МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Оси и плоскости тела человека Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Иллюстративті материалдар тізбесі





1.Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі және оны қолдану шарттары

2.Бірыңғай жер салығының салық салу объектісі

 

Бақылау сұрақтары

1. Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі және оны қолдану шарттары

2. Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері

3. Бірыңғай жер салығының салық салу объектісі

4. Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі

5. Бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін салық декларациясын табыс ету мерзімдері

 

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. «Қазақстан Республикасының Салық кодексі» 2014 жылдың 1 қаңтарына

2. Құлпыбаев С., Мельников В.Д. Қаржы негіздері: Оқулық. – Алматы: 2009-670 бет

3. Үмбеталиев А.Д, Керімбек Ғ.Е. Салық және салық салу. Оқулық, 1-2 том- Алматы: Экономика, 2011-582б.

 

 

Дәріс 14. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі

Дәріс мақсаты: студенттерге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі туралы түсінік беру. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерінің экономикалық мазмұнын түсіндіру.

Негізгі терминдер: ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі

14.1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерінің экономикалық мазмұны

14.2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану шарттары

14.3. Жекелеген салық түрлерін және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу ерекшелігі

 

1с.Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері осы бапта белгіленген арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі (бұдан әрі - арнаулы салық режимі) корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.

Арнаулы салық режимі:

1) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың:

жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген осы өнімді қайта өңдеу және өткізу;

толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;

селолық тұтыну кооперативтерінің:

шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өткізу;

шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

Ауылдық (селолық) тұтыну кооперативтеріне:

1) мүшелері (пайшылары) тек шаруа немесе фермер қожалықтары болып табылатын;

2) жиынтық жылдық табысының кемінде 90 процентін осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алуға жататын (алынған) табыстар құрайтын селолық тұтыну кооперативтері жатады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқтар:

1) еншілес ұйымдары, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғаның;

2) арнаулы салық режимін қолданатын басқа да заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғасы болып табылатын заңды тұлғаның;

3) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғаның;

4) құрылтайшысы бір уақытта арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғаның;

5) мүшелері (пайшылары) басқа селолық тұтыну кооперативтердің мүшелері (пайшылары) болып табылатын селолық тұтыну кооперативтерінің арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.

Аффилиирленген тұлға дегеніміз:

1) шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға;

2) басқа заңды тұлғаға қатысты шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға танылады.

Арнаулы салық режимі салық төлеушілердің акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылмайды.

Салық төлеушілер осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде, кірістер мен шығыстардың, мүліктің есеп-қисабын бөлек жүргізуге және Салық кодексте белгіленген тәртіппен аталған қызмет түрлері бойынша тиісті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.

Салық кезеңі – күнтізбелік жыл болып саналады.

2с. Қолдану шарттары

Салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдану үшiн орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.

Салықтық өтiнiш арнаулы салық режимiн қолдануға арналған өтiнiште көрсетiлген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

Жер учаскесіне құқық ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін жоғарыда көрсетілген күннен кейін туындаған жағдайда, ағымдағы жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтініш салық органына аталған жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде табыс етіледі.

Аталған мерзiмде салықтық өтiнiштi табыс етпеуi, салық төлеушiнiң бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келісімi болып есептеледi.

Таңдап алынған салық салу режимi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертуге жатпайды.

Жаңадан құрылған салық төлеушiлер арнаулы салық режимiн қолдану үшiн әдiлет органында мемлекеттік тiркелген кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салықтық өтiнiштi табыс етедi.

Аталған арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар жер учаскесіне құқық ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан кейінгі кезеңде туындаған жағдайда, аталған жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына жер учаскесіне құқық туындаған күннен бастап ағымдағы күнтізбелік жылда арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтінішті табыс етеді.

Салық органы салық төлеушiнiң салықтық өтiнiштi табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша оның арнаулы салық режимiн қолдану туралы немесе арнаулы салық режимiн қолданудан бас тарту туралы шешiмдi шығарады. Шешiм екi данада ресiмделедi.

Бір данасы салық төлеушiге оның қолы қойылып тапсырылады немесе салық органы шешiм қабылдаған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде салық төлеушi шешiмдi алу үшiн салық органына келмеген жағдайда, ол хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiледi.

Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiберiлген шешiм салық төлеушi почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күннен бастап салық төлеушiге тапсырылды деп есептеледi.

Салық төлеушiнiң арнаулы салық режимінде көретілген талаптарға сәйкес келмеуi және салық төлеушiнiң осы бапта белгiленген мерзiмдерде осы бапта аталған құжаттарды табыс етпеуi арнаулы салық режимiн қолданудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.

Салық органы салық төлеушiнiң белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiнi осындай сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.

Бұл ретте камералдық бақылау барысында осындай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырғанға дейiн салық төлеушiге камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.

Арнаулы салық режимінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларды:

1) осындай сәйкессiздiк туындаған айдың соңғы күнi арнаулы салық режимiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;

2) осындай сәйкессiздiк туындаған айдан кейiнгi айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.