бап. Бітімгерлік комиссиясы 293-бап. Еңбек арбитражы 294-бап. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау 295-бап. Тараптардың ұжымдық еңбек дауы бойынша келісімге қол жеткізуінің салдарлары 296-бап. Ұжымдық еңбек дауының шешілуімен байланысты кепілдіктер 297-бап. Тараптардың және бітімгерлік органдарының ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі міндеттері 298-бап. Ереуіл өткізу құқығы 299-бап. Ереуілдің басталуы туралы жариялау 300-бап. Ереуілді басқаратын органның өкілеттіктері 301-бап. Ұжымдық еңбек дауы тараптарының ереуіл барысындағы міндеттері 302-бап. Қызметкерлерге ереуіл өткізуге байланысты берілетін кепілдіктер 303-бап. Заңсыз ереуілдер 304-бап. Ереуілдерді заңсыз деп танудың салдары 305-бап. Локаутқа тыйым салу 5-Бөлім. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 33-тарау. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару 306-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары 307-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау 308-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар 309-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторинг пен тәуекелдерді бағалау 34-тарау. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері 310-бап. Еңбек шартын жасасу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктер 311-бап. Еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктер 312-бап. Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру 313-бап. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексеру 35-тарау. Қызметкерлердің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері 314-бап. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтары 315-бап. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері 316-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары 317-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері 318-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 36-тарау. Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру 319-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау 320-бап. Өндірістік объектілер мен өндіріс құралдарын жобалау, салу және пайдалану кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар 320-1-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау 321-бап. Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары 37-тарау. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеру мен есепке алу 322-бап. Тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу 323-бап. Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері 324-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі 325-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері 326-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу 327-бап. Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау 6-Бөлім. Қазақстан республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау 38-тарау. Мемлекеттік бақылау 328-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау 328-1-бап. Бақылау субъектісіне бару 328-2-бап. Ведомстволық есепке алу 329-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің принциптері мен негізгі міндеттері 330-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтары 331-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының міндеттері 332-бап. Жұмыс берушінің мемлекеттік еңбек инспекторы бақылау жүргізген кездегі құқықтары мен міндеттері 333-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері 334-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру, олардың түрлері, нысандары мен мерзімдері 335-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі 336-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясының басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуы 337-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігі 39-тарау. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау 338-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау 339-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру тетігі 339-1-бап. Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) 40-тарау. Қазақстан республикасы еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау 340-бап. Ұйымда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау 341-бап. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың құқықтары ЖАЛПЫ БӨЛІМ 1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) азаматтық қызмет - азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі; 2) азаматтық қызметші - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақылы штаттық лауазымда істейтін және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру және мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам; 3) айлық жалақының ең төменгі мөлшері - біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі емес) еңбек қызметкері осы Кодексте белгіленген қалыпты жағдайда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған кезде бір айда оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төменгі мөлшері; 4) арнаулы киім - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, өзге де нәрселер; 2012.17.02. № 566-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) ауыр жұмыстар - қызметкердің ауыр заттарды (он килограмм және одан жоғары) қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуына, орнын ауыстыруына және тасымалдауына байланысты әрі көп күш-қуатты талап ететін (250 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын) қызмет түрлері; 6) ауысымдық жұмыс - тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс; 7) әлеуметтік әріптестік - қызметкерлер қызметкерлердің өкілдері, жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі; 8) бас, салалық (тарифтік), өңірлік келісім (бұдан әрі - келісім) - әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын, келісімнің мазмұнын және республикалық, салалық және өңірлік деңгейлерде қызметкерлер үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі тараптардың міндеттемелерін айқындайтын құқықтық акт; 9) бос тұрып қалу - экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы; 10) біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі; 11) бітімгерлік комиссиясы - ұжымдық еңбек дауын тараптарды бітімге келтіру жолымен реттеу үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлер (олардың өкілдері) арасындағы келісім бойынша құрылатын орган; 12) 2014.27.06. № 212-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 13) делдал - еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызмет көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға; 2012.17.02. № 566-ІV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 14) демалыс - жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгіленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкердің жыл сайынғы тынығуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату; 15) еңбек - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі; 16) еңбекке ақы төлеу - осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек шартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі; 17) еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарты (ЕАТС) - ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкердің айлық жалақысының сақталуына кепілдік берілген ең төменгі мөлшері, бұған жұмыс процесінде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын қызметкердің өмірлік күші мен қуатын қалпына келтіруге қажетті азық-түлік өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ең төменгі жиынтығы кіреді; 18) еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені; 19) еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер; 20) еңбек делдалдығы - халықты жұмысқа орналастыруда жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттігі көрсететін жәрдем; 21) еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 23) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі; 24) еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар; 25) еңбек қатынастарына тікелей байланысты қатынастар - осы Кодексте көзделген жағдайларда еңбекті ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға, кәсіптік даярлауға, қызметкерлерді қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтік әріптестікке, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгілеуге қызметкерлердің (қызметкерлер өкілдерінің) қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын қатынастар; 26) еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі; 27) еңбек қауіпсіздігі жағдайлары - қызметкер еңбек міндеттерін орындаған кезде еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі; 28) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі - өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау мен болжау; 29) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер - эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар; 30) еңбек міндеттері - қызметкер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта келісілген міндеттемелері; 2012.17.02. № 566-ІV ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 31) еңбек стажы - қызметкер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек стажына қосылатын өзге де кезеңдер; 32) еңбек тәртібі - жұмыс беруші мен қызметкерлердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы; 33) еңбек тәртіптемесі - қызметкерлер мен жұмыс берушінің еңбекті ұйымдастыру жөніндегі қатынастарын реттеу тәртібі; 34) еңбек төрелік соты - бітімгерлік комиссиясында келісімге қол жетпеген кезде еңбек дауын шешу үшін ұжымдық еңбек дауының тараптары уәкілетті адамдарды тарта отырып құратын, уақытша жұмыс істейтін орган; 35) еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі; 36) еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкілі; 37) еңбекті нормалау - нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында қызметкерлердің жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек (уақыт) шығындарын айқындау және осының негізінде еңбек нормаларын белгілеу; 38) еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жасаған еңбек жағдайлары; 39) еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді; 40) ереуіл - жұмыс берушімен ұжымдық еңбек дауында өздерінің әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік талаптарын қанағаттандыру мақсатында жұмысты толық немесе ішінара тоқтату; 41) жалақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер; 42) жеке қорғану заттары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, соның ішінде арнайы киім; 43) жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға; 44) жұмыс берушілердің өкілдері - құрылтай құжаттары немесе сенімхат негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге уәкілетті жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 45) жұмыс берушінің актілері - жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ережелер, еңбек тәртіптемесінің ережелері; 46) жұмысқа орналастыру - халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесуге арналған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені; 47) жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны; 48) жұмысты тарифтеу - орындалатын жұмыстарды Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгілі бір күрделілікке жатқызу; 49) жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері; 50) жұмыс уақытының жиынтық есебі - жұмыс беруші белгілеген, бір жылдан асыруға болмайтын есептік кезеңдегі жұмыс уақытын жинақтау жолымен есептелген жұмыс уақытының есебі; 51) зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары; 52) зиянды өндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор; 53) кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру; 54) кепілдіктер - қызметкерлерге әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында берілген құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көмектесетін құралдар, тәсілдер мен жағдайлар; 55) қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер; 56) қауіпті еңбек жағдайлары - еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсері қызметкердің жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсіптік ауруға шалдығуы не өлімі туындайтын еңбек жағдайлары; 57) қауіпті өндірістік фактор - қызметкерге әсер етуі еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор; 58) қоса атқарылатын жұмыс - қызметкердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы; 59) қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға; 2012.17.02. № 566-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.27.06. № 212-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 60) тармақша жаңа редакцияда 60) қызметкерлердiң өкiлдерi - кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары, ал олар болмаған кезде қызметкерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) қызметкерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік даусымен онда қызметкерлер сайлаған және уәкiлеттiк берген сайланбалы өкiлдер; 2012.17.02. № 566-ІV ҚР Заңымен 60-1) тармақшамен толықтырылды 60-1) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар - білікті кадрлары бар және өзінің құрамында өндірістік орта мен еңбек жағдайларының факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы бар немесе осындай зертханалары бар ұйымдармен шарттары бар өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 61) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері; 62) негізгі жалақы - жалақының тарифтік ставка, лауазымдық айлықақы, кесімді бағалау бойынша төлемді қамтитын, салыстырмалы түрде тұрақты бөлігі және еңбек заңнамасында, салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер; 63) өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі; 64) өндірістік жабдық - машиналар, тетіктер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар; 65) өндірістік жарақат - қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттілігін жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы; 66) өндірістік қажеттілік - дүлей апатты, аварияны болғызбау немесе жою немесе олардың зардаптарын дереу жою мақсатында, жазатайым оқиғаларды, бос тұрып қалуды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау үшін және басқа да ерекше жағдайларда, сондай-ақ жоқ қызметкерді алмастыру үшін жұмыстар орындау; 2012.17.02. № 566-ІV ҚР Заңымен 67) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 67) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндірістік объектілерді (өндірістік қызметті жүзеге асыратын цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын, сондай-ақ жұмыс берушілердің бөлек тұрған өзге де бөлімшелерін) оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет; 68) өндірістік санитария - зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі; 69) өтемақы төлемдері - жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айрылуына, қызметкерлердің еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты шеккен шығындарын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер; 2014.27.06. № 212-V ҚР Заңымен 69-1) тармақшамен толықтырылды 69-1) разрядаралық коэффициент - сабақтас тарифтік-біліктілік разрядтардың тарифтік мөлшерлемелері арасындағы арақатынас; 70) тарифтік жүйе - еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір түрі, онда қызметкерлердің жалақысы тарифтік ставкалар (айлықақылар) және тарифтік кестелер негізінде сараланып айқындалады; 71) тарифтік кесте - орындалатын жұмыстардың күрделілік және қызметкерлердің біліктілік белгісі бойынша саралауды көздейтін тарифтік разрядтар мен тарифтік коэффициенттердің жиынтығы; 72) тарифтік разряд - жұмыстың күрделілік деңгейі және осы жұмысты орындау үшін қажетті біліктілік деңгейінің көрсеткіші; 73) тарифтік ставка (айлықақы) - қызметкердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің белгіленген мөлшері; 2014.27.06. № 212-V ҚР Заңымен 73-1) тармақшамен толықтырылды 73-1) татуластыру рәсiмдері - ұжымдық еңбек дауын алғашында татуластыру комиссиясында, ал онда келiсiмге қол жеткізілмеген кезде - еңбек төрелігінде, сондай-ақ медиация рәсімін қолдана отырып, тараптардың өзара келісуі бойынша реттілікпен қарау; 74) тәртіптік жаза - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс берушінің қызметкерге қолданатын тәртіптік әсер ету шарасы; 75) тәртіптік теріс қылық - қызметкердің еңбек тәртібін бұзуы, сондай-ақ еңбек міндеттерін құқыққа қайшы келетіндей кінәмен орындамауы немесе тиісінше орындамауы; 76) тынығу уақыты - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты; 77) ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамды зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар; 2012.17.02. № 566-ІV ҚР Заңымен 78) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 78) ұжымдық шарт - әзірлеу мен жасасу тәртібі осы Кодекстің 282-бабында белгіленген, ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, қызметкерлердің уәкілеттік берілген өкілдері арқылы олардың ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт; 79) үстеме жұмыс - қызметкер жұмыс берушінің бастамасы бойынша орындайтын, жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс жұмыс; 80) хабарлама - қызметкердің немесе жұмыс берушінің жазбаша өтініші не өзге тәсілмен (курьерлік почта, почта байланысы, факсимильді байланыс және электрондық почта арқылы) берілген өтініштер; 81) іссапар - жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу. 2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының басқа да арнаулы ұғымдары мен терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағыналарда пайдаланылады. 02-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады. 3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей қолданылады. 3-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен міндеттері 1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады. 2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының міндеттері еңбек қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне, экономикалық өсуге қол жеткізуге, өндіріс тиімділігі мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. 4-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері: 1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу; 2) еңбек бостандығы; 3) кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу; 4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету; 5) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы; 6) еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға құқығын қамтамасыз ету; 7) тынығу құқығын қамтамасыз ету; 8) қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі; 9) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету; 10) әлеуметтік әріптестік; 11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу; 12) қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады. 5-бап. Еңбек саласындағы құқықтардың шектелуіне жол бермеу Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайлар мен тәртіптен басқа, ешкімнің де еңбек саласындағы құқықтарына шек қойылмайды. 6-бап. Еңбек бостандығы Әркімнің де еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да болмасын кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне иелік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар. 7-бап. Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу 1. Әркімнің де еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандығын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Ешкімді де өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде жынысына, жасына, дене кемістіктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, дінге көзқарасына, саяси сеніміне, руға немесе текке-топқа, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, еңбек делдалдығын көрсететін жеке және заңды тұлғаның, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыруына тыйым салынады. 3. Еңбектің осы түріне тән талаптармен айқындалатын не әлеуметтік және құқықтық басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар жөнінде мемлекеттің ерекше қамқорлығынан туындаған өзгешеліктер, ерекшеліктер, артықшылықтар мен шектеулер кемсітушілік болып табылмайды. 4. Еңбек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа немесе өзге де орындарға жүгінуге құқылы. 2009.29.04. № 154-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 8-бап. Мәжбүрлі еңбекке тыйым салу Мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған. Мәжбүрлі еңбек, мынадай жұмыстарды: жұмыс мемлекеттік органдардың қадағалауымен және бақылауымен жүргізілетін және жұмысты орындайтын адам жеке және (немесе) заңды тұлғалардың билігіне берілмейтін немесе тапсырылмайтын жағдайда қандай да бір адамнан соттың заңды күшіне енген үкіміне байланысты талап етілетін; төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында талап етілетін жұмыстарды қоспағанда, қандай да бір адамнан қандай да бір жаза қолдану қаупімен талап етілетін, оны орындау үшін бұл адам ерікті түрде өз қызметін ұсынбаған кез келген жұмысты немесе қызметті білдіреді. 9-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы 1. Осы Кодекс: 1) еңбек; 2) еңбек қатынастарына тікелей байланысты; 3) әлеуметтік әріптестік; 4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді. 2. Осы Кодекс, егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе: 1) қызметкерлерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдардың қызметкерлеріне; 2) жұмыс берушілерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарға қолданылады. 3. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді. 4. Қазақстан Республикасының заңдары осы Кодексте белгіленген құқықтар, бостандықтар мен кепілдіктер деңгейін төмендетпеуге тиіс. 10-бап. Еңбек шарттары, әлеуметтік әріптестік тараптарының келісімдері, ұжымдық шарттар, жұмыс берушінің еңбек саласындағы актілері 1. Еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімде және ұжымдық шартта реттеледі. 2012.17.02. № 566-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Әлеуметтік әріптестік тараптары келісімдерінің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, жұмыс беруші актілерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс. 3. Келісімдердің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптары біржақты тәртіппен өзгертілмейді. 11-бап. Жұмыс берушінің актілері 1. Жұмыс беруші осы Кодекске және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, еңбек шартына, келісімдерге, ұжымдық шартқа сәйкес өз құзыреті шегінде актілер шығарады. 2. Жұмыс беруші осы Кодексте, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда, қызметкерлер өкілдерінің келісімі бойынша немесе пікірін ескере отырып, актілер шығарады. 2012.17.02. № 566-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен, ұжымдық шартпен, келісімдермен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын не осы баптың 2-тармағында көрсетілген рәсімдер сақталмай шығарылған актілері жарамсыз болып табылады және қолданылмауға тиіс. 12-бап. Жұмыс берушінің актілерін шығару кезінде қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескеру немесе олармен келісу тәртібі 1. Жұмыс беруші осы Кодексте, келісімдерде, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескере отырып немесе олармен келісе отырып актілер шығарады. 2012.17.02. № 566-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Актіні шығарар алдында жұмыс беруші оның жобасын және ол бойынша негіздемені қызметкерлердің өкілдеріне ұсынады. 2012.17.02. № 566-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Жұмыс беруші актісінің жобасын табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен асырмай қызметкерлердің өкілдері талқылайды. 2012.17.02. № 566-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Қызметкерлер өкілдерінің шешімдері хаттамамен ресімделеді, онда қызметкерлер өкілдерінің жұмыс беруші актісінің жобасымен келісетіні (келіспейтіні) көрсетіледі, олардың ұсыныстары болса жазылады. 5. Егер қызметкерлер өкілдерінің пікірінде жұмыс беруші актісінің жобасына келісім болмаған не оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс беруші: 1) келіскен жағдайда қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстары ескеріле отырып өзгертілген акт шығарады; 2012.17.02. № 566-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) келіспеген жағдайда қызметкерлер өкілдерімен қосымша консультациялар өткізуге құқылы. 2012.17.02. № 566-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Шығару үшін осы Кодекске сәйкес қызметкерлер өкілдерінің келісімі қажет болатын жұмыс беруші актілерінің жобалары бойынша келісімге келмеген жағдайда, туындаған келіспеушіліктер хаттамамен ресімделеді, осыдан кейін жұмыс беруші акт қабылдауға құқылы. 7. Жұмыс беруші ұсыныстарды толығымен не бір бөлігін ескермей акт шығарған кезде қызметкерлер өкілдері осы Кодексте көзделген тәртіппен ұжымдық еңбек дауы рәсімін бастауға құқылы. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Егер жұмыс берушінің шығарылған актісінде қызметкерлердің осы Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерде көзделген құқықтары мен кепілдіктерін бұзатын не нашарлататын ережелер қамтылған жағдайда, оған еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға не сотқа шағым жасауға болады. 14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 3-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТУЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ 22-бап. Қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері 1. Қызметкердің: 1) осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға; 2) жұмыс берушіден еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын орындауды талап етуге; 3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға; 4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және дәйекті ақпарат алуға; 5) еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне; 6) бос тұрып қалу үшін осы Кодекске сәйкес ақы алуға; 7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына; 8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өз еңбек құқықтарының берілуі мен оларды қорғау үшін, кәсіподақ немесе басқа да бірлестіктер құру, сондай-ақ оларға мүшелік құқығын қоса алғанда, бірігуге; 9) өзінің өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге қатысуға және ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға; 10) осы Кодексте көзделген тәртіппен кәсіптік даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге және өзінің біліктілігін арттыруға; 11) еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге; 12) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандырылуға; 13) кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне; 14) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға; 15) бірдей еңбегі үшін қандай да болмасын кемсітусіз бірдей ақы алуға; 16) еңбек дауын шешу үшін таңдауы бойынша келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге; 17) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына; 18) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасында, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге; 19) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшы немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға; 20) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі себепті ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 21) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға және (немесе) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларына тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге, сондай-ақ еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдік етіп қатысуға; 2012.17.02. № 566-ІV ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 22) жұмыс берушінің еңбек және сонымен тікелей байланысты қатынастар саласындағы іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға; 23) біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне; 24) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және ұжымдық шартта көзделген нысандарда ұйымды басқаруға қатысуға; 25) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен, ереуілге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге құқығы бар. 2. Қызметкер: 1) еңбек міндеттерін еңбек шартына, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға; 2) еңбек тәртібін сақтауға; 3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға; 4) жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға; 5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға; 6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етпеуге; 7) жұмыс берушіге келтірілген зиянды осы Кодексте белгіленген шектерде өтеуге міндетті. 3. Қызметкердің осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады. 23-бап. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері 1. Жұмыс берушінің: 1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне; 2) қызметкерлермен еңбек шартын осы Кодексте көзделген тәртіппен және негіздер бойынша |