстыру керек? *+Баспа, қан аурулары, инфекциялық мононуклеоз, ЖГС, скарлатина; * Жедел жалған мембраналық кандидоз, инфекциялық мононуклеоз; * Баспа, жедел жалған мембраналық кандидоз, қан ауруы; * Жедел жалған мембраналық кандидоз, скарлатина; * Көпіршік, ЖГС, дәрілік стоматит. ! Бала 3 жаста. Тамағындағы ауру сезіміне, аузынан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Ауыз қуысында: бадамша бездері, таңдай доғалары ісінген, қызарған, үлкен жаралы бетте фиброзды қақпен аймақтары, қақ шіріп сарғайған массадан құралады. Бактериологиялық зерттеу кезінде Лефлер таяқшалары анықталды. Нақтама қойыңыз: * Ойық жаралы-өліеттенген Венсан стоматиті; * Инфекциялық мононуклеоз; * Жедел лейкоз; * Герпангина; *+Дифтерия. ! Бала 7 жаста. Қарап тексергенде: қатты және жұмсақ таңдайдың шырышты қабатында қызыл түсті дақтар, пішіні дұрыс емес - энантемалар, ұртында жіңішке ашық-қызыл түсті сызықпен шектелген, тампонмен алынбайтын – Филатов–Коплик дақтары анықталды. Төменге көрсетілген нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді? * Жедел жалған мембраналық кандидоз, орташа дәрежелі ауырлықта; * Жедел герпетикалық стоматит; * Сәулелік зақымданулар; * Скарлатина; *+Қызылша. ! Ақшыл түсті, ауырмайтын, негізде тығыз инфильтраты бар,шырышты қабаттан көтеріңкі орналасқан,диаметрі 1 см папула қай ауруға тән: *+Мерез; * Лейкоплакия; * Кандидомикоз; * Көп түрлі жалқықты қызарма; * Ауыз қуысының қайталамалы афтасы. ! Балалардың ЖҚТБ зақымдалуы: * Тамшылы; * Тұрмыстық; *+Жатырішілік; * Ауалы-тамшылы; * Жанаспалы, тамшылы. ! АИВ-инфицирленген анасынан баласының зақымдануы қай жағдайда болады: * ЖРВА, гриппен анасының ауырған кезінде; * Жасанды тамақтандырғанда (ыдыс-аяқ арқылы); * Балаға қарау мен тұрмыстық қатынасты жүргізген кезде; *+Құрсақ ішілік кезеңде, босану кезінде, емшекпен тамақтандырғанда; * Анасының антибиотиктер, сульфаниламидтер препараттарын қабылдаған кезде. ! Жедел герпетикалық стоматиттің катаральды кезеңінде қандай препарат тағайындайсыз: *+Кератопластиктер; * Вирусқа қарсы препараттар; * Антисептикалық препараттар; * Протеолитикалық препараттар; * Саңырауқұлаққа қарсы препараттар. ! Бала 3 жаста. Жедел герпетикалық стоматит нақтамасы қойылған. Салыстырмалы нақтама жүргізіңіз: *+Көптүрлі жалқықты эритема, герпетикалықбаспа, дифтерия; * Ауыз қуысы шырышты қабатының жарақаты; * Десквамативті глоссит; * Эксфолиативті хейлит; * Беднар афталары. ! Жедел герпетикалық стоматиттің жеңіл түрінде қандай дәрілік препараттар қолданылады? * Тетрациклин тізбегіндегі антибиотиктер; * Саңырауқұлаққа қарсы препараттар; *+Вирусқа қарсы препараттар; * Жансыздандырғыш заттар; * Кератопластиктер. ! ЖГС кезінде, төменде келтірілген дәрілердің қайсысы қолданылады? * Низорал, риодоксал, диазолин, декарис; * Диазолин, тавегил, дипразин, фенкарол; * Зовиракс, госсипол, миконаз, супрастин; *+Бонафтон, теброфен, флоренал, ацикловир; * Қызылмай, ретинол, солкосерил, метилурацил. ! Бала 1,5 жаста, ауырғанына 4 күн болған, дене қызуы 38,50С ден 400С дейін ауытқуда, ас қабылдамайды, ұйқысы жоқ. Бет терісінде, көптеген көпіршікті секпелер бар(көпіршіктер, жұқа жаралар). Ауыз қуысы шырышты қабатында көптеген біріккен жұқа жаралар, тіс сауыты, ісінген қызылиектен көрінбей қалған. Лимфаденит және жақасты, мойын түйіндері ұлғайған.Салыстырмалы нақтама жүргізініз: *+Медикаментозды стоматит; * Инфекционды монокуклеоз; * Қызамық кезіндегі стоматит; * Дифтерия кезіндегі стоматит; * Скарлатина кезіндегі стоматит. ! Бала ЖГС жайлы 1 апта емделген, сізге қабылдауға келді. Мамасында шағымы жоқ. Анықталды: жалпы жағдайы қанағаттандырлық. Шырышты қабатында, бірегейлік жұқа жаралар, қақтар жоқ, гиперемия жоқ, пальпацияда ауру сезімі жоқ. Тіс аймағында катаральды гингивит көрінісі бар. Ем тағайынданыз: *+Кератопластиктер; * Саңырауқұлаққа қарсы ем; * Вирусқа қарсы препараттар; * Жалпы әлдендіруші препараттар; * Десенсибилизациялаушы препараттар. ! Қабылдау бөлмесіне 8 айлық баласы бар ана келді, ол баласының қызуының 400С жоғарлауына, тамақтан бас тартуына, лоқсу, құсу болатынына шағымданды. 2 күн бойы ауырып жүр. Мед. көмекке жүгінбеген. Ауыз қуысында жаралы-өліеттенген гингивостоматит, терісінде, ауыз айналасында көлемді жаралар, көпіршікті бөртпелер. Жақасты және мойын лимфа түйіндерінің лимфадениті. Нақтама қойыңыз: * Ауыр деңгейдегі жедел псевдомембранозды кандидоз; * Орташа ауырлықтағы медикаментозды стоматит; *+Ауыр түріндегі жедел герпестік стоматит; * Көптүрлі жалқықты қызарма; * Герпетикалық ангина. ! Бала 2 жаста. Ас қабылдағанда пайда болатын ауру сезіміне шағымданды. Бала боз, тынымсыз, дене қызуы 38,50С. Қарап тексеру барысында, еріннің шырышты қабатында, тілде гиперемия және көптеген жұқа жаралар байқалады, жедел катаральды гингивит көрінісі. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауру сезімі бар. Нақтама қойыңыз: * Жарақаттық стоматит; * Медикаментозды стоматит; *+Жедел герпестік стоматит; * Созылмалы механикалықжарақат; * Жедел псевдомембранозды кандидоз. ! 3 жастағы бала бронхитпен ауырған, ауруханадан шыққаннан кейін 1 апта өткен соң дене қызуы 380С көтерілген. Бала мазасыз, астан бас тартады, педиатр ЖРА диагнозын қойған және ем тағайындалған. 3-күні еріннің қызыл жиегінде, беттің терісінде көпіршікті бөртпелер пайда болған. Ауыз қуысында, жедел катаральды гингивиттің көрінісі және еріннің, тілдің шырышты қабатында бөлек орналасқан жаралар және жақасты лимфадениті бар. Сіздің болжам нақтамаңыз және аурудың болжам ауырлық дәрежесі: * Орташа ауырлықтағы қызамық; * Ауыр түрдегі жедел псевдомембранозды кандидоз; * Жеңіл деңгейлі ауырлықтағы медикаментозды стоматит; * Орташа дәрежелі көптүрлі жалқықты эритема. *+Орташа дәрежелі жедел герпестік стоматит; ! Балаға 1 жас 8 ай, 3-4 күндей ауырып жүр. Педиатрдың тағайындамалары нәтижесіз. Анасының айтуы бойынша, дене қызуы 380С дейін жоғарлаған, әлсіз, астан бас тартады, ұйқысы нашар. Қарап-тексергенде: ерін айналасындағы теріде майда көпіршіктер, кейбіреулері іріңді бөлінулермен, еріннің қызыл жиегінде қанды қабыршақтармен жабылған жаралар, ұрт аймағының шырышты қабатында көлемді жаралар,тілінің ұшында бөлек орналасқан дөңгелек пішінді жаралар. Нақтама қойыңыз: * Желшешек; * Қайталамалы афталар; * Орта деңгей ауырлықтағы медикаментозды стоматит; * Орта дәрежелі көптүрлі жалқықты қызарма; *+Орта дәрежелі жедел герпестік стоматит. ! Балаға 1 жас 5 ай. Анасының айтуы бойынша, 2-ші күн ауырып жүр. Тәбеті жоқ, ұйқысы нашар. Бала боз, әлсіз, мазасыз. Дене қызуы 38,30С. Объективті: еріннің қызыл жиегінде және бет терісінде көпіршікті бөртпелер. Ұрт шырышты қабатында, тілде, таңдайда көптеген жұқа жаралар байқалады, жедел катаральды гингивиттің көрінісі. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауру сезімі бар. Жергілікті ем тағайындаңыз: *+Жансыздандыру, ауыз қуысын антисептикалық өңдеу, вирусқа қарсы препараттар; * Жансыздандыру, антисептикалық өңдеу, кератопластиктер; * Жансыздандыру, ауыз қуысын антисептикалық өңдеу; * Антисептикалық өңдеу, вирусқа қарсы препараттар; * Кортикостероидты препараттар. ! Балабақшада үш бала жедел герпетикалық стоматитпен ауырып қалған. Екі топта, еріннің қайталамалы ұшығы бар тәрбиешілер анықталды.Тәрбиешілермен және ЖГС ауырған балалармен бірге болған басқа балаларға қандай алдын-алу шараларын қолдануға болады? *+Ауыз қуысының шырышты қабатын және мұрынның шырышты қабатын интерферон жақпасымен өңдеу; * Мұрынның шырышты қабатын, ауыз қуысын синафланмен өңдеу; * Ауыз қуысының шырышты қабатын және мұрынның шырышты қабатын күніне 2 реттен кем емес, фурациллиннің жақпасымен 0,25-0,5% 3 күн өңдеу; * Ауыз қуысына күніне 2 рет дексаметазон майын жағу; * Ауыз қуысына күніне 2 рет нистатин майын жағу; ! Жедел герпестік стоматит ауырлығының қандай дәрежесінде баланы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу керек? *+Ауыр дәрежеде, катаральды кезең; * Жеңіл дәрежеде, катаральды кезең; * Ауыр дәрежеде, продромальды кезең; * Ауыр дәрежеде, аурудың басылуының кезеңі; * Орташа ауырлық дәрежесінде катаральды кезең. ! ЖГС жергілікті емін, балалар стоматологы қай жерде емдейді: * Балалар стоматологиялық емханасы; * Мектептің стоматологиялық кабинеті; * Стоматологиялық емхананың балалар бөлімінде; * Балалар емханасының стоматологиялық кабинетінде; *+Стоматологиялық кабинет немесе балалар жұқпалы аурулар ауруханасының палатасында. ! Созылмалы герпетикалық стоматиттің бөртпелеркезеңінде балаға қандай препараттарды тағайындау қажет? * Антисептикалық, ісінуге қарсы; * Антисептикалық, қабынуға қарсы; * Ауру сезімін басатын, саңырауқұлаққа қарсы; *+Ауру сезімін басатын, антисептикалық, вирусқа қарсы; * Ауру сезімін басатын, антисептикалық, антигистаминді. ! Бала 6 жаста. Ас қабылғанда сөйлегенде күю, ауру сезіміне шағымданды. Бала мазасыз. Қарап тексергенде, еріннің қызылжегісінде, бет терісінде, мұрын қанатшаларында, таңдайдың алдыңғы бөлімінде, тілдің ұшында, жыныс ағзаларында, көздің шырышты қабатында афтозды элементтердің бірегейлі бөртпелері анықталды. Нақтама қойыныз: * Бехчет синдромы; * Көптүрлі жалқықты қызарма; * Стивенс-Джонсон синдромы; *+Қайталамалы герпестік стоматит; * Ауыз қуысының қайталамалы афталары. ! Қай аурға тән: таңдай және еріннің шырышты қабатында көлемі 1-2мм зақымдаушы элемент бар. Қызыарғын зақымдану ошағында көпіршіктер көп мөлшерде пайда болып, бір-бірімен қосылып эрозияны қурайды. Ауыз қуысы шырышты қабатының қосарланған зақымданулары болып, басқа ағзаларда өзгерістер байқалады. Диагнозын қойыңыз: * Жарақатты жара; * Бехчет синдромы; * Көптүрлі жалқықты эритема; * Жедел герпетикалық стоматит; *+Рецидивті герпетикалық стоматит. ! Протеолитикалық ферменттер ретінде қандай дәрі-дәрмектер тағайындалады? * Нистатин, клотримазол, канестен, леворин; * Преднизолон, кортизон, синафлан, лоринден; *+Лизоцим, химотрипсин, трипсин, панкреатин; * Солкосерил, метилурацил, каротолин, ретинол; * Оксолинжақпасы, интерферон, зовиракс, госсипол. ! ҚГС кезінде, иммуностимулдейтын препараттарды таңдау неге байланысты? *+Рецидивтің пайда болу уақыты және жиілігі, клиникалық ағымның ауырлығы; * АҚШҚ зақымдануларының таралуы, аурудың түрі; * Баланың жасы, клиникалық ағымның ауырлығы; * Ауру түрі, жалпы белгілердің көріну деңгейі; * Аурудың даму кезеңі, баланың жасы. ! Балалардағы ҚГС-тің пайда болу себебі: * Спецификалық инфекция; *+Иммунды жүйенің төмендеуі; * АҚШҚ-ның созылмалы жарақаты; * Дәрілік препараттарды ұзақ уақыт қолдану; * Медикаментозды препараттарды көтере алмау. ! Қай ауруға тән белгілер: жұмсақ таңдайда, алдыңғы доғаларында, бадамшада, жұтқыншақтың артқы қабырғасында серозды және геморрагиялық сұйықтыққа толы,топтастырылған және жалғыз везикулалар пайда болады. Везикула жарылып, жараға айналады, кейін олар баяу эпителизацияланады. * Күл (дифтерия); *+Герпетикалық баспа; * Жедел герпетикалық стоматит; * Қайталамалы герпетикалық стоматит; * Жедел псевдомембранозды кандидоз. ! Қай ауруға тән белгілер: түсті орамжапыраққа ұқсас көптеген папилломатозды өсінділер немесе жекелеп орналасқанжалпақ негіздегі жазықөсінділер, кейде жіңішке аяқшада. Орналасуы әр түрлі: ауыз қуысының шырышты қабатында, көмекекйде, гениталийде, көз конъюнктивасында, теріде: *+Вирусты сүйел; * Жара жарақаты; * Қайталамалы афталар; * Сифилистік папула; * Жалпақ қызыл теміреткі. ! Балалардағы және жасөспірімдердегі ауыз қуысының шырышты қабатының зақымдануының вирусты түріне жататыны: * Беднар афтасы; *+Герпетикалық ангина; * Көптүрлі жалқықты эритема; * Жедел псевдомембранозды кандидоз; * Жаралы-өліеттенген Венсан стоматиті. ! Бала 10 жаста. Профилактикалық тексеру кезінде тілдің алдыңғы бөлігінің бүйір бетінде шектелген. Майда дәнді домалақ түзілістер. Осындай түзелдер қолында да анықталған. Диагноз қойыңыз: *+Вирусты сүйел; * Рецидивті афталар; * Жарақаттық стоматит; * Жедел герпетикалық стоматит; * Рецидивті герпетикалық стоматит. ! Бала 5 жаста. Тамақтанғанда, сөйлегенде ауру сезімнің пайда болуына және ашуына, ауыз қуысының құрғақтығына шағымданып келді. Ауыз қуысының шырышты қабығы қызарған, қанық қызыл түсті, құрғақ. Тілдің шырышты қабығы атрофияланған, емізікшелері тегістелген, түсі қанық қызыл түсті. Нақтама қойыңыз: * Жедел псевдомембранозды кандидоз; * Қайталанатын герпесті стоматит; * Жедел герпестік стоматит; *+Жедел атрофиялық кандидоз; * Медикоментозды стоматит; ! Бала 10 жаста. Тәбетінің төмендеуіне ұйқысының бұзылуына шағымданып келді. 3 күн бұрын ауырған. Науқас педиаторда пневмониямен емделіп жатқан, антибиотиктер қолданған. Ауыз қуысы шырышты қабығы қызарған, дондыққан, тіл емізікшелері тегістелген, бетінде ақ ірімшік тәрізді қақ анықталды. Ұрттың, еріннің, қатты және жұмсақ таңдайдың шырышты қабаттарында ақ түсті қақ бар. Алынған қақтың астында жаралар анықталады. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Нақтама қойыңыз: * Жедел атрофиялық кандидоз; * Жедел герпестік стоматит; * Қайталанатын герпесті стоматит; *+Жедел псевдомембранозды кандидоз; * Созылмалы гиперпластикалық кандидоз. ! Бала 7 айлық. Анасы баласының 4 күн бұрын масасызданып тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Бала педиатрда бронхопневмания себебімен емделген, антибиотикпен емделу курсын өткен. Объективті: Ауыз қуысының шырышты қабығы қызарған, ісінген, емізікшелері тегістелген, ұрттың, еріннің шырышты қабығында ақ түсті қақ бар. Қақ кейбір аймақта оңай кейбір аймақта қиындықпен алынады. Төменгі жақ лимфа түйіндері ұлғайған. Нақтама қойыңыз: *+Жедел псевдомембранозды кандидоз; * Созылмалы атрофиялық кандидоз; * Қайталанатын герпесті стоматит; * Жедел герпетикалық стоматит; * Жедел атрофиялық кандидоз. ! 2 айлық баладан жедел псевдомембранозды кандидоз нақтамаланды, Емін тағайындаңыз: * Преднизолон, синафлан; * Қызылмай, солкосерил; *+Дифлюкан, миконазол; * Зовиракс, ацикловир; * Декарис, тималин. ! 2 жастағы бала жедел іріңді отит себебімен статционарда емдеуде жатыр. Антибиотикпен емделу курсын өткен. Қарап тексергенде: ұрттың, еріннің, таңдайдың шырышты қабаттарында ақ ірімшік тәрізді қақ анықталды, қақ жартылай алынбайды, жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Нақтама қойыңыз: *+Жедел псевдомембранозды кандидоз; * Қайталанатын герпестік стоматит; * Жедел герпетикалық стоматит; * Жедел атрофиялық кандидоз; * Сифилитикалық папулалар. ! Бала 7 жаста. Ас қабылдағанда ауру сезіміне, ауыз қуысы ысып күюіне, құрғақтығына шағымданады. Пневмония себебімен антибиотикпен емдеу курсынан өткен. Қарап тексергенде: ауыз қуысы шырышты қабығы қызарған, тілі қанық қызыл түсті, емізікшелері тегістелген, тілдің беті тегіс, ауыз қуысы шырышты қабығы және тілде қақ жоқ. Нақтама қойыңыз: * Жедел псевдомембранозды кандидоз; *+Жедел атрофиялық кандидоз; * Скарлатина; * Дифтерия; * Қызылша. ! 11 жастағы балаға созылмалы кандидоз диагнозы қойылған. Балада қант диабеті бар. Емдеу тактикаңыз: *+Саңырауқұлаққа қарсы терапия * Антисептикалық өңдеу * Жалпы нығайтқыш ем * Симптоматикалық ем * Витаминотерапия ! Бала 10 жаста. Ауыз қуысындағы құрғақтыққа, ауыз бұрышы аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Еріндері құрғақ. Ауыз бұрышы аймағында ылғалды ақ қабыршақпен қапталған эрозиялар бар. Эрозия жиектері білік тәрізді көтеріліп тұр. Ауыз қусында: АҚШҚ айқын қызыл түсті, гиперемияланған, ісінген, қақтар оңай алынады. Тілі тегіс, жіп тәрізді бүртіктер атрофия |