МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Игровые автоматы с быстрым выводом


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Сілекей-тас дерті (Сиалолитиазис) 15 страница





2. Ауыздықты сылып алу (френулоэктомия);

3. Ауыздың кіреберісін жасау (формирования полости рта); Жамау операциялары:

1. Қызыл иек кенересін кілегей қабықпен көмкеру;

2. Парадонтты орнына келтіру үшін жасалатын қүрақ (жамау) операциялары.

Қызыл иек (гингивальная) хирургиясы. Тіс-иек, тіс-сүйек қалталарын қасықшамен тазалау (кюретаж).

Тіс-иек, тіс-сүйек қалталарын қасықшамен тазалау қалта тереңдігі 4 мм-ден асқанда қолданылады. Бүл операцияны жасайтын арнаулы аспаптар комплексі медицина заводтарында дайындалады.

Аспаптар қүрамына имек ілгіш, көтергіш, астауша (кюретки), түрпі, бурышты көтергіш тәрізді аспаптар кіреді.

Операцияның негізгі мақсаты — патологиялық қызыл иек және тіс-сүйек қалталарын жою. Мұны орындау үшін біріншіден, қызыл иектің үстіңгі және астыңғы жағында жиналған іріңді тұнбаларды қалдырмай алып тастап, екіншіден — бұзылған тіске жиналған тастарды (қақты), жұмсақ түйір еттерді, қызыл иек және тіс-сүйек қалталарына қарай өскен эпителийдің өскінін алып тастау керек (52-сурет).

52- сурет. Патологиялық қалтаға кюретаж жасау операциясы (жоба).

Сонда операциядан кейін жарақатты таза ет пен сүйек қана қалады. Сөйтіп, бұл араларға қан келіп, ол ұйығаннан кейін қатты етке айналады да, тіс цементімен біргіп қалталар жоғалады. Алайда мұндай операцияны қабыну процесі асқынғанда жасауға болмайды. В. Е. Крешкина 1973 жылы бул операцияның басты негізгі төрт принципін атады. Олар: 1. Операция жасалатын жерді жансыздандыру;

2. 2—3 тіс қалталарын ғана тазалау;

3. Сау ет пен сүйекке аса уқыпты болып, оларды сақтай білу;

4. Таза сау тіс қалталарына толған қанды іріңді түрлі биологиялық дәрі-дәрмектермен залалсыздандыру.

Бул операцияның мынадай артықшылықтары бар: а) оңай, б) жеңіл, в) аспаптар жеткілікті; г) аурудан тез арада жазылуға болады.

Қызыл иекті сылу (гингивотомия). Бұл операцияда қызыл иек қалтасын кесіп алып, тіс айналасын қасықшамен тазалайды. Операцияны мынадай көрсеткіштер бар кезде жасайды: а) тар және терең, біржақты тіс қалтасы болғанда; б) дара, 1—2 тістің парадонтальды іріңді тіс-иек қалталары болғанда. Операцияны мына жағдайда жасауға болмайды: кең және терең тіс-иек және тіс-сүйек қалталары болғанда.

Операция жасау техникасы. Тиісті әдістер арқылы операция жасайтын жерді жансыздандырғаннан кейін, тіс өсімен параллельді қызыл иек қалтасын түбіне дейін кеседі. Осыдан кейін сүйек тазалайтын қасықшамен толған грануляцияны —тіс іріңдерін өте үқыпты түрде тазалау керек. Қалта орнын антисептиктермен жуған соң, кесілген қызыл иекті кетгут жібімен тігеді. Тігісті қорғаныш-байлағышпен қорғайды.

Бұл операцияның кемшілігі: а) операция жасаған жер жақсы көрінбейді; б) қызыл иек еттері операциядан кейін жетіліп, дұрыс жазылмайды.

Қызыл иекті кесіп алып тастау (гингивоэктомия). Бұл операцияның негізгі мақсаты — қызыл иек қалталарын кесіп тастаумен қатар, қасықшамен тіс айналасын тазалау. Операцияның екі түрі бар. Ол: қызыл иекті жеңіл кесіп алу және қызыл иекті түбімен кесу.



Жеңіл кесу —тіс-иек қалтасының екі жағынан түбіне дейін кесіп, қызыл иектің іріңді етін алып тастауға арналған операция. Қалталардың тереңдігі бірдей еместігіне байланысты кесу жолы тузу емес, толқын тәріздес болады. Операция жасалатын жерді тиісті әдіспен жансыздандырғаннан кейін, қалталардың екі жағынан түбіне дейін және иектің қызыл іріңді етін кесіп алып тастайды. Тіс-сүйекке және тіс-сүйек қалталарына „соқыр" кюретаж жасалады. Оның себебі, бүл операцияда тек тіс-иек қалталары кесіліп алынады. Операцияны қорғаныш-таңғыш салумен тіреді (53-сурет).

53- сурет. Қарапайым гингивоэктомия (жоба).

Бұл операцияның кемшілігі де өткен екі операциядағыдай, бірақ артықшылығы — тіс-иек қалтасын бірден жояды.

Қызыл иекті түбімен сылып тастау. Бұл тәріздес операциялардың негізгі мақсаты — тіс-иек, тіс сүйек қалталарын алып тастау және жақ қыры басының тігінен кемуін көлденеңінен кемуге айналдыру.

Жасалу әдісі: операция жасалатын жерді жансыздандырғаннан кейін, тіс өсіне параллель екі тілік тіледі. Бірі — операция жасалатын орынның алдыңғы, екіншісі артқы шекарасынан жасалады. Кесу тереңдігі тіс қалталарының түбіне дейін жетеді. Осыдан соң сілген жердің төменгі жағын көлденеңінен кесіп қосады. Содан кейін қызыл иектің кілегей қабығын алады. Барлық қалталардың іші-сыртын тазалап, жақ қырының басын бор машинамен алып, тінен семуді көлденең семуге айналдырады. Операцияны орғаныш-таңғыш салумен бітіреді. Бұл операцияның кемшілігі — операциядан кейін тістердің мойны ақсиып көрініп, адам сөйлегенде, ас жегенде көзге түсетін косметикалық кемшілік пайда болады.(54-сурет).

54- сурет. Радикалды гингивоэктомия.

Ауыздың кілегей қабық құрағын пайдаланып жасайтын операциялар. Бұл операциялар қызыл иек және тіс-сүйек қалталарын жою үшін, қызыл иек ернеулерін толтырып көмкеру үшін, бұзылған жақ-иектің анатомиялық ұүрылыс өзгерісін қалпына келтіру үшін жасалады. Кілегей қабықтың құрағы (жамауы) екі түрлі болады.

1. Жай құрақ (жамау) — операциядан кейін өз орнына ойылады.

2. Жылжымалы құрақ (жамау) —операция кезінде өз орнын алынып жаңа орынға жапсырылады. Біріншісі Цешинский-Видман-Нейман әдісі деп аталады. Бұл операцияны бір-бірімен байланыссыз Цешинский 1914 жылы, Видман 1918 жылы, ал Нейман 929 жылы жасап, баспасөзде жариялаған.

Операция мына жағдайларда жасалады. Парадонттың қабынуы сүйек және қызыл иек қалталары мен жақ қырының тік семуімен қосылғанда, тіс қозғалуының I—II дәрежесінде, қызыл иектің кемуінде. Операция жасалатын жерді жансыздандырғаннан кейін, тіс өсіне қандауырмен параллель екі тілік жүргізеді. Оның бірінде операция жасалатын жердің алдыңғы, екіншісінде, артқы жағынан, қызыл иектің басынан бастап, жақ қырының кілегей қабығы қосылатын жерге дейін кеседі. Осыдан кейін қызыл иек ернеуін 2 мм-дей кесіп алады. Өткір көтергіш арқылы кілегей қабық пен сүйек үстін төмен немесе жоғары қарай сүйектен ажыратады. Осылайша кілегей қабық құрағын (жамауын) құрайды. Осыдан кейін тіс шөгінділері, грануляциялық тіндер алынады. Тіс түбірін және жақ қырының басын бормашинамен жонады. Кілегей қабық қүрағының ішкі эпителийін міндетті түрде алып тастау керек. Алмаған жағдайда құрақ (жамау) тіс түбірі мен жақ қырына жабыспайды.

Құрақ жамалғаннан кейін, жараланған әр тістердің арасын полиамид жібімен тігеді. Тігіске салған жіпті 6—7 күннен кейін алып тастайды.

Бұл әдістердің басқаларға қарағанда мынадай артықшылығы бар: а) тістің иек және сүйек қалталары жақсы көрінетіндіктен тазалау оңай болады; б) операциядан кейінгі жара көп жағдайда жақсы бітеді, тіс түбірлері және жақ қырлары қызыл иек еті болмаған соң жалаңаштанып қалады. Сондықтан, бұл әдіс клиникада көп қолданылмайды. Жоғарыда айтылған әдістердің ортақ кемшіліктері — тіс түбірінің босауына байланысты тіске суық, ыстық тигізбейді және косметикалық жағынан алғанда қолайсыз көрініске әкеліп соқтырады.

В. П. Русанов әдісі бойынша остеогингивопластика операциясы. Операцияға трансплантант ретінде минералды заттан айырылған формалинденген сүйек матриксі қолданылады.

Ол 18—50 жастағы жедел мерт болған адамдардан 12 сағат ішінде дайындалады, яғни сүйек суық сумен жуылып 1,2% қалыпты тұз қышқылы ерітіндісіне салынады да 5 тәулік бойы 2—4°С температурада деминерализацияланады. Бұл процесс біткенін сүйекті инемен шаншып немесе иіп тексереді. Дайын болған сүйек иілгіш келеді, түйінге байланады. Сүйек материалын 1 —1,5 сағат ішінде салқын жерде салқын ағын сумен жуады, ал қалған қышқыл қалдықтарын жою үшін сүйекті 1,5 сағатқа 10— 15% натрий тиосульфатының немесе 3—5% ас содасы ерітіндісіне салып қояды. Сүйектің консервациясы мен залалдануы 0,25% бейтарап формалин ерггіндісіне гентамицин қосылып жүргізіледі. Бұл ерітіндіде 7 тәулік сақталып, 3 ай қолдануға болады.

Остеогингивопластика операциясы 2% тримикаин немесе лидокаин ерітінділерімен алдын ала премедикация жасаумен іске асырылады.

Бүзылған парадонт аймағында көлденең бағытта кілегей қабықты тіліп, қашаумен сүйек сырты-кілегей қабық қиындысы таңдай және вестибулярлық бетінен сүйектен ажыратылады. Одан әрі иекасты шөгінділері, грануляциялық тіндер тазаланады. Жалаңашталған тіс түбірлерінің цементі ағаш тегістегішпен тегістеледі де операциялық алаң антисептик ерітінділерімен жуылады.

Жоғарыдағы тәсілмен даярланған сүйек матриксі реципиент сүйегімен жанасқанға дейін және сүйек ақауынан 1 см артық көлемде өлшеніп кесіледі де, әрбір 1 мм сайын бордың көмегімен тесіледі. Пайда болған жарақаттың шеті 0,5 см-ден туннель ретінде тереңдетіліп парадонт тініне матриксті отырғызады. Сүйек матриксін дайындағанда төменгі заттар мына қатынаста алынады: гидроксилаппатит — 60; фибриноген — 10; қан сарысуы — 30. Ол матрикстің сүйекке бекуін қамтамасыз етеді. Егер қалған сүйек қалталары болса олар сүйек матриксінің ұнтағымен, гидроксилаппатитпен толтырылады. Сүйек сырты кілегей қабық қиындысы орнына қойылып әрбір тіс арасынан капрон жігшен тігіледі (55-сурет).

55- сурет. В.П. Русанов тәсілінің кезеңдері.

Операциядан соң науқасқа жеңіл диета, ауыз қуысының тазалығын сақтау режимі тағайындалып, жалпы әлдендіргіш, лазерлі ем бекітіледі.

XVII тарау

ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНДАҒЬІ АҚАУЛАР МЕН ДЕФОРМАЦИЯЛАР

Бет сүйегі жарақаттары мен ауруларының ішінде ең көп кездесетіні төменгі жақ сүйегінің жарақаты мен аурулары және оның көбісі сүйек тінінің ақауымен қатар жүреді.

Ең алғаш бет-жақ аймағы хирургиясында төменгі жақтың алдыңғы бөлігіндегі атпен Zarry жазған. 1893 жылы clod Martin каучук протезін ұсынды. 1954 жылы Л. М. Обухова, сонан кейін Н. М. Михельсон 1956 жылы амелобластоманың салдарынан төменгі жақты резекциялаудан кейін пластмасс имплантантпен ақауға пластикалық операция жасады.

Бет-жақ аймағындағы қалпына келтіру хирургиясының қазіргі жетістіктері көп жағдайда консервіленген (консервированные) тіндерді пайдалануға байланысты.

Бет қаңқасының деформациясы дегеніміз — оның морфофункционалдық элементтер қатынасының және эстетикалық пропорциялардың бұзылуы, осының салдарынан бет пішінінің өзгеруі, көлемі мен бас сүйегі бөліктерінің орналасуының бузылуы (X. А. Каламкаров, А. А. Робухина, В. М. Безруков, 1981).

Жақ сүйектері дамуының бұзылуына әсер ететін факторлар туралы қазіргі түсініктер. Бас сүйектің пропорциональды қалыптасуы үшін: остеогенез процесінің барлық кезеңінің қалыпты жүруі, сүйек қатаю нүктесінен өз уақытында мезенхимальды және шеміршек тіндердің дамуын қамтамасыз ететін суйектің сыртқы қабығы, эндогенді Және механикалық әсерлердің тепе-тендігі, организмдегі зат алмасу процесі қалыпты жағдайда болуы керек. Шайнау және тіл бұлшықеттерінің қызметі, ЛОР — ағзалар, тістердің уақытында шығуы да үлкен рөл атқарады. Осы факторлардың бәрі бірігіп бас сүйегінің гармониялық дамуына әсер етеді, бүл өз кезегінде адамдардың нәсілі, ұлты, семьялық және өз басының ерекшеліктерінің белгілі бір қалыптан өте ауытқымай қалыптасуына әсер етеді.

Деформацияға әсер ететіндер:

1. Остеогенез бен дифференцияланудың, соның ішінде генетикалық түрінің де, туғаннан бұзылуы;

2. Эндогенді және зат алмасуының бұзылуы;

3. Тұқым қуалаған және жүре пайда болған факторлар;

4. Өсу аймағының арулары мен жарақаттары;

5. Қаңқаның жекелеген бөлшектерінің өсу не өспей қалуына себепші жағдайлар.

6. Бет қаңқасының жарақаты.

Бет қаңқасының деформациялануына туғаннан кейінгі жалпы және жергілікті факторлар әсері, жасанды тамақтандыру, балалардың ерте жастағы аурулары, эндокринді аурулар, мүрнымен дем алуының бузылуы, жағымсыз әдеттер, баланың уйықтағанда ыңғайсыз жатуы, тіс жегісі, сүт тістері мен түрақты тістерінің болмауы, тіс сауытының біркелкі қажалмауы және сүт тістерінің ауысуы мерзімінің кешігуі, периодонтит, остеомиелит, жарақат, бет пен ауыз айналасы аймағының күюі, ауыз қуысы мен жақтағы жаңа түзілімдер үлкен әсер етеді.

БАС ҚАҢҚАСЫ ДЕФОРМАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Іштен туған деформациялар:

I. Тератогенді факторлар әсерінен болған, жырық, әр түрлі дискраниялар, краниостеноздар, 1—2 желбезек доғасы синдромдары, жақ дисплазиясы, іштей туған жарақаттар. 2. Дәлелденген хромосомды аурулар.

II. Жүре пайда болған деформациялар.

1. Эндокринді және зат алмасу; 2. Қызмет атқару бұзылуы әсерінен; 3. Жарақаттан кейінгі; 4. Қабыну және инфекциялық агенттердің әсерінен; 5. Сәулелендіру салдарынан.

Орналасуына қарай:

1. Тіс альвеолдық; 2. Гнатикалық; 3. Жалпы бас қаңқалық.

Қалыптан ауытқуы үлкендігіне, пішініне және жақтың жағдайына, олардың бір-біріне қарым-қатынасына байланысты болуы мүмкін. Осыған орай бет қаңқасының деформациясын 5 түрге бөледі:

1. Макрогнатия немесе гиперплазия (ВОЗ/ДДҰ) жіктемесі бойынша (IX қайта қаралуы 1975) —жоғарғы, төменгі жақтың (барлық немесе кейбір бөлшектерінің) мөлшерінің ұлғаюы.

2. Микрогнатия немесе гипоплазия — жоғарғы, төменгі жақ мөлшерінің (барлық немесе кейбір бөлшектерінің) кішіреюі.

3. Жоғарғы (төменгі) жақтың немесе кейбір бөлігінің пішінінің өзгеруі.

4. Бас қаңқасының негізіне қарағанда жақ сүйектерінің дұрыс орналаспауы — сагиттальды, вертикальды немесе трансверсальды бағытта ауытқуы.

5. Жақ деформацияларының бірігуі (сочетание).

Жақ деформациясы бар науқастарды тексерудің негізгі әдістері. 1. Субьективті әдістер — шағымы, ауру анамнезі, өмір анамнезі.

2. Объективті — науқасты жалпы қараудан басталады. Науқастың физикалық дамуы, жасына сәйкестігі, дене бітімі, толықтығы, аяқ-қолдың ерекшелігі, көкірек клеткасы, мойын, бас, сымбаты (осанка) омыртқа қисыты (бар-жоғы) т. б. назар аударылады. Кей жағдайда көрсеткіштеріне қарай дене салмағын, бойын, көкірек колемін тексереді. Кейін пациенттің басы мен бетін қарайды. Ми мен бет қаңқасы молшерінің арақатынасын, симметриялығы, бет әлпеті конфигурация ерекшелігі, беттің жоғарғы, ортаңғы және төменгі бөліктерінің пропорционалдығы тексеріледі. Бет қаңқасы сәйкессіздігін анықтау үшін антропометриялық өлшемдер жүргізіледі:

1) Бет доғасының диаметрі — бет доғасының шмғыңқы нүктесінің аралығы.

2) Орбиталды аралық — коз қарашыты аралығы

3) Төменгі жақ диаметрі — төменгі жақ бұрышының аралығы.

4) Мүрын биіктігі мен ені — мұрын қанатшаларының аралығы, тері нүктелері nasion және gnation қиығының ұзындық аралығы.

5) Беттің nasion және gnation морфологиялық биіктігі.

6) Төменгі жақтың денесі мен бүтағының мөлшері, бұрышы. 3. Арнайы тәсілдерге: жақтың диагностикалық моделдерін оқу, және графикалық, рентгенологиялық, краниометриялық және функционалдық әдістер жатады. Жақтың гипс мүсінінде тіс қатарының пішінін, оң және сол жағының симметриялығын, тіс қатарының ені мен ұзындығын, оның жекелеген бөліктерінің қатынасын, жеке тістер мен топтардың медиальды және дистальды жылжуын, таңдай тереңдігін оқып үйренуге болады.

Деформациясы бар науқастарды тексергенде графикалық әдістер кең қолданылады: бет суреті, жақтың гнатостатикалық мүсіні, булар трансверсальды, вертикальды деформацияларын анықтауға көмектеседі.

Емдегенге дейін және емделген соң суреттерін салыстырады.

Рентген әдісімен зерттеу деформациясының табиғатын дәл анықтап, хирургиялық және ортодонтиялық ем әдістерінің нәтижесін көрсетеді.

Жоғарыда аталған науқастарды тексеру әдістерін басқа ортопедиялық стоматологияда қосымша функционалдық сынама қолданылады (Ильина — Моркосьян 1984), шайнау сынамасы (С. Е. Гельман, М. С. Рубинов 1951 ж.).

Төменгі жақ деформациясының клиникасы. Макрогения — иектің және төменгі тістердің қалыгпы дамыған жоғарғы жаққа қарағанда едәуір шығып туруы. 1,5%—4,28% дейін кездеседі. Біздің клиника В. А. Богацкийдің жіктеуін қолданады. Оның 3, дәрежесін ажыратады.

I. Кері фронтальды тістеу, тістер арасындағы жанасу көп немесе сагитальды саңылау 2 мм дейін. Бұрыш 135°-қа дейін кеңейген, алтыншы тістер қатынасы бұзылған, жоғарғы және төменгі жақтар сагитальды бағытта 5 мм-ге дейін, жекелеген тістердің аномалиялық орналасуымен сипатталады.

II. Сагитальды саңылау 10 мм-ге дейін және тістер және / тістер

арасындағы сагитальды арақатынас бұзылған. Төменгі жақ бұрышы 138°-қа дейін кеңейген, жоғарғы жақ тарылған.

III. Сагитальды саңылау 10 мм | арасы, 1,1 —1,8 см төменгі жақ бұрышы 145°.

Нағыз прогенияның негізгі белгілері: 1. Төменгі жақ денесінің барлық бағытта мөлшерінің үлкеюі. 2. Иектің шығып тұруы. 3. Төменгі жақ бұрышының үлкеюі. 4. Беттің төменгі бөлігінің ұзаруы. 5. Беттің тарылуы. 6. Беттің ортаңғы бөлігінің ойысуы және жоғарғы еріннің қысқаруы. 7. Төменгі еріннің шығып түруы. 8. Мұрын-ерін қатпарының тереңдеуі немесе тегістеліп жазылуы. 9. Фронтальды тістердің сагитальды сәйкессіздігі. 10. Алтыншы тістің алдыңғы урт будыры мен төменгі алтыншы тістің көлденең

сайының сагитальды сәйкессіздігі. 11. Алдыңғы тістердің вертикальды қатынасьшың бұзылуы, аздаған тістесу, терең тістесу, тік және артық тістесу. 12. Трансверсальды бағытта тіс доғасы мөлшерінің сәйкессіздігі. 13. Жекелеген тістердің аномалиялық және тістердің тығыз орналасуы, диастема, трема, дистопия. 14. Тіс доғасының қальшты тарылуы және кеңеюі.

Ашық тістесудің клиникасы. Ашық тістесу — жақ бұзылысы, тістер тістескен кезде окклюзиялық контакт тек бірінші молярларға дейін ғана болады. Клиникалық көрінісі вертикальды, горизонтальды бағытта анықталады.

Вертикальды мөлшерге байланысты 3 дәрежесі болады: I. 2 мм-ге дейін; II. 3-тен 5 мм; III. 5 мм-ден артық.

Ағымына қарай 3 түрі бар:

1) Барлық алдыңғы тістер мен бөлімдері артикуляцияға түспейді.

2) Алдыңғы тістер мен премолярлар артикуляцияға түспейді.

3) Тек екінші молярлар артикуляцияға түседі.

Ашық тістесудің анық турінде: ауыз ашылып, тістер аралығынан тіл көрінеді, беттің төменгі бөлігі едәуір үлкендеу. Шайнау қызметінің бұзылғанын (тістеп алу), сыртқы бет әлпеті эстетикасының бұзылғанын айтады. Сирек ауыз қүрғап, мұрынмен, ауызбен дем алады.

Бет қаңқасы деформациясын емдеудің негізгі қағидалары

Емдеудің негізгі мақсаты анатомиялық және функционалдық бұзылуларды жою. Бұдан басқа психикалық сауығуды қамтамасыз ету. Соңғы 10 жылда бет қаңқасының ақауы бар науқастарды емдеу айтарлықтай өзгерді. Емдеу жоспары мамандар тобымен қурылады: хирург, анестезиолог, реаниматолог, ортопед, ортодонт, нейрохирург.

Осыдан басқа көпшілік жағдайларда ЛОР — мамандар, невропатологтар, окулистер, логопедтер, психоневрологтар, эндикринологтар қатьістырылады.

Сондықтан деформацияларды емдеу арнайы мамандар мен керекті аппаратуралары бар мамандандырылған орталықтарда жүргізілуі керек.

Хирургиялық емдеудің негізгі қағидалары. 1. Оперативті емдеуге ең ыңғайлы жас— 16—18 жас. Н. Owergeizer (1969) атап көрсеткендей, деформация салдарынан болатын психикалық бұзылыстар жыныстық дамып жетілу кезеңінде қатты ұлғаяды. Егер де 20—28 жасқа дейін бет пішіні қалыпқа келтірілмесе, оның салдарынан болған психикалық өзгерістер тұрақты болып қалады да, тіпті операция жақсы жасалса да психикалық өзгерістер сол қалпында қалып қоюы мүмкін.

2. Оперативті емдеу тәсілін жоспарлау барлық тексеру тәсілдерінің нәтижесінде жасалуы қажет. 3. Науқасты алғаш қабылдағаннан емдеу уақыты біткенге дейін ол хирург пен ортодонттың бақылауында болуы керек.

4. Бірнеше бұзылыстар бірге жүрсе (жұмсақ тін, шеміршек, сүйек) алдымен операция қаңқаға жасалады, сонан соң қалған кемшіліктерді қаңқаға байланысты қалпына келтіреді.

5. Тіс қатарлары бұзылысын ортодонт операцияға дейін емдеуі керек.

6. Жансыздандыру — жалпы (анестезиолог пен хирург шешеді).

7. Операциядан кейін науқастың жағдайын анестезиолог, хирург, қажет болған жағдайда нейрохирург бақылайды.

8. Антибиотикпен емдеу операцияға дейін 24 сағат бұрын басталып, 7—10 тәулік бойына антистафилококкты гамма-глобулинмен қоса жүргізіледі.

Туа пайда болған деформацияларды емдеу

Бұл бұзылыстар, краниостеноздар бас қаңқасы мен бет қаңқасының диастоздарын емдеудің негізгі қағидалары беттің ортаңғы аймағының гипоплазиясын емдеуге негізделген.

Жоғарғы прогнатияны қалыпқа келтіру. Жоғарғы прогнатия терең тістесумен бірігіп келгенде (1968) Н. Коле 1-ші премолярларды екі жағынан жұлып, таңдайдың ортаңғы сызығымен медиальды тілік жасап, альвеольды өсіндінің алдыңғы бөлігіне остеотомия жүргізген. Қатты таңдайды 2 см-ге дейін бордың көмегімен тесіп, резекциялаған. Сүйек фрагменті жоғары және артқа жылжып, шырышты қабатқа тігіс салып, тістерге құрсау салу арқылы бекіткен.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.