Сіз диетолог маман ретінде не айтасыз? ІІ. 1.Тамақтану тәртібі 2. Тамақтанудың негізгі ережелері 3. Тамақтану процесінің принциптері 4. Тамақ ішу тәртібі Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. Жүргізіші: - Ауру айтып келмейді, дегенмен аурудың 80 пайызы адамдардың дұрыс тамақтанбауынан, - дейді,мамандар. - Кейбір тағамдардың зияны былай тұрсын уақытылы,мөлшерімен тамақтанудың өзі мәселеге айналып бара жатыр. - Әлемнің әр екінші адамы фастфудтың дәмін өмірінде бір лет болса да татып көрген.Бұл неғылған нәрсе, жұмыр жердің жартысын тәуелді етіп қойған. - Білгіштер тез-тез дайындалатын тағамдардың адамның денсаулығында тез-тез бұзатының айтады. - Бірақ қала өміріне бейімделген біз,оған қарайтын емеспіз. Бүгін біз осы мәселелерді қозғамақпыз. Армысыздар сіздермен бірге Баян Акболатова. - Алдымен сарапшыларымызға сұрақ: -Сіздер уақытылы тамақтанасыздарма? -Сіз ше ? -Шынар Уатхановна сізге де осы сұрақ? - Таңертенсін ботқа,түсте сорпа деп рет-ретімен тамақтанасыздарма отбасыңызбен? - Балаларыңызға чипсы секілді тағамдарға қаншалықты тыйым саласыз? Газдалған сусындар мен қытырлақ нан секілді тағамдарды берген дұрыс па? Жақсы рахмет. Жүргізуші: Тұрақты жаттығу мен дұрыс тамақтану, адам ағзасына өте пайдалы. Медицина мамандары артық салмақтың 98 пайызы тамақтанудан,ал 2 пайызы эндокринология мен жүйке жүйесінен болады дейді. Дұрыс тамақтанбаудан адам бойында артық салмақ жиналады,газдалған сусындар,фастфуд адам ағзасына өте зиян. Фастфудтың пайдасы мен зияны туралы сөйлеп көрсек: Ортаға фастфуд өнімін жиі қолданатын студент Ахметова Айгерімді шақырсақ. - Қош келдіңіз. Жүргізуші: - Алдымен сөзім жаланаш болмас үшін бейнематериалға назар аударсақ.(Фаст-фуд туралы туралы видео 2,5минут) - Бағдарламаны ары қарай жалғастырсақ. - Айгерім мына сюжет нашақорлар тәрізді тәуелді болып қалған жоқпа деген сұрақпен аяқталды. -Сіз қалай ойлайсыз? -Жалпы,тәуелділік дегеніміз не ? Күнделікті пайдаланатын тағамыңыз фаст-фуд тағамы ма ? -Үнемі тамақтануға үлгермей жүресізбе? Сіз үшін фаст-фуд өнімі қымба па әлде арзан ба? - Мысалы, фастфудты үйге тапсырыс бергеннің орнына,кәдімгі сұйық басқа тағамдарды неге алдыртпасқа ? Айгерім өз пікірін айтады........ Жүргізуші: - Жақсы рахмет. Жүргізуші: -Сізге қарсы отырған Тағамтану академиясының жетекші маманы Бағдатқызы Айдана отыр. -Қош келдіңіз. -Айдана ханым! Жалпы осы тағам тану академиясы фастфут өніміне қалай қарайды? осыны түсіндіре кетсеңіз! Жалпы фасфуттың құрамында көбіне пайдалы заттар болама, әлде пайдасыз заттар көп болама? Айдана ханым өз пікірін айтады...... Жүргізуші: Қазір фасфуттан тамақтанудың бастапқы сатысында секілдіміз, Қазақстан егер осылай дами беретін болса, ертен ол бүкіл өмірімізге, тамақтану мәдениетімізге келеді. Бүгінгі хабардың мақсаты, содан сақтандыру болатын. Ортаға келесі кейіпкерімізді шақырып алайық, ол фастфуттын тұтынушысы Жаканова Жансая. Жансая Сіз студентсіз ғой, фасфут студенттердің сүйікті асы ма? Сіз қанша жыл болды студент болғаныңызға. Қанша уақыттан бері фасфут өнімімен таныссыз? Сіз үшін, фасфут өнімін қолдану мақтаныш па? Жансая өз пікірімен бөліседі. Тағамтану академиясының жетекші маманына сұрақ: Сіз өзіңіз фасфут өнімін пайдаланасыз ба? -қаншалықты фасфут өніміне тапсырыс бересіз. Жақсы рахмет. Осы жерден кідіре тұрайық. Шағын үзілістен кейін әнгімемізге диетолог маман келіп қосылады. Видео "Ас -адамның арқауы". (2,12 минут) Жаңа ғана уәде еткендей, ортаға диетолог Айтнурова Аселді шақырып алсақ. Қош келдіңіз. Асел ханым, ымна жастарымыз фасфут жақсы нәрсе, пайдалы нәрсе деп отыр ғой, Сіз диетолог маман ретінде не айтасыз? -Біздің қазы қарта, түйенің өркеш майы барлығы құнарлы тағамдар. -Ана тағамдардан да ана ғұрлым, 30-50 есе құнарлы, біз көп жей берсек семіздікке неге ұшырамаймыз? Ұлттық тағамдарды көп жей алмаймыз ба сонда? Тағамтану академиясының жетекші маманы қосылады. студент Айгерим қосылады. Жүргізуші: Осы тұста сарапшылардың қосарлары бар ма? Жақсы, ары қарай бейне материалға назар аударсақ, әігімемізді шағын үзілістен кейін жалғастырамыз. Видео "тамақтану пирамидасы" (1,30 минут) Жүргізуші: Дания, Британияның зерттеулері ойынша дамыған елдерде семіздік мәселелері алаңдатын отыр. Өкінішке орай, Қазақстанда да семіздік ауыруы өршіп барады. 270 мыңға жуық адам қант диабетімен ауырады, Қазақстандықтардың 80 пайызы дене шынықтырумен айналыспайды. Сонымен қатар, 18-60 жастағы адамдар Гиподинамиямен ауырады, ал оқушылардың 10-12 пайызы семіздікке шалдыққан. Егерде бұрын біз, тек АҚШ-та семіз балалар бар жеп есептесек, ондай баланы біз өзіміздің мектептердеде кездестіре аламыз. Семіздікке қарсы шыққан елдердің бірі Оңтүстік Корея мен Дания елдері, Дания елдері майлы тағам жеуге қарсы заң шығарған, қазір бұл елдерде семіздердің қатары сиреп кеткен. -Айдана ханым, Дания мен Оңтүстік Кореяның тәжірибиесін біздің елге енгізіп көрсек қалай болады. -Біз Заң шығара аламыз ба? Фасфут өнімінен бас тарту керек деген? Жүргізуші: -Жаңа мен айтып кеттім ғой Дания, Корея елдерінде майлы тағамдарды жеуге қарсы Заң шығарып жатыр. -Кәрістерді білеміз теңіздің жағасында, әр түрлі шөп шаландар, теңіз тағамдарымен тамақтанады. Ал, Еуропаның ортасындағы Данялықтардың істегені маған қызығырақ болып тұр. -Маған мынадай ой келеді, Біздің қазақтың тағамдары онсызда құнарлы, мүмкін біз әуелден артық салмақ жинауға бейім халық шығармыз, бәлкім семіздік бізге жат нәрсе емес шығар. Жүргізуші: Диетолог ханымға сұрақ. Семіздіктің себептерімен зияны қандай? Семіздіктің алдын алау үшін қандай шаралар қолдану керек. Жүргізуші: Айдана ханым Сіздердің академияларыңыздың мәліметінше Қазақстанның пайызы артық салмақтан зардап шегеді, оның пайызы балалар. -Балаға не берсең бала соны жей береді. -Мүмкін ересектердің өзі кінәлі шығар. Сарапшылар сіздердің қосарларыңыз барма? Көрермендерге де сұрақ: Дұрыс тамақтану мәдениеті деген не? -донер, самса деген секілді тағамдарды жиі қолданасыздар? -Айтылған пікірлерге қосарларыңыз барма? -Өздеріңіз тағамдарыңызға мән береміздер ма? Жақсы рахмет. Жүргізуші: Фасфут өніміне шектеу қоя алмайтынымыз белгілі, енді оны тұтынуды азайту үшін бір нәрсе істеуіміз қажет. Асқазан не болса соны қалай береді, бірақ мәселе баста, мәселе психологияда, яғни, өз өзіңізді бағындыра алуыңыз керек. Енді барлықтарыңыздан қорытынды пікір. -Сарапшылардан. -Тағамтану академиясынан. -Студенттерден. -Диетологтан. Жүзгізуші: Жан мен тәннің саулығы жақсы аста, әлемнің үрейін ұгырып, аты жаман дауға ұласқан аурулар күнделікті қолданылатын тағамдарымызға байланысты, бүгінгі таңда сапасы сын көтермейтін азық-түліктерде, бүрын соңды естіп білмеген ауру түрлері де көбейіп барады. Біздің дабыл қағуымызда сондықтан, өз денсаулығыныңзға немқұрайлы қарамай бір уақыт ас мәзірімізге зер салып, тамақтану мәдениетін менгерейік. |