Лекция №10. Саяси жетекшілік. 1.Саяси элита ұғымы, қалыптасуы. 2.Саяси көшбасшылық ұғымы, түрлері. мақсаты:Саяси биліктің негізгі әлуеметтік субьектілерін, саяси лидерлік, саяси элита, саяси жетекшілік, түрлерін және олардың жіктелуін, Ф.Ницше, М.Вебер саяси жетекшілік туралы типологиясын, Қазақстандағы саяси элита, ұлттық элита мәселелерін талқылау. міндеттері:Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру 1."Элита" термині француздың еlіtіе деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, тандалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғ. бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді. Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші тандаулыларға және олардың дегенін істейтін бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551— 479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) және төменгі (қарапайым) адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде XX ғ. басында Италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, неміс ғалымы Р. Михельс жөне т.б. қалыптастырды. Қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар бар. Оларға мыналар жатады: 1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар көсіби басқарушылар қерек; 2) адамдардың психологиялық және әлеуметтік теңсіздігі 3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады; 4) бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы. Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды. Сонымен, саяси элитадеп қазына-байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады. Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рөлін, әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс-тәсілдерін және т.б. зерттейді. Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлік және гильдия жүйесі. 2.Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Саяси, жетекшілікті ғалымдар жіктегенде мынандай принциптерді негізге алып жүр: 1) тарихи принцип, 2)ықпал ету көлеміне карай жалпыұлттық,аймақтық, қалалық, аудандық саяси жетекші болып бөлінеді; 3)таптық принцип. Бұған жұмысшылар, шаруалар, буржуазияның, әлеуметтік топтың жетекшілері жатады;4)қазіргі әлеуметтік құрылысқа қатынасы жағынан оны Жақтайтын, оған қарсы шығатындар болып бөлінеді; 5)қабілеттілігі жағынан өзінің жеке басының қасиеттері, дарындылығының арқасында немесе жағдайға қарай көтерілген жетекші дейді; 6)бастамашы, рух беруші жетекші немесе басталған істі орындаушы ретінде де топтастырады. Саяси топ бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасаған немістің әлеуметтанушысы М. Вебер. Ол саяси серкелерді "бедел" ұғымына негіздеп былай жіктеді: 1) билік әкеден балаға мирас ретінде қалатын әдет-ғұрып жетекшілігі; 2) ерекше қадір қасиеті, қабілетіне (ақылдылығына, батырлығына т. т.) байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастар; 3) конституция негізінде сайлау арқыльі басшылық орынға келген саяси серкелер. Қазіргі кезде саяси жетекшілерді жіктеудің кең тараған түрін американдық профессор Дж. Херманн ұсынды. Қызметті атқару тәсіліне қарай авторитарлык және демократиялық жетекші деп бөлінеді. Авторитарлықжетекші өз жұмысында күш қолдануға сүйеніп, жалғыз өзі басқарғысы келеді. Демократиялықжетекші болса, алдағы мақсатты белгілегенде жөне оны іске асырғанда қасындағы адамдарды қатынастырып, олармен ақылдаса отырып шешеді. Түріне қарай "формальды", "формальсыз" деп бөліп жүр. Формальдыжетекші белгіленген ережелер арқылы басшылық орынға тағайындалады. Формальсызжетекшіні қатысушылар өздері тандайды. Ондай серкелер, әдетте, кішкентай топтарға тән келеді. Ал ұйымдасқан үлкен топтарда, әлбетте, формальды басшылар болады. Қазақстан қазіргі элитасына қімдер жатады десек, оған Президент аппаратының құрамы (Президент, оның өкімшілігінің бастығы, орынбасарлары, бөлім басшылары, көмекшілері, кеңесшілері), Парламент, министрліктер басшылары мен орынбасарлары, дипломатиялық элита кіреді. Әдебиеттер. 1.Қалиев Н. Кайрос қайрағы.Егемен Қазақстан. 26-наурыз 2003ж.№70. 2.Кенжетай Д."Шын зиялылар". Қазақ әдебиеті.12.11.99ж. "Қазақтың саяси элитасы және шала қазақтар".№46 3.Битюкова Г.,Тұхмарова Ш."Саяси элита және оның қоғамдағы рөлі". Ақиқат. 1998.№8 4.Мектеп-тегі Амандос."Қазақтың көсемдері". Қазақ әдебиеті №12. 19-наурыз 1999ж. Лекция №11. Саяси идеология. 1. Саяси сана және саяси идеология. 2. Идеологияның қызметтері 3. Қазіргі заманғы ғылымдағы идеологияның негізгі ағымдары. 4. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы идеологиялық хал-ахуал. 1. Саяси сан және саяси идеология. Саяси сана деп - саяси іс - әрекеттерді түсініп сезінетін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтады. Осы сөз қылып отырған саяси санадан саяси идеология туындайды. Себебі сана адам баласының күнделікті ой-сезіміне құйылып отырған үгіт насихат немесе идеологиялық ағымдар жиынтығын құрайды. Сана адам баласында қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келді. Сананың бірнеше түрлері бар. Атап айтсақ қарапайым сана, теориялық сана, саяси психология, саяси сана. Осы аталған саналар ішіндегі қоғамдағы саясат саласындағы ең маңыздысы - саяси сана болып табылады. Саяси сананың негізгі мәселесі - мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдделері мен мақсаттары, өкімет билігі үшін күресі қарастырылады. Осыған байланысты саяси сана мынандай қызметтер атқарады: 1. Саяси шындықты бейнелеу. 2. Адамдардың мақсат мүдделерін білдіру үшін оның саясат әлеміндегі іс- әрекеттеріне бағдар беру. 3. Саяси психология да қарапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тәжі - рибесінен туады. Қандай саяси идея болса да адамдардың белгілі бір сезімін тудырып, көңіл - күйіне әсер етеді. Адамдардың ұжымдарында, әлеуметтік топтар, таптарды жеке адамдарда туындайтын көңіл - күйдің, сезімнің, мінездің жиынтығын саяси психология дейміз.егенмен,аяси іс - әрекетті жүзеге асыруда халықтың саяси психологиясын ескерген дұрыс. Қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың көңіл - күйін зерттеп, болжаған дұрыс. Себебі, бұл саладан қателіктер қоғамда дау - дамай, шиеленістер, ұлттар арасында қырғи қабақ, егес тудыруы мүмкін. Саяси сананың құрамдас бөлігі-саяси идеология. "Идеология" деген ұғым гректің "идея" - бейне және "логос" - білім деген сөздерінен шық қан. Идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс - әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Жалпы алғанда идеология ұғымы гректің идея - түсінік, ұғым, бейне және логос - ілім, ғылым деген сөзінен шыққан. Идеология философиялық сөздікте қоғамдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы ретінде анықталады. Бұл терминді ғылыми лексикаға алғаш енгізген ХVІІІ ғасырдағы француз ғалымы А. Дестюд де Траси болды. Идеология - саяси, мемлекеттік, ұлттық, құқықтық, этникалық, діни, эстетикалық, философиялық болып келеді. Сонымен бірге қандай идеология болсын, саясатпен тығыз байланыста болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар табылып қоғам құбылысы және дамуы ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат мүдделерін білдіреді немесе қорғайды. 2. Идеологияның атқаратын негізгі қызметтері. Қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол мынадай қызметтерден білінеді: 1. Идеологияның танымдық ролі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп түсіндіреді. 2. Бағдарламалық ықзметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс тұлға және билік тағы сол сияқты негізгі түсініктер туралы. 3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары құнды идеологияларын алға тартып, мақсат мүдделерін айқындап, қоғамды әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады. 4. Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады. Саясаттанудың қандай субъектісіне болсын идеология қажет. Ол адамдарды рухани біріктіріп, топтастырудың басшылықтың құралы. Идеология - саясат пен қоғамды жалғастырушысубъективті фактор. Идеология саясатты насихаттау, түсіндіру арқылы халық санасына жеткізеді. Көп жағдайда қоғамдық, саяси - әлеуметтік қатынастардың дамуы заңдылықтары жағдайы мен келешегі туралы азаматтардың дүниетанымын идеология қалыптастырады. 3. Қазіргі заманғы ғылымдағы идеологияның негізгі ағымдары. Қазіргі заманда саяси идеологияның мынадай түрлері бар: 1. Либералдық 2. Консервативтік 3. Коммунистік 4. Социал-демократиялық 5. Фашистік Идеология әр түрлі болады. Ол туралы жоғарыда айтып өттік. Яғни, саяси идеология, құқықтық идеология, діни идеология, этикалық идеология, эстетикалық идеология, мемлекеттік идеология, және оларға қосымша Қазақстанда таралып көзге көрінбей, бірақ салдары сезіліп жүрген келімсектік идеология, күнделікті тұрмыстық идеология, ұлттық идеология. Қазақстандағы жағдайға байланысты оның мынандай түрлерін көрсетеді. Ең алдымен мемлекеттік идеология. Бұл идеология мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатын жүргізуде ерекше роль атқаратын құрал болып табылады. Тәуелсіздікті алғалы бері біздің мемлекеттік идеологиямыз - тәуелсіздікті нығайту, ұлттық бірлікті дамыту, көрші елдермен қарым-қатынасты жақсарту, әлеуметтік және экономикалық жағдайымызды көтеру, сырттан инвестиция тарту деген мәселелер болды. Қазіргі кезде идеология ауқымы 2030 стратегиялық бағдарлама көлемінде жүргізіліп жатыр. Келесі ұлттық идеология. Ұлттық идеология дегеніміз - сол ұлтқа ғана тән, яғни ата-бабаларынан қалған қасиетті мұраларды, дәстүрлерді негізге алып, үгіт-насихат жүргізу. Ұлттық идеология - мемлекеттік идеологиямен қабаттас, қатарлас, мираттас жүретін идеология. Біздің ұлттық идеологияның негізгі мақсаты - сол аталарымыздан қалған бүгінгі қазақ үлгі боларлық және мақтанышы болуға лайық рухани байлықтарымыз бен мұраттарымызды негізге ала отырып, ұлттық идеологиямызды бүгінгі заман талабына сай қалыптастыруға атсалысу. Талай ғасырлардан бері ұмтылмай, ұрпақтан ұрпаққа мұра боп келе жатқан ұлттық құндыл қтарға жанашыр болу, оны көзінің қарашығындай сақтау, оны келер ұрпаққа аман-есен жеткізу. Сондай-ақ ұлттық мәдениет пен әдебиетке, ұлттық салт-дәстүрге, ұлттық әдет-ғұрыптарға, тарихи-рухани мұраларға үлкен құрметпен қарап, оларға дер кезінде нәр беріп, қуаттандырып отыру. Бірақ, бұл әсте де жеке бір ұлттық мүддесін қорғап, басқалардың мұратын жоққа шығару емес. Керісінше, арам пиғылсыз, таза ниетті, таза адамгершілікке құрылған интернационализмнің бірінше жанашыры, ең жақын досы. Егер бейнелі түрде интернационализмді ұлттық аспаптар оркестірі десек, оның бас дерижері - ұлттық идеология. Ұлттар мәдениеттің ықпалдастығын, бірін-бірі толықтырып гүлдендіруін, дамытуын ол жоққа шығармайды. Бірақ, ұлттар мәдениетінің бірін-бірі жұтып қоюына, бір ұлт мәдениетін екінші ұлт мәдениетінен артық қоюға ол түбегейлі қарсы. Ол ғасырлар бойы бүкіл адамзаттың игілігіне жарап келе жатқан, барлық ақыл-ой құндылықтарын құрметтейді. Әдебиеттер тізімі. 1. Жамбылов "Саясаттану". Алматы, 2002 ж. 2. Дидахмет Әшімханұлы "Санадағы шырмауық". Тағы да идеология туралы (Түркістан 2003 ж. 15 мамыр). 3. Т. Омаров "Саяси сана және қоғам". Саясат. 2003 жыл. №2. 4. Ұлттық идеология" Асқар Селеубаев. Жамбыл-Тараз №6. 2004 ж. 5. Д. Жамбылов "Саясаттану негіздері", Алматы, 2000 жыл. Оқу құралы. 6. Т.С. Садықов "Тарих тағылымы", Алматы, 1992 жыл. Оқу құралы. 7. Д. Кішібеков "Мемелекеттік идеология, оның қалыптасуы" Ақиқат, 1996 жыл, №6. 8. Н.Ә. Назарбаев "Тәуелсіз мемлекетке төл идея керек пе" Ақиқат, 1993 жыл, №8. 9. Сейілбек Мұсатаев "Ұлттық идеология, мәні мен мазмұны" Ақиқат, 2000 жыл, №11. 10. Кенжебаев "Саясаттану негіздері" Оқу құралы. Алматы. 1995 жыл. Лекция 12. Саяси мәдениет. 1. Саяси мәдениет ұғымы, қызметтері. 2. Саяси мәдениеттің типологиясы мақсаты:саяси мәдениеттің туындауын, қалыптасуын, және оны қалыптастыратын қоғамдық күштерді, субмәдениет мәселесін талқылау және мәнін ашу. міндеттері:Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру Қазіргі кезде батыс әдебиетінде саяси мәдениеттің мазмұнын ашуға бағытталған отыздан астам анықтамалар бар. Бұның өзі саясаттың да, мәдениеттің де қызметінің көптігінен болуға мүмкін. Саяси мәдениет саясаттану ілімінде өте күрделі және әлі жеке тексерілмеген тақырыптың бірі болып табылады. Саяси мәдениеттің отыздан астам анықтамасы бар болса да жеке саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. «Саяси мәдениет» деген ұғымды бірінші рет пайдаланып, ғылыми әдебиетке енгізген XVIII э. өмір сүрген немістің ағартушысы фәлсафашы Иоганн Гердер болды. Бұл ұғым саясаттануға XX ғасырдың 50-60 жылдары енді. Американың зерттеушілері Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай «саяси мәдениет» деген атпен саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар еңбектер жазды. «Саяси мәдениет» ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Сондағы бірнеше анықтамаларға тоқталып көрейік. Поляк саясаттанушысы Е. Вятрдің анықтамасы бойынша «саяси мәдениет»-өкімет пен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынастарға, байланысты мақсаттар, құндылықтар мен жүріс-тұрыс беталысы актілерінің жиынтығы. Сондықтан саяси мәдениетке жататындар мыналар дейді:а) Саясат жайлы білімі, фактілермен таныстығы, оларға қызығушылығы болуы;б) билікті іске асыруға қатысты саяси құбылыстарды, құндылықтардың талдануын бағалай білу;в) саяси мақсаттың сезімге әсер ететін жағы-мысалы, отанды сүю,оның жауларына өшпенділік; г) әртүрлі жағдайда қандай әрекет жасауды анықтайтын сол қоғамда әбден танылған саяси мінез-құлықтың үлгілері. Саяси мәдениетке берілген түсініктемелердің басым көбінде-оған халықтың рухани мәдениетінің бір бөлігі, қоғамдық-саяси институттар мен саяси процестерге байланысты элементтер кіретіндігі мойындалады. Сондықтан әр елдің саяси мәдениетін дұрыс түсіну үшін оны жалпыұлттық мәдениеттің кең және тығыз бөлігі ретінде қарауымыз керек. Саяси мәдениетті құрастыратын басты элементтер-жалпыұлттық мәдениетке, тарихи-ұлттық, діни-дәстүрлікке, әдет-ғұрыпқа, рухани мақсаттарға т.б. тығыз байланысты. Саяси мәдениетті құрайтын элементтердің сапалы бөліктері ретінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан саяси дәстүрлер, сол кезеңде пайда болған саяси ереже-тәжірибелер, ойлар, тұжырымдар, әртүрлі қоғамдық-саяси институттардың қарым-қатынастарын сенімді түрде қарауға болады. Оның құрылымына тағы да өмір сүріп тұрған саяси құрылыс, оның институттары, жеке адам мен қоғамның, мемлекеттің араларындағы жалпы өзара көзқарастар туралы түсініктер кіреді. Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады. Саяси мәдениет дегеніміз қоғамның саяси өміріне лайықты типті саяси сана мен саяси мінез құлықтың жиынтығы болып табылады. Саяси мәдениеттің негізгі қызметтері: 1.Танымдық қызметі 2.Реттеушілік қызметі 3. Тәрбиелік қызметі 4.Біріктірушілік қызметі 5. Қорғау қызметі. Саяси мәдениеттің құрылымдық элементіне саяси құндылықтар жатады. Адамдардың қоғам, мемлекет, еңбек ұжыдарының істеріне, саяси процесстеге қатынасуға деген қалыптасқан талаптарын, іштегі қабылдаулары мен сенімдерім саяси құндылықтар ретінде қарауға болады. Саяси құндылықтарға қоғамдық жүйеге бағытталған негізгі нанымдар, мақсаттар, бағдарлар, символдар жатады. Саяси мәдениет белгілі бір дәреженің шеңберінде қоғам мүшелері сол тұстағы басқару түрлерін заң деп танитын, өздерінің саяси қабілетін сезінетін, жүргізіліп отырған саясаттан келісетіндігін білдіреді. Саяси мәдениетте саяси дәстүрлер мен әдет – ғұрыптың да манызы зор. Саяси дәстүрлер мен мінез – құлқындағы үлгілерді берудің әдісі болып саналады. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйенің және оның институтаралық қызмет етеуі кіреді. Ол мемлекеттің партиялардың т. б. сайлауды қалай ұйымдастырып, саяси шешімдердің, саяси - әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиді. Саяси мәдениеттің негізгі құрылымы осындай. Енді оны қалыптастыратын қоғамдық қүштерге тоқталайық. Саяси мәдениетті қалыптастурда ең бірінші мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң шығару, атқару және сот органрдары арқылы атқарады. Саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар, әсіресе партиялар қатысады. Саяси мәдениетті қалыптастыруға діни ұйымдар да кіреді. Саяси мәдениетті қалыптастыруда елеулі роль атқаратын көпшілік ақпарат құралдары: баспасөз, радио, теледидар. Саяси мәдениет пен саяси сана тығыз байланысты өйткені адамдардың саналық деңгейі жоғары болған сайын олардың қоғамдық ой-пікірлеріде еркін, әрі батыл болмақ. Азаматтарының белсенділігіне қарап қоғам өмірінің демократиялық деңгейін анықтауға болады. Мемлекеттің негізгі мақсаты-ұлттық қауіпсіздікті сақтау дейміз ұлттық қауіпсіздікті сақтау-қорғаныс күштерін нығайту ғана емес, ал азаматтарынның бірлігін сақтау, рухы берік, өз ұлттының барлық асыл қазынасы мен асыл қасиеттерін бойына сіңіре білген, өз елінің дәстүрімен азаматтарды тәрбиелеп қалыптастыру оның бірден-бір сенімді жолы-жас ұрпақты мәдениет арқылы тәрбилеу. Саяси мәдениеттің бірлігі қоғамның тұрақтылығын нығайтады, көптеген саяси процестерді дұрыс болжауға ықпалын тигізеді. Халықтың саяси мәдениеті жоғары болуы үшін мемлекет ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар жан-жақты хабардар етіп отырғаны орынды. Әдебиеттер: 1.Жамбылов Д. "Саясаттану негіздері"-А.:2000ж. 2. Кенжебаев С. "Саясаттану негіздері"-А.:1999ж. 3.Керімбеков О. "Саясаттану негіздері"-А.:1994ж. 4. Шалабаев Ж. "Саяси сана және саяси мәдениет"-А.:Ақиқат, 1998ж.№2 №13 лекция. Саяси процесс және сайлау 1. Саяси процесс ұғымы, мәні. 2. Саяси процестің жіктелуі. 3.Саяси процеске қатысу түрлері. 4. Сайлау технологиясы Сабақ мақсаты:Саяси биліктің негізгі әлуеметтік субьектілерін, саяси лидерлік, саяси элита, саяси жетекшілік, түрлерін және олардың жіктелуін, Ф.Ницше, М.Вебер саяси жетекшілік туралы типологиясын, Қазақстандағы саяси элита, ұлттық элита мәселелерін талқылау. міндеттері:Топта жұмыс жасау дағдыларын дамыту Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала — өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т. с. с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда. Жалпыұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат құралдары және т. б. қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді жоғарғы мемлекеттік билік институттары атқарады. Себебі, саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын негізгі тетік солар. Биліктің шоғырлану дәрежесі, саяси дамудың мақсат-мұратын айқындауға қатысатын топтардың арасындағы өкілеттілікті бөлу мәселелері олардың іс-әрекетіне байланысты. Саяси субъектілердің өзара қатынастары, саяси өзгерістердің екпіні, т. т. да солардың іс-қимылдарымен айқындалады. Ұсақ саяси қарарлар күн сайын шығып жатады десе де болады. Ал көпшілік жұртты қамтитын ірі саяси шешімдер, құжаттар (Конституция қабылдау, сайлау, референдум өткізу сияқты) қоғам өмірінде сирек кездеседі. Оларды дайындауға, өткізуге көптеген адамдар тартылып, үлкен оқиғаға, саяси белеске айналады. Сондыктан саяси процесс белес-белес, циклмен дамиды десе де болады. Ондай мәселелерді көбіне билік институттары іске асырады. Демократиялық елдерде саяси процесс әдетте сайлау цикліне байланысты қалыптасады. Бұрынғы Кеңес өкіметінде СОКП-ның съездері бүкіл саяси жұмысқа ырғақ беріп, цикл содан басталатын. Саяси процесті ұйымдастыру түпкі ой, ниет, идеядан басталады. Кейін оны атқарушы субъект (үкімет, саяси серке т. т.) процестің теориясын немесе тұғырнамасын жасайды. Мұнда ең алдымен мақсат танылады. Мақсат түпкілікті мұрат ретінде және жақын арада нақтылы нәтиже берерлік, жетістікке жеткізерлік болуы мүмкін. Осыған орай саяси процесті орындау, жүзеге асырудың құралдары, тәсілдері қарастырылады. Қанша уақыттың көлемінде іске асыруға болады, қанша адам, кімдер қатынасады т. т. ойластырылады. Орындаушылардың алға қойған талаптарына жауап бере алуымен қатар, олардың жеткілікті қаржылары болуы керек. Саяси процестің әрбір кезеңі бақайшағына дейін мұкият тексерілгенінде ғана табысты болады. Саяси процесс — күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау.Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымдарды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін. Егер көпшілік жұрт жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Мұндайда саяси жүйе өзін-өзі қалпына келтіретін жағдайға жетеді.Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске жеткен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан,жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Жаңа саяси қатынастар мен институттар құралады, саяси ережелер мен қазыналар, нышандар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары, іс-қимылдары бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келеді. Саяси-басқарушылық шешімдерді кабылдау және жүзеге асыру.Қоғамдағы әр түрлі адамдардың, топтардың, таптардың,бірлестіктердің кажеттіктері, мақсаттары сан килы, бірталай жағдайда қарама-қарсы келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық карсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек. Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау.Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың,элиталардың жұмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты, жаңсақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді. Ол екі жолмен жүргізіледі. Сонымен, саяси процессдеп әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардың, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан, жағдайдан екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін, қозғалысын айтады. 2. Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді. Атқаратын қызметінің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талап-тілектерін ескеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізеді. Жасырын туріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады. Онда бүкіл билік орталықтың қолында, жергілікті жердің ой-арманымен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шеттетіледі. Адамдардың барлық өмірі қатаң бақылаудың астына түсіп, еркіндіктері мен бостандықтары шектеледі. Саяси процеске қатысқысы келмесе де кейінгі зардабынан қорқып, күш, зорлықтың арқасында қатысуға, орталықтың ығына жүруге мәжбүр болады. Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне, билік субъектілерінің қызмет ықпалдылығы және өзара қатынастарының тиянақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз етіп бөледі. Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді, сенімді жұмыс істейді, азаматтар да саяси іске белсенді қатынасады. Саяси шешімдер дәстүрлі демократиялық жолмен қабылданып жатады. Әлеуметтік түсінбеушілік, кикілжіндерді азаматтық ұйымдар өздері реттейді. Тұрақсыз жағдай әдетте қоғам өмірі күйзеліске ұшырап, тығырыққа тірелген шағында пайда болады. Оған халықаралық қатынастардағы шиеленістер, соғыстағы жеңіліс, өндірістің ұзак уақыт құлдырауы, көпшілік халықтың әл-ауқатының нашарлап, төмендеуі және т. с. с. әлеуметтік кикілжіндер себеп болады 3.Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы, екіншісінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді. Өкілдік органдар арқылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді. Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісі — институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді. Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі — сайлауга қатынасу, Сайлау жүйелі, заң белгілеген уақытта өткізіледі. Президент, жоғары заң шығарушы органдардың мүшелері әдетте 4—6 жылға сайланады. Бұл мерзім үміткерге берген уәделерін орындауға және саяси басқарудың сабақтастығын жалғастыруға, тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті деп саналады, Жергілікті органдар қысқарақ мерзімге сайланады. Себебі, олардың алдында тұрған мәселелер жеңілірек шешіледі және қала немёсе округте жағдай жылдамырақ өзгеріп түрады. Кезекті сайлау күні заң шығарушы орган немесе мемлекет басшысының жарлығымен белгіленеді. Референдумның бір түріне плебисцит (латынның қарапа-йым халық және шешім деген сөздерінен шыққан) жатады. Ол, әдетте, халықаралық қатынастарда басқа елдің жерін қүшпен қосып алған жағдайда, халықтың пікірін білу үшін өткізіледі. Саяси процеске қатысудың екінші түріне бұқаралық жиналысқа (митингіге), шеруге, ереуілге қатысу арқылы саяси билікке ықпал жасау жатады. Бұқаралық жиналыс бір мәселені талқылауға арналады. Ол саяси биліктің не саяси серкенің шешімін қолдау не қолдамау болуы мүмкін. Оған кеп адам қатысып, өз көзқарастарын білдіреді. Оның теріс жағы да бар. Мысалы, мұндай жиналыста әр түрлі саяси күштердің мақсаттары кайшы келетіндіктен онда арандату әрекетіне итермелеушілік, ұстамсыздық, бұзақылық элементтері кездесуі мүмкін. Сондықтан оны ұйымдастырушылар жағынан болсын, оған рұқсат беріп, бақылау жасайын билік құрылымдары жағынан болсын, асқан ұқыптылықты, сақтықты, тәртіпті сақтай білуді талап етеді. Шеру (демонстрация) — белгілі бір идеяны, талапты жақтаушы көпшіліктің салтанатты жүруі, саяси биліқтің әрекетін қолдау не оған қарсылық білдіруге бағытталады. Білікті ұйымдастырылған шерудің саяси қарсыласқа етер әсері үлкен болады. Ереуіл — саяси қысым жасау мақсатында жұмысты тоқтату, белгілі бір талаптарды қабылдауға тырысушылық. Оның негізғі себебі көбіне әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты келеді. ТМД елдерінде жалақының бірнеше ай бойы берілмеуі, өмір деңгейінің күрт төмендеуі, жұмыс істейтін жағдайдың нашарлауы және т. б. Ереуіл күрес жүргізушілердің ақырғы амалы болып табылады. Аты аталғандардан басқа нақтылы жағдайларға байланысты пикет қою, аштық жариялау, азаматтық бағынбаушылық және т. с. с. болуы мүмкін. Сонымен қатар қайсыбір адамдардың саяси өмірге қатыспауы, шеттелуі де кездеседі. Оған азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасында қарсы байланыстың болмауы, саяси институттардың жұмысынан түңілуі және соған орай парықсыздық білдіруі, жалпы саяси жүйені қабылдамауы және т. с. с. себеп болуы мүмқін. Сонымен қоғамдағы азаматтардың саяси белсенділігі елдегі ішкі жағдайға, саяси институттардың ықпалы мен әрекеттілігіне, қоғамдық күштердің ара салмағына, демократиялық дәстүрлер мен ережелердің жетілу деңгейіне және т. б. байланысты. Шын демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігі—оның дамуының, билік құрылымдары мен азаматтық қоғамның арасындағы кері байланысты ұдайы жетілдірудің тетігі болып табылады. 3.Бүгінде сайлау технологиялары — мұкият талдап жасалынған және дүние жүзіне нақты қолданылатын саяси технологиялардың біртүрі. Іс жүзінде тоқтаусыз жүріп жататын белгілі бір денгейдегі билік органдарына сайлаулар откізу процесі оларға дайындық жасау немесе өткен сайлаулардың нәтижелерін зсрделеп, ой елегінен өткізу сайлау науқандарын ғылыми жағынан қамтамасыз ету және оны өткізу жөніндегі тиісті кызмет түріне деген тұрақты сұраныстар нарығын қалыптастырады. Сайлаулар арқылы атқарылатын әр түрлі қызметтер мен қызмет орындарының саны тым көп. Сайлау лауазымдық қызметтердің көпшілігін алмастыратын тетік ретінде мемлекеттің бүкіл денгейің - орталықтан жергілікті деңгейге дейін, елдің президентінен немесе үкімет басынан жергілікті басқару басшыларына дейін камтиды . Бүл жерде мына жағдайды атап айткан жөн: сайлаулар қазіргі демократиялық қоғамдардағы саяси процестің ажырамайтын кұрамдас бөлігі болып табылады. Олар үлкен саясатқа алғаш қадам жасайтын адамға парламенттің депутаты, губернатор немесе елдің президенті болу мүмкіндігіне жол ашады. Сонымен катар сайлау кезінде карапайым азаматтарды белсенді саяси өмірге тартады. Олар өздерінің мәнін, өмірдегі орнын, жоғары мемлекеттік органдардың жеке кұрамына ыкпал ету мүмкіндіктерін сезіне бастайды. Осы нормалардың жиынтығы сайлау алдындағы күреске бүкіл қатысушылар іс-кимылының белгілі бір мәнін ашады, оларды бірыңғай сайлау тәртібі шеңберінде әрекет етуге ұмтылдырады. Әрбір елде осы елдердің тарихи, мәдени, саяси-әлеуметтік даму ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан сайлау нормаларының өзіндік ерекшеліктері болатынына қарамастан, сайлау жүйелері және олардың түрлері туралы айтуға мүмкіндік беретін кейбір ортақ принииптер бар. Әр сайлау жүйесінің нендей бір сайлау технологпяларын қолдануға катысты өз ерекшеліктері болады. Сайлау жүйесі – бұл саяси билікті занды түрде қалыптастыруды қамтамасыз ететін ережелердін, әдістер мен проиестердің жиынтығы. Осыған байланысты сайлау жүйесін кең мәнде де, тар мәнде де түсіну керек екенін айту керек. Сайлау жүйесі кең мәнінде қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Осы қатынастар аркылы мемлекеттің сайлау органдары қалыптасады. Ал тар мәнінде сайлау жүйесі - депутаттык мандаттарды кандидаттар арасында сайлаушылардың дауыс беру нәтижелеріне карай бөлу әдісі. Сайлау жүйелері сан алуан, соған карамастан оларды негізгі үш түрге бөлуге болады. Бүл - пропорциялык жүйе, мажориторлык жүйе, аралас жүйе. әдебиеттер 1.Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Алматы. 2003. 2.Қапесов Н. Саясаттану. Алматы. 2003. 3.Хан И.Г.Саясаттану. Алматы.2003. 4.Аристотель. Политика. Соч.В 4-х томах. Москва. 1971. 5.Гаджиев К.С. Политическая наука. Москва.1997 №14 лекция. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынас 1.Дүниежүзілік саясат ұғымы 2.Халықаралық қатыныстар жүйесі 3.Сыртқы саясат мәні мен қызметтері. 4. Қазақстан Ре сспубликасы сыртқы саясат, оның көп бағыттылық сипаты. Сабақ мақсаты:Халықаралық қатынас қалыптасуы мәні, ондағы негізгі принцптер әсіресе ұлттық мүдде, халықаралық саяси институттар және олардың қызмет ету механизмдері, сыртқы және ішкі саясаттағы бағыттарды талқылап мәнін ашу. міндеттері:Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру 1. Дүниежүзілік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субьектілерінің әлемдік сахнадағы іс әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару, қабылдау және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды. Сонымен қатар,олар: сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар ұғымдарымен толықтырылады. 2. Халықаралық қатынастар деп - халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлейметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады. Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, олардың іске асырушылардың көбеюіне байланысты. Қазіргі әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр деуге болады, бірақ, халықаралық қатынастарды негізгі рөлді мемлекет атқарады, себебі, ол белгілі бір әлеуметтік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды. Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім шарттар жасау, соғыс ашу т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі. 3. Сыртқы саясатжеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс әрекеті жатады Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер , жеке адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Сыртқы саясаттың қалыптасуына әр түрлі жағдайлар ықпал жасайды. Оның ішінде ең маңыздысы – мемлекеттің орналасқан географиялық ортасы. Оған жер бедері, ауа райы, топырақ, жер қойнауының табиғи байлықтары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, табиғи қатынас жолдары және т.б. Географиялық орта өндіргіштерді орналастыруға, жалпы қоғам дамуына сан қилы әсер етеді. Айналадағы табиғи ортаның қоғам дамуына әсер ететін зерттейтін географиялық бағыт деген теория пайда болды. Оның негізін салушы француздың белгілі фәлсафа ағартушысы- Ш.Монтескье. Ол халықтардың материалдық және рухани өмірі географиялық ортаның жағдайларына тәуелді деп санады. Халықаралық саясатты қалыптастыруға идеологияның да қатынасы бар. Қай елде болмасын жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, әділдік пен әділетсіздік, адамдар арасындағы қарым – қатынастар, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтары жөнінде өзіндік түсініктері, ой пікірлері болады. Бұл көзқарасты сыртқы саясатқа да әсерін тигізеді. 3.Республиканың сыртқы саясатына экономикалық байланыстарды нығайтып, дамытуда кіреді. Бүгінде республикамызда бірнеше шетел фирмаларының , банкілерінің , өзге ұйымдардың өкілдері бар. Қазақстан қазіргі әлемнің 80 – нен астам елдеріне өнімдер шығарады. Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принуциптері: - мемлекеттік мүддені қорғау; - елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру; демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету; - әлемдегі барлық елдермен тең құқықты және серіктестік қатынастарды дамыту; - ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене қатысу ; - халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету; Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырағысыз бөлігі болып еніп отыр. Ол өзінің сыртқы саясатында барлық ұлттармен, көршілермен тең дәрежелі достық қатынас орнатпақ. Сонымен қатар республикамыздың халықаралық деңгейде мүдделі болып отырған көкейтесті мәселелері – қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам құқықтары, айналадағы ортаны қорғау. Әдебиеттер: 1.ЖамбыловД."Саясаттану негіздері"-А.:1998ж. 56-65 бет. 2.Кенжебаев С. " Саясаттану негіздері"-А.:1999ж.72-88 бет. 3.Крімбеков О.К. " Саясаттану негіздері" -А.: 1994ж. 39-50 бет. 4.Көшімов Д. " Демократия негіздеріне кіріспе"-Алматы : 1997ж. 108-146 бет. 5.Қалив Н. " Тәуелсіз Қазақстан саяи жүйесі"-Ақиқат:№12.2001ж. 19-25 бет. № 15 лекция. Егемен Қазақстанның саяси дамуы 1. Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қатнастар жүйесінде егеменді мемлекет ретінде 2. Қазақстаннын, қазіргі сырткы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптері мақсаты:Халықаралық қатынас қалыптасуы мәні, ондағы негізгі принцптер әсіресе ұлттық мүдде, халықаралық саяси институттар және олардың қызмет ету механизмдері, сыртқы және ішкі саясаттағы бағыттарды талқылап мәнін ашу. міндеттері:Мәтінге қосымша белгілер жасап кейбір қорытындылар жасау 1. ХХғ аяғына қарай жаңа тәуелсіз Қазақстан өзінің жаңа саяси жүйесін қалыптастырды. Мемлекеттік тәуелсіздіктің басты атрибуттарына ие болды. Олар - толық шексіз суверенитет, республиканың территориялық бірлігі, республикалық азаматтығының бар болуы және құқықтық жүйе, өзінің мемлекеттік рәміздер және т.б.Қазақстанның мемлекеттік егемендікке қарай конституциялық эволюциясын басынан бастап көрсету үшін мына өлшемдерге сүйенуге болады: - Конституциялық – құқықтық реттеу объектісінің дамуы, яғни Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін қоғамдық қатынастардың даму барысында индустриалдық кезеңге өтуі, сондықтан егемендік идеясының маңыздылығын түсініп, оны талдап ету қажет. - Конституциялық құқықтық қатынастардың іс жүзінде пайда болуы. - Қазақстанның бірынғай территориалдық бүтіндік ретінде конституциялық - құқықтық субъектілігін институцияландыру және ережелер арқылы бекіту. 1991 жылы Кеңес одағының тарқалуымен суверенитетті шектейтін факторлар толық жойылды. Соған байланысты Қазақстанның ТМД-ға кіргеннен кейін суверениет шектейтін факторлармен байланысты емес. Құқықтың мемелекеттегі билік бөліну принципі қазіргі Ата заңда бекітілген. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Демократиялық және құқықтық қатынастар жолындағы құқықтық кедергілір толық жойылып еліміздің өркениет жолына түсуіне кең жол ашылды. Қазақстан таза Президенттік республикаға айналды, қос палаталы Парламент құрылды, Үкіметтін ролі артты. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары нығайды. Еліміздің Ата заңында егеменді мемлекет құру туралы тұжырымдалған негізгі қағидалары мен бағыттары, ерекшеліктері бар. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясында мынандай түйінді мәселелер көтерілген. Атап айтқанда, біріншіден, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде еркіндік, теңдік, бейбіт сүйгіштік мұраттарына берілген азаматтық негізіндегі мемлекет орнатады делінген, екіншіден, біздің ел – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік, біртұтас (унитарлық) мемлекеттер қатарына жатады. Үшіншіден, Ата Заңымыздың негізіне енді, бұрынғыдай мемлекет емес, халық, адам (жеке тұлға) алынып отыр, яғни мемлекеттік биліктің басты қайнар көзі-халық деп көрсетілген (3 бап). Төртіншіден, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі (7 бап). Яғни, Ата заңымызда азамат, қоғам және мемлекет арасындағы қатынастар шын бейнесін тапқан.Қазақстан Республикасының жалпы жер көлемі 3 млн. шаршы км-ге жуық, оның мемлекеггік аумағы (Ресей Федерациясын қоспағанда) бүрынғы 13 одақтық республиканың тұтас алғандағы жер көлемінен әлдеқайда көп. Біздің аумағымыз — бес Францияның немесе он Англияның аумағына сәйкес келеді. Табиғи ресурстардың қоры жағынан да Қазақстан Республикасы алғашқы орында тұр. Ал халықтың орналасу жиілігіне келетін болсақ, I шаршы км-ге орташа 6 адамнан келеді. Бұл басқа мемлекеттерден әлдеқайда төмен, мысалы, Англиямен салыстырғанда 5 есе. Қазақстан Республикасының аумағында І20 ұлттың өкілі еңбек етіп, елдің болашақ іргетасын қалап жатыр. Жергілікті ұлт өкілі қазақтар — Қазақстан Республикасының 17 млн-нан тұратын халық санының жартысын — 43,2 процентін қүрайды. Ал қалған қазақстандықтарды орыстар (36,4 процент), украин (5,2 процент), неміс (4,1 процент), өзбек (2,2 процент), татар (2 про-цент) және ұйғыр, корей, әзірбайжан үлтының өкілдері (0,6 — 1 процент аралығында) құрайды. Бірақ олар Қазақстан аумағында біркелкі орналаспаған. Бұл, әсіресе, жергіліті ұлт — қазақтарға байланысты: қатты сезіледі. Сондықтан осындай алуан турлі ұлт мүдделерін мемлекет тарапынан үйлестірудің қиындығы, елде ұлттық жөне азаматтық теңдіктің сенімді кепілдіктерін қалыптастыру, сонымен қатар тарихи тұрғыда қалып-тасқан аумақтық тұтастығын сақтау қажеттігі Қазақстан қоғамының мемлекет басшысының жалпы халықтық сайлануы мен өмір кеңістігінің қарапайым құрылысын талап етеді. Ішкі ұйымдасудың бірлігі мен Қазақстан аумағының саяси бөлшектенбеуін көрсететін қарапайым біртұтастық қана алдағы уақытта (бүгінге дейін кызмет етіп келеді) ұлтаралық қатынастың әлеуметтік түрақтылығы мен үйлесімділігінің, барлық азаматтардың ұлттық беделін қорғаудың экстерриториялығы мен тең қүқығьн қамтамасыз етудің шарты болуы мүмкін. Президент басқарып отырған Қазақстан мемлекетінің унитарлы тұтастығы оның көп ұлтты сипаты мен ұлан-байтақ аумағына елдің алдағы дамуының қайнар көзіне айналдыруға қабілетті. Қазақстан Республикасы Конституциясының 2 бабы 3 пунктіне сәйкес халық қолындағы билігін тікелей (тура немесе тікелей демократия арқылы: республикандық референдум және еркін сайлау жолымен) және өзінің сайлаулы өкілдері арқылы (өкілді демократияның институттары: мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы) жүзеге асырады. Сонымен қазіргі Қазақстан Республикасында халықтық егемендіктің әр түрлі ұйымдық нысандары жүзеге асырылады. 2.Қазақстаннын, қазіргі сырткы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады: — мемлекеттік мүддені қорғау; — елімізде экономикалык, реформаларды жалғастыру, демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету; — әлемдегі барлык елдермен теңқұқықты және серіктестік катынастарды дамыту; — ғаламдық және аймақтык, интеграциялык, процеетерге бел-сене катысу; — халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты терендету. Казақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын үлтгық-мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуде. Мүның жаркын дәлелі — Казақстан Республикасының Біріккен Үлттар Үйымының толық қүқылы мүшесі болуы. Еліміздің Хельсинки келісіміне қосылуы, СШҚ-І Шартына, Лиссабон хаттамасына қол коюы және Ядролык қаруды таратпау туралы шартқа енуі оның халықаралық беделін нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бүған АҚШ-пен "Демократиялық серіктестік туралы хартияға" кол қоюы, НАТО-ның "Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік" бағдарламасына қосылу. АҚШ, Ресей, Үлыбритания, Франция және Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген кауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті. Республиканың негізгі әлемдік валюта қаржы үйымдарына — Халыкаралык, валюта қорына, Бүкіл дүниежүзілік банкі |